Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы



бет2/2
Дата11.01.2017
өлшемі0,62 Mb.
#6672
1   2

5. Зоопаркке саяхат – 12 сағат.


Тілдік бөлім:

Грамматика. Сын есім. Етістіктер.

Лексика: Тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер.
Қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

Айтылым. Диалог: тақырып бойынша өз ойын айту. Монолог: өзі ұнататын аң/құс туралы 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін айта алады.

Тыңдалым. Мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспадан тыңдаған зоопарктегі аңдар туралы шағын ақпараттар.

Оқылым. Аң мен құстардың түрлері туралы оқу мәтіндері.

Жазылым. Зоопарк және өзінің сүйікті аң/құсы туралы шағын мәтін. Берілген тірек сөздер бойынша сөйлем құрау. Сұрақтарға жауап жазу.

Тілдесім. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. Зоопарктегі өзіне ұнайтын аң/құс түрлері туралы пікірлесім.
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:

Қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.


ІІІ Оқу еңбек аясы – 38 сағат.

1. Менің мектебім – 12 сағат.

Тілдік бөлім:

Грамматика. Күрделі зат есімдер. Ауыспалы осы шақ.

Лексика: Тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер.
Қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

Айтылым. Диалог: тақырып бойынша өз ойын айту. Монолог: өзінің мектебі туралы 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін.

Тыңдалым. Мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспадан тыңдаған мектеп туралы ақпараттар.

Оқылым. Мектеп өмірі туралы оқу мәтіндері.

Жазылым. Өзінің мектебі туралы шағын мәтін. Берілген тірек сөздер бойынша сөйлем құрау.Сұрақтарға жауап жазу.

Тілдесім. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. Мектеп өмірі туралы пікірлесім.
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:

Қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.



2. Менің күнделігім – 12 сағат.

Тілдік бөлім:

Грамматика. Қос сөздер. Күрделі етістіктер.

Лексика: Тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер.
Қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

Айтылым. Диалог: тақырып бойынша өз ойын айту. Монолог: өзінің күнделігі туралы 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін айта алады.

Тыңдалым. Мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі күнделік туралы ақпараттар.

Оқылым. Оқу мәтіндердегі сөздердің мағынасын ажырата алады. Оқушы күнделігі туралы оқу мәтіндері.

Жазылым. Өзінің күнделігі туралы шағын мәтін. Берілген тірек сөздер бойынша сөйлем құрау.

Тілдесім. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. Сұрақтарға жауап қайтару. Оқушы күнделігі қандай болуы керектігі туралы достарымен пікірлесім.

Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:

Қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.



3. Демалыс – 14 сағат.

Тілдік бөлім:

Грамматика. Сұраулы сөйлем. Туынды сын есімдер

Лексика: Тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер.

Қатысымдық- сөйлесімдік бөлім:

Айтылым. Диалог: тақырып бойынша өз ойын айту. Монолог: Оқушылардың әр тоқсаннан кейінгі демалысы туралы 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін айта алады.

Тыңдалым. Мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі демалыс туралы ақпараттар.

Оқылым. Оқу мәтіндердегі оқушылардың демалысы туралы ақпараттар.

Жазылым. Оқушылардың демалысы туралы шағын мәтін. Берілген тірек сөздер бойынша сөйлем құрау.

Тілдесім. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесе алады. Сұрақтарға ауызша/жазбаша жауап қайтару. Өзінің демалысты қалай өткізгені туралы достарымен пікірлесім.
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:

Қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.


ІІІ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1-сынып оқушылары:

Айтылым:

Диалог:

-қарапайым тілдік модельдер арқылы досымен амандасады, қоштасады, танысады, алғыс айтады.


Монолог:

-өзі, досы, ауласы туралы айтады;

-қысқа өлең-тақпақ айтады.
Тыңдалым:

-тыңдаған мәтінге сурет салады, суреттерден мәтін мазмұнына сәйкесін таңдайды, суреттерді ретімен қояды;

-дыбыстарды таңбалары арқылы айырады,

-сөзбен түсінгенін білдіреді, кім?, не?, қандай? сұрақтарына жауап береді.


Оқылым:

-әріп пен дыбыстарды сәйкестендіреді;

-таныс сөздерді оқығанда лексикалық мағынасына сәйкестендіреді;

-шағын мәтіндерді дауыстап оқығанда/тыңдағанда белсенді қорына енген сөздерді, сөйлемдерді таниды.


Жазылым:

-қазақ тіліне тән әріптерді естіп жазады;

-белсенді лексикалық қонына енген сөздерді кітаптан, тақтадан көшіріп жазады;

-2-3 сөйлемнен тұратын шағын әңгіме жазады: адамды не затты атайды, сандық, сапалық тұрғыдан сипаттайды.


Тілдесім:

-естіген жеке сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс дыбыстайды;

-затты, суретті, ертегі бойынша жасалған суретті 2-3 сөйлеммен баяндайды.
Фонетика

-қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс дыбыстайды;

-әліпбиді біледі және әріптердің графикалық таңбаларын дұрыс жазады;

-сөздегі дыбыстардың жуан-жіңішке үндесімдерін айырады, дыбыс-әріп үйлесімдігін біледі;

-белсенді қорына енген сөздердің екпінін/ дауыс ырғағын дұрыс қояды.
Лексика

-лексикалық минимумның 100-120 сөзін біледі;

-лексикалық бірліктердің мағыналарын түсінеді, сөйлесім әрекетінде орынды қолданады;

-бас әріппен жазылатын сөздерді біледі.


Грамматика

-грамматикалық құбылыстар туралы түсінігі бар, оларды қарапайым үлгілер арқылы ауызша/жазбаша түрде қолданады.


Орфография

-белсенді сөздік қорына енген сөздерден тұратын қарапайым сөйлемдерді сауатты жазады.


2-сынып оқушылары:

Айтылым:

Диалог:

-өз отбасын таныстырады;

-мағынасына қарап сұхбаттың 1-2 сөзін ауыстырады.
Монолог:

-өзінің отбасы, досы, көшесі туралы қысқаша баяндайды;

-өз іс-әрекеті туралы қысқа, қарапайым түрде баяндайды;

-адамның/заттың қимыл әрекеттерін сипаттайды, сандық, сапалық мінездеме береді.


Тыңдалым :

-иллюстрацияға сүйеніп шағын хабарламаларды түсінеді;

-шағын мәтіндердің мазмұнын түсінгенін таблицаларды толтыру және суреттерді орналастыру арқылы білдіреді.
Оқылым:

-шағын мәтіндегі сөздер мен фразалардың дауыс ырғағын дұрыс қойып оқиды;

-4-5 жолды өлеңді оқиды.
Жазылым:

-тыңдай отырып сөз, сөз тіркестері және жай сөйлемдерді жазады;

-3-5 сөйлемнен тұратын мәтін жазады.

Тілдесім:

-өз іс-әрекетін сипаттайды;

-қатысымдық тұрғыдан қысқа диалогқа қатысады: үлкен кісімен, досымен амандасады, танысады, қоштасады (өз атын айтады, басқаның есімін сұрайды).
Фонетика:

-үндестік заңын тірек кестелер арқылы қолданады, қазақ тілінің фонетикалық фонемалық жүйесі саласындағы білімдерін функционалды түрде қолданады;

-қазақ тіліне тән тасымалдау (й, у, я әріптерінің тасымалы) ерекшеліктерін түсінеді.
Лексика:

-белсенді лексикалық минимумның 110-120 сөзін біледі, өз мүддесіне пайдаланады.


Грамматика:

-лексикалық минимум көлеміндегі сөздердің көптелу, тәуелдену, септелу, жіктелу ерекшеліктерін контекст ретінде қабылдайды;

-заттың атын білдіретін сөздер: адамға – кім?, жан-жануарлар мен заттарға – не? сұрауын қояды;

-заттың қимылын, сынын, санын білдіретін сөздерге сұрақ қояды.

-айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерге ажыратады;

-сөйлемдегі сөз тіркесінің байланысын ұғады.
Орфография:

-белсенді сөздік қорына енген сөздерден тұратын қарапайым сөйлемдерді сауатты жазады.


3-сынып оқушылары:

Айтылым:

- баяу, нақтылы, түсінікті жүргізілген сұқбаттарды түсінеді, айтады;

-өзіне қойылған қарапайым, жеңіл сұрақтарға жауап береді.
Монолог.

–таныс сөздер мен сөз тіркестерін, фразаларды қолдана отырып, өзі, отбасы жайлы айтады.

- суреттерді, өзіне таныс заттарды 7-8 сөйлем арқылы сипаттайды;

- шағын әңгіме құрады: адамды не затты атап, олардың іс-қимыл әрекеттерін сипаттайды, сандық, сапалық және мерзімдік мінездеме береді.

- орташа көлемдегі әңгіме құрады;

- өлең-тақпақ, мақал-мәтелдерді жатқа айтады.



Диалог:

  • шағын сұхбатқа қатысады;

  • жағдаятқа байланысты туындаған сұхбатқа эмоциялық баға береді.

Тыңдалым:

7-8 жай сөйлемнен тұратын диалогтағы мұғалімнің, сыныптастарының сөзін, шағын әрі қарапайым ақпараттарды түсініп ұғады;



  • суреттер арқылы, дене қимылы арқылы қазақ халқының ертегілерінің мазмұнын түсініп айтып береді;

-берілген мәтінді түріне қарай ажыратады, негізгі ойды тілдік қатынаста басқаға жеткізеді;

- контекстегі әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерді таниды, күнделікті өмірмен байланыстырады, өз пікірін білдіреді;



  • негізгі ойды 1-2 жай сөйлеммен айтады.

  • ауыз әдебиетінің жұмбақ, жаңылтпаш, ертегі тәрізді түрлерін ажыратады.

Оқылым:

  • сөздерді лексикалық мағынасымен сәйкестендіреді, түсініп оқиды;

  • 9-10 сөйлемнен құрылған мәтіндерді интонация сақтап мәнерлеп оқиды;

  • іштей оқу дағдысын дамыта отырып, мәтіннің негізгі ойын анықтайды, бөлімдерге бөледі;

  • 7-8 жолды өлеңді өз ырғағымен оқиды.

  • қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздікпен жұмыс істейді.

  • отбасы туралы таныс атауларды, сөздерді оқып, түсінеді.

  • нақты үлгі бойынша тапсырмаларды орындайды.

Жазылым:

- белсенді лексикаға енген сөздерді сауатты жазады;

- лексикалық бірліктерді пысықтауға арналған тапсырмаларды орындайды;

- қарым-қатынас әрекетін жасауға арналған шағын тапсырмаларды орындайды;

- ашық хатқа қысқа түрде құттықтау сөз, тілек жазады.
Тілдесім:

-синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті жағдаяттарда қолданады.


Лексика:

-лексикалық минимумның 120-140 сөзін біледі және оларды өз мүддесіне, қоршаған ортасына лайық орынды пайдаланады;



Фонетика:

- сөздердің, сөз тіркестерінің дыбыстауын, ырғақ дағдыларын жетілдіреді;

- үндестік заңын тірек кестелер арқылы қолданады,

- белсенді қорына енген сөздердің екпінін дұрыс қояды.



Сөз құрамы мен сөзжасам:

-тілдік қатынаста сөз таптарының түбір мен қосымшаларын қолдана бастайды.

- сөйлем соңында баяндауыштың орналасатынын біледі;

- сөйлемдегі сөздердің байланысын ұғады.



Грамматика:

- септік, тәуелдік, жіктік, көптік жалғауларын ауызша/жазбаша түрде пайдаланады.

- қай? қандай? неше? нешеде? қашан? Сұрау есімдіктерін қажет жерінде пайдалана алады, сұрақтарға жауап береді.

– соң, кейін септеулік шылауларын пайдаланады.

- грамматикалық құбылыстарды функциональды тұрғыдан игереді, оларды тірек кестелердің көмегімен ауызша/жазбаша түрде .қолданады
Орфография:

- белсенді сөздік қорына енген сөздерді, сөз тіркестерін естіп отырып сауатты жазады.


4-сынып оқушылары:

Айтылым:

-логикалық бірізділікпен әңгіменің сабақтастығын сақтап баяндайды;

-күнделікті өмірлік және сабақта жиі кездесетін жағдаяттарда тілдік этикет нормаларын қолдана отырып, қатысымға түседі;
Монолог.

-8-9 сөйлем арқылы затты, құбылысты, іс-әрекетті сипаттайды, ақпаратты баяндайды;

- диалог-сұрастыру жүргізеді, сөйлеу мәдениетін ескере отырып, келісетінін, келіспейтінін, қуанышын, өтінішін қарапайым түрде білдіреді;
Диалог:

-қатысымдық тұрғыдағы диалогқа қатысады: әңгімені бастайды, әңгімеге кіріседі, қайталап беруді өтінеді;

-таныс тақырыпта шағын диалог құрастырады.
Тыңдалым:

-10-12 сөйлемнен тұратын диалогтағы мұғалімнің, сыныптастарының сөзін, шағын ақпараттарды түсініп, басты ақпаратты аңғарады, негізгі ойын білдіреді, негізгі мазмұнын түсініп айтады, өз көзқарасын білдіреді;


Оқылым:

- сөздерді оқу барысында лексикалық мағынасына сәйкестендіреді, яғни түсініп оқиды;

- 10-15 сөйлемнен құрылған мәтіндерді интонация сақтап мәнерлеп оқиды;

- ішінен оқу дағдысын дамыта отырып, мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды айырады;

- оқыған мәтін бойынша: мәтінге тақырып қояды, қарапайым жоспар жасайды, логикалық тұрғыдағы сұрақтар құрады және жауап береді, өз пікірін білдіреді, бағалайды, әр азат жолдың негізгі ойын 1 сөйлеммен айтады;

- 9-10 жолды өлеңді өз ырғағымен оқиды.

- өз бетінше сөздіктен сөздердің баламаларын табады;

- қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздікпен жұмыс істейді;

- көркем мәтіндердің танымдық мазмұнынан қазақ халқының тұрмысын, салтын, мінезін, мәдениетін, тарихын аңғарады;

-контекстегі әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерді таниды, күнделікті өмірмен байланыстырады, өз пікірін білдіреді.


Жазылым:

- белсенді лексикаға енген сөздерді естіп отырып сауатты жазады;

- лекикалық бірліктерді пысықтауға арналған тапсырмаларды орындайды;

- қарым-қатынас әрекетін жасауға арналған тапсырмаларды орындайды;

-өз кестесін құрады (күн тәртібі, сабақ кестесі т.б.);

- ашық хатқа құттықтау сөздерін, тілектерін жазады.


Тілдесім:

-өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда тілдесімге түседі.


Лексика:

-бастауыш сыныпты ақтаған оқушы лексикалық минимумның 480-500 сөзін біледі;

-лексикалық бірліктерді өз мүддесіне қарай орынды пайдаланады.

Фонетика:

-қазақ тілінің фонемалық және фонетикалық жүйесі туралы түсініктері бар;

- қазақ тіліне тән үндестік заңын тірек кестелер арқылы қолданады,

- белсенді қорға енген сөздердің екпінін дұрыс қояды.



Сөз құрамы мен сөзжасам:

-тілдік қатынаста сөздердің түбірі мен қосымшаларын айырады.



Грамматика:

-септік, тәуелдік, жіктік, көптік жалғауларын, жұрнақтарды ауызша/жазбаша түрде қажетіне қарай пайдаланады;

-лексикалық минимум көлеміндегі сөздерді көптейді, тәуелдейді, септейді, жіктейді;

-сөздің мағынасына қарай сөз таптарын: зат есім, сын есім, сан есім мен етістікті аңғарады;

- сөйлем түрлерін ажыратады;

- сөйлемдегі сөздердің байланысын ұғады.



Орфография:

-үндестік заңына бағынатын бейтаныс сөздерді естіп отырып сауатты жазады.


ІV. ОҚЫТУДЫҢ ЕКІ ДЕҢГЕЙІНІҢ ӘРҚАЙСЫСЫНА АРНАЛҒАН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1-сынып қазақ тілін меңгерудің алғашқы сатысы болғандықтан, сөйлеу үлгілерінің ең қарапайым түрлері мен оқушының қоршаған ортасына сай тілдік жағдаяттар беріледі.

Қазақ тілі оқушының қатысымдық біліктілігін дамытумен қатар, олардың қиялын, есте сақтауын жетілдіруге мүмкіндік береді, өзіндік оқу іс-әрекетін, өз бетімен білім алу және оны іске асыру дағдыларын қалыптастырады.

3-4-сыныптарда оқу іскерлігін дамыту барысында күрделі емес түпнұсқадағы (аутентикалық) мәтіндерді іштей түсініп оқуға, оның мазмұнын толық түсінуге баса назар аударылады. Жазуға үйретуде орфографиялық дағдыларды (көшіріп жазудың түрлері) қалыптастырудан жазылым қабілетін (қысқа құттықтау хаттар, мәтіннен көшірме т.б.) дамытуға басымдылық беріледі.

Оқу орыс, ұйғыр тілдерінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәнінің білімдік, тәрбиелік мақсаттары басқа пәндермен байланыста жүргізіледі. Оқыту барысында ана тілі (сипаттау, өз ойын білдіру т.б), музыка (кейіпкердің көңіл-күйін, сезімін білдіру т.б.), бейнелеу өнері (әдемілікті, сұлулықты көріп, сезіну, қабылдау т.б.), технология (еңбектің адам өміріндегі орнын түсіндіру т.б.) математика (оқушылардың логикалық ойын дамыту т.б.) сабақтарымен пәнаралық байланыс жүзеге асады.



«Қазақ тілін» оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері:

  1. Ойын әдісі арқылы оқыту. Бұл әдіс бастауыш сынып оқушыларының жас және психологиялық ерекшеліктеріне сай және сабақтың кез-келген деңгейінде: таныстыру, жаттықтыру, пысықтау, қолдану, рефлексия кездерінде қолдануға болады.

Пәндік, пәнаралық сипаттағы дидактикалық және сюжеттік, рөлдік ойындар оқушыға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен санасуға, шешен сөйлеу қабілетін үйренуге, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Рөлдік, сюжеттік ойындардың көмегімен оқушылардың коммуникативтік қалыптастыратын оқу міндеттері орындалады. Ойын тілдік жағдаяттарда оқушыны қарым-қатынас мәдениетіне дайындайды.

  1. Дара тұлғаға бағдарлап оқыту әдісі оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқушының жеке бас ерекшелігін ескереді және әр оқушы үшін оқу міндеттерін жүзеге асырудың қолайлы шарттарын туғызады. Осы оқыту әдісі оқушының алғашқы қадамынан бастап, білім, біліктілік пен дағдысының даму жолын көрсетеді, сондықтан бастауыш сыныпта, яғни қазақ тілін оқытудың алғашқы деңгейінде дара тұлғаға бағдарлап оқыту аса маңызды.



Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет