Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Жалпы білім беретін білім беру ұйымдарына және үйге тегін тасымалдаумен қамтамасыз ету туралы анықтаманың үлгісі



бет63/78
Дата23.10.2016
өлшемі13,49 Mb.
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   78
Жалпы білім беретін білім беру ұйымдарына және үйге тегін тасымалдаумен қамтамасыз ету туралы анықтаманың үлгісі

Анықтама

______________________________________________ берілді.


      (оқушының және тәрбиеленушінің Т.А.Ә.)

      Ол № __________________________ жалпы білім беру ұйымына және


             (мектептің атауы)
үйге тегін тасымалдаумен қамтамасыз етілетін болады.
      Анықтаманың оқу жылы бойы күші бар.

Кенттің, ауылдың (селоның),


ауылдық (селолық)
округтің әкімі
_______________________             Т.А.Ә._______________________
      (елді мекеннің атауы)                (аты-жөні және қолы)

М.О.


«Шалғайдағы ауылдық елді    
мекендерде тұратын балаларды 
жалпы білім беру ұйымдарына және
үйлеріне кері тасымалдауды ұсыну
үшін құжаттар қабылдау»    
мемлекеттік қызмет стандартына 
3-қосымша            

Өтініш үлгісі

Кенттің, ауылдың (селоның), 


ауылдық                     
(селолық) округтің әкіміне  
(өтініш берушінің аты-жөні) 
тұратын мекенжайы, телефоны:
_____________________________

Өтініш

      Сізден менің кәмелетке толмаған (Т.А.Ә. туған жылы), (елді мекеннің, ауданның атауын көрсету) тұратын және (жалпы білім беретін № мектептің толық атауы, сыныбында оқитын) баламды 20.. - 20.. (оқу жылын көрсету) оқу жылы жалпы білім беру ұйымына және үйге тегін тасымалдаумен қамтамасыз етуіңізді сұраймын.

Күні «___»__________ж.
Өтініш берушінің қолы _____________

«Шалғайдағы ауылдық елді    


мекендерде тұратын балаларды 
жалпы білім беру ұйымдарына және
үйлеріне кері тасымалдауды ұсыну
үшін құжаттар қабылдау»    
мемлекеттік қызмет стандартына 
4-қосымша            

Оқу орнынан анықтаманың үлгісі

АНЫҚТАМА


______________________________________________________ берілді
      (білім алушының және тәрбиеленушінің Т.А.Ә.)

      Ол ________________________________________________________


                  (мектептің толық атауын көрсету)
_____ сыныбында ______ ауысымда (оқу кезеңі сағат ___ дан ____ дейін) оқиды және тасымалдауға мұқтаж.
      Анықтама талап еткен орынға көрсету үшін берілді.

      №____ мектептің директоры                 Т.А.Ә._______________


      (мектептің атауын көрсету)                 (аты-жөні және қолы)

«Шалғайдағы ауылдық елді    


мекендерде тұратын балаларды 
жалпы білім беру ұйымдарына және
үйлеріне кері тасымалдауды ұсыну
үшін құжаттар қабылдау»    
мемлекеттік қызмет стандартына 
5-қосымша            

Тұтынушыдан құжаттардың алынғандығы туралы қолхаттың үлгісі

      Кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі


_____________________________________________________________________
            (елді мекеннің, ауданның, облыстың атауы)

құжаттарды қабылдау жөніндегі № ______ қолхат

________________________ дан төмендегі құжаттар алынды:
1. Өтініш
2. Туу туралы куәліктің (жеке куәліктің) көшірмесі
№ ________ __________ кім берді ____________________________
3. Оқу орнынан анықтама.

Әкімдіктің қабылдаған маманы _____________ (қолы)

"__" _____________ 20__ ж.

«Шалғайдағы ауылдық елді    


мекендерде тұратын балаларды 
жалпы білім беру ұйымдарына және
үйлеріне кері тасымалдауды ұсыну
үшін құжаттар қабылдау»    
мемлекеттік қызмет стандартына 
6-қосымша            

Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді жалпы білім беретін білім
беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну үшін
құжаттар қабылдау туралы анықтаманы есепке алу кітабының үлгісі

      Кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі


___________________________________________________________________
            (елді мекеннің, ауданның, облыстың атауы)

Анықтаманы есепке алу кітабы*

Кітап _______________ жылы басталды


Кітап _____________ жылы аяқталды  

р/с

Берілген күні

Анықтама берілген тұтынушының Т.А.Ә.

Анықтама берген лауазымды адамның Т.А.Ә. және қолы

Анықтаманы алған тұтынушының Т.А.Ә. және қолы

1

2

3

4

5
















Ескерту: Анықтаманы есепке алу кітабы нөмірленеді, тігіледі және әкімнің қолымен және мөрімен бекітіледі.

«Шалғайдағы ауылдық елді    


мекендерде тұратын балаларды 
жалпы білім беру ұйымдарына және
үйлеріне кері тасымалдауды ұсыну
үшін құжаттар қабылдау»    
мемлекеттік қызмет стандартына 
7-қосымша            

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)










2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)










3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










3.2. Ақпаратына электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)










4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










«Шалғайдағы ауылдық елді    
мекендерде тұратын балаларды 
жалпы білім беру ұйымдарына және
үйлеріне кері тасымалдауды ұсыну
үшін құжаттар қабылдау»    
мемлекеттік қызмет стандартына 
8-қосымша            

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы
органдарының тізімі




Облыстардың / қалалардың атауы

Байланыс телефондары

Заңды мекенжайы

Сайттардың мекенжайы және байланыс телефондары

1

2

3

4

5

1.

Ақмола

8(7162)255511

Көкшетау қаласы Абай көшесі, 83 инд.020000

http://www.akmo.kz

2.

Ақтөбе

8(7132)564758

Ақтөбе қаласы Әбілхайыр хан даңғылы, 40 инд.030010,

http://www.akto.kz

3.

Атырау

8(7122)354501

Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 инд.060010,

http://www.atyrauobl.kz

4.

Алматы

8(7282)270822

Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 38 инд. 040000

http://www.almaty-reg.kz

5.

Шығыс Қазақстан

8(7232)578580

Өскемен қаласы М.Горький көшесі, 40 инд. 070019

http://www.akimvko.gov.kz

6.

Жамбыл

8(7262)431822

Тараз қаласы  Абай даңғылы,125 инд. 080008

http://www.zhambyl.kz

7.

Батыс Қазақстан

8(7112)514013

Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 179 инд. 090000

http://www.western.kz

8.

Қарағанды

8(7212)421045

Қарағанды қаласы Мира бульвары, 39 инд.100012

http://www.karaganda-region.kz

9.

Қызылорда

8(7242)262144

Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі, 76 инд.120003,

http://www.kyzylorda.kz

10.

Қостанай

8(7142)575085

Қостанай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 66 инд. 110000

http://www.kostanay.kz

11.

Маңғыстау

8(7292)314215

Ақтау қаласы, 14 мөлтек ауданы, 1 инд. 130000

http://www.mangystau.kz

12.

Павлодар

8(7182)323422

Павлодар қаласы, Академик Сәтпаев көшесі, 49 инд.140009

http://www.pavlodar.kz

13.

Солтүстік Қазақстан

8(7152)464125

Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58 инд.150011

http://www.akimat-sko.kz

14.

Оңтүстік Қазақстан

8(7252)537443

Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 6 инд. 160007

http://www.ontustik.gov.kz

15.

Астана қаласы

8(7172)556401

Абай даңғылы, 11

http://www.astana.kz

16.

Алматы қаласы

8(727)2501880

Республика алаңы, 4 инд. 050001

http://www.almaty.kz

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекітілген     

«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен
тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды
ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

      1. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыру ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 12-қосымшаларға сәйкес аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.


      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қазандағы Заңының 6-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына, 3-тармағының 21) тармақшасына, 4-тармағының 14) тармақшасына сәйкес көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат осы Стандарттың 34-қосымшаларында тізбесі көрсетілген облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалар мен астананың білім басқармаларының фойелерінде орналасқан стендтерде, сондай-ақ облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктерінің және білім басқармасының интернет-ресурстарында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтында орналастырылған.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі осы стандарттың 5-қосымшасына сәйкес жалпы білім беретін мектепте тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілгені туралы анықтаманы қағаз түрінде бере отырып, жалпы білім беретін мектептерде оқушылар мен тәрбиеленушілердің жеке санаттарына тегін ыстық тамақ беру немесе қызмет көрсетуден бас тартатыны жөнінде дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік мекемелердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілерге (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы):
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
      2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі өмір сүру деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға;
      3) отбасыларда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
      4) төтенше жағдайлардың нәтижесінде шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға;
      5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалық органдары айқындайтын өзге де санаттағы балаларға көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беру бес жұмыс күнін (өтініш түскен мерзімнен бастап бес күн ішінде) құрайды;
      2) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің барынша шекті уақыты (тіркеу кезінде) – 30 минуттан аспайды;
      3) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің барынша шекті уақыты – 30 минуттан аспайды;
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет оқу жылы бойы көрсетіледі:
      белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      Алдын ала жазылу және жедел ресімдеу қарастырылмаған.
      10. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушыларға, оның ішінде дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету үшін жағдай жасалған облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы жалпы білім беретін мектептердің ғимараттарында көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы жалпы білім беретін мектепке мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:


      1) осы стандарттың 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдар санаты үшін өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұсынылатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
      2) осы стандарттың 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдар санаты үшін табысы туралы мәліметтер (ата-аналардың немесе оларды алмастырушы тұлғалардың еңбекақылары, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түскен табыстары, балаларға төленетін алимент түріндегі және қарауындағы басқа да адамдардың табыстары);
      3) осы стандарттың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген отбасыларда тәрбиеленетін адамдар санаты үшін, уәкілетті органның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы шешімі;
      4) осы стандарттың 6 тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдар санатын отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде алқалық орган айқындайды. Алқалық орган қажет болған жағдайда көрсетілген санаттарға қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарды сұратуға құқылы.
      12. Мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініштің үлгісі және қажетті құжаттар тізбесі жалпы білім беретін мектептердің фойесінде орналастырылады, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептің қызмет көрсетуге жауапты қызметкерінен алуға болады.
      13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар аталған қызметті көрсетуге жауапты жалпы білім беретін мектеп қызметкерінің кабинетіне тапсырылады.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес қызметті алатын күнін көрсете отырып, қолхат берген жалпы білім беретін мектептің жауапты қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, өтінішті қабылдап алған күні мен нөмірі көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдап алғаны жөнінде қолхат беріледі.
      15. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесі жалпы білім беретін мектептің жауапты қызметкері мемлекеттік қызметті алушының өзі немесе оның өкілі өтініш берген жағдайда (ресми бекітілген тиісті құжаттар болған жағдайда) өтініш түскеннен бастап 5 күн өткен соң беріледі.
      16. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық тапсырмауы негіз болады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Қызмет көрсетудің негізгі қағидаттары:


      1) Қазақстан Републикасының заңнамасын сақтау;
      2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
      3) мемлекеттік қызметті алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
      4) мемлекеттік қызметті уақытында ұсыну;
      5) сыпайылық және нақтылық.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандарттың 8-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.


      19. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті білім беру органдарының қызметкерлері уәкілетті лауазымды тұлғаның іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағымды дайындауға көмек көрсетеді.


      21. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде не облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті білім беру органдарының кеңселері арқылы аталған стандарттың 34-қосымшаларына сәйкес жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
      Шағым беру кезінде қажетті құжаттардың тізбесіне еркін нысанда жазылған өтініш және қызмет көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы ұсынған құжаттардың көшірмелері кіреді.
      22. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы бойынша наразылық болса, қызмет дөрекі көрсетілген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне мына мекенжай бойынша беріледі: Астана қаласы, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 11-кіреберіс, 945-кабинет.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
      24. Облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы білім беру органдарына шағым беру үшiн мемлекеттік қызметті алушы өтінішті еркiн нысанда өз қолымен жазады.
      25. Қабылданған шағым облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы білім беру органдарының кіріс хат-хабарларды есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген мерзiмде қаралады. Мемлекеттік қызметті алушыға өтiнiштiң  күнi мен уақыты, қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген талон берiледi.
      26. Шағымды қарау нәтижесi мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта немесе электронды пошта арқылы хабарланады.

«Жалпы білім беретін мектептерде білім


алушылар мен тәрбиеленушілердің    
жекелеген санаттарына тегін     
тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар 
қабылдау»             
мемлекеттік қызмет        
стандартына 1-қосымша      

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті
атқарушы органдарының тізімі




Әкімдіктің атауы

Телефон

Заңды мекенайы

Сайттың мекенжайы

1

2

3

4

5

1.

«Ақмола облысы әкімінің аппараты» ММ

8(7162)255511

020000 Көкшетау қ., Абай к-сі, 83

http://www.akmo.kz

2.

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ

8(7132)564758

030010 Ақтөбе қ., Әбілқайыр хан к-сі, 40

http://www.akto.kz

3.

«Атырау облысы әкімінің аппараты» ММ

8(7122)354501

060010 Атырау қ., Әйтеке би к-сі, 77

http://www.atyrauobl.kz

4.

«Алматы облысы әкімінің аппараты» ММ

8(7282)270822

040000 Талдықорған қ, Тәуелсіздік к-сі, 38

http://www.almaty-reg.kz

5.

«Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ

8(7232)578580

070019 Өскемен қ., М. Горький к-сі, 40

http://www.akimvko.gov.kz

6.

«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» ММ

8(7262)431822

080008 Тараз қ., Абай даңғылы, 125

http://www.zhambyl.kz

7.

«Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ

8(7112)514013

090000 Орал қ., Достық-Дружба даңғылы, 179

http://www.western.kz

8.

«Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ

8(7212)421045

100012 Қарағанды қ., Әлиханов к-сі, 13

http://www.karaganda-region.kz

9.

«Қызылорда облысы әкімінің аппараты» ММ

8(7242)262144

120003 Қызылорда қ., И.Жақаев к-сі, 76

http://www.kyzylorda.kz

10.

«Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ

8(7142)575085

110000 Қостанай қ. Әл-Фараби к-сі, 66

http://www.kostanay.kz

11.

«Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» ММ

8(7292)314215

130000 Ақтау қ, 14 ықшам аудан, 1

http://www.mangystau.kz

12.

«Павлодар облысы әкімінің аппараты» ММ

8(7182)323422

140009 Павлодар қ. Академик Сәтбаев к-сі, 49

http://www.pavlodar.kz

13.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ

8(7152)464125

150011 Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58

http://www.akimat-sko.kz

14.

«Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ

8(7252)537443

160007
Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 6

http://www.ontustik.gov.kz

15

«Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ

8(7172)556401

Абай даңғылы, 11

http://www.astana.kz

16.

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» ММ

8(727)2501880

050001
Республика алаңы, 4

http://www.almaty.kz

«Жалпы білім беретін мектептерде білім
алушылар мен тәрбиеленушілердің    
жекелеген санаттарына тегін     
тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар 
қабылдау»             
мемлекеттік қызмет        
стандартына 2-қосымша      


Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдіктерінің жергілікті атқарушы органдарының тізбесі
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі
Баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін берілетін жолдаманың үлгісі
Кесте. сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Кесте. сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің мәні
Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдіктердің тізімі
Облыстардың, астана және алматы қалаларының білім басқармаларының тізімі

Каталог: files -> userfiles
userfiles -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
userfiles -> Пайдаланған әдебиеттер
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> КӨгілдір экран – терең тамырлы өнер (Ж. ТӨлендинов – 85 жыл)
userfiles -> «Ұлы жеңіске – МӘҢгілік тағзым» кітап көрмесі
userfiles -> «сарыарқа самалы» атты облыс қаламгерлерінің 100 томдық шығармалар жинағы тұсаукесерінің сценарийі
userfiles -> «Қасиетті ана тілім, бал тілім» атты мақал-мәтелдер сайысының ережесі жалпы ереже Осы ереже «Қасиетті ана тілім, бал тілім»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   78


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу