Бесінші заңдылық: жазбаша тілді меңгеру ауызекі және жазбаша тіл
арасындағы үйлесімділіктің дамуына байланысты. Жазбаша тіл дыбысталған
сөзді жазбашаға «алмастыру» қабілеті туындаған жағдайда меңгеріледі.
Оқуға және жазуға үйрету кезінде көз бен жазушы қол бұлшықеттерінің
жұмысы қосылады, алайда көз бен қол (оқу және жазу) сөйлеу аппараты
бұлшықеттерімен қатар жұмыс істемесе сөйлеудің функцияларын орындай
алмайды. Н.С. Рождественский жазғандай «Бала үшін жазбаша тіл
–
бұл
сөйлеуді меңгерудің екінші кезеңі болып табылады» және оны меңгерудің
ерекшелігі
–
«ауызекі тілдің сөздері шынайы заттар
мен олардың қарым
-
қатынасы үшін белгі болып табылады; жазбаша тіл ауызекі тілінің
дыбыстары мен сөздерін шартты білдіретін белгілерден құралады». Егер бала
ауызекі тілді меңгермесе, жазбаша тілді меңгере алмайды. Жазбаша тілді
үйрету үшін жасанды ұйымдастырылған сөйлеу ортасы дидактикалық
материалдардың балаларға ауызша және жазбаша түрде (салыстыру үшін)
ұсынылған жағдайында ғана оңтайлы бола алады.
Алтыншы заңдылық: тілді байыту қарқыны сөйлеу дағдылары
құрылымының жетілдірілген дәрежесіне байланысты. Баланың сөйлеу
дағдылары (әсіресе фонетикалық және грамматикалық) қаншалықты
жетілдірілген болса, оның ана тілді меңгердегі, тілін жаңа лексикамен және
жаңа құрылымдармен байытудағы табиғи үдерісі соншалықты тез жүреді.
Бұл заңдылықты балабақшаның тәрбиешілері жиі байқайды: баланың сөйлеуі
қаншалықты дамыса, ол өлеңдерді, ертегілерді, әңгімелерді соншалықты тез
есте сақтайды және олардың мазмұнын нақтырақ айтып бере алады. Бұл
заңдылықты мектеп қабырғасында пән мұғалімдері де жиі байқайды.
Мысалы, география, тарих, әдебиет пәндерін сөйлеу қабілеті жақсы дамыған
балалардың оңай меңгеретіндігі бәріне мәлім: олар мұғалімді
қызығушылықпен тыңдайды, оның ақпаратын оңай есте сақтайды және
кітаптар мен пәнге қатысты әдебиеттерді құмарлана және нәтижелі оқиды.