Дәріс №4.
Дәріс тақырыбы: Математика пәні бойынша оқушылардың білімін тексеру мен бағалаудың түрлері мен әдістері
Математика пәні бойынша оқушылардың білімін тексеру түрлері.
Математика пәнінен жазба жұмыстарын өткізуді ұйымдастыру.
1. Оқушылардың математикадан алған білімдері мен дағдыларын күнделікті ауызша сұрау мен қорытынды бақылау жұмыстары арқылы бағаланады.
А) Ауызша жауаптарын бағалау
«5» деген баға оқушыға мынадай жағдайларда қойылады:
қойылған сұрақтарға толық және дұрыс жауап берсе;
есептерді дұрыс және барынша тез орындаса;
есеп шығаруда өз бетімен жоспар құра алса және есеп шығарғанда өз амалдарын түсіндіріп және есептердің сұрақтарына дәл тұжырымдап бере алса;
практикалық жұмыстарды дұрыс орындаса;
«4» деген баға оқушыға мынадай жағдайларда қойылады:
жауап берген кездегі тұжырымдауда жекелеген дәлсіздіктер (мағынасын бұзбайтын) жіберсе;
есептеу кезінде жекелеген ұсақ қателер жіберген болса және оны түзетуге шамалары жететін болса;
есептерді шығару кезінде дәлдігі жеткіліксіз (щешу жолы дұрыс) түсініктемелер болса;
өлшеулер мен сызуларды орындаған кезде дәлсіздік жіберілген болса;
мұғалім аздап көмектессе, оқушы бұл кемшіліктердің барлығын да оп-оңай түзете алса;
«3» деген баға оқушыға мынадай жағдайларда қойылады:
есептеулерде жекелеген өрескел қателер жіберсе, бірақ оларды мұғалімнің көмегімен түзете алса;
есепті мұғалімнің көмегімен ғана шығара алса;
Егер оқушы өздеріне қойылған сұрақтардың көпшілігіне жауап бере алмаса, есептерді тіпті мұғалімнің көмегімен де шығара алмаса, онда «2» деген баға қойылады.
Егер оқушы программалық материалды түгелімен білмейтін болса, онда «1» деген баға қойылады.
Ә) Жазбаша бақылау жұмыстары бойынша бағалау.
Математикадан бақылау жұмыстары бірыңғай мысалдар, не бірыңғай есептер, не құрама болуы мүмкін.
1-сынып І жарты жылына – 20 минутқа;
ІІ жарты жылына – 35 минутқа;
ал 2-3 сыныптарда 35-40 минутқа дейін уақыт беріліп, осы уақыт ішінде олар жұмысты орындап, тексепір үлгеруі керек.
2. Математикадан жазбаша жұмысты бағалауда өрескел және өрескел емес қателер кездеседі.
Өрескел қателерге мыналар жатады:
есепті, мысалды есептеуден жіберген қате;
Арифметикалық амалды орындау тәртібінен жіберілген қате;
Есеп шешуін дұрыс орындамау;
Орындалмаған жұмыстар.
Өрескел емес қателерге мыналар жатады:
Есептеп шығару тәсілі орынды болмау;
Есепті шығаруда амалдарға қойылған сұрақ дұрыс болмау;
Есептің тұжырымдалу жауабы бұрыс болмау;
Берілген сандардан, белгілерден қате жіберу;
Қайта құруды соңына дейін аяқтамау.
Мұғалім оқушылардың есептеу дағдыларына мынадай баға қояды:
егер жұмыс қатесіз орындалса, «5» деген баға;
жұмыста 1 өрескел немесе 1-2 өрескел емес қате жіберілсе «4 деген баға;
егер орындалған жұмыста 2-3 өрескел, 1-2 өрескел емес қателер болса, «3» деген баға;
өрескел қате 3-тен, өрескел емес қате 2- ден артса «2» деген баға;
барлық тапсырма қате орындалса «1» деген баға.
Тек есептерден ғана құрылған жұмыс былай бағаланады:
егер қатесіз орындалса «5» деген баға;
1-2 өрескел емес қате жіберсе «4» деген баға;
егер өрескел, өрескел емес қате жіберсе, «3» деген баға;
егер 2-ден көп қате жіберсе «2» деген баға;
егер есепті шығармаса «1» деген баға қойылады.
Құрама бақылау жұмыстары бойынша бағалау:
егер жұмыс қатесіз орындалса «5»,
егер орындалған жұмыста 1 өрескел, 1-2 өрескел емес қате болса «4»
2,3 өрескел, өрескел емес қате болып, бірақ есептің шығарылу жолы дұрыс болса «3»
4 өрескел қате болса «2»
Барлық тапсырма дұрыс орындалмаса «1» деген баға қойылады.
Ескерту:
Егер орындалған жұмыста грамматикалық қате жіберілсе, ол үшін әдістемеден төмендетілмейді. Ол қателерді мұғалім сауат ашу сабағында оқушылардың ілімі мен икемділігін тексерген кезде бағалаған жөн.
Жұмыс өте лас орындалса, жазу коллеграфиясы сақталмаса жұмыстың бір балы төмендейді, бірақ «3» деген бағадан кем болмауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |