9
сөйлеу мүшесін қолданады. Баланың сөйлеу қажеттілігі және оны
қанағаттандыратын сөйлеу ортасы, осы екі факторлардың өзара
әрекеті
баланың сөйлеуін дамытуға мүмкіндік береді. Есту мүшесі ең маңызды рөл
ойнайды. Бала айналада шығатын дыбыстарды ұйып қағып алады, тыңдайды
және оларды қайталауға тырысады. Балаларға есту қоздырғыштары
ұсынылады. Тиісті есту қабылдағышы балалар тілінің қалыптасуына және
есту мәдениетіне әсерін тигізеді. Жануарлардың дауысы,
құстардың әні,
музыкалық аспаптардың дыбыстары, локомотивтің ысқырығы олардың
көңілін қоздырады және сөйлеу реакциясын ынталандырады. Бірақ басты
рөл, әрине, адамның дауысына тиесілі.
Сөйлеуді түсіну қабілеті оны белсенді қолдану қабілетінен ерте
байқалады. Балалар сөзді айтпас бұрын түсіне бастайды.
Пассивті сөздер
қоры адамның бүкіл өміріндегі белсенді қордан сандық
тұрғыдан артыла
түседі. Бала әдетте бірінші жылдың аяғына қарай 20
-
30 сөзді белсене
қолданады. Бұл алғашқы сөздердің мазмұнын оны қоршаған нақты болмысы
құрайды, ең алдымен ол жиі араласатын және ол үшін жеке маңызы бар
тұғалар, заттар, денелер. Балалармен ұзақ уақыт және саналы сөйлесу,
олардың тез дамуына және жақсырақ сөйлей бастауына әкеледі. Сондықтан
да, біздің балалармен қарым
-
қатынас
жасау көрінісін сөйлеумен
сүйемелдеуіміз, баланың санасында қалыптасып жатқан көріністер мен
бейнелерді сөзбен бекітуіміз, сөзбен өзіміздің әрекетімізді жүзеге
асыруымыз, бұл әрекетте жүзеге асырылған заттарды атауымыз қажет.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту оқу
құралындағы өмірдің алғашқы жылдары 4 кезеңге бөлінеді. Әр кезеңде
міндеттер ажыратылған:
Достарыңызбен бөлісу: