Стерилизациялау әсерінің шамасы бойынша стерилизациялау формуласын анықтау . Стерилизациялау формуласын
есептеудің мейлінше кең
тараған және нақты дәлдігімен ерекшеленетін түрі графикалық әдістеме болып
табылады. Бұл тәсіл консервіні стерилизациялаудың термограммасын тұрғызуға,
споралардың (Ғ
-
әсер) инактивацияларының жалпы тиімділігін анықтауға және
соңғысын нормативтік есептеу тиімділігі мен салыстыруға (Ғ
0
) негізделген.
Консерві өндірісіне стерилизациялау тиімділігі ұғымы температура әсерінен және
стерилизациялаудың ұзақтығынан алынған интегралдық
әсердің әр түрлі
тәртіптерін бірыңғай салыстырмалы көрсеткіштерге реттеуге
енгізілген.
Стерилизациялау әсері (Ғ
-
әсер) белгілі температурада (шартты) минуттармен
берілген консервілерді стерилизациялау тәртібінің сенімді көрсеткіші.
Шартты температура ретінде 121,1°С алынады.