Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет10/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi

Бірінші кезеңде (2,5
-
3айға дейін)
ең алдымен көруді және естуді
дамыту маңызды. Баланың көз тігуін және құлақ түруін тудыру қажет: ересек
адамның жүзін зерделеуге үйрету, ашық түсті ойыншықтарға көз тоқтату, 
қозғалып жатқан заттарды бақылау, әртүрлі дыбыстарға, ересек адамның
сөйлеуіне, оның әндетуіне сылдырмақтың және басқа дыбысталған
ойыншықтарға құлақ салу. Аталған тәрбиешілік әсер етудің нәтижесінде
сәбидің үш айлығына қарай «жандану кешені» деп аталатын эмоциялық
мәнерлі реакциясы пайда болады. 
3 айлығындағы
жандану кешені 
-
бұл мимикалық, қозғалыстық және
дыбыстық реакциялар. Кешеннің жүйелілік мағынасы оның дыбыстық
реакциясының белсендірілуінде. Дыбыстық реакцияның көп реттік
қайталануы олардың дамуына мүмкіндік береді. Алғашқы айлардағы
тәрбиелік әсерлер балаға күтім жасау кезінде жүзеге асырылады. Олар
мынадай кешеннен құралады: көруге, естуге, түйсікке әсер етеді. Әсер ету
сәбиді тыныштандыруға, қоздырғышты алып тастауға бағытталады.
«Әңгімелесулер» мазмұны бойынша өте қарапайым. Олардың ең басты
міндеті баланы тыныштандыру, оған өзінің сезімін жеткізу.
Бала 
бірінші айдың аяғында және екіншінің басында 
ересек
адамдармен қарым
-
қатынас жасауды белсене қабылдай бастайды. Ересек
адамдармен қарым
-
қатынас жасау кезінде сөздің құраушысы күшейеді.
Әңгімені бұрынғыдай бір сарынмен жалғастырған жөн. Әңгіменің мазмұны 
қарапайым, бірақ дауыс интонациясы алуандылықты қажет етеді. 
Үшінші айда 
қарым
-
қатынас жасау үдерісінде заттарды қолданылады: 
ересек жоғары ілінген ойыншықтарды тербетеді, сылдырмақтарды 
сылдырлатады. Бұл баланың көру және есту қабілеттерінің дамуына әкеледі. 
Бала дауыстап күледі, «а
-
а
-
а, э
-
э» дыбыстарын шығарады. Үшінші айда 
қарым
-
қатынас жасау қажеттілігі қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет