393
өте керекті, әдебиеттің келелі мәселелеріне бару үшін кілт саналатын
көркем әдебиеттің өзіне ерекшелік жақтарына аса зер салынып, мұқият
талданды»
111
.
Осы 2013 жылғы жинақта 1964 жылғы түпнұсқадағы біршама
тараулар мен сөйлемдер, тіпті тұтастай
абзацтар мен шумақтарды
кітаптың көлеміне байланысты қысқартылды. Атап айтқанда, «Жалпы
бөлімдегі» «совет әдебиетінің тоталитарлық тәртібінің» талаптарына
сәйкес жазылған «Маркстік әдебиет теориясы жайында», «Ленин әдебиет
туралы», «Әдеби мұраға сын көзімен қарау», «Әдебиеттің партиялық
болу принциптері», «Әдебиеттегі партия саясатының негіздер», «Совет
әдебиетінің табыстары», «БК(б)П ОК-нің 1932 жылғы 23 апрельдегі
қаулысы», «Әдебиеттің халықтығы», «Көркем
әдебиеттің қоғамдық
мәні», т.б. тараулары тәуелсіздік кезең талаптарына байланысты
қысқартылды. Кітап 1964 жылы 16 баспа табақ көлемінде жарық көрсе,
біз жинақтың көлеміне қарай 9 баспа табаққа дейін қысқартуға мәжбүр
болдық. Бұл кітап 1964 жылғы басылым бойынша дайындалды.
Пейзаж, баяндау, оқиғаның құрылыс тәртібі, эпилог – совет кезіндегі
әдебиеттану талаптарына сай жазылған. Көркем шығармалардың тілі
(тілдің қоғамдық мәні, көркем тіл, сөз мәніндегі
кейбір ерекшеліктер
де «Әдебиет танытқыштың» басты ойларына негізделген), синоним,
омоним, архаизм, диалектизм, неологизм, т.б. совет әдебиеттану
талаптарымен шектелген.
Қ.Жұмаливтің: «Жаңа сөз табуға ұмтылушылық табиғи нәрсе, бірақ
табу да,
ол табылған сөздердің тілде тұрақталуы да қиын. Бір кезде кейбір
әдебиетшілер әдебиет терминдерін таза қазақша атауымыз керек деп,
бірнеше сөздер ұсынды. Мысалы:
пәнді әліптеу, сәнді әліптеу, көркем
лебіз, көсе лебіз, айырық оңқай, жиылыңқы оңқай,
т
.
б
.
осылар тәрізді
«жаңа» сөздерді тілімізге енгізбек болды. Оларды автордың өзінен басқа
ешкім қолданған жоқ». Ғалымның кейбір
әдебиетшілер деп отырғаны
Ахмет Байтұрсынұлы екені даусыз. Ол кезде Алаш ғалымдарының атын
атап, түсін түстеу мүмкін емес еді. Атын атамаса да автор «Әдебиет
танытқыштағы» сөздерді мысал ретінде, өз сөзі ретінде пайдаланған.
«Эпитет пен теңеу, олардың ерекшеліктері» тарауында да Қ.Жұмалиев
А.Байтұрсынұлының ойларын сол кездегі ресми біліммен ұштастыра
білген. Теңеу тараушасындағы тұжырымдар «Әдебиет танытқыштан»
алынған: «Жазушы бір нәрсені көркемдеп суреттеу үшін, ол нәрсенің
өзгешілік белгілерін көрсетпей-ақ, оны екінші нәрсемен салыстырып та
суреттей алады. Бұл салыстыруды
теңеу
деп атайды».
Ғалым «Әдебиет теориясының» «Әдеби метод – әдеби стиль»
тарауында да «Әдебиет танытқыштағы» басты ойларды пайдаланған.
111
Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – Алматы: Мектеп, 1964. 5-б.
394
Тек соңғы «Әдебиеттегі методтар – классицизм,
романтизм, реализм,
социалистік реализм» тарауы ғана соцреализм (советтік заман) талабына
сай жазылған. Әдебиеттің тектері мен түрлері эпос – әңгіме, лирика –
өлең, драма – қимыл деп алғаны да А.Байтұрсынұлының теориясына
сүйенген. Айырмашылығы А.Байтұрсынұлы өлеңді лирика емес, толғау
деп атаған.
Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышын» атауға ресми
тыйым салынған соцреализм тұсында Қажым Жұмалиев бұл басылымның
басты қағидаларын атай алмай, ғылымға осылай енгізуге мәжбүр болды.
Достарыңызбен бөлісу: