Балалардың бойында кітапқа және оқуға деген дұрыс қарым
-
қатынасын қалыптастыру жолдары
Тәрбиешілерге балалардың алдыңғы жастық топтарда қандай
шығармалармен танысқандығын білуі қажет. Жыл басында алдыңғы топтың
бағдарламасын қарау және қайталау матриалын анықтап алу қажет.
Шығармамен танысу әдістері.
Ең көп
–
тәрбиешінің оқуы, яғни,
мәтінді сөзбе
-
сөз жеткізу. Тәрбиеші көлемі бойынша кішігірім
шығармаларды балаларға жатқа оқиды, осылайша аудиториямен ең жақсы
байланыс орнайды. Шығармалардың басым бөлігі кітап бойынша оқылады.
Тәрбиешінің оқып жатқан кезде кітапты ұқыпты ұстауы балалар үшін үлгі
болып табылады [14]. Келесі әдіс
–
айтылым, яғни, мәтінді еркінірек жеткізу
(мәтіннің қысқартылуы, сөздердің орнын ауыстыру, түсіндіру, т.б.).
Осылайша, балаларды көптеген ертегілермен, кейбір танымдық
әңгімелермен, газеттік және журналдық материалдармен таныстырады
(мектепке даярлық тобында). Сабақтарда балалардың қандай да бір
шығарманы ұнатуына, оны меңгеруіне көмектесетін әртүрлі сахналау
жүргізіледі. Жаттап алу әдісі кішігірім өлеңдерге қолданылады. Жиі бір
сабақтың ішінде әртүрлі әдістерді пайдаланады.
Тәрбиешінің мәнерлеп оқуы көркем әдебиетпен танысу әдістерінің
негізі болып табылады. Ол алдын ала байыпты дайындықты талап етеді:
шығарманы талдауды және дауыстап жаттығып оқуды, созылмалы даярлық
жаттығуды. Оқу жиі әртүрлі көрнекілік материалды көрсетумен
сүйемелденеді. Бұл жағдайда тәрбиешіге мәтін мен көрнекілік материалдың
Балалардың бойында кітапқа және оқуға деген
дұрыс қарым
-
қатынасын қалыптастыру
жолдары
бірлесіп тыңдау
дағдысын тәрбиелеу
сұрақтарға ұйымдасқан
түрде жауап беру білігі
оқығаны
туралы
сұрау
иллюстрацияларға
мұқият қарау
оларды таныс
мәтінмен
салыстыру
кітапты ұқыпты ұстау білігін
тәрбиелеу
көрсетілуі арасындағы анық байланысқа (үстел үстіндегі театрда бейнелердің
немесе ойыншықтардың орналасуы, диафильм кадрларын алмастыру және
т.б.) жете отыра, алдын ала жаттығуы қажет. Меңгерілгенді бекіту үшін
таныс шығармалар материалындағы дидактикалық ойындар (орта топтан
бастап өткізеді), әдебиет викториналары (қорытынды тоқсандық сабақ немес
кешкі ойын
-
сауық ретінде өткізеді) сияқты әдістер өте пайдалы.
Дидактикалық ойындардың мысалы ретінде «Біреуі бастайды
–
екіншісі
жалғастырады», «Менің ертегімді ойлап тапшы», «Мен қайдан боламын»
және т.б. ойындары болуы мүмкін, көрнекілік материалды пайдалана отыра
немесе сөздік нысанда өткізуге болады (сурет 7.1).
7.1
–
сурет
.
Шығармалардың қабылдануын қалыптастыру тәсілдері
Егер шығарма бірінші оқылымнан кейін балаларға түсінікті болса,
тәрбиеші әңгіменің эмоциялық әсерін күшейтетін (өлеңдер және т.б.)
бірқатар қосымша тәсілдерді қолдануы мүмкін
–
ойыншықты көрсету,
иллюстрациялар, суреттер, сахналау элементтері, саусақ, қол қимылы.
Кітаптағы иллюстрацияларды қарау
мәтіннің әсер етуін күшейтетін
және оның жақсы түсінілуіне әкелетін кең таралған тәсіл болып табылады.
Иллюстрация
–
мәтіннің қандай да бір бөлігіне қатысты, қандай да бір кезеңді
түсіндіретін сурет. Егер тиісті үзіндінің мазмұны белгілі болатын болса, ол
толық түсінілуі мүмкін. Көп жағдайда иллюстрациялар мәтін оқылғаннан
кейін, кітапта орналасқан реттілікпен балаларға көрсетіледі (
7.1-
сурет
).
Кесте 7.2
Достарыңызбен бөлісу: |