Ресей Федерациясы
Ресей Федерациясы — аумағы, шекарасы, географиялық орны. ТМД аумағындағы көлемі, халқының саны, табиғат байлықтарының алуан түрлілігі және экономикалық қуаты жағынан ең ірісі. Ол Еуропаның шығыс бөлігін және Азияның солтүстік бөлігін алып жатқан, еуразиялық ел болып табылады. Ресей Еуразия материгінің солтүстік бөлігінде орналасқан. Жер аумағы 17,1 млн км2 аумағы батыстан шығысқа 9 мың км, ал солтүстіктен оңтүстікке 4 мың км-ге созылып жатыр. Ресей аумағы 11 сағ-тық белдеу аралығында орналасқан. Ресей шекарасының ұзындығы 57,67 мың км, оның 20,02 мың км-і құрлықтық ал 37,65 мың км-і теңіздік шекара. Ресейдің қазіргі геосаяси жағдайы. Теңіздік және құрлықтық Еуразия державасы — Ресей Федерациясының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылуы елеулі геосаяси өзгеріске және экономикалық-географиялық жағдайының артуына әкеп соқты.Осы заманғы геосаяси жағдайдың қолайсыздығы Еуропаның дамыған елдеріне шығатын тікелей құрлықтық жолдын жоқтығы. Батыста Шығыс Еуропаның бұрынғы ынтымақтасқан елдері Солтүстік Атлантика Одағына мүше елдермен ауыстырылды. Балтық бойы елдері Беларусь және Украина Ресейді Шетелдік Еуропадан алшақтатса, Калининград облысы Ресейдің негізгі аумағынан бөлініп қалды.Табиғат ресурстарының мүмкіндіктері. Қоғамның экономикалық дамуы, өндіргіш күштердің орналасуы адам өміріне, табигат жағдайы мен табиғат байлықтарына әсер етеді. Табиғат байлықтары қоғамның өндірістік шикізат және энергетикалық базасын құрайды.Ресей Федерациясы минералдық шикізаттардың барланған қоры жөнінен дүние жүзінде жетекші орын алады. Елде пайдалы қазбалардың 20 мындай кен орындары барланса, соның тек 37%-ы өнеркәсіпке қосылған. Жер шарындағы құрлық көлемінің 11,5%-ын алатын Ресей жер қойнауында дүниежүзілік апатит қорының 64,5%, қалайының 37%, газдың 35,4%, темірдің 32%, никельдің 31%, кобальттың 21%, мырыштың 16%, алмаздың 26%, мұнайдың 12,9%, көмірдің 12%-ы шоғырланған.Халықтың саны және өсімі. Ресей халқының саны дүние жүзінде Қытай, Үндістан, АҚШ, Индонезия, Бразилия, Пәкстан және Бангладештен кейінгі 8-орынды алады. БҰҰ-ның болжамы бойынша 2025 жылы алдына Нигерия мен Мексиканы жіберіп, халкының саны бойынша дүние жүзінде 10-орынға ауысуы мүмкін. Дүние жүзінде Ресей халқының үлесі 2,7%-ды құрайды. Халық санының өзгерісі табиғи өсімі мен көші-қон процесі аркылы реттеледі.Халық санының азаюы бүкіл халыктың 96,9%-ы қоныстанған Ресей Федерациясының 74 аймағына, яғни Солтүстік-Батыс, Орталық Волга-Вятка, т.б. аудандарына келуде. Демограф ғалымдардың дерегі бойынша болашақта Ресей халқы біртіндеп азаятын болады. Оның себебі туудың азаюы, өлімнің артуы, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы, халықтың қартаюы, иммиграциялык процесс, сондай-ақ кейбір аймақтардағы қолайсыз экологиялық жағдайлармен байланысты болуда. Ресейдің бүкіл халқынын 79,8%-ын (116 млн-нан) орыстар құрайды. Саны жағынан 2-орынды татарлар (3,8%), одан соң украиндар (2,2%) алады. Ресей Федерациясы 89 аймақ-субъектілерінің 77-сінде орыстар басым халықты құрайды.
Ресейдің экономикалық аудандары мен әкімшілік-аумактық облыстары бір-бірінен урбандалу (кенттену) дәрежесінен айырмашылық жасайды. Урбандалу дегеніміз — бүкіл халық санындағы қала халқы үлесінің артуы. Экономикалық аудандардың ішінде қала халқының үлесі жағынан Солтүстік-Батыс (86,7%), Орталық (82,9%), Солтүстік (75,7%) аудандар ерекше көзге түседі. Бұл аталынған аудандар өнеркәсіптің даму дәрежесін көрсетеді. Ресейде қала халқының үлесі — Мурман және Магадан облыстарында (92%) жоғары.Қазіргі уақытта Ресейде 13 миллионер қала, 150 үлкен кала бар. Үлкен қалаларда Ресей халқының 60%-га жуығы қоныстанған, бұл шамамен Батыс Еуропадай болып келеді, бірақ АҚШ-тан аз (77%).Миллионер калалар Волга бойы мен Оралда орналасқан. Осы екі аймақта 8 миллионер қала, яғни Ресей ірі қалаларының 2/3-сі шоғырланған. Ресейдің өте үлкен Азиялық аумағында — екі миллионер (Омбы және Новосібір) қала орналаскан.Шаруашылық салалары. Шаруашылық салаларына өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, сауда, байланыс, білім беру, денсаулық сактау, т.б. жатады. Шаруашылық белгілі бір өнім түрін өндіретін өндірістік (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы) және өнім өндірмегенмен қоғам үшін пайдалы болып табылатын өндірістік емес (денсаулық сақтау, мәдениет, т.б) сфераларға бөлінеді.Ресей шаруашылық салалары көптеген кәсіпорындар мен мекемелерден тұрады, олар өз кезегінде мемлекеттік, кооперативтік, акционерлік болып жіктеледі. Жұмысшылар саны және шығаратын өнім көлемі жөнінен мемлекеттік кәсіпорындармен салыстырғанда акционерлік кәсіпорындардың үлесі едәуір басым болып келеді. Қазіргі кезде экономиканың мемлекеттік емес секторына өндірілетін жалпы ішкі өнімнің 70%-ы тиесілі.
Ресей үшін қазір дүниежүзілік экономикамен интеграцияланудың, дүние-жүзілік қаржы және рынокка енудің маңызы өте зор. Ресей қазір өтпелі экономикалы елдердің қатарына жатады.Экономиканы рыноктық реформалауда өткен жылдардағы өнеркәсіптің салалық құрылымында едәуір өзгерістер болып, ендіруші енеркәсіптің рөлі (20%-га) артты. 1992 жылы басталған Ресейдегі экономикалық реформа саяси және экономикалық жағдайды өзгертті. Қиындықтарға қарамастан рыноктық экономиканың қалыптасу процесі журуде. Соған қарамастан Ресей табиғи, экономикалық және ғылыми қуатқа ие болып, ТМД елдері экономикасың интеграциялауда маңызды рөл атқаруда. 1992—1994 жылдары Ресей жалпы ішкі өнім өндіру көлемінен Батыс Еуропаның көптеген елдерін артқа тастап, дүние жүзінде алғашқы 10 елдің қатарына кірген болатын (дүниежүзілік жалпы өнеркәсіп өнімінің 4%-ын береді). Ал соңғы 10 жылда жалпы ішкі өнімнің көлемі Ресейде 2 есеге азайды. 1990—1997 жылдардағы ұлттык табыстың мұнша құлдырауы жалпы ішкі өнім өндіруде Ресей мен АҚШ-тың, т.б. елдер арақатынасына әсер етпей қоймады. Соңғы көрсеткіштерге орай Ресей жалпы ішкі өнім өндіру көлемінен дүние жүзінде 45-орында болып, Аргентина, Мексика, Уругвай, Чили, т.б. дамушы елдерге жол беруде. Отын-энергетика кешені. Отын-энергетика кешені — отын өндіру, оны өңдеу, электр энергиясын алу, тасымалдау және энергияны таратудың барлық процестерін қамтиды.Ресейдің отын-энергетикалық базасы дүние жүзіндегі энергетикалық байлыктың ең ірісі. Оның үлесіне жалпы өнеркәсіп өнімінің 1/4-і және Ресей валюта түсімінің едәуір бөлігі кіреді. Бұл кешеннің дамуы елдің экономикалық даму дәрежесін анықтайды. ТМД елдерінің шаруашылығы Ресейден мұнай, газ тасымалдауға байланысты өркендеуде.
Достарыңызбен бөлісу: |