Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Нысанбаев А. Глобализация и проблемы межкультурного диалога. – Алматы, 2004. В 2-х томах



бет187/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   390
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Нысанбаев А. Глобализация и проблемы межкультурного диалога. – Алматы, 2004. В 2-х томах.


ЖӘДИТШІЛІК (арабша – жаңа әдіс) – ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ға- сырдың басында Ресей империясындағы түркі тілдес мұсылман халықтары арасында өріс алған қоғамдық-саяси және мәдени ағартушылық қозғалыс. Алғаш ХІХ ғасырдың 80-жылдарында Қырым, Еділ бойы татарларының арасында қалыптасты. Кейіннен Ж. Орталық Азиядағы барлық дерлік түркі халықтары (қазақ, қырғыз, өзбек, т. б.) арасында жалғасын тауып, өрістей түсті. Ж-тің ірі өкілдері қатарына қатарында И. Гаспралы, Ш. Маржани, А. Ибрагимов, М. Абдурашидханов, М. Бехбуди, А. Фитрат, Ф. Ходжаев, т. б. болды. Ағартушылық сипатта жүрген Ж. қозғалыс қоғамдық өмірдегі рухани тоқыраушылықты сынға алып, оны жаңғыртуды көздеді. Ж. патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы бағытталды. Түркі халықтарының ерікті әрі өркениетті болуын қалады. Мұсылмандық хадими (ескіше) мек- тептердегі ғасырлар бойы өзгеріссіз сақталып келген оқу тәрбие жұмыс- тарының жүйесін жаңа заман талабына сәйкестендіріп, қайта құруды ұсынған ілгерішіл бағыт ұстанды. Мектеп-медреселердегі өз беделдерінен айрылып қалғысы келмеген кейбір дін иелері Ж-ті шариғатқа қарсы әрекет ретінде бағалады. Ж-ке патша өкіметі тарапынан да қысым көрсетілді. Жәдит мектептері оқушыларының басым көпшілігі Қазан, Орынбор, Уфа қалаларында білім-тәрбие алған татар, башқұрт және қазақ жастары болды. Олардың арасында Стамбұл, Мысыр, Бағдад оқу орындарының түлектері де кездесетін. Патша өкіметі оларға өзінің Орта Азия мен Қазақстандағы отаршылдық саясатына зиянын тигізетін саяси сенімсіз адамдар ретінде қарады. ХІХ ғасырдың соңында Ресей мұсылмандары қадимшілдер және жәдитшілер болып, іс жүзінде бір-біріне қарсы екі топқа бөлінді. Қадими бағытты қолдаушылар «Сират әл-мустақим» («Тура жол») атты партия құрып, 1907 ж. Орынбор қаласындағы баспахана иесі, бай Ғ. Хұсайыновтың қаржысына «Дін уа мағишат» (Дін және өмір) деген журнал шығарды. Бұл журнал Гаспралы басшылық еткен Бақшасарайда (Қырым) 1883 жылдан бастап шығып отырған «Тәржіман» газетінің Ж. көзқарасына қарсы күрес жүргізді. Ж. бағыт пен қадимшілер арасындағы тартысты патша өкіметі әдейі қоздырып, бір-біріне өшіктіріп, айдап салып отырды. Мұндай кедер- гілерге қарамастан, Ж. қозғалысы екпін алып, жер-жерлерде аталмыш


253

бағыттағы мектеп-медреселер ашыла бастады. Мұндай оқу орындарында жаратылыстану пәндеріне, түркі халықтарының төл тарихы мен әдебие- тіне ерекше көңіл бөлінді. Уфадағы «Ғалия», Орынбордағы «Хусеиния», Қазандағы «Мұхаммедия», Қырғызстандағы «Шабдания» секілді мектеп- медреселер Ж.-тің ірі ошақтарына айналды. 1913 ж. бүкіл Түркістан өлке- сінде Ж. бағыттағы 92 мектеп-медреселер қызмет етті. Қазақстандағы Ж. бағыттағы мектептердің ең ірілерінің бірі – «Мамания» мектебі болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет