Бекіту сұрақтары: Төмендегі тақырыптарға сабақ жоспарларын құру , сабақ үзінділерін көрсету және талдау.
1/ 1 санын қосу және азайту тәсілдері.
2/ Есеп. Есептің құрамды бөліктері.
3/ Қалдықты табуға арналған есепті талдау және шығару.
4/ Азайту амалымен шығарылатын есептер.
5/ Есептерді салыстыру
6/ Бірнеше бірлікке артық санды табу. Бірнеше бірлікке артық санды табуға арналған есеп.
7/ Қалдықты және бірнеше бірлікке кем санды табуға арналған есептерді салыстыру.
Практикалық сабақ №6
Практикалық сабақ тақырыбы: «Екі таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру», «Екі амалмен шығарылатын есептерді шығару» тақырыптарына сабақ жоспарлварын құрастыру.
Тапсырмалар:
1. Сабақтың мақсатын қою.
2. Сабақтың типін анықтау.
3. Оқулықтағы, математика дәптерлеріндегі тапсырмаларды талдау.
Әдістемелік нұсқау:
Сабақтың тақырыбын дұрыс атап жазу. Сабақтың мақсатын анықтау.
Сабақтың құрылымын анықтау, оның әрбір кезеңдеріне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақтың мақсатына және оның әрбір кезеңдеріне байланысты оқу материалын іріктеп алу. Оқушылардың іс-әрекетін басқару үшін мұғалімнің қолданылатын әдістерін анықтау. Оқыту құралдарын таңдау (оқулық, дидактикалық материалдар көрнекі құралдар, т.б.). Материалды бекіту формаларын ойластырып, оған материалдар дайындау. Үй тапсырмасын беру, сабақты қорытындылаудың түрін ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |