Тақырыбы: Химияның бастапқы түсініктері.
Жоспар: Химиялық элементтер сипаттамалары. Химиялық стехиометриялық заңдар.
Химиялық реакциялар, жіктелуі.
Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі.
Ерітінділер.
Мазмұны: Химиялық элементтер. Атом, молекула және олардың сипаттамасы. Салыстырмалы атомдық және молекулалық массалар. Химияның стехиометриялық заңдары; құрам тұрақтылық заңы, зат массасының сақталу заңы. Моль.Молярлық масса. Авогадро заңы. Молярлық көлем.
Химиялық реакциялар және олардың белгілері. Химиялық реакциялардың түрлері: қосылу, айырылу, орын басу, алмасу, экзо- және эндотермиялық, тотығу-тотықсыздану.
Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі. Бейорганикалық қосылыстардың химиялық қасиеттері және олардың генетикалық байланысы.
Ерітінділер. Қышқылдар мен негіздердің иондық теориясы. Иондық реакция. Қышқылдық-негіздік әрекеттесу теориялары. Протондық теория. Усановичтің жалпылама қышқылдық-негіздік теориясы. Тұздардың гидролизі.
№2 Дәріс.
Тақырыбы: Д.И.Менделеев құрастырған химиялық элементтердің периодтық заңы мен периодтық жүйесі.
Жоспар: 1. Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылысы.
2. Химиялық элементтердің атом құрылысы, электрондардың қозғалысы, энергетикалық деңгейлері, құрылысы.
3. Периодтық заң, маңызы.
4. Атомдардың валенттілігі және тотығу дәрежесі.
5. Қасиеттердің периодтық өзгеруі.
Мазмұны: Д.И.Менделеевтің периодтық заңы мен периодтық жүйені ашу тарихы. Периодтық заңның алғашқы тұжырымдамасы. Периодтық жүйенің құрылысы.Кіші және үлкен периодтар. Топтар мен топшалар. Периодтық заң мен периодтық жүйені атом құрылысы тұрғысынан қарастыру. Периодтық заңның қазіргі тұжырымдамасы. Химиялық элементтер қасиеттерінің атом ядросы заряды периодты тәуелділігі.
Атом құрылысы. Қарапайым бөлшектер (протон, нейтрон, электрон) және олардың сипаттамалары.Атом ядросының құрамы (протондар мен нейтрондар). Изотоптар. Электрондар. Электрон бұлттарының пішіндері s-, p-, d- электрондар. Электрондық орбитальдар. І-ІV периодтар элементтері атомдарының құрылысы және электрондардың энергетикалық деңгейлері, деңгейшелер және орбитальдарда бөлінуі. S-, p-, d- элементтер атомдарының электрондық конфирурациялары. Атомдардың валенттігі мен валенттілік мүмкіндіктері. Тотығу дәрежесі. Негізгі топшалар элементтерінің периодты түрде өзгеретін қасиеттері: атомдар және иондар радиусы, иондану потенциалы, электрон тартқыштығы, электртерістігі, тотығу дәрежесі. Жоғары оксидтері мен гидроксидтері қасиеттерінің периодты түрде өзгеруі. Сутекті қосылыстарының тұрақ\тылығы мен олардың қышқылдық-негіздік қасиеттерінің периодты түрде өзгеруі.
Периодты заңның ғылым мен техниканы дамытудағы және әлемді дидактикалық тұрғыдан түсінудегі маңызы.
№3 Дәріс.
Тақырыбы: Химиялық байланыс және зат құрылысы.
Жоспар: 1. Байланыс түрлері:
А) ковалентті
Б) ионды
В) металдық
С) сутектік
2. Кристалдық торлар.
3. Жиынтық қосылыстар.
Мазмұны: Зат құрылым бөлшектері: атом, молекула, ион. Химиялық байланыстардың түрлері мен түзілуі. Коваленттік байланыс: полюсті, полюссіз, донорлық-акцепторлық. Гибридтену типтері. Гибридтелген орбитальдар. Гибридтелген орбитальдардың пішіндері. Молекуларалық кеңістік құрылыстары. Химиялық байланыстың сипаттамалары: ұзындығы, энергиясы, бағытталуы, полюстігі.
Иондық байланыс. Иондық және коваленттік қосылыстардың қасиеттері. Металдық байланыс. Сутекті байланыс.
Кристалдық торларының түрлері: атомдық, молекулалық, иондық және металдық. Жай және күрделі заттар қасиеттерінің химиялық байланыс пен кристалл торлары түріне тәуелділігі.
Құрамы тұрақты және ауыспалы заттар. Жиынтық қосылыстар жөнінде қысқаша түсініктер.
№4 Дәріс.
Тақырыбы:_Химиялық_реакциялардың_жүру_заңдылықтары.__Жоспар'>Тақырыбы: Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары.
Жоспар: 1. Химиялық реакцияның жылдамдығы. Жылдамдыққа әсер ететін факторлар.
2. Катализ, химиялық тепе-теңдік, ығысу жағдайлары. Ле-Шателье принциптері.
Мазмұны: Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер ететін факторлар: заттың табиғаты, температура (Вант-Гофф ережесі), концентрация (әрекеттесуші массалар заңы), реагенттердің жанасу беті. Катализаторлар мен ингибиторлар.
Химиялық тепе-теңдік және оның ығысу жағдайлары. Ле-Шателье ұстанымы.
Химиялық процестерді басқарудағы реакцияның жүру заңдылықтарын білудің маңызы.
№5 Дәріс.
Тақырыбы: Металдардың жалпы қасиеттері.
Жоспар: 1. Негізгі және қосымша топша металдары.
2. Металдардың құрылысы, физикалық, химиялық қасиеттері.
3. Электролиз, металдардың жемірілуі.
Мазмұны: Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі металдар мен бейметалдардың атом құрылыстарының ерекшеліктері. Электртерістік пен иондану потенциалдары. Периодтар мен топтарға элементтердің металдық және бейметалдық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары.
Металдар. Периодтық жүйедегі орнына байланысты негізгі және қосымша топша металдарының сипаттамасы. Металдардың табиғатта таралуы. Металдардың физикалық қасиеттері. Құймалар. Қатты ерітінділер және интерметалдық қосылыстар туралы түсінік. Металдардың электрохимиялық кернеу қатары. Металдардың химиялық қасиеттері. Металдарды алудың негізгі жолдары. Металл оксидтерін сутекпен, көміртек (ІІ) оксидімен тотықсыздандыру және металлотермия. Аса таза металдар алудың бір жолы- электролиз.
Коррозияның түрлері және одан сақтану әдістері.
Қазақстандағы металар мен бейметалдардың пайдалы қазбалары.
Өнеркәсіптік, техникалық әртүрлі салаларда және тұрмыста металдар мен бейметалдарды пайдалану. Тірі организмдердің тіршілік әрекетіндегі металдар мен бейметалдардың маңызы.
№6 Дәріс.
Тақырыбы: Маңызды s-элементтер және олардың қосылыстары.
Жоспар: 1. Жалпы сипаттама. І А топ Na, K
II A топ Ca Mg
2. Элементтер қосылыстары.
Мазмұны: Периодтық жүйедегі s-элементтердің орналасуы. Олардың атом құрылыстарының ерекшеліктері. S-элементердің тотықсыздандырғыштық қасиеттерін салыстыру.
І топ негізгі топшасы металдары. І топтың негізгі топшасы металдарының жалпы сипаттамасы. Натрий мен калий. Табиғатта кездесуі. Натрий мен калийдің алынуы. Жай заттардың физикалық қасиеттері. Химиялық қасиеттері: галогендермен, оттекпен, күкіртпен, азотпен, фосформен, сутекпен, сумен әрекеттесулері. Маңызды қосылыстары:- оксидтері, гидроксидтері, тұздары (нитраттар, хлоридтер, сульфаттар, карбонаттар). Натрий мен калийдің қосылыстарының қолданылуы.
ІІ топ негізгі топшп металдары. Кальций мен магний. Табиғатта таралуы мен алынуы. Жай заттарының физикалық қасиеттері. Химиялық қасиеттері: галогендермен, оттекпен, күкіртпен, азотпен, фосформен, сутекпен, сумен қышқылдармен әрекеттесуі. Маңызды қосылыстары – оксидтері, гидорксидтері, тұздары (карбонаттар мен сульфаттар), олардың қасиеттері мен қолдануы.Судың кермектігі және жою әдістері.
№7 Дәріс.
Тақырыбы: d-элементтердің жалпы сипаттамасы.
Жоспар: 1Жалпы сипаттама.
2. Cu, Zn, Cr, Fe қосылыстары.
Мазмұны: Мыс, мырыш, хром, темір. Олардың периодтық жүйеде орналасуы. d-элементтердің атом құрылыстарының ерекшеліктері. Табиғатта кездесуі. Бұл металдардың Қазақстандағы пайдалы қазбалары. Алынуы. Физикалық және химиялық қасиеттері. Хроммен, оттекпен және қышқылдармен және тұздармен әрекеттесуі. Маңызды қосылыстары – оксидтер, гидроксидтер және олардың ерекшеліктері. Тұздары. Тұздардың гидролизі. Хромның мысалында тотығу дәрежелеріне байланысты тотықтырғыш- тотықсыздандырғыш, қышқылдық-сілтілік қасиеттердің өзгеруі. Металдардың өнеркәсіпте қолданылуы және тірі организмдердің тіршілік әрекетіндегі маңызы.
№8 Дәріс.
Тақырыбы: Маңызды p- элементтер және олардың қосылыстары..
Жоспар: 1. Жалпы сипаттама.
2. Элементтер қосылыстары.
3. ІІІ А топ Al
IVA топ C және Si
VA топ N және P
VIA топ O және S
VIIA топ Cl және I
Мазмұны: Периодтық жүйедегі р-элементтердің орналасуы: оардың құрылыстарының ерекшеліктері. Р-элементтердің электртерістігі. Р-элементтердің Қазақстандағы маңызды пайдалы қазбалары.
ІІІ топтың негізгі топшасы элементтерінің жалпы сипаттамасы. Алюминий. Табиғатта таралуы. Алынуы. Физикалық қасиеті. Химиялық қасиеттері: галогендермен, оттекпен, күкіртпен, азотпен, сумен, қышқылдармен, негіздермен. Алюминий және оның қосылыстарының амфотерлік қасиеттері. Аl3+ сапалық анықтау. Алюминийдің және оның құймаларының қолданылуы.
Периодтық жүйеде орналасуына байланысты бейметалдардың жай заттары мен қосылыстарының өзгеруінің жалпы сипаттамасы.
ІV топтың негізгі топшасы элементтерінің жалпы сипаттамасы.
Көміртек және кремний. Табиғатта таралуы және алынуы. Көміртектің аллотропиясы (гибридтену типі, кристалдық торлары). Жай заттардың физикалық қасиеттері. Адсорбция және оның қолданылуы. Көміртек пен кремнийдің химиялық қасиеттері. Тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиеттері. Маңызды қосылыстары: көміртек (ІІ), көміртек (IV) оксиді және кремний (IV) оксиді, көмір және кремний қышқылдары және олардың тұздары. Карбонаттар мен силикаттардың гидролизі. Карбонат ионын сапалық анықтау. Көміртек, кремний және олардың қосылыстарының қолданылуы. Құрылыс материалдары: шыны, цемент, бетон.
V топтың негізгі топшасы элементтерінің жалпы сипаттамасы.
Азот және фосфор. Табиғатта таралуы. Азот пен фосфордың алынуы. Азот пен фосфор молекуласының құрылысы. Жай заттардың физикалық қасиеттері. Химиялық, тотықтырғыштық- тотықсыздандырғыштық қасиеттері. Азот пен фосфордың маңызды қосылыстары. Аммиак, молекуласының құрылысы, аммоний тұздары, оның қасиеттері және қолданылуы. Азот (ІІ) және (IV) оксидтері. Азот қышқылы, электрондық эәне құрылым формуласы. Физикалық қасиеттері. Нитраттар және олардың қасиеттері. Азот қышқылының металдармен және бейметалдармен әрекеттесуі. Фосфор (V) оксиді, фосфор (мета және ортофосфор) қышқылдары. Фосфаттар. Фосфаттардың гидролизі. Нитрат және фосфат ионының сапалық анықтау. Азот пен фосфор және олардың қосылыстарының қолданылуы.
IV топтың негізгі топшасы элементтерінің жалпы сипаттамасы.
Оттек және күкірт. Табиғатта таралуы. Оттек мен күкірттің алынуы. Оттек пен күкірт молекулаларының құрылысы. Жай заттардың физикалық қасиеттері. Күкірт пен оттектің аллотропиялық түр өзгерістері. Озонның алынуы және қасиеттері. Оттек пенк күкірттің химиялық қасиеттері. Тотықтырғыштық және тотықсыздандырғыштық қасиеттері. Маңызды қосылыстары. Су. Ауыр су. Судың физикалық және химиялық қасиеттері. Күкіртсутек және сульфидтер. Сульфидтердің гидролизі. Күкірт (IV) және (VI) оксидтері. Күкірт қышқылы, электрондық және құрылымдық формулалары. Физикалық қасиеттері. Сұйылтылған және концентрлі күкірт қышқылдырының қасиеттері. Сульфаттар және олардың қасиеттері. Сульфат ионын сапалық анықтау. Оттек пен күкірттің және олардың қасиеттерінің қолданылуы.
VIІ топтың негізгі топшасы элементтерінің сипаттамасы.
Хлор және иод. Табиғатта таралуы. Хлор мен иодтың алынуы. Молекулаларының құрылысы, жай заттардың физикалық қасиеттері. Химиялық қасиеттері: тотықтырғыштық және тотықсыздандырғыштық қасиеттері. Маңызды қосылыстары. Хлорсутек және тұз қышқылы, тұзқышқылының қасиеттері. Хлорсутек және тұз қышқылы, тұз қышқылының қасиеттері. Хлоридтер. Хлорид ионын сапалық анықтау. Хлор, иод және олардың қосылыстары. Йодтың биологиялық маңызы.
№9 Дәріс.
Тақырыбы:_Маңызды_химиялық_өнімдерді_алу_технологиясы.__Жоспар'>Тақырыбы: Маңызды химиялық өнімдерді алу технологиясы.
Жоспар: 1. Химиялық өндірістің жалпы ғылыми принциптері.
2. Пайдалы қазбалар.
3. Металлургия.
4. Силикат өнеркәсібі.
5. Аммиак өндірісі.
6. Азот қышқылы, минералды тыңайтқыштар, күкірт қышқылы өндірісі.
Мазмұны: Қоршаған ортаны қорғау.
Химиялық өндірістің жалпы ғылыми принцптері. Пайдалы қазбалар – Қазақстанның химия өнеркәсібінің шикізаты. Шикізат пен энергетика қорын тиіді пайдалану. Үздіксіз, аз сатылы және қалдықсыз өндірістерді ұйымдастыру.
Металлургия. Металдар кендері (оксидтер, сульфидтер және карбонаттар және т.б.) туралы түсінік Қазақстандағы металл кендерінің, оларды байыту, тотықсыздандыру және флотациялау. Металдарды өнеркәсіпті алудың негізгі жолдары: пирометаллургия (темір), электрометталургия (алюминий), гидрометаллургия (мыс).
Металдардың құймалары. Құрамдары мен қасиеттері (ыстыққа, коррозияға, әртүрлі орталарға төзімділіктері). Қазақстанда қара түсті металдар және олардың құймаларын өндіру. Құймалардың практикалық маңызы.
Шойын және болат өндірістері.
Алюминий алудың электрохимиялық тәсілі. Қазақстанның металлургия өнеркәсібі. Металлургия өнеркәсібіндегі экологиялық мәселелері.
Силикат өнеркәсібі. Шыны жасауға қажет шикізаттар. Цементті өнеркәсіпте алу. Бетон мен темірбетон. Қазақстанның силикат өнеркәсібі. Силикат өнеркәсібінде қоршаған ортаны қорға.
Аммиак өндірісі. Зат шығымын арттыруға әсер ететін қолайлы жағдайларды таңдау. Азот қышқылы өндірісі. Аммиак пен азот қышқылын алу өнеркәсібінде еңбек пен қоршаған ортаны қорғау.
Тыңайтқыштар өндірісі. Маңызды азот, фосфор жіне калий тыңайтқыштары. Ауыл шаруашылығында тыңайтқыштарды дұрыс сақтау және тиімді қолдану мәселелері.
Жанасу тәсілімен күкірт қышқылын өндіру. Күкірт қышқылын өндіру үшін пайдаланатын әртүрлі шикізаттар. Қазақстанның күкірт қышқылы өнеркәсібі. Күкірт қышқылы өндірісінде еңбек пен қоршаған ортаны қорғау.
№10 Дәріс.
Тақырыбы: Бейорганикалық химиядан алған білімді жүйелеу..
Жоспар: 1.Периодтық заң және периодтық жүйенің маңызы.
2.Қоршаған ортаны қорғау.
Мазмұны: Дүниені ғылыми-дидактикалық тұрғыдан ұғынудағы,ғылым мен техниканы дамытудағы периодтық заң және зат құрылысы туралы білімінің маңызы. Қазақстан Республикасының химия және металлургия өнеркәсіптерінің дамуы. Химия және металлургия өндірістері қалдықтарының қоршаған ортаны ластаудан күресу. Химиялық сауаттылық пен экологиялық мәдениет – ғылыми- техникалық прогрестің қажетті шарты.
Ломоносов атындағы № 5 орта миектеп-лицейі
Жаратылыстану – математикалық бірлестігі
Оқытушы мен оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырудың әдістемелік нұсқауы және мазмұны.
Талдықорған 2015ж
ООӨЖ №1.
Тақырыбы: Атом және молекула, олардың сипаттамасы.
Мақсаты: Атомдар, молекулалар, олардың басты сипаттамалары мен
анықтау тәсілдері туралы білімдерді қайталау және тереңдету.
Тапсырма:
1.Периодтық кесте көмегімен мынадай элемент атомдарының
протон, электрон және нейтрон сандарын анықтаңдар: азот,
фтор, натрий, күкірт, алюминий, фосфор.
2.Неліктен бір элемент бірнеше изотоп түзеді?
3. Мынадай заттардың салыстырмалы молекулалық
массаларын және зат мөлшерін есептеңдер: N2, AL2O3 ,H2SO4
Cu(OH)2 , Al2(SO4)3.
4. Массасы 0,32 г белгісіз зат толық жанғанда 0,64 г күкірт
(ІV) оксиді және 0,18 г су түзіледі. Осы қосылыстың
формуласын анықтаңдар.
5. Құрамында азоттың массалық үлесі 82,36%, сутектікі
17,64% болатын қосылыстың формуласын анықтаңдар. Оның
сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 8,5-ге тең.
Сұрақтар:
1. Атом, молекулаға сипаттама бер?
2. Авогадро заңының тұжырымдамасын қолданып, Авогадро
саны және кез келген газдың молярлық көлемі тұрақты шама
екенін дәлелдеңдер.
Әдебиеттер: 1,2,6 (6-7)
ООӨЖ №2.
Тақырыбы: Бейорганикалық заттар мен химиялық реакциялар туралы білімдерді жүйелеу және қорытындылау.
Мақсаты: Бейорганикалық заттардың құрамы мен қасиеттері, оларға тән
реакциялар туралы мәліметтерді қайталау және жүйелеу.
Тапсырма:
Газ тектес сутек пен оттектен түзілген сұйық күйіндегі судың
түзілу энтальпиясы бойынша 90гр су түзілгенде бөлінген жылудың мөлшерін есептеңдер.
. 32 гр мыс оттекпен әрекеттескенде 155 кДж жылу бөлінген осы реакцияның термохимиялық теңдеуін құрыңдар.
Сұрақтар:
Электрондарды беріп және қосып алып, тотығу дәрежелерінің
Өзгеруі бойынша тотығу - тотықсыздану процестеріне қатысатын бөлшектерді сипаттаңдар мысалдар келтіріңдер.
Химиялық реакциялар қандай негізгі белгілері бойынша жіктеледі? Бұл белгілер арасында қандай айырмашылықтар және ұқсастықтар бар?
Тотығу – тотықсыздану реакцияларының теңестіру ережесін түсіндіріңдер.
Химияның қандай заңының негізінде химиялық реакция теңдеуі бойынша есептеулер жүргізіледі? Осы заңды тұжырымдаңдар.Оны тағы қандай жағдайда қолдануға болады?
Әдебиеттер: 1 (20 бетте (1-12) оқулық), 6 (№1 тексеру жұмысы (5-6 бет).
ООӨЖ №3.
Тақырыбы: Тақырып бойынша білімді жүйелеу және қорытындылау.
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тереңдету және жүйелеу оқылған
теорияларды тәжірбие жүзінде қолданып, практика дағдыларын дамыту.
Тапсырма: Мына айналуларды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін
құрастырыңдар:
1.P→P2O5→H3PO4→K2HPO4→K3PO4→Ba3(PO4)2
Cu→CuO→CuCl2→Cu(OH)2→Cu(NO3)2→CuS
2. Мүмкін болатын тұздарды алудың барлық реакция теңдеулерін
құрастырыңдар
а) FeО + Н2 SO4 (үш тұз)
ә) AL (ОН)3 + Н2 SO4 (төрт тұз)
б) КОН + Н3 SO4 (үш тұз)
3.Мына айналуларды жүзеге асыруға болатын реакция
теңдеулерін жазыңдар.
Қышқыл → орта тұз → гидроксид → оксид
4.Егер реакция өнімінің шығымы теориялыұқмүмкіндітің 75%
құрайтын құраса, онда тұз қышқылының артық мөлшері 5,4 гр АІ
мен әрекетескенде бөлінетін сутектің көлемін есептеңдер.
Сұрақтар:
1.Оксидтер, негіздер, қышқылдар мен тұздарды бинарлы
қосылыстар түрінде қарастырғанда атауларында қандай
ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар? 2.«Бейорганикалық
қосылыстар арсындағы генентикалық байланыс» дегенді қалай
түсіндіресіңдер?Калий мен азот элементтерінен басталатын
заттардың арасындағы генетикалық байланыстың сызбанұсқасын
құрыңдар.
Әдебиеттер: 1,6 (7-8)
ООӨЖ №4.
Тақырыбы: Валенттік және тотығу дәрежесі.
Мақсаты: Валенттік және тотығу дәрежесі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу және тереңдету, периодтық жүйедегі элементтердің осы сипаттамаларының өзгеруі туралы білімді жүйелеу.
Тапсырма:
Оттек пен күкірттің, фтор мен бромның, азот пен фосфорды, күкірт пен хромның валенттік мүмкіндіктерін салыстырыңдар.
Қосылыстарда олардың қандай жоғары тотығу дәрежелері болуы мүмкін. Осындай қосылыстардың мысалдарын жазыңдар.
Сұрақтар:
1. Химиялық элементтердің периодтық жүйесі бойынша валенттік
пен тотығу дәрежесінің мәнін қалай анықтауға болады?
2. Қосылыстарда химиялық элементтің атомы қандай тотығу-
дәрежесін көрсететіні неге байланысты? О,F,Ce, N,Mg-дің мүмкін
болатын тотығу дәрежелерін көрсетіңдер?
3.Хром атомының электрондық және графикалық формулаларын
бейнелеңдер. Неліктен +6 хром жоғары тотығу дәрежесін
көрсететінін түсіндіріңдер оны жоғары оксидінің формуласын
жазыңдар.
4. Неліктен хлор мен марганецті периодтық жүйенің бір тобында,
бірақ әртүрлі топшаларда орналасқан.
Әдебиеттер: 1,2,6(32б.)
ООӨЖ №5.
Тақырыбы: Периодтық жүйедегі орны бойынша, элементтер мен олардың қосылыстарының сипаттамасы.
Мақсаты: Химиялық элементтердің қасиеттерін сонымен бірге олардың
оксидтері, гидрооксидтері, және сутектік қосылыстарының құрамы мен қасиеттерін сипаттау үшін оқушыларды периодтық жүйені қолдана білуді қалыптастыру.
Тапсырма:
1.Периодтық жүйедегі №15 және №23, №17 және №25
элементтердің құрылысын салыстырыңдар, сипаттама беріңдер
және сәйкес қосылыстарының формуласын жазыңдар.
2.Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің 5-ші тобындағы
элементтің жоғары оксидіндегі оттектің массалық үлесі 16,006 %
құрайды. Бұл қандай элемент екенін анықтаңдар.
Сұрақтар:
1.Элементтердің қандай қасиеттері периодты өзгереді? Периодтар
мен топтарда ядро зарядтарының өсуімен элементтердің
қасиеттерінің өзгеруін атомдардың құрылыс теориясы қалай
түсіндіреді?
Әдебиеттер: 1, 2,6 (21-22б)
ООӨЖ №6.
Тақырыбы: Білімді жүйелеу және қорытындылау.
Мақсаты: Элементтердің периодтық жүйесі туралы оқушылардың білімін
жүйелеу және қорытындылау.
Тапсырма:
№16 және 24- элементтер атомдарының құрылысы қандай?
Олар периодтық жүйеде қайда орналасқан және неліктен түсіндіріңдер. Олардың қасиеттерін салыстырыңдар.
Элемент атомының сыртқы энергетикалық деңгейінің құрылыс формуласы 4s2 4p1.а) элементтің атын; б) ол элементтердің қандай типіне (s-,p-, d-, f-,) жататынын, в) жоғары оксидінің және гидроксидінің формуласын, олардың химиялық сипатын, г) элемент қосылыстарына тән химиялық реакцияларын анықтаңдар.
Сұрақтар:
1.Период бойынша және бір топ ішінде элементтердің қасиеттері
қалай өзгереді, орналасуы бойынша қасиеттері әртүрлі
элементтерге мысалдар келтіріңдер: а) бір периодта, ә) бір топта.
2.Периодтарда ядро зарядтарының өсуіне байланысты химиялық
элементтер атомдарының радиусы қалай және неліктен өзгереді?
3.Элементтің реттік нөмері өскен сайын негізгі топша
элементтерінің тотығу және тотықсыздану қасиеттері қалай
өзгереді? Мысал келтіріңдер.
Әдебиеттер: 1,2,6
ООӨЖ №7.
Тақырыбы: Химиялық байланыстың түрлері туралы мәліметтерді
қорытындылау.
Мақсаты: Химиялық байланыстар табиғатының бірлігі туралы көз қарас
қалыптастыру, байланыс түрлері жайлы алған білімдерін қорытындылау жай және күрделі заттарда байланыс түрін анықтай білуді жетілдіру, әр түрлі байланыс түрі мен түзелген қосылыстар сызба нұқасын құрастыру.
Тапсырма:
1.Na2O, KOH, PCL3 , H2SO4 , HNO3 қосылыстарының түзілуінің
электрондық сызбанұсқасын құрастырыңдар. Әрбір жағдай үшін
химилық байланыстың түрін анықтаңдар.
2.Металдық байланыстың иондық және коваленттік
байланыстармен ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар ма? Олар қандай түсіндіріңдер.
Сұрақтар:
1.Элементтердің электртерістік кестесін қолдана отырып,
қосылыстардың формуласын құрыңдар: а) магнийдің фтормен, б)
фосфордың сутекпен; в) күкірттің көміртекпен; г) бромның
оттекпен. Әрбір элементтің тотығу дәрежесін және әрбір
қосылыстағы химиялық байланыстың түрін анықтаңдар.
2.Коваленттік полюсті химиялық байланысты сипаттаңдар.
Осындай байланыстағы заттарға үш мысалдан келтіріңдер және
олардың түзілу механизмін түсіндіріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |