Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



бет17/45
Дата26.01.2023
өлшемі0,57 Mb.
#166550
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45
Жауаптар нұсқасы

Студенттер жауаптырыныңсаны және сұрақ

оқушылар
(941)

студенттер
(296)

ата-аналар
(318)




1

2

3

4

6

1

2

3

4

6

1

2

3

4

6

«иә»

128




98







52




0







69













«жоқ»

813




843







244




296







249













Мектеп мұғалімінің және/оқу ісі жөніндегі орынбасардың және/мектеп директорының




34













16













5










достарының




38













21













21










ата-аналардың




13













0













3










бұқаралық ақпарат құралдарының (телевидение, интернет және т.б.)




43













15













40










2007 жыл










3













0













0




2009 жыл










0













0













0




2011 жыл










18













0













0




2012 жыл










13













0













0




иә













112













17













65

жоққа қарағанда, иә













114













70













37

иә-ға қарағанда, жоқ













48













41













13

жоқ













78













63













66

білмеймін













588













105













137




15-сурет – Оқушылардың, студенттердің және ата-аналардың халықаралық салыстырмалы зерттеулер жөнінде ақпараттану деңгейінің көрсеткіштері (%)


Басқаша айтқанда, сұралған оқушылардың ішінен 86,4%-ы «PISA, TIMSS дегеніміз не?» деген сұраққа кері жауап берген. Бұған қарамастан, сұралған оқушылардың 10% астамы аталмыш зерттеулерге қатысқан.
TIMSS және PISA жөнінде алынған ақпараттың негізгі көзі достары болып табылады, екінші позицияда – бұқаралық ақпарат құралдары, ал педагогтар үшінші позицияға ие (16-сурет).



16-сурет – Халықаралық салыстырмалы зерттеулер жөнінде ақпарат көздері туралы мәліметтер (%-да)


Бұл Қазақстанның көптеген мектептерінде халықаралық салыстырмалы зерттеулердің негізгі идеялары мен тұжырымдамаларының, аталмыш зерттеулерде біздің мемлекетіміздің қатысуының әлеуметтік-саяси маңыздылығының мақсатты бағытталған жүйелі насихатының жүргізілмейтіндігіне куәлік етеді.


Үш категория бойынша сұралғандардың көбісі аталған зерттеулерге біздің қатысуымыздың өзектілігін және жалпы елімізге мұндай зерттеуге қатысудың маңыздылығын мойындай алмайды (17-сурет).

17-сурет – Халықаралық салыстырмалы зерттеулерде Қазақстанның қатысу маңыздылығын түсіну жөніндегі мәліметтер (%-да)


Осылайша, оқушылардың, студенттер мен ата-аналардыңхалықаралық салыстырмалы зерттеулерде жөнінде әлсіз ақпараттануы халықаралық рейтингтегі Қазақстанның позициясын басқа да шарттар мен алғышарттармен қамтамасыз ететін фактор болып табылады.


TIMSS зерттеуінің тұжырымдамасын сәйкес оқушылардың оқу жетістіктері пәндік білімдер және дағдылармен, оқу-танымдық қызметпен шектеліп қана қоймайды. Оқушылардың табыстылығына ықпал ететін қосымша құраушысы ретінде келесі факторлар қосылады:

  • оқушылардың тұлғалық сапалары – уәждеме (мотивация), өзіне деген сенімділік, пәнді игерудегі «стратегия», эмоционалды факторлар;

  • демографиялық сипаттамалар – тестілеу кезіндегі оқушылардың жасы және жынысы;

  • отбасы мәртебесінің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері – отбаысының материалдық жағдайы (компьютердің, ұялы телефонның, көліктің және т.б. бар болуы), ата-ананың білімділік деңгейі, мемлекеттің титулды ұлтқа жатуы;

  • отбасы мәдениетінің көрсеткіші – үй кітапханасының және тілдік қарым-қатынастың бар болуы.

Оқушыларды түрлі қызмет түрлеріне тарту және бос уақыттарын ұй жұмысын орындаумен қатар, мектептен тыс шараларға қатысу бойынша тиімді түрде бөлу оқытудың табыстылығының бірден-бір факторы болып табылады.
Аталған факторлар тізімінің сол және басқа да зерттеулердің мақсаттары мен тұжырымдамаларына сәйкес толықтырылуы мүмкін екендігі сөзсіз.
Сонымен PISA бағдарламасында оқушылардың үлгеріміне келесі факторлардың ықпал етуіне баса назар аударылады:

  • гендерлі аспект;

  • мектепке дейінгі даярлық;

  • мектептің орналасуы (мегаполис, қала, ауыл);

  • мектептің меншік формасы;

  • Интернет желісіне қолжетімділік;

  • үй кітапханасының болуы (үй кітапханасындағы кітаптар саны);

  • мектеп инфрақұрылымының сапасы;

  • отбасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесі (ата-аналардың жұмыс істеуі, лауазымы).

3 Білім беру мазмұнын жаңарту мән-мәтініндегі халықаралық зерттеулер: шақырулар және мүмкіндіктер

Қазақстанның халықаралық деңгейдегі зерттеулерге қатысуна баса назар аударылады, өзінің көрінісін бағдарламалық құжаттар (2011-2020 жылдарға арналған БДМБ, 2012-2016 жылдарға арналған функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың ұлттық жоспары және т.б.) қатарында табады. Сәтті түрде қатысу білім беру саласының және барлық мемлекеттің ілгерілемелі дамуының обьективті дәлелі ретінде қарастырылады.


Жүргізілген халықаралық салыстырмалы зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, білім беру сапасын жоғарылатуға табанды қажеттілік бар. Бұл үшін халықаралық зерттеулердің мән-мәтінінде (PISA, TIMSS, PIRLS) ең алдымен, орта білім беру мазмұнын жаңарту қажет. Бұл дегеніміз әсіресе біздің мектеп оқушыларының келешектегі тұлғалық дамуының және азаматтық қалыптасуының іргетасын қалайтын орта білім беру деңгейінде маңызды болып келеді.
Қазақстан Республикасы, бізге белгілі болғандай 2015 жылдан бері орта білім беру мазмұнын жаңартуды «Назарбаев Зияткерлік мектебі» БҰА тәжірибесін есепке ала отырып жүзеге асыруға кірісуде.
Отандық орта білім беру мазмұнын жаңарту бойынша қазіргі заманда кең ауқымды түрде қолданылатын дағдыларға баса назар аударылады. Жалпы адами және этномәдени құндылықтарға негізделе отырып, аталмыш дағдылар оқушыға оқу сипатымен қатар өмірлік сипаттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. «Кең спектрдің дағдылары» келесі қызмет түрлерінен тұрады:

  • білімді шығармашылық түрде қолдану;

  • сынды ойлау;

  • зерттеу жұмыстарын орындау;

  • АКТ қолдану;

  • байланыс қарым-қатынас әдістерін тілдік дағдыны қоса отырып қолдану;

  • топта және жеке жұмыс істеп үйрену.

Аталған дағдылар мектептен «шығардағы» нәтиже секілді, А. Эйнштейннің білім берудің мәні туралы айтқан сөзін қолдана отырып, «мектепте үйреткеннің барлығы ұмытылған шақтан кейін не қалады»деп санауға болады.
«Назарбаев Зияткерлік мектебі» БҰА және Ы. Алтынсарин атындағы білім берудңің ұлттық академиясы қызметкерлерімен жаңартылатын МЖМБС және оқу бағдарламаларының жобаларында акцент мазмұннан мақсатты болжауға орын түсіреді.
Стандарттау нысаны болып оқу пәндерінің мазмұны емес, білім беруден күтілетін нәтижелер табылады. Стандарт шарттар, процестер және нәтижелер арқылы қойылады. Бұл мағынада дайындалатын нормативтік құжаттар халықаралық салыстырмалы зерттеулердің негізгі приницптеріне жауап береді. Мысалы, PISA, яғни 15 жас шамасындағы оқушылардың математикалық, мәтінді оқу және жаратылыстану салаларындағы сауаттылығын бағалау бойынша халықаралық зерттеулердің авторлары білім берудің жаңа сапасы мектептің құзыретті сипат қисынындағы жұмысқа қайта бағдарлануына байланысты екендігіне сүйенеді.
Мұндағы құзырлық дегеніміз адамның қалыпсыз жағдайларда нәтижелі әрекет ету қабілеті. Құзырлықтың даму деңгейінің өлшемі ретінде тапсырмалар жүйесі қызмет етеді. ЭЫДҰ директорының білім беру сұрақтары бойынша орынбасары Андреас Шлейхердің айтуынша «шығыс» нәтижелерінің кіріс параметрлерінен PISA бағдарлардың ауытқуының арқасында мағыналы мәнге ие» (19-кесте).

19-кесте – Білім беру мазмұнын және бағалау жүйесін жаңарту







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет