2 Мультидисциплинарлық топтың қызметі бойынша шетелдік тәжірибені
талдау
Мемлекеттік білім беру процесінің басты мақсаты ерекше білім беруге
қажеттіліктері бар балалардың қолжетімді білім алу құқығын қамтамасыз ету
болып табылады.
Қазақстандық білім беру ұйымдары осы құқықты жүзеге асыруға
ұмтылады. Алайда, бүгінгі таңда бұл мәселе инновациялық және
дисскусиялық түрде қалуда. Өйткені, білім алушылардың бойындағы ерекше
қажеттіліктері біркелкі емес болуы мүмкін. Сондықтан, инклюзивті біліммен
тек эмоционалдық, ерік-жігерлі немесе психоәлеуметтік бұзылыстары бар
балалар қамтамасыз етілмей, оған қоса есту, көру, сөйлеу, тірек-қимыл
аппаратында, ақыл-ойында т.б. бұзылыстары бар балаларын да қамту
мәселелері қаралуы тиіс.
Бұл балалардың бұзылыстары әр түрлі деңгейде болуы мүмкін: жеңіл,
орташа, ауыр. Бұдан ерекше қажеттіліктері бар балалардың даму бұзылыстары
күрделенген сайын инклюзивті білімді жүзеге асыратын білім беру ұйымы
педагогтарының педагогикалық әрекеті мен құзыреттілігінің деңгейі
жоғарлауы тиіс деген қорытынды жасауға болады.
Әрине, баланың ерекше қажеттіліктері мен оны оқыту жағдайларын
(интеграция, инклюзивті оқыту немесе арнайы ұйымда, үйде оқыту т.б.)
анықтауда ПМПК іске асырады, бірақ осы балаларды қолдауда көптеген
қиындықтармен кездесіп келе жатқан білім беру ұйымындағы педагогтардың
ролі де аз емес.
Мұғалімдердің қиындықтарын атап өтсек:
1) жалпы білім беру ұйымында ерекше қажеттіліктері бар баланы
педагогикалық және психологиялық қолдауда тиісті кадрлық құраммен
қамтамасыз етумен байланысты қиындықтар;
2) бірнеше диагнозды ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу
және оқытудағы әдіснамалық базасымен байланысты қиындықтар;
3) балаларға дер-кезінде психологиялық-педагогикалық көмек берумен
байланысты қиындықтар;
4) инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын педагогтар мен әкімшілік
құрамының (әсіресе буллингтің алдын алу мәселесін) кәсіби этикасының
деңгейімен байланысты қиындықтар;
5) педагог кадрларды арнайы дайындау проблемасы (ерекше балаға жеке
тәсілдедерді пайдалану үшін мектеп, колледж және бала бақша педагогтарын
арнайы психология және түзету педагогикасының негіздері бойынша оқыту,
олардың арнайы оқыту технологияларын меңгеруі).
Инклюзивті білім беруді еңгізу және дамытуда шет елдердің келесі
тәжирибесін байқауға болады:
Швецияда ерекше қажеттіліктері бар оқушылар қажетті қолдауды
көрсете отырып (арнайы педагог немесе ассистенттің көмегі, арнайы көмекші
құралдармен қолдану) қалыпты сыныпқа кіріктірілген. Есту, көру, ақыл-ой
кемістігі немесе бірнеше бұзылыстыры айқын көрінетін балалар арнайы
11
мектептерде білім алады. Қазіргі таңда арнайы мектептер жалпы білім беру
мектеп сыныптарына кіріктірілген балаларды қолдау бойынша Ресурстық
орталықтар болып табылады. Швецияда ерте жастағы балалар аутизмі
барларды арнайы оқыту күрделі мәселе болып отыр. Бұл балалар қалыпты
мектептерде кіші топтарда оқиды. Әр 3 балаға 2 мұғалім және 1 ассистент
қарастырылған [7].
Дания мектептерінде ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс
істеуге арнайы оқытылған мысалы, математик секілді пән мұғалімдері, мектеп
психологы және әлеуметтік қызметкерлер қызмет атқарады. Оған қоса бұл
жұмысқа штаттан тыс педагог-кеңесшілер немесе басқа мамандар да
тартылуы мүмкін. Бұл кеңесшілердің қызметі оқыту жүйесі мен материал
игерімін бақылап, педагогтар жұмысын қажетті арнаға бағыттау болып
табылады. Қиындық туындаған жағдайда олар баланы тыныштандыруға
көмектесіп, жеке бөлмеде оны басқамен шұғылдандырады.
Финляндияда ерекше назарды талап ететін 80 балаға дейін оқитын
сыныптардың барлығында осындай мұғалімнің көмекшілері бекітілген.
Педагог оқу процесін ұйымдастырумен айналысып жатқан кезде көмекші-
кеңесші балаға оқу тапсырмасын орындауда және құрдастарымен тіл табысуда
көмек беретін маңызды буын болады.
Норвегияда әр апта сайын сынып жетекші, арнайы педагог және
кеңесші-көмекші ерекше назарды талап ететің оқушылардың ағымдағы
үлгерімі мен нәтижелері бағаланып, олармен одан әрі жұмыс жоспарланатын
жиналыстар өткізеді. Кейде бұл жиналысқа мектеп медбикесі де шақырылады.
Ерекше қажеттіліктері бар «ауыр» оқушылармен жұмыс жасау барысында
комиссия бөлек отырыс өткізеді, кейде бұл отырыстарда жаңа жұмыс әдістері
әзірленеді.
Норвегиялық
мектептер
мектепке
дейінгі
білім
беру
мекемелерімен, ана және баланы қорғау орталықтарымен, арнайы күтімді
қажет ететін балаларға арналған емдеу мекемелерімен белсенді жұмыс істейді
[7].
Литва Германияның инклюзивті білім беру моделін табысты қабылдап
алды. Зияты сақталған мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы білім беретін
мектепте 5-сыныптан бастап оқи алады. Ал мүмкіндігі шектеулі 1-4 сынып
оқушылары бөлек бастауыш мектептерде оқиды. 4-сыныптан кейін оқушылар
келесі кезеңдегі мектептерге ауысады және гимназия немесе қалыпты мектеп
типтерінен таңдауға құқылы болады. Тәжірибе көрсеткендей, мүмкіндігі
шектеулі балалардың ата-аналары балаларының басқалардың қарқынымен оқу
бағдарламасын толық көлемде меңгере алмайтындығына көзі жеткен соң,
балаларын 4-сыныптан кейін өз еркімен арнайы мектепке ауыстырады.
Зиятында бұзылыстары бар балалар да жалпы білім беретін мектепте оқуға
құқылы, бірақ тек арнайы сыныпта ғана оқи алады. Литва мектептерінде 2
түрлі арнайы сыныптар бар: жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған
«арнайы сынып» және орташа немесе тіпті ауыр ақыл-ой кемістігі бар
балаларға арналған «дамыту сыныбы». Мектеп штатында жалпы білім беретін
сынып оқушыларына қызмет көрсететін бір логопед және екі арнайы сыныпқа
бір логопед қарастырылған. Сурдопедагог, тифлопедагог, қозғалуды
12
дамытатын және басқа да мамандардың көмегін мүмкіндігі шектеулі
оқушылар арнайы көлікпен жеткізіліп, оңалтудың ресурстық орталықтарында
алады.
Кейбір елдерде инклюзивті білім енді ғана дамып келе жатқандықтан
мүмкіндігі шеттеулі балаларды оқыту жүйесі көптеген проблемалармен
кездесуде.
Бельгиядағы мектеп педагогтарының инклюзивті оқыту бойынша өзара
келіспеушіліктері, мектепішілік басқарудың нәтижелі жүйесінің болмауы, ата-
анамен дәстүрлі ресми ынтымақтастықтың тұрақтанған формасы елдегі
инклюзивті білім беруді дамытуда кедергі болатын көптеген проблемаларды
туындатуда.
Украина елінде де дәл осындай жағдай. Психология ғылымының
докторы, ПҒҰА арнайы педагогика институтының аутизм сұрақтары бойынша
лаборатория меңгерушісі Т.Скрыпник елдегі инклюзивті білімді дамыту
бойынша ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамсыз етуде бірыңғай саясаттың
болмауы,
әзірленген
құралдар
мазмұнындағы
қарама-қайшылықтар;
ресурстық орталықтардың болмауы; педагогтарға орталықтанған көмек
көрсетудің тапшылығы; әр түрлі нозологиясы бар балаларға (аутизм
проблемасы бар балаларға да) көмек беретін мемлекеттік түзете-дамыту
мекемелерінің болмауы және тағы да басқа мәселелерді айқындады [8].
Италияда инклюзивті білімді еңгізудің бастапқы кезеңінде (1971 жыл)
ерекше қажеттіліктері бар балалармен білім беру ұйымының жұмыс жүргізу
үшін қажетті ресурстардың бірі мектептегі сынып жетекшіні қолдайтын
арнайы педагог, дәрігер, психолог, әлеуметтік қызметкер, медбике және
логопедтен тұратын команда болып саналатын. Ал 2003 жылы Италияның
білім министрлігі барлық мектеп директорларын балаларды білім беру
процесіне қосу модельдерін жетілдіру үшін тренингтерге қатысуға міндеттеп,
барлық мектеп мұғалімдерін жылына 40 сағатқа есептелген біліктілікті
арттыру курсынан өтуді бұйырды. Оған қоса, италияндық тәсілдің ерекшелігі
әр мектеп диагностика және терапия жүргізетін денсаулық сақтау
саласындағы ұйымдардың мамандарымен тығыз өзара әрекеттестікте болады.
Бұл мамандардың ішінде дәрігерлер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер,
медбикелер, логопедтер, функционалдық және дене терапевттері де бар.
Ресейде инклюзивті мәдениетті, саясатты және тәжирибені дамыту
бойынша білім беру ұйымының нәтижелі жұмыс істеу шарттарының бірі
«ерекше» баланы және оның отбасын жалпы білім беру ортасына қосу
процесін сапалы түрде басқару болып табылады. Инклюзия жолына тұрған
білім беру ұйымы әкімшілігінің алдында тұрған міндеттерінің бірі - бұл білім
беру процесінің барлық қатысушыларын, яғни ата-ананы, балаларды,
педагогтарды өзгеріп жатқан әлеуметтік жағдайға бейімдеу. Осыған
байланысты білім беру ұйымы штатына жаңа мамандар еңгізілді. Олар
инклюзия бойынша координаторлар немесе ерекше білім беру қажеттіліктері
бойынша координаторлар (бұл термин кейбір ағылшын тілді елдердеде
қолданылады). Қазіргі таңда инклюзивті білімді жүзеге асыратын білім беру
ұйымында бұндай координатор тұлғасы негізгі лауазым болып табылады.
13
Әдетте инклюзия бойынша координатордың қызметін бір қызметкер атқарады.
Бірақ кейде координатордың міндетін бірнеше адам бөліп алатын да
жағдайлар кездеседі.
Қолдау мамандарының қызметі мұғалімдерді (тәрбиешілерді) ерекше
қажеттіліктері бар балалармен де, олардың құрдастарының тобымен де жұмыс
істеуге үйрету, бұл балаларға әлеуметтік қызығушылықты қалыптастыру,
қолдауға қатысушылардың қолданған термидерге қатысты әдептілікке
бағытталған. Психологиялық-педагогикалық қолдау білім берудің барлық
сатыларында қызмет атқарады. Соның арқасында қолдау процесінің
үздіксіздігі қамтамасыз етіледі [11,12].
Берілген талдау инклюзивті білім беруді табысты енгізудің негізгі
критериі – инклюзивті білім беру процесіне қатысушылардың арасында оның
барлық деңгейінде келісілген ынтымақтастығы екендігін белгілеуге мүмкіндік
берді. Олардың ынтымақтастығы кең және ашық диалогқа, берілген процесті
терең теориялық және эмпирикалық түсінуге, ұлттық білім беру саясатының
негізгі мақсаттары мен қағидаларын жүзеге асыруға ықпал ететін нәтижелі
педагогикалық механизмдерді бірігіп іздеуге негізделген. Сондықтан білім
беру ұйымындағы инклюзивті саясаттың табысты жүзеге асырылуына
педагогтар жауапты болады.
Инклюзивті білім беру философиясының идеяларына, «ерекше» бала
мен оның отбасын қолдаудағы бірыңғай тәсілдемесіне, ПМПК-мен
ынтымақтастыққа даярлыққа негізделген командалық пәнаралық және
мультидисциплинарлық тәсілдің маңызы жоғары және баланы нәтижелі
қолдауға, ұжымдағы эмоциялық жағдайға тікелей әсер етеді. Жүйелі
пәнаралық және мультидисциплинарлық тәсілдеме келесілерде көрініс береді:
-
қалыпты және бұзылған бала дамуын түсінуде бірыңғай ғылыми-
әдіснамалық тұжырымдамаға сүйену;
-
диагностика нәтижелерін түсіндіруде ортақ тілді анықтау;
-
өзара толықтыратын түзете-дамыту бағдарламаларын әзірлеу;
-
баламен және оның отбасымен жұмыс істейтін барлық мамандар
үшін бала туралы ақпараттың ашық болуы;
-
бірыңғай күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау;
-
жалпы білім беру бағдарламалардың мазмұнына енгізілген
материалдар негізінде мамандардың түзете-дамыту сабақтарын жүргізуі.
14
3 Психологиялық-педагогикалық консилиум шеңберінде мамандардың
өзара әрекеттестігі
Инклюзивті білім беруді енгізу және дамыту жағдайында заманауи білім
берудің тиімді дамуы, әр білім алушының ерекшеліктерін, оның
психологиялық-дене дамуының ерекшеліктері мен жеке қажеттіліктерін ескере
отырып баланың жеке бағытын және оны кәсіби қолдау жолдарын анықтай
білуді талап етеді. Аталған міндет инклюзивті білім беру ортасын құрудың
базалық компоненті болып табылуы тиіс, оның орындалуы мамандардың көп
пәнаралық өзара байланыстарын ұйымдастырмайынша мүмкін емес.
Психологиялық-педагогикалық
қызмет
аясында
мамандардың
ынтымақтастығы барысында, тиімді байланыс жасауларының келесі
параметрлерін ескеру қажет:
-
баланың ерекшеліктерін және даму деңгейін, оның ресурстық
мүмкіндіктерін есепке алу;
-
бейімделу және әлеуметтену міндеттерінің басымдылығы;
-
«қажетті маманның дер кезінде» баламен жұмыс істеуге
«араласуының» қолайлы бірізділігі;
-
ата-аналардың баланың әлеуметтенуі мен білім алуға бейімделуіне
қатысуы, олардың мамандармен серіктестік қарым-қатынасы.
Құрылған бейімді білім ортасы, оқу-тәрбие процесінің барлық
мүшелерінің мінез-құлық мәдениеті, толеранттылығы, әр білім алушы үшін
білім сапасының жоғары болуы мультипәндік команда күшінің нәтижесі болып
табылады.
Мультипәндік команданың іс-әрекеті әр мұғалімнің келесі қағидаларды
сөзсіз қабылдауларына негізделуі тиіс:
– инклюзияны бірегей психологиялық-педагогикалық идеология мен
стратегия ретінде мойындау;
-
маманның байланысты пәндерге қызығушылығы, білімнің түрлі
салаларынан хабардар болуға және жаңашылдыққа, жаңа білімді меңгеруге
дайын болу;
-
команданың барлық мүшелерін сыйлау, өзара түсіністік, ашықтық, бір-
біріне көмек көрсетуге дайын болу;
-
команданың барлық мүшелерінің білім беру процесіне бірдей қатысуы,
жалпы жұмыстың нәтижесіне жауапкершілік;
-
команда мүшелері арасында рөлдердің айқын бөлінуі, педагогикалық
нақты міндеттерді орындауға қатысудың алғышарттарын ұстану.
Аталған қағидалар психологиялық-педагогикалық қолдаудың барлық
кезеңдеріндегі командалық жұмысқа қатысушы мамандардың ресурстарын
оңтайлы қолдану арқылы, бала мен оның отбасының мәселелерін кешенді және
тиімді шешуге жағдай жасайды.
1968 жылы ресейлік белгілі психологтар А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия,
А.А.Смирнов ұсынған психологиялық-педагогикалық консилиум (ППк)
мамандарының көп пәнділік қағида жұмысы, баланың дамуын бағалауды
15
кешенді жүзеге асыру мақсатында консилиумның барлық мамандарының
деректері мен пікірлерін бірдей есепке алу қажеттігін болжайды.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, ерекше көзқарасты талап ететін
балалар мен жасөспірімдерге жан-жақты және құзыретті көмек беруді
қамтамасыз ету мақсатында, білім беру ұйымдарында және командадағы
мұғалімдердің
іс-әрекетін
үйлестіруде,
психологиялық-педагогикалық
консилиумдар (ППк) құру ұсынылады. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында
ППк барлық дерлік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтінін атап өту қажет.
Бірақ оның қызметінің жүйесі барлық білім беру ұйымдарында бірдей нақты
емес. Кейбір мектептерде, бала бақшаларда немесе колледждерде консилиум
мамандарының командалық кешенді жұмыс атқаруына әкімшілік тарапынан
қажетті қолдау көрсетілмейді, сол себепті ерекше білім беруге қажеттілігі бар
балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің нәтижелі болу
жауапкершілігі жекелеген маманға немесе мамандарға (педагог-психолог,
дефектолог немесе логопед) жүктелуі мүмкін. Психологиялық-педагогикалық
консилиум – бұл ең алдымен психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі
мамандарының кәсіпаралық ынтымақтастығының түрі, яғни білім алу және
тәрбие процесінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаға көмек көрсету
стратегиясын бірігіп жасайтын барлық педагогтар ұжымы.
Кеңесші орган ретінде консилиумның негізгі мақсаты – жалпы білім
беретін мектептің оқу-тәрбие процесіне енгізілген балаларды қолдау
стратегиясын анықтап және түзету-дамытушылық жұмыстарын жүргізудің
жеке жоспарларын әзірлеп қана қоймай, баланың дәстүрлі ортаға
әлеуметтенуіне, неғұрлым жоғары деңгейде әлеуметтік бейімделуіне арналған
шаралар мен жолдарды анықтау.
Консилиум:
– білім беру ұйымының барлық педагогтік ұжымына – бала тұлғасын
барлық параметрлерін (психологиялық және психикалық дамуын, дамуындағы
әлеуметтік жағдайды, денсаулық жағдайын, педагогикалық әрекеттердің
оңтайлылығын) есепке алу арқылы қарастыруға, сонымен қатар әр білім
алушының мүддесіне қарай оқу-тәрбие процесіне қатысушы субъектілердің
арасында міндеттер мен жауапкершілікті бөлу арқылы қолдаудың жалпы
бағдарламасын белгілеуге мүмкіндік береді;
– сынып жетекшісіне – қарым-қатынастың ерекше тәсілдерін қажет ететін
бала туралы білетінін, сол баламен қарым-қатынаста болатын консилиум
қатысушыларына жеткізу;
– педагог-психологқа – оқыту мен тәрбиелеудің неғұрлым жақсы
жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында, баланың танымдық және эмоциялық
жағдайларына әділ баға беру арқылы және оның білім алуға талпынысын
есепке ала отырып әр педагогқа жеке бағдарлама әзірлеуге көмек көрсету;
– әкімшілікке – балаға көмек көрсетудің біріккен стратегиясын әзірлеу
барысында оқу-тәрбие процесіне қатысушы педагогтардың, психологтардың
және басқа да субъектілердің күшін үйлестірге мүмкіндік бередіу.
Жоғарыда айтылғандардан, ППк келесі міндеттерін анықтауға болады:
16
– арнайы (психологтың, логопедтің, дефектолог мұғалімнің, арнайы
педагогтің немесе басқа мамандардың) көмекті қажет ететін балаларды
анықтау, сонымен қатар балалардың оқудағы және мінез-құлқындағы
ауытқуларының сипатын және себебін анықтау;
– психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламаларының
мазмұнын анықтау;
– оқу және тәрбие бағдарламаларын бейімдеу (қажет болған жағдайда);
– мамандардың арнайы көмек көрсетуінің тиімділігін бағалау және қарым-
қатынас жасауларын үйлестіру.
Команданың құрамына: білім беру ұйымының әкімшілігі, мұғалімдер,
арнайы педагогтар (психолог, логопед, дефектолог мұғалім, әлеуметтік
педагог), медицина қызметкерлері, ата-аналар, қоғамдық ұйымдардың,
қамқоршылық кеңестің және серіктес ұйымдардың өкілдері, жасөспірімдер ісі
бойынша инспектор кіреді.
Психологиялық-педагогикалық консилиум іс-әрекеттің келесі бағыттарын
жүзеге асырады:
1. ықтимал «қауіп тобын» анықтау мақсатында консилиумның барлық
мамандары білім алушылардың скрининг-диагностикасын жүзеге асыруды
ұйымдастырудың іс-шараларын өткізу;
2. ықтимал «қауіп тобы» балаларының ішінен психологиялық-физикалық
ауытқулары немесе білім беру бағдарламаларын меңгеруде қиындықтары бар
балаларды анықтау; жеке диагностика өткізу және бала проблемасының мәнін
анықтау;
3. даму ерекшеліктері бар білім алушылар үшін жеке түзете-білім беру
бағдарламаларын әзірлеу, білім беру бағытын таңдау;
4. қолдаудың жеке бағдарламаларын жүзеге асыру, түзете-дамытушылық
іс-шараларын жүзеге асыру, кеңес жұмысының бағыттарын анықтау;
5. психологиялық-педагогикалық қолдаудың нәтижелілігін қадағалау.
Аталған бағыттар бойынша әр педагог (сынып жетекші, пән мұғалімдері,
логопед мұғалім, педагог-психолог, дефектолог мұғалім, әлеуметтік педагог)
өзінің мамандану саласын ескере отырып жұмыс істейді.
Психологиялық-педагогикалық консилиум жұмысының қағидалары:
1. ППк жұмысының негізін қалаушы қағидалар: бала тұлғасын құрметтеу
және жағымды қасиеттеріне сүйену қағидасы болып табылады. Баланы зерттеу
оның дамуындағы мәселелер туралы ақпарат алуға ғана бағытталмай, оның
бойында бар проблемалардың орнын толтыруға негіз бола алатын оң әлеуетті
анықтауға да жұмылдырылуы тиіс.
2.
Диагностиканың мүмкіндігінше педагогикаландырылу қағидасы
консилиумның педагогикалық міндеттерінің басымдылығын анықтайды. ППк
жұмысында психологиялық және педагогикалық білімдерді кіріктіру өте қажет
мәселе.
3. ППк қызметінде ақпараттың жабықтығы қағидасын ұстану өте қажет.
Аталған қағида консилиумға қатысушы мамандардың әдеп нормаларын қатаң
ұстануларын, әсіресе баланың психологиялық-педагогикалық диагнозына
қатысты құпияны сақтауларын қарастырады. Диагноз немесе консилиумның
17
қорытындысы тұлғаға моральдық нұқсан (мысалы, баланың өзін-өзі
бағалауының төмен болуы, оның эмоциялық жағдайының нашарлауы, оның
үлкендермен және өзінің құрдастарымен қарым-қатынасының бұзылуы)
келтірмеу үшін ППк-дан тыс жерде көпшілік арасында талқыланбауы тиіс.
4. Өзара әрекеттестік қағидасы. ППк-ның әрбір маманы өз құзыреттілігінің
аясында баланың дамуы мен жағдайын анықтау, оны ары қарай тәрбиелеу мен
оқыту саласында болжамдар жасауға қатысты сұрақтарын шеше отырып,
жалпы көрініске өз түсінігін енгізеді.
Консилиумның жұмысын ұйымдастыру үш кезеңде жүргізіледі.
1-кезең. Дайындық кезеңінде консилиумға дайындықты әр қатысушы жеке
жүргізеді. Балаға кешенді зерттеу жүргізу үшін жұмысты бастардың алдында
ата-ананың келісімін алу қажет. Ата-аналардың келісімі құжатқа тіркелуі тиіс,
бұл сараптамаға байланысты кикілжің жағдаяттардың алдын алуға мүмкіндік
береді.
Бұдан
әрі
мамандар
диагностикалық
деректерді
жинақтауды,
қорытындылауды жүзеге асырады, алдын ала шешімдер мен ұсыныстарды
тұжырымдайды. Диагностикалық мәліметтерге аталған нақты мәселе бойынша
көптеген көрсеткіштер, мысалы: педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік,
медициналық, логопедтік, дефектологтық және т.б. арқылы талдау жасалады.
2-кезең. Консилиум жұмысының бұл кезеңінде жүргізілген зерттеулердің
қорытындысы бойынша алқалы отырыс өткізіледі. Зерттеулер қорытындысын
алқалы талқылау бала дамуының сипаты мен ерекшеліктері туралы бірыңғай
көзқарас қалыптастыруға, оның бұдан әрі дамуын жалпы болжауды және
қажетті түзету-дамытушылық іс-шаралар кешенін анықтауға мүмкіндік береді.
Егер консилиум дамытушылық немесе түзету жұмысының қандай түрі
қажет екендігі туралы жалпы бір ортақ пікір шығармаса, немесе күтілетін
нәтижелер орындалған болса, немесе дамудың тұрақты теріс динамикасы
байқалатын болса, бұндай жағдайда білім алушы неғұрлым жоғары деңгейдегі
кеңеске жіберілуі мүмкін. Баланың ата-анасы консилиум ұсыныстарын
қабылдамаған, ата-анамен дау-жанжалды жағдаят болған жағдайда да дәл осы
шараларды қолдану қажет. Неғұрлым жоғары деңгейдегі ұйымның беделі ата-
анаға ықпал етудің оңтайлы компоненті болуы мүмкін.
3-кезең – ППк шешімдерін жүзеге асыру; жеке бағдарлама құру;
психологиялық түзету бойынша ұсыныстар; мамандар іс-әрекетін үйлестіру;
қолданыстағы бағдарламаларды түзету; мәселе бойынша педагогтар мен ата-
аналарға кеңес беру және т.б.
Консилиумның түрлері
Мақсаты бойынша психологиялық-педагогикалық консилиумдарды
алғашқы, жоспарлы, жедел және қорытынды деп бөлуге болады. Әр түріне
жеке-жеке тоқтала кетейік.
Алғашқы консилиум – балаларды ұйымға қабылдау және дамуындағы
проблемаларды анықтау барысында жүргізілуі мүмкін. Аталған жағдайда
консилиум барлық мамандардың алғашқы зерттеулері аяқталысымен өткізілуі
мүмкін. Негізінен бұл психолог, логопед (дефектолог), психиатр, педагог;
жекелеген жағдайларда басқа да мамандар шақырылуы мүмкін.
18
Мақсаты: білім алушы дамуының ерекшеліктерін, оны оқытудың мүмкін
жағдайлары мен түрлерін, педагогикалық процесті психолгиялық, логопедтік
немесе басқа да қолдаудың қажетті түрлерін анықтау.
Жоспарлы консилиумды жарты жылдықта бір реттен кем емес өткізу
ұсынылады.
Мақсаты: оқыту мен түзету динамикасын бағалау, қажет болған жағдайда
түзетушілік жұмысқа өзгертулер мен толықтырулар енгізу, оқыту формасына,
режиміне немесе бағдарламасына өзгертулер енгізу, қосымша зерттеулер
тағайындау.
Жедел консилиум қажет болған жағдайда педагогтың немесе кез-келген
басқа маманның өтініші бойынша (ұзақ ауру, кездейсоқ аффекті реакция, оқуда
немесе түзету жұмысында кездейсоқ пайда болған басқа да мәселелер) өткізілуі
мүмкін.
Мақсаты: пайда болған мәселелердің себебін анықтау; кері кетудің
өлшемдерін, оның тұрақтылығын, оны жеңу мүмкіндіктерін бағалау; мүмкін
жүктемені анықтау; оқытудың режиміне және түріне өзгерту енгізудің
қажеттілігін анықтау.
Қорытынды консилиум баланың оқытудың жаңа сатысына өтуіне
байланысты (мысалы, бастауыш мектептен негізгі орта білім алуға) немесе
түзету жұмысының аяқталуына байланысты өткізіледі.
Консилиум мақсаты: оқытудың аяқталу кезіне оқушы мәртебесіне баға
беру: барлық оқу пәндері бойынша меңгерілген білім, әлеуметтену деңгейі,
эмоциялық-жігерлілік және мінез-құлық жүйесінің жағдайы, жоғары
психикалық қызметінің даму деңгейі; болашақта баламен жұмыс істейтін
педагогтарға ұсыныстар. Қорытынды қонсилиум материалдары баланың
психологиялық-педагогикалық мінездемесін құрастырудың негізі ретінде
қолданылады.
Тиімді және құзыретті жұмыс істеу үшін консилиумның құрамы икемді
болуы тиіс. Оның құрамына тұрақты және уақытша қатысушылар кіреді.
Тұрақты қатысушылар әр отырысқа қатысады, отырысты дайындауға және
ұсыныстардың орындалуын бақылауға араласады. Білім беру ұйымының
директоры, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары (директордың оқу-тәжірибелік жұмысы жөніндегі
орынбасары),
директордың
ғылыми-әдістемелік
жұмысы
жөніндегі
орынбасары, әдіскер, педагог-психолог, логопед мұғалім, сынып жетекшілері,
медициналық қызметкер, әлеуметтік педагог консилиумның міндетті
қатысушылары болып табылады.
Уақытша қатысушылар – жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор, психиатр
дәрігер және т.б. Денсаулығы немесе әлеуметтік кері бейімделуіне байланысты
туындаған ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға қатысты сұрақтар
бойынша шақырылулары мүмкін. Сарапшы ретінде сөз сөйлеуші пән
мұғалімдері, шақырылған түрлі маман-кеңесшілер, ата-аналар және оқушылар
(қажет болған жағдайда) уақытша қатысушылар бола алады.
Консилиум жұмысын ППк төрағасы басқарады, жалпы білім беретін
мекемелерде оның қызметін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
19
(бастауыш деңгейде – директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу-
әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары), мектепке дейінгі білім беру
жүйесінде – әдіскер, техникалық және арнайы білім беру жүйесінде
директордың оқу-тәжірибелік жұмыс жөніндегі орынбасары орындай алады.
Психологиялық-педагогикалық консилиумның төрағасы:
– психологиялық-педагогикалық консилиум жұмысын ұйымдастырады;
– отырыстардың жүйелілігін қамтамасыз етеді;
–
қатысушы-педагогтар
құрамын
қалыптастырады;
отырыста
талқыланатын балалар құрамын қалыптастырады;
– консилиумның оқу-тәрбие процесінің басқа тармақтарымен байланысын
үйлестіреді;
– консилиум ұсыныстарының орындалуын бақылауды ұйымдастырады;
– балаларды қосымша тексеруге (қажет болған жағдайда) уақытылы
жіберілуіне бақылауды жүзеге асырады;
– баланың ата-анасына (қажет болған жағдайда) нақты ақпарат беруді
қамтамасыз етеді.
Мамандардың командалық жұмысын ұйымдастыру және мультипәндік
тәсілдің жүзеге асырылуы ППк-ның төрағасына байланысты болады.
Психологиялық-диагностикалық
консилиум
жұмысы
аясында
психологиялық қолдау көрсетудің үлгілік алгоритмі (Битянова М.Р. бойынша).
1. Қолдау іс-әрекеттерін өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және
әдістемелік дайындық:
- консилиумдарды, диагностикалық іс-шараларды нақты және сағат
бойынша жоспарлау;
- консилиумның барлық қатысушыларын аталған жоспармен таныстырып,
келісу;
- қажетті әдістемелік материалдарды дайындау - бланктерді, әдістеме
мәтіндерін, шешім жолдарын, өңдеуге қажетті кестелерді және т.б.
2. Диагностикалық тексерудің бірінші кезеңін өткізу:
- сабақ барысында балаларды бақылау, деректерді хаттамаға тіркеу;
- таңдап алынған параллельдің барлық оқушыларына диагностикалық
минимум әдістемесін жүргізу;
- қажет болған жағдайда педагогтер мен ата-аналар арасында
сараптамалық сауалнама жүргізу;
- қорытындыларды өңдеу, барлық балалар бойынша қорытынды
бланктерді толтыру, тереңдетілген түрлі психологиялық-диагностикалық
тексеру өткізу үшін балалар тобын іріктеу;
- психологиялық диагностиканың екінші кезеңін ұйымдастыру және
әдістемелік дайындық.
3. Психологиялық-диагностикалық тексерудің екінші кезеңін өткізу:
- іріктелген топ балаларымен тереңдетілген диагностикалық тексеру
өткізу;
- деректерді өңдеу, тексеру бойынша қорытындыны толтыру.
4. Психологиялық-педагогикалық консилиумға дайындық:
20
- сынып жетекшілерімен және басқа да мамандармен (мектеп дәрігерімен,
психиатрмен, психологпен, логопедпен, дефектологпен және т.б.) болуға тиісті
консилиумға қатысты кеңес өткізу;
- сыныптар (топтар) және жалпы параллельдер бойынша талдамалық
ақпарат әзірлеу;
- талқылау жоспарын құрастыру: психологиялық сау балаларды және түрлі
проблемалары бар балаларды топтарға бөлу; консилиум қорытындысын жазуға
арналған бланкілерді дайындау.
5. Психологиялық-педагогикалық консилиум өткізу:
- қонсилиумға қатысушылардың арасында нақты балаларға қатысты
ақпаратпен алмасу;
- әр баланы, сондай-ақ сыныпты немесе топты қолдау стратегиясын әзірлеу
және жоспарлау;
- нақты бала бойынша консилиумның қорытынды бланкісін толтыру.
Достарыңызбен бөлісу: |