БЭКОН (Bacon) Фрэнсис (22.01.1561, Ұлыбритания, Лондон – 09.04.1626, Хайгет) – ағылшын философы, ойшыл. Атақты «Жаңа Органон» трактатының (1620) авторы. Табиғат күштерін, заңдылықтарын танып- біліп, оларды іс жүзінде қолдануда ғылым ерекше орын алады деп білді. Б. ғылым дамуының алғышарттарын: 1) схоластиканы сынау және бұрынғы ілімдердің ақиқаттығына күмән келтіру; 2) ақыл-ойды адасудан, қателіктен, жалған бейне – идолдардан («әулет идолы», «үңгір идолы», «алаң идолы»,
«театр идолы») тазарту; 3) ғылым жетістіктерін дұрыс түсіндіре алмайтын аристотельдік силлогистиканың орнына индуктивтік жаңа теорияны қол- дану арқылы ақиқатқа жету деп негіздеді. Б. табиғатты тану негізінде мәде- ниетті мақсатты түрде өзгерту адамзаттың басты мүдделерінің бірі деп түсінді. Бұл жолда адамдар әр нәрсеге сеніп-табынушылық сияқты жалған көзқарастардан аулақ болып, танымның ақиқатқа белсенді әсер ететін, соның арқасында табиғат алдына қойылған сұрақтарға дұрыс жауап алуға мүмкіндік беретін тәжірибе екендігін түсінуі керек. Б. нақты шындық – білуге болатын жеке денелер ғана, ал жан, рухты т. б. ғыл. тұрғыдан тануға болмайды деді. Б. дін мен ғылым бір-біріне кедергі жасамай, әрқайсысы өз жолымен ақиқатқа жетуіне болады деп пайымдады.
Әдебиет: Бейсенов Қ. Философия тарихы. – А., 1992; Философия және мәдениеттану. – А., 1998; Әбішев Қ. Философия. – А., 1998. ВАРВАРЛЫҚ (грек. Barbarоs – тағылық) – 1) ХІХ ғ. қоғамтануындағы В (Л. Морган, Ф. Энгельс) мәдени-тарихи кезеңдердегі адамзат дамуындағы
орта дәуір (тағылық, варварлық, өркениет); 2) астарлы мағынасында – әсіре қатігездік, мәдениетсіздік. Ежелгі гректер мен римдіктер В. деп түсініксіз тілде сөйлейтін барлық бөтен адамдарды атаған. Гегель айтқандай, варвар жалқау келеді және мәдениетті адамнан өзгешілігі алдына жайбарақат және топастықпен қарауында, өйткені, мәдениет іс жүзінде әрекет етуге әдеттік пен мұқтаждық арқылы анықталады. В-ландыру деп, әдетте, антикалық мәдениеттің біртіңдеп құлдырауын, оның эстетикалық үлгілерінің қара- пайымдалуын (схемашылдық және гигантомания), формализм мен эклекти- каның өрістерін айтады. Б.э.д. ІІІ ғ. бастап провинциялардың романдануы басталды, бұл римдіктердің жергілікті «В.» халықтардың арасында сіңіп кетуіне әкелді. Нақтылы алғанда В. қоғамдық тұтастық пен тұлғаның арасындағы үйлісімділіктің бұзылуынан бастау алады. Рим империясының соңғы ғасырларында антикалық қалалық мәдениеттің құлдырауы басталды. Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет философиясы. – Астана: Аударма, 2006; Мәдени-философиялық энциклопе-