Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. В. Ломоносов атындағы №5 орта мектеп – лицейі бекітемін


-есеп. Мырыштан мырыш гидроксидін алыңдар. 3-есеп



бет4/7
Дата19.02.2017
өлшемі1,06 Mb.
#10499
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

2-есеп. Мырыштан мырыш гидроксидін алыңдар.

3-есеп. Темірден темір (ІІІ) гидроксидін алыңдар.

4-есеп. Сендерге берілген тұз – натрий карбонаты екенін дәлелдеңдер.

5-есеп. Сендерге берілген тұз – натрий сульфаты екенін дәлелдеңдер.

6-есеп. Ерітіндісі бар сынауықтардың қайсысында мынадай тұздар: темір (ІІІ) хлориді, мыс хлориді, кальций хлориді бар екенін анықтаңдар.

7-есеп. Ерітіндісі бар сынауықтардың қайсысында мынадай тұздар: темір (ІІІ) сульфаты, натрий сульфаты, мырыш сульфаты бар екенін анықтаңдар.

8-есеп. Нөмерленген 3 сынауықта натрий карбонаты, натрий сульфаты, натрий хлориді ерітінділері бар. Күміс нитраты ерітіндісін қолданбай әрбір затты анықтаңдар.

9-есеп. Темір (ІІІ) сульфатының сапалық құрамын анықтаңдар.

10-есеп. Кальций карбонатының сапалық құрамын анықтаңдар.

11-есеп. Сендерге берілген судың кермектігін жойыңдар.

12-есеп. Сендерге берілген кермек суда кальций сульфатының бар екенін дәлелдеңдер.

13-есеп. Берілген темір (ІІ) сульфатының ерітіндісінде темірдің (ІІІ) сульфатының қоспасы бар екенін дәлелдеңдер.

14-есеп. Сендерге берілген натрий гидроксиді ерітіндісі ашық банкіде сақтағанда біртіндеп натрий карбонатына айналатынын дәлелдеңдер.

15-есеп. Басқа реактивтерді қолданбай, ерітіндісі бар үш сынауықтың қайсысында: мырыш хлориді, магний хлориді, натрий гидроксиді бар екенін табыңдар.

16-есеп. Басқа реактивтерді қолданбай, ерітіндісі бар үш сынауықтың қайсысында: темірдің (ІІ) гидроксиді, калий гидроксиді, магний гидроксиді бар екенін анықтаңдар.

2 Сарамандық жұмыс.



Тақырыбы: Аммиактың алынуы, аммиактың сулы ерітінідісінің және аммоний тұздарының қасиеттерін зерттеу.

Жұмыстың мақсаты: Оқушыларды аммиак алуға арналған құрал жинауға үйрету, аммоний тұздарының қасиеттерімен таныстыру.

Құрал-жабдықтар: сынауықтар,спирт шамы,қасық, газөткізгіш түтік,

Реактивтер: индикаторлар (фенолфталеин, лакмус), кальций гидроксиді, аммоний хлориді, аммоний карбонаты.

Мазмұны: 1- тәжірибе. Аммиактың алынуы және оның суда еруі.

Қағазға немесе шыны ыдысқа бір қасық кальций гидроксидін және екі қасық құрғақ аммоний хлоридін салып араластырыңдар. Алынған қоспаны тұрғыға бекітілген құрғақ сынауыққа салыңдар және сынауықты газ өткізгіш түтігі бар тығынмен жауып жанарғымен қыздырыңдар.

Түзілген газды (3,а -сурет) төңкерілген сынауыққа жинаңдар. Жиналған аммиакты өзіне тән өткір иісінен оңай білуге болады. Аммиак жиналған сынауықты газ өткізгіш түтіктен абайлап, төмен қаратып тұрып босатады. Тез арада сынауықтың аузын бас бармақпен жауып, суы бар ыдысқа төңкеріп салу керек. Судың тез жоғары көтерілгеніне назар аударыңдар.

Судың астында сынауықтың аузын саусақпен жауып, кірген суымен бірге шығарып алып, фенолфталеинмен сынаңдар.

Неге тәжірибені жүргізгенде барлық ыдыстар құрғақ болуы керек?

Неге жинағыш- сынауықтыі аузын төмен қаратып ұстау керек?

Аммиактың алыну және еру реакцияларының теңдеулерін жазыңдар. Фенолфталеин қандай түске боялады? Неліктен қышқыл қосқан кезде түсі өзгереді? Неге сынауықтағы судың деңгейі көтерілді? Сендерге белгілі өткір иісті газдарды айтыңдар. Аммиак етітіндісінде лакмустың түсі қандай болуы керек?

2-тәжірибе. Аммоний тұздарының қасиеттерін зерттеу.

1. Аммоний хлоридін айдау. Сынауыққа құрғақ аммоний хлоридінің аз мөлшерін салыңдар. Сынауықтың шетіне дымқыл фенолфталеин қағазын қрйыңдар. Аммоний хлоридін тездетіп қыздырыңдар. Фенолфталеиннің түсінің өзгеріп, қайтадан оның жойылуына назар аударыңдар.

Сынауық қабырғасында пайда болған ақ дақ бар ма және сынауық түбінде салынған тұз қалды ма қараңдар.

Неге басында фенолфталеиннің түсі өзгеріп, одан кейін жоғалды? Сынауық қабырғасындағы ақ дақтың құрамы қандай? Сынауықтың түбіндегі тұз неге жоғалды?

Сынауықта химиялық рекакция жүрді ме? Егер жүрсе, реакция теңдеулерін жазыңдар. Аммоний хлоридінің және йодидінің айдаудың айырмашылығы мен ұқсастығы неде?



2. Аммоиний карбонатының термиялық айырылуы.

Сынауыққа құрғақ аммоний карбонатының аз мөлшерін салып, жанарғы жалынында 2-3 минут сынауықтағы тұздың барлығы жоғалғанша қыздырыңдар.

Тұз неге жоқ болады? Жүрген реакцияның өнімі қандай? Оның теңдеуін жазыңдар.

3. Аммоний тұздарының гидролизі. Көк лакмус қағазына аммоний хлоиді ерітіндісінің тамшысын тамызыңдар. Ерітіндінің реакциясы қандай? Неге? Жауаптарды реакция теңдеумен түсіндіріңдер.

3 Сарамандық жұмыс.



Тақырыбы: Сапалық реакция көмегімен ерітіндідегі иондарды анықтау.

Жұмыстың мақсаты: Оқушылардың бейорганикалық заттардың химиялық қасиеттері туралы теориялық білімдерін қолдана білулерін дамыту, сапалық реакциялар мен қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай отырып, эксперменттік есептерді шешу үшін бейорганикалық қосылыстардың практикада алыну тәсілдерін дамыту.

Құрал-жабдықтар: сынауықтар, спирт шамы, газөткізгіш түтік

Реактивтер: индикаторлар (фенолфталеин, лакмус), кальций хлориді, барий хлориді, барий нитраты, калий хлориді, натрий карбонаты, натрий хлориді, күміс хлориді, күміс нитраты, натрий нитраты, азот қышқылы (конц.),(сұйыт.), күкірт қышқылы (сұйыт.), (конц.), мыс ұнтағы, ортофосфор қышқылы, аммоний сульфаты, натрий гидроксиді.

Мазмұны: 1. Хлорид-ионға сапалық реакция.

4 сынауыққа 5-7 тамшыдан мынадай: 1-ші сынауыққа – кальций хлориді, 2-не барий хлориді, 3-не калий хлориді, 4-не натрий хлориді ерітінділерін құйыңдар. Әр сынауыққа 2 тамшыдан күміс нитратының ерітіндісін қосыңдар. Барлық сынауықтағы нәтижелерді салыстырыңдар.Ұқсастық байқала ма? Оны немен түсіндіруге болады? Барлық жүрген реакцияларының молекулалық және иондық түрде жазыңдар. Барлық иондық теңдеулерді өзара салыстырыңдар.

Әр сынауыққа бір тамшы концентрлі азот қышқылын қосыңдар. Өзгеріс байқала ма? Күміс хлоридінің қышқылдық ортадағы жай-күйі туралы не айтуға болады. Хлор анионына Сl- қандай ион реактив болатынына қорытынды жасаңдар.


2. Сульфат- ионына сапалық реакция.

Бір сынауыққа сұйылтылған күкірт қышқылын, 2-не натрий сульфатын құйыңдар және әрқайсысына барий хлориді немесе нитрат ерітіндісін құйыңдар.Түзілген тұнбаның құрамы қандай? Реакцияның молекулалық, толық және қысқартылған иондық түрде теңдеуін жазыңдар.SO42- ионына қандай ион реактив болып табылады?



3. Нитрат ионына сапалық реакция.

Сынауыққа 0,5г натрий нитратын (немесе басқа нитратты) салып, тұзды толығымен жабатындай етіп, концентрлі күкірт қышқылының ерітіндісін құйыңдар, содан кейін біраз мыс ұнтағын қосып қыздырыңдар. Қандай газ бөлінеді? Сынауықтағы ерітінді неге көгереді? Реакция теңдеуін жазып, электронды байланыс әдісімен коэффиценттерді қойыңдар. Тотықтырғыш және тотықсыздандырғышты көрсетіңдер.



4. Фосфат – ионға сапалық реакция.

Сынауыққа 1-2 мл ортафосфор қышқылының ерітіндісін құйып, осындай мөлшерде күміс нитратының ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.



5. Карбонат – ионға сапалық реакция.

Сынауыққа 1мл натрий карбонаты ерітіндісін және осындай көлемде барий хлориді ерітіндісін құйыңдар. Не байқалады? Реакцияның толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.

Сынауыққа 1 мл натрий карбонаты ерітіндісін құйып, бірнеше тамшы күміс нитратын құйыңдар. Не байқалады? Реакцияның толық және қысқартылған иондық теңдеуін жазыңдар.

Түзілген тұнбаға 0,5 мл сұйылтылған азот қышқылы ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Реакцияның толық және қысқартылған иондық теңдеуін жазыңдар.



6. Аммоний –ионына сапалық рекция.

Сынауыққа 5-7 тамшы аммоний сульфаты ерітіндісін құйып, 1-2 тамшы концентрлі сілті ерітіндісін қосыңдар. Дымқыл немесе фенолфталеин қағазын дайыңдаңдар. Сынауықтың қабырғасына тигізбей шетіне индикатор қағазын үстап тұрып, сынауықтағы коспаны қыздырыңдар. Индикатордың түсі өзгерді ме? Неге? Аммоний ионнына қандай реакция сапалық болып табылатыны туралы қорытынды жасаңдар.

1 мл еритін алюминий тұзы ерітіндісіне 1 тамшы сілті ерітіндісін қосыңдар. Не байқалды? Содан кейінгі тағыда бірнеше тамшы ерітіндісін қосыңдар. Жүрген реакция теңдеуін жазыңдар. Аммоний тұздарының танып білу туралы қорытынды жасаңдар.

4 Сарамандық жұмыс.



Тақырыбы: «Бейметалдар» тақырыбына эксперименттік есептер шығару.

Жұмыстың мақсаты: Бейорганикалық заттардың химиялық қасиеттері мен сапалық реакциялары және эксперименттік есептерді шешу үшін практикада бейорганикалық қосылыстарды алу тәсілдері туралы теориялық білімді, қолдана білуді жетілдіру, оқушылардың практикалық білімдері мен дағдыларын жетілдіру.

Құрал-жабдықтар: сынауықтар, спирт шамы, газөткізгіш түтік

Реактивтер: индикаторлар (фенолфталеин, лакмус), натрий сульфаты, магний сульфаты, аммоний сульфаты, аммоний нитраты, натрий карбонаты, калий хлориді, тұз, азот, күкірт қышқылы ерітінділері, натрий хлориді, кальций карбонаты, мыс (ІІ) оксиді, кальций оксиді.

Мазмұны: 1-есеп. Құрғақ заттары бар үш сынауық берілген: 1-ші сынауықта – натрий сульфаты, 2-де магний сульфаты, 3-де аммоний сульфаты.Қай сынауықта аммоний сульфаты бар екенін анықтаңдар.

2-есеп. Берілген зат – аммоний сульфаты екенін тәжірибе жүзінде анықтаңдар.

3-есеп. Лакмуспен аммоний нитраты, натрий карбонаты және калий хлориді ерітінділерін сынаңдар және байқалған өзгерісті түсіндіріңдер.

4-есеп. Сынауықтарда хлорсутек (тұз), азот және күкірт қышқылы ерітінділері бар. Қай сынауықта қандай қышқыл бар кенін анықтаңдар

5-есеп. Нөмерленген үш сынауықта тұз ерітінділері бар: а) аммоний

сульфаты, аммоний хлориді және аммоний нитраты; ә) натрий хлориді, нартий карбонат, натрий сульфаты. Қай сынауықта қандай тұз бар екенін анықтаңдар.



6-есеп. Екі ақ ұнтақғы : кальций карбонаты мен натрий карбонатын

қалай ажыратуға болады?



7-есеп. А) Мыс нитратын; Ә) Кальций карбонатын екі әдіспен алыңдар.

8-есеп. Мынадай айналуларды жүзеге асыру үшін тәжірибе

жүргізіңдер:

А) C→ CO2→ CaCO3 → CO2;

Ә) P → P2O5 → H3PO4 → Na2HPO4



Ag3PO4




Химиядан сұрақтар, жаттығулар, есептер.

1-тақырып. АТОМ-МОЛЕКУЛАЛЫҚ ІЛІМ.

1.1. Атомдық масса. Салыстырмалы атомдық

молекулалық масса, салыстырмалы молекулалық масса,

Молялдық масса. Зат мөлшері. Моль.


  1. СИ жүиесінде массаның өлшем бірлігі қандай?

  2. Қазіргі кезде массаның атомдық бірлігі ретінде не қабылданған? Неліктен бұрынға м.а.б. қабылданбаған?

  3. Неліктен бұрынға массаның атомдық бірлігі ретінде 16O изотоптың бір атомының массасы емес, оттек 16О изотопы массасының 1/16 бөлігі қабылданған?

  4. М.а.б. ретінде қабылданған химиялық элемент қандай талаптарды қанағаттандыруы керек?

  5. Химиялық элементтің орташа салыстырмалы массасын қалай есептейді? Мұндай есептеулер үшін қандай мәліметтер керек?

  6. Табиғи бром 79 Br және 81Br изтоптарынан тұрады. Бромның салыстырмалы атомдық массасы орташа шамасы 79,916 құрайды. Бромның әрбір изотопының массалық үлесін есептеңдер.

  7. Табиғи рубидий 85 Rb және 87Rb изотоптарының қоспасынан тұрады. Рубидийдің салыстырмалы атомдық массасын есептеп табыңдар.

  8. Моль түсінігіне анықтама беріңдер?

  9. Молярлық масса дегеніміз не? СИ жүйесінде оның өлшем бірлігі қандай? Салыстырмалы молекулалық масса мен молярлық массасының ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?

  10. Берілген заттар үлгілеріндегі құрылымдық бірліктер (молекула) санын есептеңдер: а) 198 г күкірт қышқылының; б) 1г газ тектес сутектің; в) 9 г судың; г) 28 г темірдің.

  11. 32 г оттек пен 32 г сутек қалдықсыз әрекеттесе ме?

  12. 2 л сутек пен 2 л оттек қалдықсыз әрекеттесе ме?

  13. Молярлық масса ұғымын қолдана отырып, массасын есептеңдер: а) күкірттің бір атомының; б) сутектің бір атомының.

  14. 54 г алюминийдегі алюминийдің зат мөлшері қандай?

  15. 56 г газтектес азотта азоттың қанша молкуласы болады?


1.2. Химиялық форулалар. Белгісіз заттардың эмпирикалық

және молекулалық формулаларын табу.

  1. Элементтердің массалық үлестері: ω(S) = 0,40 және ω(O) = 0,60 болатын күкірт оксидінің қарапайым формуласын табыңдар.

  2. Фосфор хлоридіндегі хлордың массалық үлесі 77,5% тең. Фосфор хлоридінің қарапайым формуласын табыңдар.

  3. Молибден оксидіндегі молибден массасының оттек массасына қатынасы екі. Молибден оксидінің қарапайым формуласын анықтаңдар.

  4. Күкірт оксидіндегі күкірт массасының оттек массасына қатынасы 1:2. Күкірт оксидінің қарапайым формуласын анықтаңдар.

  5. Құрамында 63,64 % азот және 36,36% сутек бар заттың формуласын анықтаңдар.

  6. Құрамында 40% магний оксиді MgO және 60% керемний (IV) оксиді SiO2 болатын минералдардың формуласын құрастырыңдар.

  7. Құрамында 73% ZnO және 27% SiO2 болатын силекаттың формуласы қандай?

  8. Құрамы ω(C) = 82,76% және ω(H) = 17,24% болатын газтектес заттың формуласын табыңдар. Газдың ауа бойынша тығыздығы 2,01.

  9. Массасы 3,8 г зат толық жанғанда массасы 2,2 г көмірқышқыл газы мен массасы 6,4 г күкіртті газ түзіледі. Заттың формуласын табыңдар.

  10. Көміртек пен сутектен тұратын массасы 2 г зат толық жанғанда массасы 4,5 г су түзіледі.Осы органикалық заттың формуласын табыңдар.

  11. Массасы 5,46 г оксидкке массасы 2,4 г оттек болатынын біле отырып, ванадий оксидінің формуласын құрастырыңдар.

  12. Массасы 14,6 г кристалгидратты сусыздандырғанда, массасы 7,6 г су жоғалтады. Кальций хлоридінің кристалогидратының формуласын анықтаңдар.

  13. Элементтердің массалық үлестері: ω(Са) = 0,2439; ω(N) = 0,1707 және

ω(O) = 0,5854 құрайтын қосылыстың қарапайым формуласын табыңдар.

1.3. Авагадро заңы және одан шығатын салдарлар.


  1. Мына газдардың сутек бойынша тығыздықтарын анықтаңдар: азот, оттек, хлор, фтор, неон, аргон және көмірқышқыл газы.

  2. Мына газдардың ауа бойынша тығыздықтарын анықтаңдар: азот, оттек, хлор, фтор, неон, аргон және көмірқышқыл газы.

  3. Әуе шарлары мен дирижабльдерді қандай газдар мен толтыру керек? Есептеулер келтіре отырып, дәлелді жауап беріңдер.

  4. Сутек бойынша салыстырмалы тығыздықтары сәйкес 16; 38; 22 болатын газдардың молярлық массасын анықтаңдар.

  5. Ауа бойынша салыстырмалы тығыздықтары сәйкес 1,517; 0,966; 2,45 болатын газдардың молярлық массасын анықтаңдар.

  6. 1л озонның массасы (қ.ж.) 2,143 г тең. Озонның молярлық массасын және оның ауа бойынша тығыздығын анықтаңдар.

  7. Қалыпты жағдайда 2 л көлемінің массасы 5 г газтектес заттың салыстырмалы молекулалық массасын табыңдар.

  8. 1,4 г сутек пен 5,6 г азот газдары қоспасының алатын көлемін (қ.ж.) анықтаңдар.



1.4. Химиялық теңдеулер. Химиялық теңдеулер

бойынша есептеулер.

  1. Массасы 12 г магний жанғанда магний оксидінің қандай массасы түзіледі?

  2. Массасы 10 г мыс (I) оксиді Cu2O мен массасы 10 г мыс (II) оксидін CuO сутекпен тотықсыздандырғанда судың қандай зат өлшері түзіледі?

  3. Бертолле тұзы 2KCIO3 = 2KCI + 3O2 теңдеуі бойынша ыдырайды. Көлемі 5 л (қ.ж.) газометрді толтыруға жететін оттек алу үшін осы тұздаң қандай массасын ыдырату керек?

  4. Массасы 4 г сутек пен 24 г оттек қоспасы қопарылғанда судың қандай массасы түзіледі?

  5. Массасы 200 г кальций карбонатын алу үшін сода Na2CO3 және кальций хлоридінің CaCI2 қандай массасын жұмсау кере?

  6. Қалыпты жағдайда көлемі 67,2 л көмірқышқыл газын алу үшін CaCO3 қандай массасы қажет?

  7. Массасы 14,6 г хлорсутекпен 8 г аммиак араластырылған. Аммоний хлоридінің қандай массасы түзіледі? Реакциядан соң қандай газдың мөлшері қанша көлемде артық қалады?

  8. Массасы 117 г натрий хлориді мен 147 г күкірт қышқылы араластырылған. Қалыпты жағдайға келтірілген хлорсутектің қандай көлемі алынады? Реакциядан соң қай заттың артық мөшері қалады және оның массасы қандай?

  9. Массасы 4 г натрий гидроксидінде болатын молекулалар литий гидроксидінің қандай массасында болады?

  10. Массасы 5г металл сумен әрекеттескенде оның тотығу дәрежесі +2 қосылысы және қалыпты жағдайда көлемі 2,8 л сутек түзілді. Осы металды анықтаңдар.

  11. Қалыпты жағдайда көлемі 5,6 л көміртек (IV) оксидінің толық жұтылуы үшін 12% калий гидроксидінің (тығыздығы 1,1 г/смЗ ) қандай көлемі қажет болады?

  12. Жалпы көлемі 40мл сутек пен оттек қоспасы қопарылғанда, көлемі 4 мл оттек қалады. Қоспадағы сутектің массалық үлесін (%) анықтаңдар.

  13. Массасы 1кг H2-ден NH3- тіңқандай массасы алынуы мүмкін?

  14. Егер реакция 4NH3 + 5O2 = 4NO + 6H2O теңдеуі бойынша жүретін болса, онда көлемі 1000 мЗ аммиактың тотығуына оттектің қандай көлемі жұмсалады?

  15. Массасы 1кг калий нитраты 288 К және 100 кПа жағдайында ыдырағанда алынатын оттек көлемін анықтаңдар.


2.Орынбасу реакциясы теңдеулері бойынша есептеулер.

  1. Көлемі 250 мл CuSO4 ерітіндісіне массасы 40 г темір тақташасы салынды. Егер реакциядан кейін тақташаның массасы 42 г болса, онда түзілген мыс пен ерітіндідегі темір (ІІ) сульфатының молярлық концентрациясының массасын анықтаңдар.

(Жауабы: 16г Cu, 1M FeSO4)

  1. FeSO4 және CdSO4 ерітіндісіне әрқайсысының массаысы 10 г бірдей мырыш тақташасы салынған. Реакциядан соң тақташаларды жауып, кептіргенде, олардың біріншісінің массасы 9,095 г, ал екіншісінікі 14,702 г болатыны белгілі болды. Екі жағдайда да әрекеттескен темір және кадмий массасын есептеңдер.

(Жауабы: 5,6 г Fe және 11,2 г Cd)

  1. Массасы 70,4 г мыс тақташасын күміс нитраты ерітіндісінде батырғаннан кейін оның массасы 85,6 г болды. Ода соң тақташа 400 мл 64%-ті азот қышқылы ерітіндісінде (p=1,4г/мл) ерітілді. Азот қышқылы азот (IV) оксидіне дейін тотықсызданады деп есептеп, ерітіндідегі азот қышқылының массалық үлесі қалай өзгеретінін табыңда.

(Жауабы: 14,9%)

  1. 50 г 15% мыс сульфаты ерітіндісіне (p=1,12 г/мл) массасы 5г темір тақташасын салғанда біраз уақыттан кейін тақташаның массасы 5,154г тең болады. Реакциядан кейін ерітіндідегі мыс сульфатының массалық үлесін есептеңдер.

(Жауабы: ω=0,095)

  1. Құрамында ерімтал тұздарыболатын ерітіндіден күмісті бөліп алу үшін ерітіндіні түйіршік мырыш қосып қайнатқаннан кейін металл массасы 7,5 г өсті. Ерітіндіден қанша грамм күміс бөліп алынған?

(Жауабы: 10,8 г)

  1. Массасы 20 г мыс тақташасын реакция толық аяқталғанша күміс нитратының ерітіндісіне слған соң тақташа массасы 19% өсті. Бастақы ерітіндідегі күміс нитраты ерітіндісінің массасын есептеңдер.

  2. Массасы 8 г темір тақташасын біраз уақыт массасы 250 г, массалық үлесі 15%-тік мыс (II) сульфатының ерітіндісіне салғанда, тақташаның массасы 8,77 г болды. Реакциядан соң ерітіндідегі мыс сульфатының массалық үлесін (%) табыңдар.

(Жауабы: 8,63%)

8. Тұз қышқылының ерітіндісіне массасы 50 г металл тақташа салынған. Көлемі 0,336 л (қ.ж.) сутекті ығыстырғанда тақташа массасы 1,68% ке азаяды. Тақташа қандай металдан жасалған?



(Жауабы: темірден)

9. 4 г мыс сульфаты бар ерітіндіге кадмий тақташасын салғанда, мысты толық ығыстырғаннан кйін тақташаның массасы 3%-ке азайды. Ерітіндіге салыған тақташаның массасын анықтаңдар.



(Жауабы: 40 г)

10. Кадмий сульфаты ерітндісіне массасы 50 г мырыш тақташасы салынған. Реакция нәтижесінде барлық ығыстырылған кадмий тақташада бөлінгенде, оның массасы 3,76%-ке өсті. Тақташада қанша кадмий бөлінді?

11. Металдан жасалған, массасы бірдей, екі зарядты ион түзетін екі тақташаның біреуін мыс хлоридінің, екіншісін кадмий хлоридінің ерітіндісіне салғанда, біраз уақыт өткеннен кейін мыс хлориді ерітіндісіне салған тақташаның массасы 1,2%-ке, ал екіншісінікі 8,4%-ке өсті. Мыс және кадмий хлоридтерінің молярлық концентрациясының азаюы бірдей болды. Тақташалар қандай металдан жасалған?

(Жауабы: темірден)

12. Массасы 10 г мыс тқташасы массасы 250 г 20%-тік күміс нитраты ерітіндісі бар стаканға салынған. Тақташаны шығарып алғанда, күміс нитратының массасы 20%- ке азайғаны байқалды. Реакция аяқталғаннан соң тақташаның массасын және қалған ерітіндідегі күміс нитратының массалық үлесін (%) анықтаңдар.



(Жауабы: 14,6 г, ω(AgNO3) = 16,3%)

13. Күміс нитраты ерітіндісіне массасы 9,547 г мыс тақташасы салынған. Біраз уақыттан кейін тақташа ерітіндіден алынып, шайылып, кептіріліп, өлшегенде оның массасы 9,983 г болды. Тақташада қанша күміс бөлінді?



(Жауабы: 0,62 г)

14. 200 мл 0.1М мыс сульфаты ерітіндісне массасы 10,112 г темір тақташасы салынған. Ерітіндіден барлық мысты ығыстырғанда, тақташаның массасы қандай болды?



(Жауабы: 10,267 г)
3. Параллель жүреін реакциялар теңдеулері

бойынша есептеулер.

  1. Массасы 10,4 г темір мен магний қоспасын тұз қышқылында еріткенде 6,72 л (қ.ж.) сутек бөлінеді. Қоспадағы әрбір металдың массасын табыңдар.

(Жауабы: 5,6 г темір және 4,8 г магний)

  1. Жалпы массасы 26,6 г калий және натрий хлоридтерін өңдегенде 31,6 г олардың сульфаттары түзілді. Бастапқы жіне түзілген қоспаның құрамын анықтаңдар.

(Жауабы: 14,9 г KCI, 11,7 г NaCI, 17,4 г K2SO4, 14,2 г Na2SO4)

  1. Жалпы массасы 59,65 г калий перманганаты мен бертолле тұзының қоспасын ыдыратқында 6,72 л (қ.ж.) оттек бөлінді. Қоспа құрамын анықтаңдар.

(Жауабы: 47,40 г KMnO4, 12,25 г KCIO3)

  1. Жалпы массасы 1,28 г калий және натрий гидридтерінің қоспасын сумен өңдегенде 200 мл гидроксид ерітіндісі түзіледі. Егер 50мл алынған ерітіндіні бейтараптауға 5 мл 0,1M тұз қышқылы ерітіндісі жұмсалған болса, гидридтер қоспасының құрамын анықтаңдар.

(Жауабы: 0,8 г KH және 0,48 г NaH)

  1. Құрамында 4,919 г калий хлориді және бромиді қоспасыбар ерітіндіге күміс қосқанда, нәтижесінде 9,055 г күміс хлориді және бромиді қоспасы түзілді. Алынған және түзілген қоспаның құрамын анықтаңдар.

(Жауабы: Бастапқы қоспа -3,725г KCI, 1,19г KBr

Түзілген қоспа - 7,175г AgCI, 1,88г AgBr)



  1. Жалпы массасы 5,2 г магний және кальций карбонаты қоспасын ерітуге 1,344 л (қ.ж.) көмірқышқыл газы қажет болды. Карбонаттар қоспасының құрамын анықтаңдар.

(Жауабы: 4,2г MgCO3, 1г CaCO3)

  1. Жалпы массасы 2,85 г калий және мырыш хлоридтерінің қоспасын күкірт қышқылымен өңдегенде және ерітіндіні құрғағанша буландырғанда 5,09 г калий және мырыш сульфаттарының қоспасы түзілді. Бастапқы және түзілген қоспалардың құрамын анықтаңдар.

(Жауабы: Бастапқы зат-1,49 г KCI, 1,36 г ZnCI2,

түзілген қоспа -3,48г K2SO4, 1,61г ZnSO4)



  1. Жалпы массасы 1,52 г калий және натрий гидридтерінң қоспасын сумен өңдегенде 1,12 л (қ.ж.) газтектес зат түзілді. Гидридтер қоспасының құрамын анықтаңдар.

(Жауабы: 0,8 г KH және 0,72 г NaH)
Каталог: uploads -> doc -> 0ea0
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ea0 -> Сабақтың мақсаты Білімділігі
0ea0 -> Сергіту жаттығу Жарияланды 19-02-2013, 21: 20 Категориясы: Бастауыш сынып


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет