Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет352/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   571
Байланысты:
treatise187525
1-практика. Оқиғаларға амалдар қолдану. Комбинаторика элементтері.
324


КОСМОПОЛИТИЗМ (грек. kosmopolіtes – әлем азаматы) – мәдениет- танудың әлемдік азаматтық идеологиясын білдіретін ұғым-термин. Анти- калық дәуірде қалыптасқан. ХІХ ғ. ерекше таралымға ие болды. К. ұғымы- ның негізінде әлемдік мемлекет қалыптастыру немесе мемлекеттердің әлемдік федерациясын құру идеясы жатыр. К. идеологиясына сондай-ақ жалпыадамзаттың мәдениетті қалыптастыру және дамыту және әлемдік жаһандық мәселелерді шешу жатады.


КӨҢІЛ – айналадағы қоршаған ортаға, жаһанға, ғаламға, ақиқатқа, дүниеге назар салумен байланысатын, олармен өзара үйлесім табуы нәтиже- сінде орын алатын қилы құбылысты сіңіріп, қорытатын адам жанының сыр- лы әлемін білдіретін философиялық категория. К. жеке адамның аксиоло- гиялық тұрғыдағы табиғатымен тікелей байланыста бола тұра, адамның құндылықтық пайымдарын қайталай парықтап пайдаланады. К. – адамның жаны мен тәні арасындағы тұрақты қарама-қайшылықты мәмілеге келуін және қайшылыққа түсуін белгілейтін ұғым. Адамның көңілі тоймай, жалған- ды бүтіндей қамтығысы келіп, дүниенің толық иегеріндей күй кешеді. Қиянат қылмаған көңіл – адам өміріндегі аса маңызды моральдық сапа. Хадис бойынша, дүниенің бекзаттығы көңілдің байлығында, ақыреттің бекзаттығы тақуалықта болып табылады. К. абстрактілі ұғым, сондықтан да К-дің сан- алуан күйін және тұрпатын айқындай түсетін ұғымдар бейнелі ойлаумен ұштас меңзеу тіркестермен беріледі. К-дің әсершілдік және танымдық мүмкіндігі шексіз. Ғалам ғажайыбынан, сазды әуезден, сөз өнерінің құдіре- тінен эстетикалық ләззат алып, олардың «көңілге түрлі ой салар» қуатымен ғибраттанып, хақтықтың шапағатын иеленетін де осы К. Мысалы, «Адам ата мен Хауа ана» қиссасында Алла тағала адам денесін жаратқан төрт затының бірі судан адамның төрт қасиетінің бірі – К-дің жаратылғаны айтылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет