Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



бет21/45
Дата26.01.2023
өлшемі0,57 Mb.
#166550
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45
Қорытынды

ЭЫДҰ мәліметтері бойынша әр оқулықта 3C’s (communication, creativity and critical thinking) дағдысын дамыту қажет, ол дегеніміз - қарыт-қатынас, креативтілік және критикалық ойлау дағдысы. Аталмыш тенденция оқытудың күтілетін нәтижелерін түсіну кеңістігін кеңейтеді. Енді олар өзіне тек білім, білік дағдыны ғана емес, сондай-ақ функционалды сауаттылықтың компоненттерін қосады.


Функционалды сауаттылық тұлғаның білім,білік, дағды негізінде әлеуметтік қатынастар жүйесінде қызмет ету, нақты мәдени ортада максималды жылдам бейімделу қабілеті ретінде анықталады [22].
Функционалды сауаттылық терминіне қызығушылықтың жоғарылауында TIMSS – Third International Mathematic sand Science Study (математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша күтілетін нәтижелер жетістіктерін бағалау) және PISA – Programmer for International Student Assessment халықаралық зерттеулері маңызды рөл атқарады [23].
Қазақстанның аталған зерттеулерге қатысуы қажеттілікпен, қазіргі заманның талаптарымен шартталады. Мұндай қатысудың маңыздылығын түсіну Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27-5 маусымындағы № 832 қаулысымен бекітілген Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту бойынша іс-шаралардың 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық жоспарын қабылдарда байқалды.
Жалпы, Қазақстанның PISA-2009, PISA-2012, TIMSS-2011 қатысу қорытындысының талдауы келесі проблемаларды анықтады:

  1. «Қазақстандық оқушылар сызбалар мен кестелер қолданылған мәтіндерді түсіне алмау, сонымен қатар тұжырымдалған тапсырманы дұрыс талғап-талдап түсіндіре алмау проблемаларымен кезігеді» (Program for International Student Assessment (PISA) зерттеуі аясындағы дүниежүзілік банк мамандары).

  2. «Нәтижелер талдауы келесіні көрсетті: қазақстандық оқушылардың оқу дағдылары бойынша пайда болған проблемалар тұтас классикалық мәтіндерді өте жақсы түсінуімен байланысты, мұндай жағдайда сызбалар мен кестелер қолданылған мәтіндерді түсіне алмау проблемасы туындайды. Оқушылар ақпаратты жақсы есте сақтап, сипаттай алады, алайда оны жалпылауда және стратегиялық оқуларды қадағалауда қиналады. Бұл проблема жаңа оқу бағдарламалары мен оқу стандарттарын әзірлеу жолымен шешілуі мүмкін» (оқу жетістіктерін бағалау саласындағы кеңесші және сарапшы, дүниежүзілік банк өкілі Марк Зельман).

  3. «PISA-2012 нәтижелері бойынша оқушылар тапсырманы тұжырымдай алады, бірақ оны дұрыс талғап-талдап түсіндіре алмайды. ЭЫДҰ он мемлекетінің тоғызы, керісінше, кері тенденцияға ие. Қазақстанның нәтижелерін PISA-2015 зерттеуінде жоғарылату үшін оқу бағдарламаларын қалайша құруға болады? деген сұраққа ойлануымыз қажет (оқу жетістіктерін бағалау саласындағы кеңесші және сарапшы, дүниежүзілік банк өкілі Марк Зельман) [24].

  4. «Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері мықты пәндік білім береді, бірақ алынған білімдерді шынайы өмірлік жағдайларда қолдануға үйретпейді» (PISA-2009 шешімі).

  5. «Қазақстан Катар және Малайзия елдеріне қараған өзінің нәтижесін жоғарылатты, бірақ олар ЭЫДҰ бойынша орта көрсеткіштерінен төменірек» (PISA-2012 шешімі).

PISA-2015 сәтті түрде қатысу мүмкіндіктері ең алдымен мектеп оқушыларымен қатар педагогтардың мақсатты бағытталған дайындығымен шартталған. Сондай-ақ ата-аналр жөнінде де ұмытпағанымыз жөн. Біздің көзқарасымыз бойынша, мұндай дайындықтың жүйелі сипаты білім беру мазмұнының жаңаруының жалпы стратегиясымен қамтамасыз етілуі мүмкін.
15 жас шамасындағы білім алушыларды 2014-2015 оқу жылындағы жаңару кестесін есепке ала отырып, дайындау:

  1. PISA-2015 оқу сауаттылығы және интербелсенді ортада бейімделу дағдысы бойынша даярлық және PISA-2015 білім беру мазмұнын жаңарту аясында жаратылыстану ғылымдары және математикалық құзырлықтары бойынша даярлық;

  2. Оқушыларға оқу және АКТ-құзырлықтары бойынша дағдыларын қалыптастыру және дамыту бойынша курстарды (мүмкін вариативті) ұйымдастыру, оның міндеттері:

    • оқушыларды PISA-2015 (приоритет-жаратылыстану) тапсырмаларының негізімен және PISA-2009 (приоритет-оқу) негізінде оларды шешу тәжірибесімен таныстыру;

    • оқу сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған интербелсенді тапсырмаларды орындауға үйрету;

  1. Оқушыларға жаратылыстану ғылымдары және математика бойынша дағдыларын қалыптастыру және дамыту бойынша курстарды (мүмкін вариативті) ұйымдастыру, оның міндеттері:

  • оқушыларды PISA-2015 (приоритет-жаратылыстану) тапсырмаларының негізімен және PISA-2006 (приоритет-жаратылыстану) негізінде оларды шешу тәжірибесімен және PISA-2003 (приоритет – математика) таныстыру;

  • кешенді проблемаларды шешу бойынша интербелсенді тапсырмаларды орындауға үйрету;

  1. PISA ақысыз сынама тесттерін онлайн-режимде тапсыруын ұйымдастыру.

PISA-2015 мұғалімдерді даярлау бойынша мүмкін болатын іс-шаралар:

  1. 2014 жылға арналған жаңартылған мазмұнмен жұмыс істеу барысында педагогтарды даярлау курсының бағдарламасына PISA әдістемесі және бағалау сұрақтарын қосу (қазақ және тілдері мұғалімдеріне, «Жобалық қызмет»және АКТ курсының мұғалімдеріне);

  2. PISA және TIMSS тапсырмаларының ашық банкін құру;

  3. Оқулықтар мен ОӘК бақылау-өлшеуіш материалдарының халықаралық салыстырмалы зерттеулер талаптарына сәйкестігі бойынша тұрақты негізде сараптама жүргізу;

  4. халықаралық салыстырмалы зерттеулер нәтижелерін қолдану бойынша нұсқауларды (немесе шетелдік бар нұсқауларды жариялау) әзірлеу;

  5. халықаралық салыстырмалы зерттеулердің тапсырмаларын шешу алгоритмі көрсетілген басқа дидактикалық материалдарды әзірлеу;

Аталған мүмкіндіктерді жүзеге асыру PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулерде қазақстандық жалпы білім беретін мектеп оқушыларының болашақ нәтижелерінің жоспарын құруға ықпал етеді.
Сонымен, Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстан оқушыларының білім беру сапасының халықаралық зерттеулеріне қатысуы қамтамасыз етіледі:

  • PISA (15-16 жас шамасындағы оқушылардың математикалық сауаттылығының, оқу және жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылығын бағалау);

  • TIMSS (4 және 8 сынып оқушыларының математикалық және жаратылыстану ғылымдары бойынша білім сапасын бағалау);

  • PIRLS (оқу деңгейі мен сапасын, мәтінді түсіну деңгейін басқа әлем мемлекеттерінің бастауыш мектептерінің оқушыларымен салыстыру);

  • TIMSS ADVANCED (математикалық және жаратылыстану пәндері тереңдетіліп оқытылатын 11 сынып оқушыларының математикалық және жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылығын бағалау);

  • ICILS (8 сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылығын бағалау).

Қазақстан келесі позицияларға ие болады деп жоспарлануда:

  • 2015 ж.: PISA – 50–55 орын, TIMSS – 10–15 орын;

  • 2020 ж.: PISA – 40–45 орын, TIMSS – 10–12 орын, PIRLS – 10–15 орын.

Жалпы, жоғарыда көрсетілген мүмкіндіктер келесі міндеттерді шешу барысында кеңейтілуі мүмкін:

    1. Бастауыш және негізгі мектептердегі жаратылыстанудың оқу бағдарламасының мазмұнын күшейту.

    2. Шынайы өмірлік жағдайларды есепке ала отырып, оқу тапсырмаларын әзірлеу бойынша жұмысты бастау, нақты практикалық жағдайларды қалыптастыратын тапсырма санын жоғарылату.

    3. Педагогикалық білім берудің сапасын педагогикалық жоғары оқу орындарында студенттердің даярлығына сәйкес мұғалімдердің біліктілігін жоғарылату, орта жалақыны көтеру арқылы арттыру бойынша шараларды жүзеге асыру.

    4. Оқушыларға білім беру траектоияларын таңдауға мүмкіндік беретін оқу бағдарламаларының кең таңдауын қамтамасыз ету.

    5. Мектептердің материалдық базасын күшейту, оқу кабинеттерні, зертханаларды жабдықтау.

    6. Ұлттық жүйе аясында меншік сипатын жүзеге асыру үшін іс-әрекеттердің еркіндігін көздеу, оқыыту процесінде АКТ міндетті түрде қолдану.

    7. Оқулықтарға практикалық мазмұны бар тапсырмаларды, түрлі форматтағы тест тапсырмаларын, білімді әркелкі жағдайларда қолдануға бағытталған қызықты тапсырмаларды көбірек енгізу.

    8. Тест жүргізетін облыстық координаторлар мен тұлғаларға оқыту семинарларын өткізу.

    9. Халықаралық салыстырмалы зерттеуді жүргізудің маңыздылығы жөнінде қоғамды, ата-аналарды, оқушыларды кең түрде ақпарттандыру.

    10. Халықаралық салыстырмалы зерттеу бойынша нұсқауларды, тапсырмалар жинағын қолдану бойынша жетекшілерді әзірлеу және жариялау.

    11. 9 және 11 сыныптардың қорытынды аттестациясы аясында оқушылардың функционалды сауаттылығын тексеру бойынша тапсырмаларды қолдану.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет