Бекіту сұрақтары: Төмендегі тақырыптарға сабақ жоспарларын құру , сабақ үзінділерін көрсету және талдау.
1/ 1 саны және цифры.
2/ 2 саны және цифры.
3/ 2 санының құрамы. «=», «>», «<» таңбалары.
4/ 0 саны және цифры.
5/ Өрнек.
6/ Қосу және азайту амалындағы сандардың атаулары.
7/ 6 саны және цифры.
8/ 6 санының құрамы.
9/ 10 саны, оның жазылуы. Децимертр.
Практикалық сабақ №5
Практикалық сабақ тақырыбы: «Кестелік қосу және азайту» және «Есеп және оның құрамды бөліктері, есепті шығару процесі» тақырыптарына сабақ жоспарларын құрастыру.
Тапсырмалар:
1. Сабақтың мақсатын қою.
2. Сабақтың типін анықтау.
3. Оқулықтағы, математика дәптерлеріндегі тапсырмаларды талдау.
Әдістемелік нұсқау:
Сабақтың тақырыбын дұрыс атап жазу. Сабақтың мақсатын анықтау.
Сабақтың құрылымын анықтау, оның әрбір кезеңдеріне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақтың мақсатына және оның әрбір кезеңдеріне байланысты оқу материалын іріктеп алу. Оқушылардың іс-әрекетін басқару үшін мұғалімнің қолданылатын әдістерін анықтау. Оқыту құралдарын таңдау (оқулық, дидактикалық материалдар көрнекі құралдар, т.б.). Материалды бекіту формаларын ойластырып, оған материалдар дайындау. Үй тапсырмасын беру, сабақты қорытындылаудың түрін ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |