Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. В. Ломоносов атындағы №5 орта мектеп – лицейі бекітемін


Тізбектеле жүретін реакция теңдеулері



бет5/7
Дата19.02.2017
өлшемі1,06 Mb.
#10499
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

4.Тізбектеле жүретін реакция теңдеулері

бойынша есептеулер.

  1. Массасы 60г пиритті темір (III) гидроксидін алу мақсатында мына тізбек бойынша химиялық айналуларға ұшыратқан: FeS2→Fe2O3→FeCI3→Fe(OH)3 . Егер барлық реакциялар реактивтердің жеткілікті мөлшерімен және шығынсыз жүргізілсе, соңғы өнімның массасы қандай болғаны?

  2. Азот қышқылын алудағы азоттан мына айналулар тізбегі бойынша: N2→NH3→NO→NO2→HNO3 алады. Егер барлық реакциялар реактивтердің жеткілікті мөлшерімен және шығынсыз жүргізілсе, 126 г азот қышқылын алу үшін ауаның қандай көлемі қажет?

  3. Күкірт қышқылын өндірісте мына айналулар тізбегі көмегімен алады: FeS2→SO2→SO3→H2SO4 . Егер жалпы шығым тоериялық мүмкіндікке қарағанда 80% болса, 10 тонна сусыз күкірт қышқылын алу үшін қанша жалпы шығым тоериялық мүмкін тонна пирит қажет?


2-тақырып. АТОМ ҚҰРЫЛЫСЫ.

2.1. Изотоптар. Радиоактивтілік.

  1. Изотоптар дегеніміз не?

  2. Мына бөлшектердің заряды мен массасы қандай: а) электронның, б) протонның, в)нейтронның, г)α –бөлшектердің, д)β-бөлшектердің?

  3. Протий, дейтерий, тритий атомдарының бір-бірінен айырмашылығы қандай?

  4. «Химиялық элемент» түсінігіне анықтама берідер?

  5. Мына элементтердің α –ыдырауы нәтижесінде қандай изотопта алынады: а) радий 22688Ra, б)торий 23290 Th, в) радон 22286Rn . Изотопты оның белгісін, реттік нөмірін, элементтердің периодтық жүйедегі тобын атаңдар.

  6. Қай элементтің изотобы бес α –бөлшек және екі β-бөлшек түзетін торий 23290 Th атомының біртіндеп ыдырауының нәтижесінде алынады?

  7. Атомдағы электронның жағдайы қандай төрт квант санымен сипатталады? Кальций атомының сыртқы электрондары үшін олардың мәндері қандай?

  8. Паули принципі, энергияның минимумының ринципінің, Хунд ережесінің мағынасы неде?

  9. Элементтердің периодтық жүйесінде қай элементтер s-, p-, d- және f-элементтерге жатады?

  10. Атомдарда қай энергетикалық деңгей бірінші толады: 4s немесе 3d; 4p немесе 3d? Неліктен?

  11. s-, p-, d- және f-электрондардың максимал сандары қанша болуы мүмкін? Неліктен лантаноидтар тобына он төрт элемент жатады?

  12. Төртініші периодта қосымша топшаларды он элемент бастайтынын немен түсіндіруге болады? Жауаптарыңды осы элементтер атомдарының құрылысы тұрғысынан түсіндіріңдер.

  13. Күкірт пен марганец элементтері атомдарының энегетикалық деңгейлері мен деңгейшелерінде электрондар қалай орналасқан?

  14. Атомда 5p деңгейшесінен кейін қандай деңгейше толады? Цезий элементі атомының электрондық формуласын құрастырыңдар?

  15. Мыс және фосфор элементтері атомдарының электрондық формулаларын құрастырыңдар.

  16. Реттік нөмірлері 13- және 21-элементтер атомдарының электрондық формулаларын құрастырыңдар.

  17. Фтор атомның валеттік электрондарының саны қандай? Валенттік байланыс әдісі тұрғысынан F2 молекуласының түзілуін түсіндіріңдер.

  18. Азот және фосфор атомдарының электрондарының квант ұяшықтарына орналастырыңдар және азотқа бес валентті жағдай мүмкін емес, ал фосфорға мүмкін болатындығы неліктен екендігін түсіндіріңдер.

  19. Екі және төрт валентті көіртек атомының ұяшықтарында электрондар қалай орналасады?

  20. Хлор атомында квант ұяшықтарына электрондарды орналастырңдар. Оның атомдарында қалыпты және қозған жағдайда қанша жұптаспаған электрондар болады? Хлор қандай валенттілік көрсетуі мүмкін?

  21. Күкірт атомындағы электрондарды квант ұяшықтарына орналастырңдар. Оның атомдарында қалыпты және қозған жағдайда қанша жұптаспаған электрондар болады? Күкірт қандай валенттілік көрсетуі мүмкін?



2.2. Д.И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің

периодтық заңы мен периодтық жүйесі.

  1. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы қалай тұжырымдалады?

  2. Элементтердің периодтық жүйесінде период, топ, топша дегеніміз не? Кіші периодтардың үлкен периодтардан айырмашылығы неде?

  3. Элементтердің қасиеттері атомдық масалары өскен сайын кіші периодта және негізгі топшада қалай өзгереді?

  4. Элементтердің периодтық жүйесінде нағыз металдар мен бейметелдар қайда орналасқан?

  5. Д.И.Менделеев қандай элементтерді «типтік» деп атады, неліктен?

  6. Д.И.Менделеев болжаған элементтерді атаңдар.

  7. Элементтің реттік нөмірінің, топ нөмірінің, периодтың физикалық мәні неде?

  8. Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі элементтер қасиеттерінің өзгеру периодтылығы мен олардан түзілген жай және күрделі заттардың период бойынша өзгеруінің себебі қандай?

  9. Негізгі топшадағы және периодтағы өзгерістердің сандық сапалық арақатынасын қайдан көруге болады?

  10. Периодтық заңның түсіндірмелі, жалпылама және болжама функциялары қайдан көрінеді? Мысалдар келтіріңдер.

  11. Д.И.Менделеев болжаған периодтылық туралы білімді одан әрі дамытудың дұрыстығын қалай дәлелдейсіңдер?

  12. Элементтердің периодтық жүйедегі орнына байланысты хормның қасиеттерін сипаттаңдар, хорм (VI) оксидінің формуласы және оған сәкес гидроксидтерінің формуласын құрастырыңдар.

  13. Элементтердің периодтық жүйедегі германийдің, технецийдің, қалайының, стронций мен цезийдің орнына байланысты германий қышқылының, технецийдің жоғары оксидінің, қалайының сутектік қосылысының, стронций дигидрофосфаты мен цезий гидроксидінің формулаларын құрастырыңдар. Осы қосылыстардың құрылым формулаларын график түрінде суреттеңдер.

  14. Реттік нөмірлері 24, 25, 32, 74, 82 элементтерінің жоғары оксидтерінің формулалары қандай? Осы оксидтерге сәйкес келетін қышқылдардың формулаларын жазыңдар.

  15. Реттік нөмірлері 14, 15, 32, 51, 52 элементтерінің сутектік қосылыстарының формулалары қандай?



3-тақырып. ХИМИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ

МОЛЕКУЛА ҚҰРЫЛЫСЫ

  1. Бір топтың элементерінің электртерістігі қалай өзгереді?

  2. FeO, Fe2O3, Ca3P2, P2O3, P2O5, AsH3 қосылыстарындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтаңдар.

  3. H2S, PCI5, Fe2O3, PH3, SiH4 қосылыстарының молекулаларында жалпы электрон жұптары қай элемент жағына қарай ығысады? Қысқышы анықтама беріп, иондық және коваленттік (полюсті жәнеполюссіз) химиялық байланыс түзу сызбанұсқасын көрсетіңдер.

  4. Дипольдік момент дегеніміз не? Оның өлшем бірлігі қандай? HF, HCI, HBr немесе HJ молекулаларының қайсысында ең үлкен диполь болады? Жауаптарыңды сәйкес элеметтердің электртерістігі бойынша түсіндіріңдер.

  5. C=O, S=O, H-O байланыстары полюсті болғанына қарамастан, СO2 және SO2 молекулалары полюссіз, ал H2O және SO2 молекулалары дипольді болады. Берілген байланыстардың қайсысы күшті полюсті? Неліктен?

  6. N2, H2S, CO2, NH3, CaCI2 молекулалары байланыстың қай типі бойынша түзілген? Осы молекулалардың құрылысын электрондық сызбанұсқа түрінде суреттеп, байланыс сипатын анықтаңдар.

  7. CH4, CI2, H2O, HCI молекулаларының құрылысын электрондық сызбанұсқа түрінде суреттеп, байланыс сипатын анықтаңдар.

  8. F2, CH4, BaCI2, H2O, CS2, CaS молекулаларының құрылысын электрондық сызбанұсқа түрінде суреттеп, байланыс сипатын анықтаңдар.

  9. Коватенттік полюсті бйланысты H2S, H2O, HBr, HJ молекулалары құрылысының электрондық сызбанұсқасын жазыңдар. Осы қосылыстардың әрқайсысындағы элементтердің тотығу дәрежесінкөрсетіңдер.

  10. F2, Br2, NH3 молекулаларының электрондық сызбанұсқасын жазыңдар.

  11. J2, HJ, NaJ молекуласындағы химиялық байланыс типін анықтаңдар.

  12. CS2, CIF, CO2 молекулаларындағы байланыс сипатын аықтаңдар. Жалпы электрон жұптарының ығысу бағытын көрсетіңдер.

  13. Na2S, MgCI2, CuO, AI2O3 қосылыстары түзілуінің электрондық сызбанұсқасын жазыңдар.

  14. N2, N2O5, Ca3N2 молекулаларындағы химиялық байланыстың типін анықтаңдар. Осы қосылыстардың түзілуінің электрондық сызбанұсқасын жазыңдар.

  15. Сутек молекуласының электрондық сызбанұсқасын жазыңдар. δ- байланысты көрсетіңдер.

  16. Ацетилен C2H2 және азот N2 молекулаларында қанша σ- және π-байланыстар бар? Электрондық орбитальдардың әрекеттескін ескере отырып, осы молекулалардың түзілу сызбанұсқасын жазыңдар.



4-тақырып. ЕРІТІНДІЛЕР. ЕРІТІНДІЛЕРДІҢ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫН ӨРНЕКТЕУ ТӘСІЛДЕРІ.

4.1. Массалық үлес. Көлемдік үлес.

  1. 220 мл суда 30 г қант ерітілді. Ерітіндіде еріген заттың массалық үлесін есептеңдер.

  2. 450 мл суда 50 г тотяйын ерітілген.Ерітіндідегі тотяйынның және сусыз мыс сульфатының массалық үлестерін (%) анықтаңдар.

  3. 800 мл 12%-тік ас тұзының ерітіндісінде болатын су мен тұздың массаларын анықтаңдар.

  4. 100 г MgSO4*7H2O ащы тұзынан 3%-тік магний сульфаты ерітіндісінің қандай массасын дайындауға болады?

  5. 15%-тік ерітінді дайындау үшн 200 г берілген затты судың қандай массасында еріту керек?

  6. Натрий сульфатының 5%-тік ерітіндісін дайындау үшін 100 г Na2SO4*10H2O тұзын судың қандай массасында еріту керек?

  7. 92 смЗ суда 5,38 г мырыш сульфатының кристалгидраты ZnSO4*xH2O ерітілді. Кристалгидрат формуласын анықтаңдар.

  8. Берілген заттың 300 г 25%-тік ерітіндісі мен 400 г 40%-тік ерітіндісі араластырылған. Түзілген ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін (%) анықтаңдар.

  9. 242 г 26,7%-тік ерітінді дайындау үшін 20%-тік және 32,1%-тік тұз қышқылы ерітінділерінің қандай массалары қажет?

  10. 100 г 15,5%-тік натрий хлоридінің ерітндісіне оның 17,5%-тік ерітндісін дайындау үшін қанша грамм құрғақ натрий хлоридін қосу керек?

  11. 2 г 30%-тік натрий карбонатының ерітіндісін дайындау үшінқанша грамм 20%-тік ерітінді және сусыз натрий карбоаты қажет?

  12. 50 г 20%-тік натрий сульфаты ерітіндісін дайындау үшін 5%-тік ерітінді мен кристалгидраттың Na2SO4*10H2O қандай массасы қажет?

  13. 480 г 25%-тік мыс сульфаты ерітіндісін дайындау үшін қанша грамм су және кристалгидраттың СuSO4*5H2O қанша грамы қажет?

  14. Темір сульфаты ерітідісінің 3,8%-тік ерітіндісін дайындау үшін 27,8 темір купоросына қанша грамм су қосу қажет?

  15. Мыс сульфатының 200 г 4%-тік ерітіндісіне 50 г кристалгидрат CuSO4*5H2O қосылған. Алынған ерітіндідегі мыс сульфатының массалық үлесін (%) есептеңдер.

  16. Қоңыржай климатқа арналған 6CT-55A аккумуляторлық батареяға құйылған күкірт қышқылы ерітіндісінің тығыздығы 1,303г/смЗ болуы керек, бұл 40%-тік ерітіндіге сәйкес келеді. 4 л аккумуляторлық қышқыл дайындау үшін 98%-тік күкірт қышқылы мен дистелденген судың қандай көлемі қажет болады?

  17. Кәуап дайындау үшін қолданылатын асханалық сірке суы 3%-тік сірке қышқылы. Оны, әдетте, тығыздығы 1,070 г/смЗ 80%-тік сірке суы эссенциясын сұйылту арқылы дайындайды. 3 л асхана сірке суы ерітіндісін дайындау үшінсірке суы эссенциясының және ауыз судың қандай көлемдері қажет?

  18. Кейбір жараларға 5%-тік этил спиртіндегі йод ерітіндісін жағады, себебі ол йод суда нашар ериді. Йодтың массалық үлесі 0,05 (5%) 500 г ерітіндісін дайындау үшін алуға қажет йод пен спирттің массасын анықтаңдар.

  19. Күделікті тұрмыста кейбір жидектерді тұздау үшін 3%-тік ас тұзы ерітіндісін қолданады, ондағы натрий хлоридінің массалық үлесі 0,98. Жидектер тұздау үшін 10 л тздық дайындауға ас тұзы мен судың қанша грамы қажет болады?

  20. Кейбір ауруларды емдегенде, қанға құрамы бойынша қан плазмасына ұқсас болғандықтан физиологиялық ерітінді деп аталатын 0,90%-тік натрий злоридін қосады. 200 г физиологиялық ерітінді дайындау үшін қанша грамм химиялық таза натрий хлориді мен екі рет дистелденген су қажет болады?



4.2. Ерітінділердің молярлық концентрациясы.

  1. 500 смЗ 0,1M ерітінді дайындау үшін қанша сусыз натрий карбонаты қажет?

  2. 50 смЗ 2M ерітіндіде қанша натрий хлориді бар?

  3. Мектептің химиялық лабораториясында көптеген сапалық реакцияларды зерттеу үшін химиялық реактивтердің 0,1M ерітінділері қолданылады. 5 л 0,1M NaOH дайындау үшін қанша грамм натрий гидроксиді және су қажет?

  4. 3 л 1M ерітінде дайындау үшінқанша миллилитр 98%-тік H2SO4 (ρ=1,836 г/смЗ) қажет?

  5. 250 смЗ ерітіндіде 12 г магний хлориді бар. Ерітіндінің молярлық концентрациясын есептеңдер.

  6. 25%-тік мырыш сульфаты ерітіндісінің (ρ=1,3 г/смЗ) молярлық концентрациясы қандай?

  7. 10 смЗ 0,001M ерітіндіде еріген заттың қанша молекуласы болады?

  8. 100 смЗ 0,2M ерітінді мен немесе 200 смЗ 0,5M ерітіндінің қайсысында еріген заттың молекуласы көп?

  9. 40 г натрий гидроксидінеерітіндінің көлемі 500 смЗ тең болғанша су құйылады. Алынған ерітіндінің молярлық концентрациясы қандай?

  10. 2M ерітінді 20 есе сұйылтылған. Алынған ерітіндінің молярлығы қандай?

  11. 1 л 0,3M ерітінді дайындау үшін 3M ерітіндінің қандай көлемі қажет болады?

  12. 50 смЗ 2M ерітіндіге көлемі 400 смЗ болғанша су құйылды. Ерітіндінің концентрациясы қалай өзгереді?

  13. 1M ерітінді алу үшін 300 смЗ 0,5M ерітіндіге 4M ерітіндінің қандай көлемін қосу керек?

  14. 0,15M ерітінді алу үшін 0,2M және 0,1M ерітінділерін қандай көлемдік қатынаста араластыру керек?

  15. Калий гидроксиді ерітіндісін буландырғанда, осы заттың 10г алу үшін қанша миллилитр 5M калийгидроксидінің ерітіндісі қажет?



5-тақырып. ХИМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАР ЖҮРУІНІҢ

НЕГІЗГІ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.

5.1. Химиялық реакциялардың жылдамдығы.

  1. Химиялық реакцияның жылдамдығы дегеніміз не? Химиялық реакцияның жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді?

  2. Химиялық реакция жылдамдығы константасының физикалық мағынасы қандай?

  3. Химиялық реакциялардың жылдамдығына температура қалай әсер етеді? Вант-Гофф ережесін тұжырымдап, оның математикалық өрнегін жазыңдар.

  4. Химиялық реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті дегеніміз не және оның мәндері қалай өзгереді?

  5. Уақыт өткен сайын химиялық реакциялардың жылдамдығы қалай өзгереді және неліктен?

  6. Қандай реакциялар қайтымды деп аталады? Бірнеше мысалдар келтіріңдер.

  7. Әрекеттесуші массалар заңын тұжырымдаңдар. Әрекеттесуші заңын қолдана отырып, бірнеше нақты реакциялар жылдамдығы үшін мысалдар жазыңдар.

  8. Тепе-ңдік константасы дегеніміз не? Оның шамасына қандай факторлар әсер етеді?

  9. Химиялық тепе-теңдік жағдайына қандай факторлар әсер етеді? Ле-Шателье принципін тұжырымдаңдар.

  10. Кейбір реакцияның температуралық коэффициенті γ=2,5. Егер реакцияны жүргізу температурасын 600C тан 300C-қа дейін төмендетсек, осы реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді?

  11. Реакцияның температуралық коэффициенті 3-ке тең. Реакцияның бастапқы жалдамдығы 81 есе өзгеруі үшін реакция жүргізу температурасын қалай өзгерту керек?

  12. Егер реакцияны жүргізу температурасын 400C қа жоғарлатса, кейбір реакция лардың жылдамдықтары 16 есе өседі. Осы реакциялардың температуралық коэффициентін есептеңдер.

  13. A+B=C реакциясы 200C-та 16 минут ішінде, ал 70oC-та 0,5мин. Ішінде аяқталады. Осы реакцияның температуралық коэффициенті неге тең?

  14. Кейбір реакция 300C-та 32мин. бітеді. Егер температуралық коэффициент 4-кетең болса, реакция 30 с-та бітуі үшін реакция жүргізу температурасын қалай өзгерту керек?



5.2. Химиялық тепе-теңдік.

  1. Қандай химиялық реакциялар қайтымды, қандайлары қайтымсыз деп аталады? Мысалдар келтіріңдер.

  2. Әрекеттесетін заттардың қандай күйін химиялық тепе-теңдік деп атайды? Неліктен оны қозғалғыш немесе динамикалық деп атайды?

  3. Химиялық тепе-теңдіктің константасы дегеніміз не? Бірнеше қайтымды химиялық реакциялар үшін тепе-теңдік константасының өрнегін жазыңдар.

  4. Қайтымды реакцияның химиялық тепе-теңдігі қай жаққа ығысады?

А) реагенттердің біреуінің концентрациясын көбейткенде;

Б) өнімнің біреунің концентрациясын көбейткенде;

В) түзілген өнімнің біреуін араластырғанда.

5. Қайтымды реакцияларда температураны арттырғанда, химиялық тепе-теңдік қай жаққа ығысады?

А) егер тура реакция экзотермиялық болса;

Б) егер кері реакция экзотермиялық болса;

В) егер тура реакция энодтермиялық болса;

Г) егер кері реакция эндотермиялық болса;



6. Өршіткілердің көмегімен химиялық тепе-теңдікті ығыстыруға бола ма? Қайтымды реакцияларда олардың рөлі қандай?
6-тақырып. ЭЛЕКТРОЛИТТІК ДИССОЦИАЦИЯ ТЕОРИЯСЫ

6.1. Электролиттік теория тұрғысынан бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары.

  1. Қандай заттар электролиттер, қандай заттар электролит еместер деп аталады?

  2. Қандай процесс электролиттік диссоциация деп аталады?

  3. Неліктен қант пен глицериннің ерітінділері электр тогын өткізбейді?

  4. Иондардың атомдар мен молекулалардан айырмашылағы неде?

  5. Электролиттік диссоциация тұрғысынан қандай заттар қышқылдар, негіздер жіне тұздар деп аталады?

  6. Қышқылдар және негіздер ерітінділерінде қандай иондар болады?

  7. Электролиттік диссоциация дәрежесі дегеніміз не?

  8. Ерітінділерді сұылту мен температураны жоғарлату электролиттік диссоциация дәрежесіне қалай әсер етеді?

  9. Неліктен тұз қышқылы электр тогын жақсы, күкірт қышқылы нашар өкізеді?

  10. Неліктен бірдей температура мен концентрацияда сірке қышқылына қарағанда азот қышқылы электр тогын жақсы өткізеді?

  11. Күшті және әлсіз қышқылдар мен негіздерге мысалдар келтіріңдер.

  12. Орта, қышқыл және негіздік тұздардың ерітінділерінде қандайиондао болады?

  13. Қандай жағдайда электролит ерітінділеріндегі алмасу реакциялары аяғына дейін жүреді? Мысалдар келтіріңдер.

  14. Натрий хлориді мен күміс нитраты, алюминий сульфаты мен барий хлориді, калий сульфаты мен барий нитраты ерітінділері арасындағы молекулалық және иондық реакция теңдеулерін жазыңдар.

  15. Неліктен хлорсутек НСІ ерітіндіде мырышпен әрекеттеседі, ал сусыз хлорсутек мырышпен әрекеттеспейді?

  16. Бейтарап, қышқыл және сілті ерітінділерде фенолфталейннің түсі қандай?

  17. Егер етилоранжға а) КОН, б)КСІ қосса, оның түсі қалай өзгереді?

  18. Гидроксидтер қандай топтарға бөлінеді? Мысалдар келтіріңдер.

  19. Гидроксидтерді алу тәсілдерін атаңдар. Реакция теңдеулерін келтіріңдер.

  20. Гидроксидтердің маңызды химиялық қасиеттерін көрсетіңдер. Реакция теңдеулерін келтіріңдер.

  21. Қандай заттар қышқылдар деп талады?

  22. Қышқылдардың қандай трлері белгілі?

  23. Қышқылдар қалай жіктеледі? Мысдаркелтіріңдер.

  24. Қышқылдардың маңызды химиялық қасиеттерін атаңдар.

  25. Тұздардың алу тәсілдерін атап, сәйкес реакция теңдеулерінің мысалдарын келтіріңдер.

  26. Аттары мынандай тұздардың формулалары қандай: а) барий сульфаты; б)агний нитраты; в) калий сульфиді; г)калий гидросульфаты; д) темір (ІІІ) нитраты; е) алюминий гидроксохлориді.



6.2. Ерітінділердегі иондық реакциялар.


  1. Заттардың әрекеттесуінен реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар:

BaCI2 және K2SO4 ; Ba(NO3)2 және Na2SO4 ;

BaCI2 және Fe2(SO4)3 ; BaJ2 және Na2SO4.



  1. Реакциялардың иондық теңдеулерін жзыңдар:

FeCI3 + KOH =

BaCI2 + Na2CO3 =

Fe(NO3)3 + NaOH =

Fe2(SO4)3 + NaOH =

MgCI2 + AgNO3 =

MgCI2 + NaOH =

CuSO4 + BaCI2 =

ZnCI2 + NaOH =



  1. Заттар арасындағы реакциялардың молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар:

А) темір (ІІ)сульфиді және тұз қышқылы;

Б) темір (ІІІ) хлориді және натрий гидроксиді;

В) темір (ІІІ) сульфаты менкалий гидроксиді;

Г) калий карбонаты мен тұз қышқылы;

Д) қорғасын нитраты мен күкірт қышқылы.

Неліктен осы реакциялар аяғына дейін жүретінін түсіндіріңдер.



  1. Мына иондардың қайсысы әрекеттескенде ерімейтін заттар түзіледі? Ba2+ және SO42-; Na+ және OH-; Ag+ және CI-; H+ және OH-; Na+ және CO32-; Ca2+ және CO32-;

  2. Темір хлориді FeCI3 мен натрий карбонатының Na2CO3 концентрлі ерітінділерін араластырғанда темір гидроксиді Fe(OH)3 түзіледі және көміртек (IV) оксиді түзіледі. Реакцияның иондық теңдеулерін жазыңдар.


6.3. Судың диссоциациялануы. Сутектік көрсеткіш.


  1. Сутектік көрсеткіш дегеніміз не? Бейтарап ерітіндіде pH мәні қандай?

  2. Диссоциациясы толық деп есептеп, 0,002M күкірт қышқылының pH-ын анықтаңдар.

  3. pH=5,6 ерітіндідегі сутек иондарыны ерітіндідегі сутек иондарының концентрациясын анықтаңдар.

  4. pH-ты 7-ге жеткізу үшін 0,2M күшті қышқыл ерітіндісінің қандай көлемін, көлемі 2 л 2M натрий гидроксиді ерітіндісіне қосу керек?

  5. Егер екі ерітіндіде pH=10тжәне pH=6 болса, онда олардың қайсысында бос сутек иондары неше есе көп болады? Осы ерітінділердің қайсысында бос гидроксид иондары неше есе көп?

  6. pH=4 қышқыл ерітіндісіндегі сутек иондарының концентрациясын анықтаңдар.

  7. Сутек иондарының концентрациясы екі ерітіндіде 5*10-5 және 7*10-7 тең. Әрбір ерітіндінің pH-ын анықтаңдар.

  8. Егер [H+] =10-6 моль/л; [H+] =10-7 моль/л; [H+] =2,8*10-10 моль/л; [H+] =4,4*10-5 моль/л болса, онда pH-ын есептеңдер.

  9. 0,02M HNO3 ерітіндісінің pH-ын анықтаңдар.

  10. Егер pH=5,5 болса, онда ерітіндідегі сутек иондары мен гидроксид иондарының концентрациясын анықтаңдар.

  11. 0,01M натрий гидроксидінің NaOH pH-ын анықтаңдар.

  12. 2 л суға массалық үлесі 72%, тығыздығы 1,43 г/мл азот қышқылын қосқанда алынған ерітіндінің pH-ын есептеңдер.


Каталог: uploads -> doc -> 0ea0
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ea0 -> Сабақтың мақсаты Білімділігі
0ea0 -> Сергіту жаттығу Жарияланды 19-02-2013, 21: 20 Категориясы: Бастауыш сынып


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет