Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы



бет17/45
Дата06.11.2016
өлшемі17,53 Mb.
#1140
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45

3. Жұмыс қағидаттары


      17. Уәкілетті ұйымның қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын орындау кезінде заңдылықты сақтауға негізделеді және сыпайылық, толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.


4. Жұмыс нәтижелері


      18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

      19. Уәкілетті ұйым бөлімшесінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.




5. Шағымдану тәртібі


      20. Уәкілетті ұйым қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға жәрдем көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті ұйымның басшысына өтініш жасайды.

      Сондай-ақ, уәкілетті ұйым қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың 1414 телефоны бойынша не Порталдан алуға болады.

      21. Мемлекеттік қызметті алушылар көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, апелляцияның жоғарғы инстанциясы: 010000 Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, тел.: +77172742362 мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне (интернет-ресурс: www.edu.gov.kz), оның ішінде Портал арқылы жүгіне алады.

      22. Уәкілетті ұйымның қызметкері қызметті дөрекі көрсеткен жағдайда шағымды мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті ұйымның бірінші басшысының атына жазбаша түрде кеңсеге (104-кабинет) мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін тапсырады. Қажет болған жағдайда, мәселенің сипатына қарай қосымша құжаттар қоса беріледі.

      23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

      24. Шағымдар қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда ауызша немесе пошта бойынша немесе электронды түрде (уәкілетті ұйымның электрондық поштасының мекенжайы: www.bolashak.gov.kz) жазбаша нысанда, не уәкілетті ұйымның кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол тапсырылады.

      25. Қабылданған шағым уәкілетті органның кіріс хат-хабарлар журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен қаралады. Мемлекеттік қызметті алушыға күні мен уақыты, өтінішті қабылдап алған адамның аты-жөні көрсетіліп талон беріледі.

      Шағымның қаралу нәтижелері туралы мемлекеттік қызметті алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.

      26. Портал арқылы өтініш жасалған кезде: Портал арқылы электронды өтініш жіберілгеннен кейін мемлекеттік қызметті алушыға «жеке кабинеттен» уәкілетті ұйымға өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отыратын өтініштер туралы ақпарат (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қаралуы немесе қаралудан бас тартылғаны туралы жауап) қол жетімді болады.
«Қазақстан Республикасы Президентінің 

«Болашақ» халықаралық стипендиясын  

тағайындауға арналған конкурсқа қатысу

үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік

қызмет стандартына қосымша      


Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні




Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1. 1.Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)




2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)




3. Қолжетімділік

3.1.Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)




3.2. Электронды форматта қол жеткізуге болатын ақпараттық қызметтер %-ы (үлесі)




4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)




5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)



Қазақстан Республикасы

Үкіметінің     

2012 жылғы 31 тамыздағы

№ 1119 қаулысымен   

бекітілген     




«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау»



мемлекеттік қызмет стандарты



1. Жалпы ережелер


      1. «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 16/1, 4-қабат мекенжайында орналасқан Ұлттық аккредиттеу орталығы (бұдан әрі – Орталық) көрсетеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) уәкілетті орган болып табылады. Комитеттің мекенжайы: Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, 11-ші кіреберіс.

      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

      3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңының 39-бабы 4-тармағының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесінің негізінде жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат комитеттің ресми сайтында (www.educontrol.kz.) және орталықтың сайтында (www.nac.edu.kz) орналасқан, телефондар: 8 (7172) 74-24-29, 73-17-43, 73-17-44, 73-17-40

      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі қағаз жеткізгіште білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы куәлік не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жазбаша түрде жауап болып табылады.

      6. Мемлекеттік қызмет шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттары бар жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушылар), сондай-ақ өз қызметкерлерінің құжаттарын тану/нострификациялау рәсіміне ұсынатын заңды тұлғаларға (білім беру ұйымдарына) көрсетіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі:

      1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап — 4 ай;

      2) мемлекеттік қызметті алуға арналған құжаттар пакетін тапсыруға ниеттенген мемлекеттік қызметті алушының күту уақытының барынша ұзақтығы – 30 минут, құжаттарды тапсырғанын растайтын анықтаманы алу уақытының барынша ұзақтығы – 30 минут.

      3) мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті алушы өтініш жасаған күні сол жерде көрсетілетін қызмет көрсету үшін рұқсат етілетін ең көп уақыт – 20 минут, білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілерден ұжымдық түрде құжаттар тапсыру кезінде — 1 сағат.

      8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Көрсетілген мемлекеттік қызмет үшін ақы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағалар прейскурантына сәйкес алынады, онда жүргізілетін рәсімнің – білім туралы құжаттарды автоматты түрде танылуынан бастап, штаттан тыс сарапшыларды тарта отырып, құжаттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкестігін сараптауды қамтитын нострификациялау (баламалылық) рәсіміне дейінгі – күрделілік деңгейі көрсетілген. Ақы төлеу – қолма-қол ақшасыз жүргізіледі.

      Банктік деректемелер:

      ҚР БҒМ «ҰАО» РМҚК

      СТН 620200256368

      БСН 050640004360

      ЖСК KZ17998ВТВ0000002884

      «Цеснабанк» АҚ астаналық филиалы

      БСК TSES KZ KA, Кбе 16

      Түбіртек нысаны ақы төлеу жүргізілетін банктің қалауы бойынша белгіленеді. Жеделдетіп қызмет көрсету көзделмеген.

      9. Құжаттарды қабылдау Орталықта демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбі мен бейсенбі аралығында сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады, анықтамалар құжаттар қабылданған күні 18.00-ден 18.30-ға дейін беріледі.

      Куәліктер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын 09.00-ден 18.00-ға дейін (үзіліс сағат 13.00- ден 14.30-ға дейін) беріледі.

      Алдын ала жазылу немесе қызметті жедел ресімдеу жүргізілмейді.

      10. Құжаттарды қабылдау орталықтың арнайы кеңсесінде жүргізіледі. Қажетті құжаттардың тізбесі, құжаттар мен өтініштердің үлгілері, жұмыс уақытының кестесі ілінген ақпараттық стенд бар. Дене мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ғимаратта пандус пен лифт көзделген.


2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі


      11. Аталған мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы өтініш;

      2) бiлiм туралы құжаттың түпнұсқасы (салыстыру үшін, қайтарылуға жатады);

      3) бiлiм туралы құжатқа: өткен оқу пәндері мен практикалардың сағат көлемi (бар болған жағдайда), қорытынды бағалары, курстық және бiтiру кезіндегі біліктілік жұмыстары туралы, оқу үдерісін құрайтын басқа да ақпараты бар қосымшаның түпнұсқасы (салыстыру үшін, қайтарылуға жатады);

      4) бiлiм туралы құжаттың және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі (қажет болған жағдайда мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен).

      Құжат көшірмесі мен аударманы куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағында нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары жүзеге асырады. Жекелеген жағдайларда (мысалы, прецедент бойынша тану белгіленген жағдайда) құжат берілген мемлекеттің Қазақстандағы дипломатиялық қызмет органдары жасаған аударма ұсынылуы мүмкін;

      5) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi (қажет болған жағдайда мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен). Егер құжат иесі білім туралы құжатты алғаннан кейін тегін/атын/әкесінің атын өзгерткен жағдайда, растайтын құжатты ұсынуы қажет (неке туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшiрмесi).

      6) оқу орнының мөрімен расталған негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардан басқа білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі (қажет болған жағдайда мемлекеттік және/немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен). Егер лицензия мен оқу орнының аккредиттелгені туралы куәліктердің көшірмесі болмаған жағдайда білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы (сайтына немесе басқа да ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып) ақпарат ұсынуы қажет.

      7) төлем туралы түбіртек.

      Білім беру ұйымдары берген осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға апостиль қойылуы немесе заң жүзінде мойындалған болуы тиіс, не мемлекеттік қызметті алушы оқу орнынан өзінің оқығанын растайтын мұрағаттық анықтама тапсыруы қажет.

      Жеңілдіктер көзделмеген.

      12. Білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы өтініштердің үлгілері Орталықтың www.nac.edu.kz сайтына орналастырылған.

      13. Белгіленген нысан бойынша толтырылған өтініштің бланкісі осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесінің барлығымен бірге мына мекенжайда орналасқан Орталыққа тапсырылады: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 16/1, 4-қабат.

      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттардың тапсырылғанын Орталық берген құжаттарды қабылдаған күні көрсетілген анықтама растайды.

      15. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәлiкті алу үшін мемлекеттік қызметті алушының немесе мемлекеттік қызметті алушының сенiмхатымен уәкілеттік берілген адамдардың жеке келуі талап етіледі.

      16. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға:

      1) осы стандарттың 11 тармағында көрсетілген құжаттар пакетінің толық ұсынылмауы;

      2) мемлекеттік қызметті алушының білім беру ұйымында оқығаны туралы фактінің расталмауы негіз болып табылады.

      Соңғы жағдайда Орталық аталған фактіні заңнамада белгіленген тәртіпте шешім қабылдайтын Комитеттің назарына жеткізеді.

      Егер білім алған елдің білім беру құрауышы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының құрауышына сәйкес келмесе (айырма 35%-дан асса), Орталық мемлекеттік қызметті алушыны тестілеуден өту үшін тиісті білім беру ұйымына жібереді. Нәтижесі оң болған жағдайда, мемлекеттік қызметті алушының нострификацияға тапсырған құжаттары Орталықтың сараптау комиссиясының қарауына жіберіледі, керісінше жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартыла отырып, құжаттар пакеті иесіне қайтарылады.




3. Жұмыс қағидаттары


      17. Орталық мемлекеттік қызметті көрсету кезінде:

      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

      2) қызметтік парызды атқару барысында заңдылықты сақтау;

      3) жан-жақты және толық ақпарат беру;

      4) сыпайылық;

      5) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуын, сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылған жағдайда құжаттардың қайтарылуына кепілдік беру қағидаттарын ұстанады.




4. Жұмыс нәтижелері


      18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

      19. Мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тиісті бұйрығымен бекітіледі.




5. Шағымдану тәртібі


      20. Уәкілетті орган қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданудың тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға жәрдем көрсету үшін, осы стандарттың 3-қосымшасында байланыс деректері көрсетілген, Комитеттің жауапты тұлғаларына жүгінуге болады.

      21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелеріне наразылық болған жағдайда шағым Комитетке жолданады.

      22. Қызметтер дұрыс көрсетілмеген жағдайларда шағым кеңсе арқылы Комитетке беріледі (843- кабинет, байланыс телефоны: (87172- 74-23-77) және заңнамада белгіленген мерзімде қаралады. Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.

      23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

      24. Шағым берілген кезде (көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына наразылығы, көрсетілген қызметтің нәтижесімен келіспеу, қызметтің дұрыс көрсетілмеуі) мемлекеттік қызметті алушының жазбаша өтініші қажет.

      25. Қабылданған шағымдар Комитеттің кіріс хат-хабарлар журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңда белгіленген мерзім ішінде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон беріледі.

      Шағымды қарастыру нәтижелері туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
«Білім беру туралы құжаттарды

тану және нострификациялау» 

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша           


Қазақстан Республикасы    

Білім және ғылым министрлігі

Білім және ғылым саласындағы

бақылау комитетінің төрағасына

кімнен: _______________ _____

      тегі, аты-жөнін көрсету 

мекен жайы:             

______________________

______________________

байланыс телефоны

Астана қ. байланыс телефоны

мекеменің телефоны/факсы 

Жұмыс немесе оқу орны   




Өтініш


      Сізден                                       мамандығы бойынша

                              көрсету

      көрсету: құжатты берген білім беру ұйымы

                                                             құжатты

                        көрсету: аттестат, диплом, куәлік

      көрсету: тануға, нострификациялауға

      Оқыған елі                               көрсету


« »                         20                           ж. жеке қолы


сенімді өкілдің қолы

____________________________

негізі


____________________________

күні

      Ескерту: Өтініш иесі ұсынылған деректердің дұрыстығына жауапты болады.
«Білім беру туралы құжаттарды

тану және нострификациялау» 

мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша           




Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні





Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жыл бойынша ағымдағы мәні


1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)




1.2. Қызметтің көрсетілуін кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың %-ы (үлесі)




2. Сапасы

2.1 Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




2.2 Құжаттарды дұрыс рәсімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) %-ы (үлесі)




3. Қолжетімділігі

3.1 Қызмет көрсетудің сапасына және қызмет көрсетудің тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % -ы (үлесі)




3.2 Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірден тапсырған жағдайлардың %-ы (үлесі)




3.3 Интернет арқылы ақпарат таба алатын қызметтердің %-ы (үлесі)




4. Шағымдану үдерісі

4.1 Қызметтің осы түрі бойынша негізделген шағымдардың қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына %-ы (үлесі)




4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың %-ы (үлесі)





4.3.Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)





4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)





5. Сыпайылық


5.1 Қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)



      Көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарының көрсеткіштерін анықтау жөніндегі модельдік әдістемелік ұсынымдарға сәйкес есептеледі (сайт:www.kyzmet.kz)


«Білім беру туралы құжаттарды

тану және нострификациялау» 

мемлекеттік қызмет стандартына

3-қосымша           




Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау жөніндегі



басшының және жауапты орындаушылардың байланыс деректері





Қызметі

Орналасқан мекен-жайы

Байланыс телефондары

1

2

3

4

1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы

Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жақ жағалауы, «Министрліктер үйі», Орынбор көшесі, 8-үй, 11-кіреберіс, 919-кабинет.

8 (7172) 74-15-36

2

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің талдамалық жұмыс және мониторинг басқармасының бастығы

Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жақ жағалауы, «Министрліктер үйі», Орынбор көшесі, 8-үй, 11-кіреберіс, 839-кабинет.

8 (7172) 74-24-29

3

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің талдамалық жұмыс және мониторинг басқармасының сарапшысы

Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жақ жағалауы, «Министрліктер үйі», Орынбор көшесі, 8-үй, 11-кіреберіс, 839- кабинет.

8 (7172) 74-24-30

4

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық аккредиттеу орталығының директоры

Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 16/1, 4-қабат

(8-7172) 73-17-40

5

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық аккредиттеу орталығының бөлім бастығы

Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 16/1, 4-қабат

(8-7172) 73-17-44

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің     

2012 жылғы 31 тамыздағы

№ 1119 қаулысымен   

бекітілген     




«Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге лицензия беру,



қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік


қызмет стандарты



1. Жалпы ережелер


      1. «Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі Ғ уәкілетті орган) мемлекеттік қызметті алушыда электронды цифрлы қолтаңба болған жағдайда www.e.gov.kz «электрондық үкіметі» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетеді.

      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.

      3. Мемлекеттік қызмет:

      1) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 34-бабының 1, 2, 3-тармақтары;

      2) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 2, 3-тармақтары;

      3) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 57-бабы;

      4) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 8 және 23-баптары;

      5) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы;

      6) «Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулысы.

      4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:

      1) уәкілетті органның www.educontrol.kz интернет-ресурсында;

      2) порталда орналасқан.

      Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты Call-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі www.elicense.kz порталында уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық құжат түрінде лицензия беру, оларды қайта ресімдеу немесе электрондық цифрлы қолмен расталған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

      6. Мемлекеттік қызмет жоғары білім берудің «бакалавр» академиялық дәрежесін тағайындайтын және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің «магистр» академиялық дәрежесін және «философия докторы (PhD)», «бейіні бойынша доктор» ғылыми дәрежелерін тағайындайтын бағдарламаларды іске асыратын заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушылар) көрсетіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет мерзімдері тұтынушы өтініш берген сәттен бастап:

      1) лицензия және лицензияға қосымша берілген жағдайда –15 жұмыс күнін;

      2) лицензия және лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 10 жұмыс күнін құрайды.

      8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.

      «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 471-бабына сәйкес білім беру қызметін жүргізу үшін лицензиялық алым алынады.

      1) лицензия және/немесе лицензияға қосымшаны беру кезінде – төленген күнге белгіленетін 10 айлық есептік көрсеткіш;

      2) лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – төленген күнге белгіленетін 1 айлық есептік көрсеткіш.

      Төлем тапсырмасы ақының төленгенін растайтын құжат болып табылады.

      Төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

      9. Порталда тәулік бойы құжаттар қабылданады. Алдын ала жазылу және жедел ресімдеу қарастырылмаған.

      10. Порталда мемлекеттік қызмет «жеке кабинет» арқылы жүзеге асырылады.




2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі


      11. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін портал арқылы мынадай құжаттардың тізбесін тапсырады:

      1) лицензияны алған кезде мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық түрдегі өтініші;

      2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық түрдегі өтініші;

      3) лицензияның телнұсқаларын беру кезінде мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық түрдегі өтініші;

      4) Жарғы электрондық сканерленген көшірме түріндегі өтінішке тіркеледі;

      5) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар сканерленген көшірмелер түрінде электрондық өтінішке тіркеледі.

      Мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін, алушының заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін; лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәліметті, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы электрондық цифрлы қолтаңбамен расталған электрондық құжаттар түрінде алады.

      Заңды тұлғаның бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылуына немесе атауы және (немесе) заңды мекенжайының өзгеруіне байланысты лицензияны қайта ресімдеу кезінде бюджетке қызметтің жекелеген түрімен шұғылдану құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәлімет ұсынылады.

      Заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында лицензияны қайта ресімдеу кезде; атауы және (немесе) заңды мекен-жайы өзгерген кезде қайта ресімдеу кезінде лицензияның және лицензияға қосымшалардың деректері немесе лицензияның және лицензияға қосымшаның сканерленген көшірмелері электрондық сұранысқа тіркеледі.

      Бланктің бүлінуі себебінен лицензияның телнұсқаларын беру кезінде бүлінген бланк (уәкілетті органға қайтарылады).

      Жоғалған жағдайда лицензияның телнұсқасын беру кезінде жоғалған заттарды табу бюросының анықтамасы сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі.

      Жоғалған жағдайда лицензияның телнұсқасын беру кезінде лицензияның жоғалуы жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру бергені туралы ақпараттың сканерленген көшірмесі электрондық сұранысқа тіркеледі.

      Лицензияның телнұсқасын беру кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы мәлімет ұсынылады.

      12. Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін сұранысты электрондық нысанда толтыру қажет.

      13. Порталда құжаттарды қабылдау мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.

      Электронды сұраныс мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінен» жіберіледі. Сұраныс автоматты түрде таңдалған қызметті көрсететін уәкілетті органға жолданады.

      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға оның порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету үшін берілген өтінішінің қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.

      15. Көрсетілген қызметтің нәтижесін порталда жеткізу тәсілі – «жеке кабинетте».

      16. Егер:

      1) осы стандарттың 11-тармағына сәйкес барлық тиісті құжаттар ұсынылмаса (мемлекеттік қызметті алушы аталған кедергілерді жойған кезде берілген өтініш жалпы негізде қаралады);

      2) білім беру қызметін жүргізу құқығына, лицензияны қайта ресімдеуге және лицензияның телнұсқасын алуға бюджетке лицензиялық алым төленбеген жағдайда;

      3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;

      4) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болса;

      5) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында қарастырылған негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

      Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты порталда «жеке кабинет» арқылы электрондық құжат түрінде алады.


3. Жұмыс қағидаттары


      17. Мемлекеттік қызметті алушыға қатысты уәкілетті органның қызметі мынадай:

      1) тұлғаның конституциялық құқығы мен бостандығын сақтау;

      2) қызметтік міндетті орындау кезінде заңдылықты сақтау;

      3) мемлекеттік қызметті алушымен жұмыс кезінде сыпайылық таныту;

      4) мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты толық және жеткілікті түрде беру;

      5) өтінішті қарау барысында лауазымды тұлға қызметінің айқындығы;

      6) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

      7) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты қорғау және құпиялығын сақтау қағидаттарына негізделеді.




4. Жұмыс нәтижелері


      18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелері осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

      19. Мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсаты мәні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.




5. Шағымдану тәртібі


      20. Осы стандартқа 2-қосымшада уәкілетті орган қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібін түсіндіретін және шағымды дайындауға жәрдем көрсететін лауазымды тұлғаның байланыс деректері көрсетілген.

      Портал жұмысына шағымдану тәртібі туралы ақпаратты саll-орталықтың (1414) телефоны арқылы алуға болады.

      21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағымдар мемлекеттік қызметті алушының таңдауы бойынша:

      1) уәкілетті органның www.educontrol.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсының «сұрақ-жауап» бөлімінде;

      2) www.edu.gov.kz адресі бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің блогына;

      3) 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8 үй, 11-кіреберіс мекен-жайы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік арқылы;

      4) 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8 үй, 11-кіреберіс мекен-жайы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жазбаша түрде арыз беру арқылы жіберіледі.

      22. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде дөрекі қызмет көрсетуге байланысты мемлекеттік қызметті алушы тарапынан шағымдар:

      1) осы стандарттың 21-тармағында мекенжайы мен телефондары көрсетілген уәкілетті орган басшысының атына;

      2) порталға саll-орталықтың (1414) телефон нөмірі арқылы жолданады.

      23. Мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

      24. Шағым көрсетілген мәселелерді шешу құзыретіне кіретін субъект немесе лауазымды тұлғаның атына жіберілуі керек.

      Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда), пошталық мекенжайы, мерзімі көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызметті алушының қолы қойылуы тиіс. Шағым берілген кезде шағымданған лауазымды тұлғаның аты-жөні, лауазымы, шағымдану себебі мен талаптары көрсетіледі.

      25. Қабылданған шағым уәкілетті органның жеке және заңды тұлғаларды ң өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қаралады. Өтініш берушіге мерзімі мен уақыты, өтінішті (шағымды) қабылдаған тұлғаның аты-жөні көрсетілген талон беріледі. Шағымданушыға шағымның нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

      26. Мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінен» портал арқылы электрондық өтініш жіберілгеннен кейін мемлекеттік органда өтініштерді өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы (жеткізілгені туралы белгі, тіркеу, орындалуы, қаралғаны туралы немесе қаралудан бас тартылғаны туралы жауапты) ақпарат қолжетімді болады.
«Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім

беруге лицензия беру, қайта ресімдеу,   

лицензияның телнұсқаларын беру»      

мемлекеттік қызмет стандартына      

1-қосымша                 


Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні




Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтікмәні

Келесі жылдағы көрсеткіштің нысаналы мәні

Есеп жылындағы көрсеткіштің ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақытылық

1.1. құжат тапсырылған кезден белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының % (үлесі)




2. Сапа

2.1. қызмет көрсету барысының сапасына қанағат болған тұтынушылар % (үлесі)




3. Қолжетімділік

3.1. қызмет көрсету сапасы және қызмет көрсету туралы ақпаратқа қанағат болған тұтынушылар % (үлесі)




3.2. ол туралы ақпарат электрондық түрде қолжетімді қызметтер % (үлесі)




4. Шағымдану барысы

4.1. осы қызмет бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)




5. Сыпайылылық

5.1.персоналдың сыпайылылығына қанағат болған тұтынушылардың % (үлесі)



«Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім

беруге лицензия беру, қайта ресімдеу,   

лицензияның телнұсқаларын беру»      

мемлекеттік қызмет стандартына      

2-қосымша                 




Лауазымдың тұлғалардың байланыс деректері






Аты-жөні

Лауазымы

Мекенжай

Телефон

1

2

3

4

5

1

Ахметов Әлтайыр Амангелдіұлы

ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары

Астана қаласы Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі 11-кіреберіс, 841-каб.

74-15-43

2

Бөлебаева Ләззат Кайдирбекқызы

ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары

Астана қаласы Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі 11-кіреберіс, 946-каб.

74-22-14

3

Гаипов Зұлфұхар Сұлтанұлы

ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары

Астана қаласы Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі 11-кіреберіс, 837-каб.

74-23-75

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің     

2012 жылғы 31 тамыздағы

№ 1119 қаулысымен   

бекітілген     




Каталог: files -> standarty
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
standarty -> Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет