Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы



бет38/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   390
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Философиялық антропология. Мәдениет философиясы. – Астана: Аударма, 2006; ҚҰЭ. Т. 1.


АНТРОПОМОРФИЗМ (грек. аntropos – адам, morphe – форма, пішін)

  • адамзаттық, халықтық дүниетанымдағы жаратылыс иелерін (құдайды, періштелерді, мал-жан иелерін), табиғаттағы нәрселерді (ғарыштық, геогр. объектілерді, жан-жануарларды, өсімдіктерді т. б.) адамға ұқсату құбы- лысы, өнердегі көркемдік әдіс. А. ежелгі дүниетаным мен ілкі санадан бастау алатын құбылысқа жатады. Ол байырғы мифол. және діни аңыздар- дан айқын байқалады. А. қазақ халқының арасында да кеңінен таралған. Адам кейіпіндегі киік, жын, пері, дию, жезтырнақ, албасты т. б. ұғымдар осының айғағы. Көшпелі қауым өздеріне бағыт-бағдар сілтеуші жұлдыздар (Темірқазық, Жетіқарақшы, Ақбозат пен Көкбозат т. б.), желеп-жебеуші табиғат күштері (Жер-ана, Көк тәңірі, Ай, Күн, т. б.), төрт түліктің иелері мен киелері (Қамбар ата, Шопан ата, Зеңгі баба, Ойсыл Қара) туралы түрлі аңыз-әңгімелер шығарған. «Жеке батыр», «Толағай», «Балқаш»,

«Қаратал» секілді ата-қоныс, мекен-жай атауларына байланысты, байғыз, көкек, сауысқан, қарға, тасбақа т. б. аң-құс, жан-жануарлар туралы аңыздар халықтың дүниетанымындығы А-ге айқын мысалдар болып табылады. Қазіргі санада ол тілдік метафоралар мен көркем бейнелер арқылы сақтал- ған (жарық дүние, мүлгіген табиғат, қатаң қыс, қу түлкі т. б.). Поэзияда антропоморфтандырылған бейнелер басты көркемдік құралдардың біріне айналды. А-ді тек архаикалық сананың қалдығы деп қарастырған дұрыс емес. Ол ғылым мен техниканың озық салаларында да жиі көрініс табады (ойлайтын машина, есептеу техникасы, ақылды робот т. б.).
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет философиясы. Астана: Аударма, 2006; Мәдени-философиялық энциклопедия
/ Құраст. Т. Ғабитов, А. Құлсариева, Ә. Әлімжанова ж. т. б. – Алматы, 2007.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет