Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



Pdf көрінісі
бет56/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik

«Маса» (1911) кітабы. 
Орынборда басылған бұл 
кітапта бұрынғы астарлы ойлары ашық айтылады. Басты 
сарыны - ел тағдыры, халық қамы, бостандық арманы. 
Бірталай ӛлеңге ӛз басынан кешкен қиын-қыстау күндер 
арқау болған. Бірталай ӛлеңі бостандық жолындағы 
қайратты ерлер тұлғасын мүсіндейді. 
А.Байтұрсыновтың 
орысшадан 
аударған 
«Оқуға 
шақыру» ӛлеңі С.Кӛбеевтің «Мектепке шақыру» ӛлеңімен 
үндес. 
Балалар! Оқуға бар! Жатпа қарап! 
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ! 
Шақырды тауық мана әлдеқашан, 
Қарап тұр терезеден күн жылтырап. 
(А.Байтұрсынов) 
Балалар, жиналыңыз мектепке ерте, 
Мәз болмай деген сӛзге, мырза ерке
Бұл кезде ӛнерлі адам ӛрге шықты, 
Зат емес, надан кісі алар текке. 
(С.Кӛбеев) 
Ыбырайдың 
«Ӛрмекші, 
құмырсқа, 
қарлығаш» 
әңгімесінен үзінді келтірейік. «Ӛрмекші маса, шыбынға 
тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң ӛзіне азық етуде. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


135 
Құмырсқа бала-шағаларына тамақ аулап, бір нанның 
уалшағын тапқан соң ӛзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан, 
үйіне жүгіріп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя 
істеуге шӛп жиып жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ». 
«Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ» деген ойдың 
А.Байтұрсынов пен С.Кӛбеев ӛлеңдерінде берілуін 
байқайық: 
Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да, 
Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да; 
Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп, 
Барады аралар да ұшып балға. 
(А.Байтұрсынов) 
Ертеңгі шақыруымен әтеш құстың, 
Халықтар кетіп жатыр егіндікке. 
Күн шығып, терезеге сәуле түсті, 
Тұрыңыз, жарамас тек уақыт ӛтсе, - 
(С.Кӛбеев) 
Ӛлең шумактары қыбырлаған тірлік иелерінің 
әрекеттерін суреттеуге құрылған. Соңғы «Аллалап», ал 
кітапты қолдарыңа! Құлдарын құдай сүймес жалқау болған» 
деген екі жол тағы да Ыбырай әңгімесінің «сені де 
құдайтағала босқа жүруге жаратпаған, жұмыс жұмыстауға 
әдеттенуге керек» деген қорытындысымен үндес. Бұл тұста 
Ыбырайдың «Бір құдайға сиынып, кел, балалар, оқылық!» 
деп басталатын әйгілі ӛлеңін де еске түсірген жӛн. 
«Қырық мысал», «Маса» жинақтары қазақ балалар 
әдебиетін жаңа тақырыппен, идеямен байытты. Абайдың 
ақындық дәстүрі ілгері жалғасты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет