Пәнді оқытудың мақсаты - студенттерді бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында туындайтын оқу – тәрбиелік міндеттерді кәсіби деңгейде шешу үшін қажет болатын білім және біліктермен қаруландыру болып табылады.
Курсты оқудағы міндеттер:
бастауыш мектеп оқушыларына математиканы оқыту процесін ұйымдастырудағы кәсіби білім және біліктермен қаруландыру.
Оқушылардың математикалық білімдерді меңгеру процесі мен оның нәтижелерін зерттеу.
Меңгеру:
- Бастауыш математикалық білім берудің мемлекеттік стандарты мен оқу бағдарламасын білуі керек;
- Математикалық білім, білік, дағдыларды оқушылардың игеруін ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізе білуі керек;
- алған білімдерін тәжірибелік жағдайда қолдана алуы керек.
Білу:
- Математика пәні бойынша оқушылардың білімін тексеру мен бағалаудың түрлері мен әдістерін;
-«Азайту және қосу» тақырыбының мазмұны және оны оқытудың әдістемесі;
-«Көбейту және бөлу» тақырыбының мазмұны және оны оқытудың әдістемесін;
Дағдысы болу:
- Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды өткізе алуы;
- Математикалық білім, білік, дағдыларды оқушылардың игеруін ұйымдастыра алуы;
- Теориялық білімдерді тәжірибеде пайдалана алуы.
Құзыретті болу:
-пән бойынша теориялық білімін практикада қолдана білу;
-оқу танымдық іс әрекет үрдісінде алған білімдерін өз бетінше қолдана білу;
Достарыңызбен бөлісу: |