Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлықбек атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



бет5/7
Дата30.05.2017
өлшемі1,45 Mb.
#17204
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

«Түсіну» әдісі

5 мин


Жаңа тақырып өтпес бұрын “Қауіпсіздік ережесін” еске түсіру

Оқушылар қауіпсіздік ережелерін айтып өтеді.

-Мұғалімнің рұқсатынсыз жұмысты бастамау;

-Компьютерде ақау байқалса, мұғалімге хабарлау;

-Ток көздеріне жалғанған сымдарды қозғамау;

-Сабақ үстінде артық қимыл жасамау, өзгеге кедергі келтірмеу;

-Жұмыс соңынан компьютерді сөндіріп, орындығыңды жинап шығу және т.б. ескерту.
Жаңа тақырыпты «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы тақырыпты оқуға тапсырмалар беріледі.

1-топ. Электорндық кестелер дамуының тарихы. (Электрондық кестелер идеясын тұңғыш ерт американдық ғалым Рихард Маттезих 1961 жылы «Budgeting Models and Sysem Simulation» атты зерттеуін жариялап, тұжырымдады. Оны 1970 жылы аталмыш патентке өтінім берген Пардо мен Ландау толықтырған. Патенттік мекеме өтінімді қабылдамайды, бірақ авторлар сот арқылы шешімнің бұзылуына қол жеткізген. Электрондық кестелердің бағдарламалық жабдықтамасының жеке топ түрінде көпшілікке танылған атасы Дэн Бриклин болып саналады, ол 1979 жылы Боб Фэнкстонмен бірге Visicals программасын әзірлеген. Бұл Apple II компьютеріне арналған электрондық кесте өте танымал болды, дербес компьютерді технофилдерге арналған ойыншықтан бизнеске арналған бұқаралық ақпаратқа айналдырды.

Ақырында нарықта осы топтағы көптеген өнімдер пайда болды- Supercals, Microsoft Multiplan, QuattroPro, Lotus 1-2-3, Місcrosoft Ехсеl, OpenOffice.org Cals, AppleWorks кестелері және gnumeric, Spread32.

Excel деген сөзі қазақ тілінде шебер, майталман деген мағынада. Excel алма серіктігінің Apple Macintosh систамасы мен Microsoft серіктігінің Windows систамасына арналып жасалған кеңсе автоматтандыру құралы. Иелік құқығы Microsoft серіктігіне тән.)

2-топ. Microsoft Excel-мен танысу, терезенің негізгі элементтері.

(Меню жолы – Excel командаларына қатынас құруға мүмкіндік береді. Тақырып жолы – құжат атауы мен терезені басқару батырмаларын қамтиды. Стандарттық тақта Excel командалары-ның көпшілігіне арналған батырмаларды қамтиды. Формула жолы - ағымдағы ұяшықтардың ішіндегі барын, оның адресін немесе сілтемесін бейнелейді. Форматтау тақтасы – форматтау комндаларына арналған батырмаларды қамтиды. Тапсырмалар аймағы – ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды. Жолдар тақырыбы – бұл әрбір жолдың сол жақ бөлігінде орналасқан нөмірленген ентаңба. Бағандар тақырыбы – бұл алфавит бойынша реттелген әріптік ентаңбалар, олар әрбір бағанның үстінде орналасқан. Қалып-күйлер жолы – құжаттың ақпаратын қамтиды. Шиыру жолақтары - құжаттың әр түрлі бөліктерін қарауға мүмкіндік береді.)

3-топ. Microsoft Excel терезесінің жұмыс кітабы, жолдар, бағандар мен ұяшықтар.



MS Excel құжаты Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы әрқайсысы бір электрондық кестеден тұратын Жұмыс беттерінен тұрады (255-ке дейін жұмыс беттері болуы мүмкін).  Әрбір жұмыс бетінің атауы бар, ол бет жарлығында орналасады. Бет жарлықтарына тышқан мен түрту арқылы олардың бірінен-біріне көшуге болады. Беттің атауын өзгерту үшін жарлығына екі рет қатарынан түртіп, жаңа атау теру керек. Жұмысбеті жолдар мен бағандардан тұрады (256 бағанға, 1048576 жолға дейін болуы мүмкін), жолдар реттік сандармен, бағандар латынның бас әріптерімен нөмірленеді, Ұяшық және оның адресі. Баған мен жолдың қиылысуынд аорналасқан элементті  ұяшық деп атайды,  ұяшық – мәліметтерді кестеде сақтаудың ең кіші элементі. Әрбір ұяшық өзі қиылысуында орналасқан баған мен жол атауларынан тұратын адресімен анықталады, мысалы– А1, DЕ234, F9. Әрбір мезетте белгілі бір ұяшық активті болып табылады, ол қою қоршау мен ерекшеленеді.)
Берілген тақырыпты постер қорғауды ұсынамын.

Жалпы MS Excel бойынша біз керекті мәліметтер алдық, енді керекті сөздерді қазақша, орысша, ағылшынша айтып көрейік: кесте-таблица-table, терезе-окно-window, өлшем-размер- -size, ұяшық-ячейка-cell, баған-столбец- column, қатар-строка- string, бет-лист- page.
Оқушылар Microsoft Excel-ге кіріспе, Microsoft Excel-мен танысу ұғымын алады.

Керекті мәліметтерді дәптерге жазады. Оқушылар берілген сабақты оқиды.

Постер қорғайды.

Бағалау критерийлері бойынша топ басшы бағалайды.



Оқулық, маркер, тақта, плакат, А4 парағы, АКТ



«Эссе» әдісі. Оқушыларға плакат және маркерлер таратып беремін. Топтық жұмыс арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша эссе жазып. Microsoft Excel электрондық кестенің тиімді, тиімсіз және келешекте қолданатын жақтары туралы жазады, оны қорғайды.
«Эссе» жазады. Өзгелерді тыңдай отырып, білімдерін толықтырады.Оқушылар топтық жұмыс жасайды, яғни топпен бірге жаңа тақырып Microsoft Excel электрондық кестенің І топ пайдалы жағы, ІІ топ пайдасыз және ІІІ топ келешекте қолданатын жақтары туралы жазады, оны тақтаға шығып қорғайды.

Мысалға, Excel жай ғана бағдарлама емес, өйткені оны көптеген математикалық амалдарда, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдаланамыз. Сондықтан ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түсті диаграмммалар тұрғызып, жүргізуді қамтамасыз ете алады. Excel пайдалы жағы мүмкіндігінің көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолданылатындығында.


Бағалау критерийлері бойынша топ басшы бағалайды.

Оқулық, слайд, маркер, плакат

Деңгейлік тапсырмаларды орындау

І деңгей. А деңгейді орындау. 130-бет.

ІІ деңгей. В деңгейді орындау. 131-бет.

ІІІ деңгей. С деңгейді орындау. 131-бет.

Компьютерлік тәжірибелік жұмыс.

Оқушылар берілген деңгейлік тапсырмалар бойынша оқулықтан тәжірибелік жұмыстарды компьютерде орындайды. Бағалау критерийлері бойынша топ басшы бағалайды
Видеоролик

Оқушылар видеороликке қарап сергіту сәтін жасайды.




«Түсіну» әдісі. Жаңа тақырып бойынша сәйкес бос орындарды толтыру. Бұнда оқушылар жаңа тақырыпты түсінгендері бойынша сәйкес бос орындарды толтырады. Бағалау критерийлері бойынша топ басшы бағалайды.

1-тапсырма. Microsoft Excel бағдарламасының мүмкіндіктері: 1.Кесте құруға және оларға ат қойып, дискіге сақтауға; 2.Сақталған кестелерді ашуға және оларға түзету жасауға; 3.Кестеге жол, баған, немесе ұяшықтар қосуға; 4.Кестеден жол, баған немесе ұяшықтарды алып тастауға; 5.Жол, баған немесе ұяшықтар ішіндегісін көшіруге немесе орнын ауыстыруға; 6.Ұяшықтар ішіндегісін өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптауға; 7.Формулалар бойынша есептеулер жүргізуге; 8.Диаграмма тұрғызуға; 9.Графикалық объектілер кірістіруге; 10.Баспаға шығаруға мүмкіндік береді.

2-тапсырма. Microsoft Excel бағдарламасының элементтері: Меню, Тақырып жолы, Стандарттық тақта, Формула жолы, Форматтау тақтасы, Тапсырмалар аймағы , Жолдар тақырыбы, Бағандар тақырыбы, Қалып-күйлер жолы, Шиыру жолақтары.



3-тапсырма. Word және Excel терезелерінің ұқсастығын жазады.



Оқулық, А4 парағы, компьютер, слайд, бағалау парағы



Соңы

5 мин

Рефлекция

Бағалау

Үй тапсырмасы

Бүгінгі сабағыма Рефлексия

Смайликпен бағалау.

Топтық жиынтық бағалау.

Критериалды бағалау.

Рефлексия



  • Бүгін мен не білдім;

  • Қиындық тудырды;

  • Мен үйрендім;

  • Қолымнан келді.

Бағалау критерийлері:

6 балл-«5»

5 балл-«4»

4 балл-«3»

1-3 балл-«2»

Үйге тапсырма беру.

8.2 тақырып. Excel-ге кіріспе, берілгендерді енгізу, редакциялау.



І деңгей. Excel –дің қызметі қандай? және де негізгі категорияларын айтып беріңдер.

ІІ деңгей. Excel-де берілгендермен жұмыс

ІІІ деңгей. Excel-де берілгендерді редакциялау

Оқушылар күнделік дәптерлеріне жазып алады.


Жиынтық бағалау парағы, оқулық, үлестірме қағаздар, күнделік,




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет