Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата18.12.2019
өлшемі1,05 Mb.
#53749
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
mat008
6200a851-bbb5-11e3-b0bc-f6d299da70eeтитул УМКД УММ каз, 21ad3594-56e4-11e5-884b-f6d299da70eeУМК новое по МОТП каз (умм), тригонометриялық

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы  

 

Министерство образования и науки Республики Казахстан  



Национальная академия образования им. И. Алтынсарина  

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық 

консилиум ережесі 

 

 

Положение о психолого-педагогическом консилиуме в 

организациях образования 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

Астана 



2016 



Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Ғылыми  кеңесімен 

баспаға ұсынылды (2016 жылғы 18 қарашадағы  №10  хаттама).  

Рекомендовано к изданию решением ученого совета Национальной академии 

образования им. И.Алтынсарина (протокол №10 от 18 ноября 2016 г.). 

 

 

Білім 

беру 

ұйымдарындағы 

психологиялық-педагогикалық 

консилиум  ережесі.  Әдістемелік  ұсынымдар.  –  Астана:  Ы.  Алтынсарин 

атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016. – 38 б.  



Положение  о  психолого-педагогическом  консилиуме  в  организациях 

образования.  Методические  рекомендации.  –  Астана:  НАО  имени 

И.Алтынсарина, 2016. – 34 с.  



 

 

 

Ұсынылып отырған психологиялық-педагогикалық консилиум ережесінің 

жобасы білім беру ұйымындағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды 

дамыту мен оқытудағы мәселелерді шешу үшін психологиялық-педагогикалық 

қолдау  қызметінің  мамандары  мен  білім  беру  процесінің  қатысушыларының 

өзара әрекеттесуін реттеуде көмек болады.  

Бұл  әзірлеме  облыстық  (қалалық,  аудандық)  әдістемелік  кабинеттерінің 

басшылары мен әдіскерлеріне, білім беру ұйымының басшыларына, педагогтері 

мен мамандарына арналған. 

 

 



Предлагаемый 

проект 


Положения 

психолого-педагогического 

консилиума  поможет  в  координации  взаимодействия  специалистов  службы 

психолого-педагогического  сопровождения  и  участников  образовательного 

процесса  для  решения  проблем  развития  и  обучения  детей  с  особыми 

образовательными потребностями в организации образования. 

Данный  документ  адресован  руководителям  и  методистам  областных 

(городских,  районных)  методических  кабинетов,  руководителям,  педагогам  и 

специалистам организаций образования.  

 

 

 

 

 

 



© Ы. Алтынсарин атындағы  

Ұлттық білім академиясы, 2016 

© Национальная академия  

образования им. И. Алтынсарина, 2016 

 




Кіріспе 

 

Ұлттық  білім  жүйесі  кез  келген  мемлекетті  әлеуметтік-экономикалық 

дамытудың  негізгі  құралдарының  бірі  болып  табылады.  Әрбір  мемлекеттің 

және  оның  азаматтарының  өсіп  өркендеуі  тікелей  білім  беру  жүйесінің 

тиімділігіне тәуелді.  

Қазіргі  таңда  көптеген  білім  беру  ұйымдары  қағидаларын  ұстанатын 

дәстүрлі білім беру жүйесі негізінен біріздендірілген оқу-тәрбиелік мақсаттарға 

жетуге  және  сәйкес  бағдарламаларды жүзеге  асыруға  шоғырланған.  Яғни,  бұл 

әрекет 

«қалыпты» 



білім 

алушылардың 

«қалыпты» 

қажеттіліктерін 

қанағаттандыруға бағыттылған.  

Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамытудың  2011-2020 

жылдарға  арналған  бағдарламасының  стратегиялық  мақсаты  білім  беру 

процесіне  барлық  қатысушылардың  үздік  білім  беру  ресурстары  мен 

технологияларға  тең  қолжетімділікті  қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Бұл 

барлық  білім  алушылардың  дене,  психикалық,  зияткерлік,  мәдени-этникалық, 

тілдік  және  басқа  да  ерекшеліктерінің  жағдайына  қарамастан  нәтижелі 

әлеуметтенуін  қамтамасыз  етуді  білдіреді.  Берілген  міндет  балаларды  кез 

келген  кемсітушілікті  жоятын  және  кедергісіз  оқыту  мен  тәрбиелеуді 

қамтамасыз ететін инклюзивті білім берудің негізі болып табылады.  

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 

319-III  Заңының  1-бабы,  21-4  тармақшасында  инклюзивті  білім  беру  –  ерекше 

білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық 

білім  алушылардың  білім  алуына  тең  қолжетімділікті  қамтамасыз  ететін 

процесс деп көрсетілген [1].  

Инклюзивті  білім  беруді  дамыту  жағдайындағы  әлеуметтік  және 

психологиялық-педагогикалық  қолдау  өзекті  мәселелердің  бірі  болып 

табылады.  Ол  бірқатар  сұрақтармен,  оның  ішінде  білім  алушының  әлеуметтік 

сипаттағы  немесе  психофизикалық  жағдайының  ерекшеліктерімен  шартталған 

болуы мүмкін.  

Әлеуметтік  факторлардан  туындаған  білім  беру  қажеттіліктері  тілдік 

сипаттағы оқыту қиындықтарымен (мигрант отбасының балалары, қазақ немесе 

орыс тілін меңгермеген оралман отбасылардың балалары), сабаққа қатысуымен 

(шалғай  аудандар,  ауылдарда  тұратын  халық),  отбасының  материалдық 

жағдайымен (табысы төмен отбасылар) және т.с.с. байланысты болуы мүмкін.  

Алайда, 


педагогтар 

арасындағы 

жоғары 

алаңдаушылықты 



психофизикалық  дамудағы  кемшіліктерден  болған  ерекше  білім  беруге 

қажеттілігі бар білім алушылар тудырады. Олар келесі сұрақтарды уақытында 

шешуді талап етеді: 

  дамудағы бұзылыстарды анықтау; 

  психологиялық-педагогикалық көмекті ұйымдастыру;

 

 



  тәрбиелеу  мен  оқытудың  арнайы  жеке  түзету  бағдарламаларын 

әзірлеу және іске асыру;

 

 


  оқу  процесін  арнайы  медициналық-психологиялық-педагогикалық 

қолдаумен  (арнайы    педагог,  логопед,  психолог,  әлеуметтік  педагог, 

медициналық қызметкер) қамтамасыз ету;

 

 

  оқушыны ары қарай дамыту үшін танымдық мүмкіндіктер мен нақты 



оқу жетістіктері бойынша оқушы мен оның ата-аналарына қойылатын талаптар 

мен ұсыныстардың сәйкестігін тұрақты қадағалау; 

  білім  беру  ортасын  ыңғайлы,  ерекше  кеңістіктік  және  уақыттық 

ұйымдастыруды қамтамасыз ету. 

Қазіргі заманда білім беру ұйымының алдына түзете әсер етудің мазмұны 

мен әдістерін анықтау,  балалардың ерекше қажеттіліктеріне байланысты білім 

беруге  жағдай  жасау  міндеттері  қойылуда.  Осыған  орай  ерекше  білім  беруге 

қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру процесіне нәтижелі қосу мәселесін 

шешудің  бір  жолы  білім  беру  ұйымдарында  психологиялық-педагогикалық 

консилиумдарды (ППк) жүйелі түрде жүргізу болып табылады.  

Ұсынылып отырған психологиялық-педагогикалық консилиум ережесінің 

әзірлемесі  түзету-педагогикалық  және  әлеуметтік-психологиялық  қолдау 

бағдарламаларын  әзірлеу  және  іске  асыру,  сондай-ақ  баланың  білім  беру 

қажеттіліктерін  және  жеке  ерекшеліктеріне  білім  беру  ортасын  бейімдеу 

жолымен  отбасының  жігері  мен  педагогтар,  психологтар,  логопед, 

дефектологтар, әлеуметтік педагогтар, медициналық қызметкерлердің әрекетін 

бірыңғай қызмет ететін алгоритмге біріктіруді көздейді.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




1 Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру, қолданыстағы тәжірибені талдау 

 

Соңғы жылдары халықаралық және ұлттық, үкіметтік және үкіметтік емес, 



ресми  және  тәуелсіз  ұйымдар  өздерінің  баяндамаларында  Қазақстандағы 

инклюзивті білім берудің дамуына түрлі көзқарастар мен баға беріп жүр.  

ЮНИСЕФ-тің  Қазақстандағы  өкілдігі  дайындаған  «Мүгедектігі  бар 

балалардың  жағдайына  талдау:  Қазақстан  Республикасында  инклюзивті 

қоғамның  дамуы»  есебінде,  конвенцияны  бекіту  және  заңдарды  қабылдаудан 

кейін, жағдайды түзету қажет пе және қалай түзету қажеттігін көрсететін, ұзақ 

мерзімді  қадағалауды  жүзеге  асыру  механизмдері  мен  ағымдағы  жағдайды 

бақылау  қажет  болатыны  атап  көрсетілген.  Мүгедектігі  бар  тұлғалардың 

құқықтары және ахуалына қатысты ағымдағы жағдай туралы білу, мемлекеттік 

мақсаттар мен ағымдағы прогреске уақытша баға беруге көмектеседі [2]. 

«Инклюзивті  білім  берудің  ресурстық  орталығы  туралы  ережелер» 

жобасында  ресурстық  орталықтар  мен  кабинеттердің  қызметін  зерделеу  және 

талдауында  Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  инклюзивті 

білім берудің ресурстық орталықтарымен, кабинеттерімен және эксперименттік 

алаңдарымен тығыз байланыс жасайтындықтарын көрсетті 3. Сонымен қатар, 

инклюзивті  білім  берудің  ресурстық  орталықтары  мен  кабинеттері 

эксперименттік алаңдар базасында құрылып және жұмыс істейді. 

Республика  бойынша  эксперименттік  алаңдар  саны  көбеюінің  оң 

динамикасы  байқалады.  Инклюзивті  білім  беру  бойынша  бірінші  (ресми) 

эксперименттік  алаң  2012  жылы  Қарағанды  қаласының  №27  жалпы  білім 

беретін  орта  мектебінде  жұмыс  істей  бастады.  2014  жылы  эксперименттік 

алаңдар саны – 3, 2015 жылы – 4-ке артты, Астана және Алматы қалалары мен 

облыстар  білім  басқармаларының  мәліметтері  бойынша  2016  жылы  жалпы 

білім  беретін  9  мектепте  және  1  мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымында 

эксперименттік  жұмыс  жүзеге  асырылуда.  Олардың  2-уі  Астана  қаласында 

(№23 ОМ, №71 ОМ), Алматы қаласында – 2 (№10 жалпы білім беретін мектеп 

коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі  (КММ),  №9  бала  бақша),  Қарағанды 

облысында – 1 (№27 жалпы орта білім беретін мектеп), Қостанай облысында – 

1  (Баннов  орта  мектебі  КММ),  Қызылорда  облысында  –  1  (№264  МЛ)  және 

Павлодар  облысында  –  3  (Ақсу  қаласының  №7  ОМ,  Парамоновка  ауылының 

ОМ, Ю.Гагарин атындағы ОМ).  

Инклюзивті  білім  берудің  дамуына  талдау  жасау,  ерекше  қажеттілігі  бар 

балаларды  толыққанды  білім  беру  процесіне  енгізудің  апробациядан  өткен 

механизмдерін  бөліп  көрсету  мүмкіндігін  берді.  Инклюзивті  білім  берудің 

еліміздегі  қолданыстағы  тиімді  модельдерінің  бірі  –  Қарағанды  қаласындағы 

№27 және Көкшетау қаласының №19  жалпы білім беретін  орта мектептерінде 

пайдаланылып  жүрген  модельді  атап  айтуға  болады.  Бұл  мектептердің 

базасында ерекше қажеттілігі бар балалардың оқуын, тәрбиеленуін, әлеуметтік 

бейімделуін  және  қоғамға  кірігуін  қамтамасыз  ететін  психологиялық-

педагогикалық қолдау қызметі ұйымдастырылған.  



Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру бойынша қолданыстағы тәжірибені 

тереңірек зерделеу үшін Қарағанды қаласындағы №27 жалпы білім беретін орта 

мектеп жанындағы эксперименттік алаңның қызметін қарастырайық. 

Бейімдік  мектеп  моделін  құрастыру  міндетін  алған  №27  жалпы  білім 

беретін  мектептің  мақсаты  –  барлық оқушылардың,  сонымен  қатар  мүмкіндігі 

шектеулі  балалардың  да  сапалы  білім  алуға  қолжетімділігін  қамтамасыз  ету, 

арнайы 


психологиялық, 

әлеуметтік, 

түзету-педагогикалық 

қолдауды 

қамтамасыз ету арқылы, олардың ойдағыдай әлеуметтенуі үшін жағдай жасау. 

Даму  мүмкіндігі  шектеулі  оқушыларға  арналған  бейімделу  ортасын  құру 

үшін,  іс-шаралар  жоспары  әзірленді,  жоспарға  сәйкес  Психологиялық-

педагогикалық  қолдау  қызметі  құрылды.  Қызметтің  құрамына  мұғалім-

дефектологтар,  психологтар,  логопедтер,  аймақтағы  жалғыз  прецедент  – 

психиатр-дәрігер  кірді,  сонымен  қатар  жалпы  білім  беретін  мектептердің 

штаттық  кестесімен  дефектолог  мұғалімдердің  қарастырылмағанын  атап  өту 

қажет.  Аталған  мамандық  иелері  мүмкіндігі  шектеулі  баланың  жалпы  білім 

беретін  мектеп  жағдайында  дамуын  сүйемелдеуде  негізгі  «іс-әрекеттегі 

тұлғалар» болып табылады. 

Қызметтің  іс-әрекеті  кешенді  сипатқа  ие  және  жергілікті  нормативтік 

актілермен реттеледі: 

Психологиялық-педагогикалық 



қолдау 

қызметі 


туралы, 

психологиялық-медициналық-педагогикалық  консилиумы  қызметі  туралы 

ережелер; 

Қолдау мамандарының функционалды міндеттері. 



Эксперименттің  басында  мектепте  ПМПК  шешімі  бойынша  даму 

мүмкіндігі  шектеулі  9  бала  білім  алатын.  2012-2013  оқу  жылында  Қызмет 

мамандарының жүргізген кешенді диагностикасы негізінде «қауіп тобынан» 22 

бала  анықталды,  ПМПК  шешімі  бойынша  оларға  «даму  мүмкіндігі  шектеулі 

бала» деген статус берілді. 

Бүгінгі  таңда  мектепте  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  жалпы  білім  беру 

процесіне  енгізудің  екі  түрлі  жолы  қарастырылуда:  жеке  психологиялық-

педагогикалық  қолдаумен  инклюзивті  білім  беру  сыныптары  және  арнайы 

сыныптар.  

2015-2016 

оқу  жылында  даму  мүмкіндіктерінің  түрлі  шектелуі 

(психикалық дамуының тежелуі, интеллектуалдық жетіспеушілік, ерте жастағы 

балалар аутизмі, естудің бұзылуы, көрудің бұзылуы, тірек-қимыл аппаратының 

бұзылуы) бар 77 оқушы жалпы білім беру процесіне енгізілді.  

2014-2015 оқу жылында білім алу сұранысы жоғары оқушыларды оқытуға 

арнайы  жағдайлар  жасауға  арналған  мектептің  эксперименттік  жұмысын 

жүзеге  асыру  аясында,  лицейлік  екі  сынып  ашылды.  Оқушыларды  лицейлік 

сыныптарға  іріктеу  жұмысы,  негізгі  пәндер  бойынша  кешенді  тестілеу  өткізу 

негізінде жүзеге асырылды. 

2015-2016 оқу жылында лицейлік сыныптар саны үшеуге дейін артты. 

Қарағанды  облысы  білім  басқармасының  2013  жылғы  9  тамыздағы  №308 

және  Қарағанды  қаласы  білім  бөлімінің  2013  жылғы  29  тамыздағы  №612 

бұйрықтарына сәйкес мектеп базасында ресурстық орталық құрылды. 


Ресурстық  орталық  қызметінің  мақсаты  –  инклюзивті  білім  беру 

тәжірибесін  дамытатын  білім  беру  ұйымдарын  ғылыми-әдістемелік, 

консультативтік-ақпараттық  сүйемелдеумен  қамтамасыз  ету.  Ресурстық 

орталықтың  қызметі  Ресурстық  орталық  туралы  ережелер  арқылы  реттеледі. 

Ресурстық орталықтың қызметі аясында мектепте түрлі сипаттағы іс-шаралар: 

конференциялар,  дөңгелек  үстелдер,  аймақтық  және  қалалық  семинарлар, 

халықаралық  және  аймақтық  кездесулер,  әлеуметтік  серіктестерге  арналған 

оқыту семинарлары, біліктілікті жоғарылату курстары өткізілді. 

Ресурстық  орталықтың  мамандары  орталық  қызметін  кеңес  берумен 

қамтамасыз  ету  үшін  ресурстық  материалдар  қорын  құру  (нормативтік-

құқықтық, бағдарламалық-әдістемелік, дидактикалық, АКТ) бойынша жұмысты 

үнемі жүргізіп отырады. 

Сонымен,  №27  жалпы  білім  беретін  орта  мектепте  Психологиялық-

педагогикалық  қолдау  қызметінің  инклюзивті  білім  беруді  жүзеге  асыруда 

атқаратын  рөлінің  маңызды  екенін  айтуға  болады.  Себебі  ерекше  қажеттілігі 

бар балаларды мектепте оқуға қатыстырудың сапасы негізінен пәнаралық өзара 

байланысты ұйымдастырудың деңгейіне тікелей байланысты. 

Инклюзивті  білім  беруді  енгізуді  зерделеу  мен  жағдаяттық  талдау 

жасаудың нәтижесі, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды жалпы білім 

беретін 

мектептің 

оқу-тәрбие 

жұмысына 

қатыстырудың 

ерекше 


ұйымдастырушылық  және  әдістемелік  шарттарының  болатындығын  көрсетті. 

Мысалы,  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  жалпы  білім  беретін  мектептің  оқу-

тәрбие процесіне кіргізу келесі кезеңдерден тұрады [4]: 

1-кезең  –  психологиялық-медициналық-педагогикалық  консультацияларда 

(ПМПК)  жүзеге  асырылатын  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  анықтау  және 

білім беру ұйымдарына жолдау. 

2-кезең  –  мүмкіндігі  шектеулі  баланы  оқыту  үшін  ата-аналардың  білім 

беру  ұйымын  таңдауы.  ПМПК  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  оқыту  және 

тәрбиелеуге арналған неғұрлым ыңғайлы және оңтайлы жағдайларды ұсынады, 

алайда «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49 бабы «Ата-ананың 

және  өзге  де  заңды  өкілдердің  құқықтары  мен  міндеттері»  негізінде  бұл 

жағдайларды таңдау ата-аналарға берілген. 

3-кезең  –  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  білім  беру  ұйымдарына 

орналастыру. 

Ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балалардың  және  олардың  ата-

аналарының  мүмкіндіктерін  есепке  ала  отырып  білім  алудың  вариативті 

жағдайын жасау үшін оқыту келесідей ұйымдастырылады:  

1) арнайы мектепке дейінгі және мектептегі білім беру ұйымдарында; 

2) жалпы білім беретін мектепте (бала бақшада) ашылу мүмкіндігі бар: 

а)  мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру процесіне әлеуметтік 

кіріктіруді  жүзеге  асыратын  арнайы  сыныптары,  сонымен  бірге  сыныптар 

қажеттіліктердің  түріне  қарай  толымдалуы  және  оқыту  арнайы  оқу 

бағдарламалары бойынша жүзеге асырылуы тиіс; 

б)  мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру процесіне кірістіруді 

толығымен жүзеге асыратын инклюзивті білім беру сыныптары.  


Арнайы  сыныптар  және  инклюзивті  білім  беру  сыныптары  белгілі 

мектептерде білім басқармасының жергілікті органдарымен келісімі бойынша 

құрылады және төмендегі іс-шаралармен: 

-  түрлі  категориядағы  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  инклюзивті  білім 

алу қажеттілігі туралы ПМПК статистикалық деректеріне

-  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  жекелеген  санаттарына  білім  алуда 

бірдей  мүмкіндіктер  мен  қолайлы  жағдай  жасау  мақсатында  жалпы  білім 

беретін мектептердің мамандануына негізделеді. 

Бұл жағдайларға келесілер жатады: 

балаларды  мектепке  көлікпен  жеткізуді  қоса  алғанда,  балалардың 



кірігуі үшін кедергісіз қолжетімді орта құру; 

мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  оқытудың  көмекші  және  теңгеруші 



техникалық құралдармен қамтамасыз ету

білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету. 



4-кезең  –  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  жалпы  білім беретін  ұйымдарда 

оқытудың білім беру және түзету-дамытушылық процесін ұйымдастыру. 

Аталған  кезеңде  маңызды  қызметті  психологиялық-педагогикалық 

консилиум жүзеге асырады және ол келесі міндеттерді қамтиды: 

– инкюзивті білім беретін сыныптарды толымдау; 

– мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды 

қамтамасыз ету; 

–  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  даму  мен  оқу  жетістіктерінің 

психологиялық-педагогикалық мониторингісін жасау. 

5-кезең  –  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  инклюзивті  білім  беру 

ұйымдарында білім алу және түзету-дамытушылық процесі. 

Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  инклюзивті  білім  беру  ұйымдарында 

білім алу және түзету-дамытушылық процесінің жүзеге асырылуы: 

– Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес үлгілік оқу 

бағдарламалары [5] және үлгілік оқу жоспарлары [6] (инвариантты және түзету 

компоненттері). Сонымен қатар тәжірибеде баланың ерекшеліктерін есепке ала 

отырып әзірленген жеке (арнайы) оқу  бағдарламаларының да қолданылатыны 

туралы  атап  өту  қажет.  Жеке  оқу  бағдарламалары  ерекше  білім  беруге 

қажеттіліктері  бар  балалардың  ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып  үлгілік  оқу 

бағдарламалары негізінде әзірленеді

–  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  түзету-педагогикалық  қолдауды  жүзеге 

асыратын мектептің психологиялық-педагогикалық консилиумның мамандары, 

психологиялық-педагогикалық 

түзету 


кабинеті 

(ППТК) 


базасындағы 

ресурстық  орталықтардың,  ресурстық  орталық  (РО)  және  арнайы  (түзету) 

мектептері мен бала бақшаларының мамандары. 

Ерекше  білім  беруге  қажеттіліктері  бар  балаларға  білім  беру  процесінде 

психологиялық-педагогикалық  қолдау  жасауға  түрлі  мамандардың  (психолог, 

логопед,  дефектолог  мұғалім  және  т.б.)  қатысуын  талап  етеді.  Олардың 

қызметін  үйлестіру  үшін,  бұл  іс-әрекеттің  келісімдікпен  және  мақсатты 

бағыттылықпен жүзеге асырылуы үшін білім беру процесіне қатысушылардың 

барлығының  командалық  тәсілмен  жұмыс  істеулері  қажет.  Командалық  тәсіл 


мамандар  мен  педагогтардың  кәсіби  қосымша  құзыреттіліктерді  меңгеруін 

қарастырады.  Қажетті  құзыреттерге:  педагогикалық  бақылау  жүргізу  білігін, 

жас  ерекшелігінің  түрлі  кезеңдеріндегі  баланың  даму  заңдылықтарын  білуді, 

командада жұмыс істеу шеберлігін, әріптестерімен педагогикалық мәселелерді 

талқылауға қатысуды және т.б. жатқызуға болады. 

Мамандар мен педагогтардың оқушы тұлғасына құрметпен қарау және кез 

келген  балаға  көмек  көрсетуге  деген  жоғары  ынта  негізінде  жатқан  бірыңғай 

құндылықтар  жолын  ұстанулары  айтарлықтай  маңызды  фактор  болып 

табылады. 

Командалық  өзара  әрекеттестік  жағдайында  түрлі  бағыт  мамандарының 

мазмұндық  міндеттері  шешімінің  арасында  –  оқыту  процесінде  балаға 

көрсетілетін көмектің қолайлы жүйелілігін және көлемін таңдау міндеті болуы 

тиіс. Мазмұнды келесі міндет – бұл, педогогтарға, олардың бірыңғай пәнаралық 

команда  жағдайында,  өздерінің  кәсіби  біліктерін  жетілдірулері  үшін  қажетті 

әдістемелік қолдау көрсету. 

Консилиумды 

психологиялық-педагогикалық 

қолдау 

қызметі 


мамандарының  және  педагогтардың  өзара  байланысының  негізгі  түрі  ретінде 

қолдану,  белгіленген  міндеттерді  ойдағыдай  шешуге  мүмкіндік  береді. 

Мамандар (психолог, логопед, дефектолог-мұғалім) оқушының мәселесі туралы 

жай ғана айтып қоймай, педагогқа сол мәселені шешу жолдарын көрсетулері де 

тиіс,  себебі  оқу  процесі  барысында  ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар 

оқушыға  көмек  көрсетумен  байланысты  негізгі  жұмысты  орындаушы  мұғалім 

болып  табылады.  Арнайы  педагогиканың  әдістерін  және  тәсілдерін  меңгерген 

мұғалім, оқыту процесінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ете отырып, оларды 

сыныптың  барлық  оқушыларына  қатысты  шығармашылықпен  пайдалануға 

қабілетті. 

Осылайша,  дұрыс  ұйымдастырылған  психологиялық-педагогикалық 

консилиум,  тек  оқушыларды  психологиялық-педагогикалық  қолдау  жүйесінде 

ғана  емес,  мектептегі  білім  беру  процесінің  сапасын  арттыру  мәселелерін 

шешуде де маңызды рөл атқарары сөзсіз. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

10 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет