Сабақты жүргізу кезінде келесі талаптар ескеріледі: 1.
Сабақ көрнекілік материал бойынша құрастырылады. Заттардың
жиынтығы
белгілер бойынша ажыратылатын бір заттан және оған ұқсас
түрлі заттардан құралуы қажет:түсі, пішіні, көлемі бойынша әртүрлі
тостағандар, сондай
-
ақ балалар тостағаннан ажыратуы тиіс стақан, бокал
және т.б.
2. Балаға ұқсас топтағы заттарды таңдау қажет. Ол таңдау негізіне
тиісті белгілерді бөле отыра өзінің шешімін ынталандыруы қажет.
3. Таңдау қажеттілігі балаға түсінікті болуы тиіс. Осыған орай,
Осыған
орай, таңдау міндеті бала үшін қызықты әрі жиі ойнатылуы шарт.
Тапсырмалар: 1.
Екінші кіші топта заттармен танысу және сөздікті дамыту бойынша
ҰОҚ
толық жоспарын дайындау.
2.
Әр түрлі жас
топтардың біреуіне заттардың қасиетімен және
сапасымен танысу үрдісінде сөздікті құрастыру бойынша ҰОҚ конспектісін
құрастыру.
3.
Мектеп жасына дейінгі балаларда сөздіктің қалыптасу ерекшелігі
туралы реферат дайындау.
3.4. Сурет бойынша әңгімелеу сөйлеуді дамыту Баланың ақыл
-
ойы дамуы үшін суреттер оның өмірінің бірінші
жылынан бастап ерекше орынды алуы қажет. Ойлау қабілетін дамыту үшін
мектеп жасына дейінгі баланың жеке бақылауы және тәжірибесі маңызды
рөлге ие. Сурет бізге өмірде кездестіретін бақылауды, үлгілерді ұсынады.
Суреттерді қараудың мақсаты келесідей:
а) баланың ауызекі сөйлеуін дамыту;
б) бақылауға қабілеттілігі;
в) процестерді бақылау (қиялдау, ойлау, логикалық пайымдау).
Балалардың сөйлеуін дамыту әдістемесінде балалармен сурет бойынша
жұмыс істеу сабағы жетекші орын алады. Бала өзінің уайымын сөйлеумен
жүзеге асырады. Бұл тілінің дамуындағы көмекші құрал болып табылады.
Ерекшілігі
–
суреттерді үнсіз қарау. Кішкентай бала суретті қараған кезде
үнемі сөйлей береді. Педагог балалардың сөйлеуін қолдауы, сұрақ
қою
арқылы олардың тізі мен назарын басқару қажет. Суреттерді таңдау кезінде
қатаң біртіндеушілікті сақтаған жөн: қарапайым, қолжетімді мазмұндардан
күрделі және қиындарға. Сурет балалардың даму және жас деңгейіне сәйкес
келуі қажет, алайда ол ақыл
-
ой өрісі мен сөз қорының кеңейтілуін ұсынған
кезде тағайындалуына жетеді. . Балалар суреттерге қызығушылығын
танытады: олар көргендерін, бастан кешкендерін еске алады, қиялын
арттырады. Балалардың саралығын, ойлауын, тілін және байқауын дамыту
үшін үлкен сүйіспеншілікпен қарау қажет. Қаралып жатқан суреттер баланың
бойында эстетикалық сезімнің дамуын тудыруы тиіс
.
Балабақша ағымдағы жұмыстың сұранысын қанағаттандыру үшін
суреттер жинағының болу қамын ойлауы қажет. Сондай
-
ақ, тақырыптар
бойынша жіктелген суреттердің жинағы болуы қажет, олардың
тағайындалуы
–
әдістемелік сабақтар жүргізу үшін материал ретінде
қолданылуы. Бұндай мақсаттар үшін кітаптардан, журналдардан, газеттерден
қиылып алынған және картонға жабыстырылған суреттер, ашық хаттар
қолданылуы мүмкін. Көркемдік дағдыларға ие тәрбиешілер суреттерді өздері
сала алады. Суреттердің ыңғайлы қолданылуы үшін оларды сақтау
техникасын ойластыру қажет. Әр тақырыптың өз орны болуы тиіс: қорап,
сөредегі орны, хатқалта және т.б. Педагог тек осылай ғана кез келген уақытта
қажет суретті таба алады. Балалар суреттерді жеке қарағанды ұнатады.
Сондықтан да, еркін қолдануға арналған суреттер болуы тиіс. Мазмұны
әртүрлі және балаларға түсінікті
қолжетімді болуы қажет. Балалардың еркін
қолдануына арналған суреттер балалар өз білгенінше алатын орындарда
ауыспалы тәртіпте орналастырылады.