41
соның арқасында сөздің нақты қолданылуы, заттың нақты аталуы
қамтамасыз етіледі. Түсініктер мен оларға сәйкес келетін сөздіктердің
қалыптасуына арналған сабақтар балалардан заттардың ерекшеліктерін көру
білігін талап етеді: бөліктерін, пішінін, тағайындалуын және т.б. Сондықтан
да, олар мектеп жасына дейінгі балалардың заттар туралы білімдерінің
тереңдетілуі жүзеге асырылған сабақтарда алынған біліктеріне сүйенеді.
Осылайша, бұл сабақтар сөздікті дамыту бойынша жұмыстың жалпы
жүйесіне кіреді және сабақтың басқа түрлерімен тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: