Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Математика күнтізбелік тақырыптық жоспарларының жинағы Шымкент 2021 кбж


-тарау. «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет25/48
Дата27.10.2023
өлшемі247,36 Kb.
#188734
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48
Байланысты:
КТЖ МАТЕМ ТОМЕН

2-тарау. «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
5. «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 10-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
2) 11-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат.
6. 10-сыныпқа арналған «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
1) 7-9-сыныптардағы алгебра курсын қайталау;
2) «Функция, оның қасиеттері және графигі». Функция және оның берілу тәсілдері. Функциялардың графиктерін түрлендіру. Функцияның қасиеттері.
Күрделі және кері функция ұғымдары;
3) «Тригонометриялық функциялар». Тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері. Тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендірулер көмегімен салу;
4) «Кері тригонометриялық функциялар». Арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс. Кері тригонометриялық функциялар, олардың
қасиеттері мен графиктері;
5) «Тригонометриялық теңдеулер». Қарапайым тригонометриялық теңдеулер. Тригонометриялық теңдеулер және олардың жүйелерін шешу
әдістері;
6) «Тригонометриялық теңсіздіктер». Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу;
7) «Ықтималдық». Комбинаторика элементтері және оларды оқиғалардың ықтималдықтарын табуда қолданылуы. Жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномы (натурал көрсеткішті). Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері. Шартты ықтималдық. Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері;
8) «Функцияның шегі және үзіліссіздігі». Функцияның нүктедегі және шексіздіктегі шегі. Функция графигінің асимптоталары. Сан тізбегінің шегі. Функцияның нүктедегі және жиындағы үзіліссіздігі. Шектерді табу;
9) «Туынды». Туындының анықтамасы. Функция дифференциалы ұғымы. Туынды табу ережелері. Күрделі функция туындысы. Тригонометриялық функциялардың туындылары. Туындының физикалық және геометриялық мағынасы. Функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі;
10) «Туындының қолданылуы». Функцияның өсу және кему белгілері.
Функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелері. Туындының көмегімен функцияны зерттеу және графигін салу. Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері;
11) «Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары».
Кездейсоқ шамалар. Дискретті кездейсоқ шамалар. Үзіліссіз кездейсоқ шама ұғымы. Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары. Дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім түрлері;
12) 10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау.
7. 11-сыныпқа арналған «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
1) 10-сыныптағы математика курсын қайталау;
2) «Алғашқы функция және интеграл». Алғашқы функция және анықталмаған интеграл. Анықталмаған интеграл қасиеттері. Қисықсызықты
трапеция және оның ауданы. Анықталған интеграл. Анықталған интегралдың геометриялық және физикалық есептерді шығаруда қолданылуы;
3)«Математикалық статистика элементтері». Бас жиын және таңдама. Дискретті және интервалды вариациялық қатарлар. Кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын таңдамалар бойынша бағалау;
4) «Дәрежелер және түбірлер. Дәрежелік функция». n-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері. Рационал көрсеткішті дәреже. Рационал көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру. Иррационал өрнектерді түрлендіру.
Дәрежелік функция, оның қасиеттері және графигі. Нақты көрсеткішті
дәрежелік функцияның туындысы мен алғашқы функциясы;
5) «Иррационал теңдеулер мен теңсіздіктер». Иррационал теңдеулер мен
олардың жүйелері. Иррационал теңсіздіктер;
549
6) «Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар». Көрсеткіштік функция, оның қасиеттері және графигі. Санның логарифмі және оның қасиеттері. Логарифмдік функция, оның қасиеттері және графигі. Көрсеткіштік функцияның туындысы мен интегралы. Логарифмдік функцияның туындысы;
7) «Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер». Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері. Көрсеткіштік теңсіздіктер. Логарифмдік теңдеулер және олардың жүйелері. Логарифмдік теңсіздіктер;
8) 10-11-сыныптардағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау.
8. Оқу пәнінің мазмұны төрт бөлімді қамтиды: «Алгебра», «Статистика және ықтималдықтар теориясы», «Математикалық модельдеу және анализ».
9. «Алгебра» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) Алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру;
2) Теңдеулер және теңсіздіктер, олардың жүйелері және жиынтықтары;
3) Тригонометрия.
10. «Статистика және ықтималдықтар теориясы» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) Комбинаторика негіздері;
2) Ықтималдықтар теориясының негіздері;
3) Статистика және деректерді талдау.
11. «Математикалық модельдеу және анализ» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) Математикалық анализ бастамалары;
2) Математикалық тіл және математикалық модель;
3) Математикалық модельдеудің көмегімен есептер шығару.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет