Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ «Тәрбие — тал бесіктен басталады»


*** Ата - аналарға арналған сауалнама



бет6/7
Дата18.02.2017
өлшемі2 Mb.
#9900
1   2   3   4   5   6   7
***
Ата - аналарға арналған сауалнама

1. Сіздің балаңызға қандай жағымды қасиеттер тән?

2. Сіздің балаңызға қандай жағымсыз қасиеттер тән?

3. Сіз балаңызда қандай маңызды қасиеттерді тәрбиелеуге тырысасыз?

4. Сіздің балаңыздың үйде тұрақты міндеті бар ма және оны ол қалай орындайды?

5. Сіздің балаңыздың белгілі бір күн режимі бар ма және оны ол қалай орындайды?

6. Сіздің балаңыз жанұяның басқа мүшелеріне қалай қарайды, қажетті көмекті көрсетеді ме, бірге күйіне ме, қорғай ма?

Сіздің балаңыз жанұялық мерекелерге қалай қатынасады, қандай белсенділік танытады?

жақсы деген не, жаман деген не?» әдістемесі

Мақсаты: сауалнама көмегімен балалардың адалдық, әділдік, жауапкершілік, табандылық туралы адамгершілік түсініктерін айқындау.

Орындалу барысы: Тәрбиеленушілерге өздеріне жақсы таныс мысалдар келтіру ұсынылады:

1. Сен куә болған қайырымды іс.

2. Біреудің жасаған арам іс- әрекеті.

3. Сенің танысыңның адал іс- әрекеті.

5. Саған таныс адамның жігерсіз іс- әрекеті.

6. Сенің достарыңның ішінде біреуінің жауапкершіліксіздігі. Алынған мәліметтерді өндеу. Балалар жауаптарына сапалы талдау жасау оларда кейбір адамгершілік сапалар туралы түсініктердің қалыптасу дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді және ол былай бағаланады: 1) дұрыс емес түсінік; 2) дұрыс, бірақ толық және нақты емес; 3) адамгершілік сапа туралы нақты және толық түсінік.
***

«Сөйлемді аяқта» әдістемесі»

Мақсаты: кейбір адамгершілік сапаларды анықтайтын адамгершілік нормаларға балалардың қатынасын айқындау.

Орындалу барысы: Тәрбиеленушілерге неғұрлым тез (олар өздеріне неғұрлым үйреншікті жауапты бірден айтуға мәжбүр болу үшін) сөйлемді аяқтау ұсынылады:

1. Егер мен қате жасағанымды білсем, онда...

2. Мен өзім дұрыс шешім қабылдауға қиналсам, онда...

3. Менің көзімше адамды ренжітсе, онда мен...

Алынған мәліметтерді өндеу алдындағы әдістемеге сәйкес жасалады.

Мұғаілімнен үлкен даярлықты талап ететін ұжымдық еңбек сабақтарын айына бір-екі рет өткізген жөн. Олар әрқалай ұйымдастырылуы ықтимал. Ұйымдастыру формаларының бірі- конвейерлік жұмыс. Ұжымдық конвейерлік еңбек үшін тиісінше сынып бөлмесін дайындау –жұмыс операцияларын бірінен соң бірі жүргізілуі үшін үстелдерді қалай орналастыруды ойластыру керек.

Конвейер біркелкі жұмыс істеу үшін, барлық топ шамамен біркелкі жұмыс жасауы тиіс. Сондықтан мұндай ұжымдық қызметте топтарды ауыстыру –мейілінше жиі кездесетін құбылыс.


***

«Құрастыру»

Сабақта әрбір жұп балалар үшін бір қорап «Құрастыру», бірнеше қосымша кілттер мен бұраушы болуы қажет.

Балалар бойында еңбек бөлінісіне байланысты жұмыс дағдысы қалыптасқанша барлық бригадаларға машинаның кез келген бір үлгісін дайындауды, оны жеке бөлшектерге-топтарға бөлуді тапсырған орынды.

Топпен сабақ өткізгенге дейін, олардың әрқайсысы машинаның кез келген торабын жинастыруды үйренуі үшін, қорапты құрастырып көрсету ұсынылады.

Балалар, бүгін сендер «Құрастыру» қорабындағы бөліктермен құрастырасыңдар. Оларды жекелеген бөліктері бойынша құрастыру керек: ң әрбір бал үлгінің бір бөлігін құрастырады, ал барлығыңдікін біріктіргенде бір үлгі шығуға тиісті. Жұмысты өзіміздің вагон жөндейтін заводтың жұмысшылары қалай еңбек етсе, сендер де солай жұмыс істейсіңдер.

Одан әрі тәрбиеші үлгінің «Ондық өлшеуіш таразы» деп аталатын және оның бөлшектері –гірдің өзі, тік тұтқасы, иін темір, гірдің шкалалары, жүкке арналған платформа, тепе-теңдік қондырғыларды көрсетеді. Үлгінің белгілі бір бөлігін жасауға тиісті әрбір топтағы балалардың аттары жазылып қойылады.

Содан соң балалар үлгіні жасауға қажетті детальдарды іріктеп алып, «Құрастыру» альбомындағы үлгі суретін мұқият қарап шықты. Іріктеп алынған бөліктерді, кілтті, бұрауышты бұрын еңбек сабақтарында дайындалған картон қораптарына салды.

Тек осындай алдын ала жүргізілген жұмыстан соң, бөліктері бойынша үлгіні құрастыру басталды.


***

Шырша ойыншықтарын жасау.

Жұмысты топ бойынша ұйымдастыруға болады. Топты екі немесе үшке бөлу керек. Олар бір мезгілде әр түрлі ойыншықтарды жасайды. Мысал ретінде кішкентай себеттерді жасауды қарастырып көрелік:



  • кезең кішкене себеттерді жасауға қажетті үлкен қағаз беттерін белгілеп, бірдей бөліктерге бөлу;

  • кезең: кішкентай себеттердің контурларын белгілеу;

  • кезең: контур бойынша себеттерді қою;

  • кезең: кішкене себеттерді желімдеу.

Жұмыс операциялары біртіндеп жүзеге асырылады. Сондай-ақ, алқагүл, жалаушалар, карнавалдық бас киімдер және басқа да әшекейлерді дайындауды шамамен осылайша ұйымдастыруға болады.
***

Тәрбиеші мен ата-аналарға әдістемелік кеңестер.



Бала біздің алтын қазынамыз, сондықтан:

  • әрбір қадамына, ісіне өте сақтықпен қараңыздар;

  • қателеспеуге, қате жібермеуге тырыс;

  • балаға да, ата-анаға да қиянат жасама, жаманшылық ойлама;

  • баланың үміті, арманы, қиялынан көре біл;

  • өзіңді, өз өміріңді балаға арна

  • үнемі баланың жан дүниесінен, байлықты, құндылықты таба білуге, тани білуге тырыс.

  • бала бойындағы керемет ғажайыппен кездесуге шыдамдылық көрсет және оған дайын бол.



***

Мақал-мәтелдер



  1. Жақсы болсаң-жақын көп

Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.


  1. Үлкенді құрметтеген бақыт табар.

3.Сөзіңе сүйінген, ісіңе күйінбейсің.

4.Биік төбеге шықсаң,

Көзің ашылады.

Жақсымен сөйлессең

Көңілің ашылады.

5.Ел намысын қуғанның еңсесі биік.
***

Өз сөзіңде және уәдеңде тұра біл (жауапкершілік, адалдық):



  • - біреуге, топқа, ұжымға беретін уәдеңді орындай алатындығыңды білмей тұрып, алдын ала ойланбай уәде берме;

  • -егер уәде беріп, содан соң берген уәдеңді орындай алмайтыныңды түсінсің, онда бұл жөнінде бірден шыныңды айт;

  • өз сөзіңде тұруға уәделерің мен саған жүктелген міндеттерді орындауға әлі үйренбесең, онда аз-аздан баста, бірақ істі міндетті түрде аяқтайтын бол;

  • өз кінәңді басқаға аударма.


***

Адамдарға енжар қараушы болма (тілектестік, әділеттілік):



  • өз көмегіңді өзгелерге ұсынудан қорықпа, бірнеше кезекте қайғыға душар болаған, әлсіз, ауру адамдарға көмектес;

  • айналаңдағы адамдардың жұмыс істеуіне және дем алуына бөгет болма;

  • басқаларға сыпайы, жайдары, ілтипатпен қарайтын бол, үлкендерге құрмет көрсет;

  • өзгенің пікірі мен өзгенің әдет-дағдыларын сыйлай біл, яғни адамдарға төзімділікпен қара, бірақ олардың кемшіліктеріне, қате пікіріне немесе теріс мінез-құлқына әсте төзуші болма.


***

Басқалармен бірге оқуға, жұмыс істеуге, ойнай білуге үйрен (ұжымшылдық, әділеттілік):



  • ұнамды және ұнамсыз, жеңіл және ауыр, қызықты және қызықты емес міндеттерді әділеттілікпен, бірдей етіп және әрқайсысының мүмкіндігін есепке ала отырып бөл. Өзіңді жоғары ұстауға тырыспа;

  • жалпы жұмыстағы өз үлесіңді жақсы, тез және дер кезінде орында, өзіңе жүктелген істі ақырына дейін аяқтап шық, басқаларға көмектес;

  • ұжымның жалпы шешімдерін, көпшілік қабылдаған ережелерді құрметте, оларды мүлтіксіз орындайтын бол;

  • ұжым сенім білдірген адамдарға және оның әділ талаптарына құрметпен қара, олардың тапсырмаларын ынта қойып орында;

  • сенің қолғабысың қай жерде керек екенін өзің аңғаруға үйрен, басқаларға әдептілікпен көмектесе біл;

  • егер өзіңдікін дұрыс деп есептесең, онда мұны басқаларға дәлелде және шындық үшін күрес;

  • егер жолдасың жаман іс істесе, оны тоқтат.

***

Балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастыруда мынадай формаларды қолдануға болады:



  • балалардың ұлттық әдет-ғұрып мерекелері мен салтанатты жиынға дайындалуы мен өткізуге белсене қатысуы;

  • жас ақындардың, поэма айтушылардың, халық аңызы сыныптарын ашу;

  • ұлттық ойындар мен спорт түрлерінен жарыстар өткізу.

-«Шежіре» қазақ халқының тарихын, әлеуметтік-экономикалық, тарихи-географиялық мемлекеттің орналасуын оқып үйренеді.

Халық батырларының өмірбаяны туралы, хандары, ғалымдары, мәдени құрушылар және саясаткерлер туралы материалдар жинайды. Бұл мақсатта мектепте ақындар, батырлар күні өткізіледі.

-«Толғау» - халықтық шығармашылықтың дамуы мен ауызша жырлануын, айтыс, терме және т.б. оқиды. Балалар арасында айтыстар, терме, жыршы, Абай, Шәкәрім шығармаларын орындаушылар байқауы өткізіледі. Балалар арасынан жас ақынның тәрбиеленуіне ерекше назар аударылады.

-«Наурыз» - бұл бағытта балалар мен тәрбиешілер ұлттық мереке туралы мағлұматтар жинайды. Барлық мектеп киіз үйге ие, барлығын балалар өздері дайындайды, киіз үйді ұлттық мереке күні құрады.

«Зерегер» - шеберлік. Тәрбиешілермен бірге оқушылар қазақ өнерімен және оның қазақ өміріндегі мәнімен танысады. Топ ішіндегі кішігірім өндіріс орнымен ұлттық заттар мен сәндік бұйымдар жасауда тәжірибе алмасады. Балалар қазақтың ою-өрнектерінің құпия сырымен танысып, өздері жасаған заттарынан көрме ұйымдастырады. Соның ішінде қазақтың киіз үйін құрастыруды үйренеді. Оны құрастыруды төмендегі кезеңдермен көрсетуге болады.

Бағдарлама мақсаты – балаларларды сыйлау, күтіп ұстау, халықтың рухани мұрасын сақтап ұстауға үйрету, тұлғаның адамгершілік құндылығын тәрбиелеу. Осы бағдарламаны енгізу жолында ерекше көңілді халық ойындарына бөлген. Олар бастауыш сыныптарында сабақтың әсерін жоғарлатады.

Мысалы: «Бір минутта жаттай біл» ойыны көздің есте сақтау қабілетін дамытады.

«Сиқырлы қобдишадан кім көп сөз жаттайды?» (Сәлеметсің бе? қайырлы таң, көріскенше, қайырлы күн, қайырлы түн және т.б.)

«Мысық туралы кім көп біледі?»(қоңыр түсті, жұмсақ, мамық жүргені естілмейді т.б.)

Ойындар: «Былай істе», «Бізге кім өткір көз?», «Кім қалай дауыстайды?», «Не өзгерді?» назары мен есте сақтауын шынықтыруға бағытталған,ойын ситуациялары барлық балалар мен жұмыс істеу барысында қамтылады.

***

Жаңылтпашты айту

Қазақтың халықтық жаңылтпашы да кеңінен қолданылады, мысалы:

"Шілікті шаптым,

Жілікті астым.

Шілікті жақтым,

Жілікті шақтым.

Шалабай шыли шалағай,

Шалағай шыли Шалабай.

Шақша басы шарадай,

Шаладай шала шалабай."


Тебіншек ат-шегіншек,

Шегіншек ат-тебіншек.


Қазақтың фольклорын оқу оларға бағдарлама құру қызығушылығын арттырады. Бұл бағдарлама баланы қазақ халқының салт-дәстүрі мен әртүрлі әдет-ғұрпымен таныстырады.
***

Адамгершілік құндылықтар
Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Балаларды адамгершіліке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділіке, әдептіліке, еңбек сүйгіштікке, өз халқының салт – дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық. адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, адамгершілік құндылықтарын бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік. Әдептілікке, сыпайлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: адамгершілікке байланысты суреттер: «жаман жолдас», «Үлкенді құрметтеу», «Кішіге қамқорлық», «Аналарды сыйлау», «Құстарға қамқорлық», «Еңбек түрлері»

Сабақтың әдісі: әңгімелесу.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды жұмыстың жүргізілуіне байланысты топтастырып отырғызу.

Жаңа сабақ.

1. «Адамгершілік құндылықтар» суреттерді топқа бөліп беру, сол бойынша әңгімелесу.

1 – топ. «Жаман жолдас»”.

2 – топ. «Үлкенді құрметтеу».

3 – топ. «Құстарды атпау».

4 – топ. «Кішіге қамқорлық»

5 – топ, «Автобус ішіндегі бала».

6 – топ. «Аналарды сыйлау».



Оқулықпен жұмыс.

Рухани байлық адам жанының ерекше қасиеті. Рухани дүниесі бай адам үшін достық пен махаббат, парыз бен ақиқат өте маңызды. Оны табиғат тылсымдары, өнер, кітап оқу, адамдармен жақсы қарым – қатынаста болу әрқашан қызықтырады. Ол білім алуға, данышпандылыққа құштар, өзінің ойы мен қабілетін дамытып, жақсы қасиеттерін тәрбиелейді, қайырымдылықты жасаудан аянбайды.

Адамнаң рухани саулығының басты белгілерінің бірі – адамгершілік. Оған қайырымдылықпен бірге басқаның қайғысына ортақтасу, шыншылдық, адалдық сияқты жалпы адам баласына тән жақсы қасиеттер жатады.

Ол отбасы мүшелерімен, жолдастарымен, үйде, мектепте, қоғамдық орындарда өзара қарым – қатынас жасау барысында көрініс береді.

Қайырымдылық дегеніміз – адамның басқаларға кеңес беруі, жақсы тілек тілей білуі. Қайырымдылық – ерекше қасиет. Қайырымды адам өзгелерді өзіне тартып алады. Ол айналасындағы адамдарға өзінің жүрек жылуын, ықыласын аямайды. Біздің әр қайсысымыз айналамыздағы адамдарға ізгі ниетімізді сыйлай білуіміз керек. Қайырымды адам өзгелерден жалтармайды, жақын адамдарынан алыстамайды.Туыстарыңа қамқорлық көрсет, олардан жылы сөздеріңді, жәрдемінді аяма, сонда көңілің көтеріліп, айналаң әдемі бола түседі. Барлық жақсылыққа қуанып, өзіңнің немесе өзгенің қуанышын бөлісе біл!

Өзін – өзі тексеру үшін сұрақтар


  • Сен өзіңді мейрімді санайсың ба ?

  • Айналадағылар саған қалай қарайды ?

  • Жақсы,

  • Жаман,

  • Енжар.

  • Айналадағы адамдарға сен қалай қарайсың ?

  • Мейріммен,

  • Сенің мінезің қандай ?

  • Сенің мінезің де нені өзгерту керек ?

  • Досың бар ма ?

  • Ата – анаңмен қарым – қатынасың қалай ?

  • Мейрімді,

  • Жақсылық тілеуімен шектелу.

  • Менің кейіпкерім немесе үлгі тұтарым кім ?

Осы сұрақтарға жауап бергізу, талдау жасау. Бұл сұрақтар өзіңнің кім екеніңді тануға көмектеседі.

Қорыту. Ой толғаныс.

Адамгершілік

қайырымдылық инабаттылыққа кішіпейілділік

қамқорлық сыйластық ізеттілік

Ой тұжырымы.



  • Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық ?

  • Нені ойға тоқып, жадымызға сақтауға тиіспіз ?

***


Тренинг жоспары.

Кіріспе бөлімі. Тренингті өткізу мақсаты, өту кезеңдері, тапсырма түрлері:

а) «Бір – бірінің жақсы қылықтарын айтып, мадақтау» ойынын ұйымдастыру;

ә)Топқа бөлу. (Әр топ Аттарын тағайындау, таныстыру.)

Нұсқау бөлімі.

Әр топқа нұсқау ретінде суреттер берілді, сол бойынша әңгіме құрастыру, туындаған сұраққа жауап жазу, талқылау орындалады.

Әр топқа Ы. Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесінің мәтінін тарату, әңгіме желісі бойынша ессе толтыру, туындаған сұраққа жауап жазу, тыңдау.

Ы. Алтынсарин. «Таза бұлақ» әңгімесі оқылады.



Адамгершілік дәрежесін анықта

1 жолаушы




2 жолаушы




3 жолаушы





Бағыт бөлімі.

1)Берілген бағыттарға «бұрынғы», «қазіргі» талаптарды салыстыра отырып, кесте толтыру;

2) «Тәрбие», «Жеке тұлға», »Адамгершілік» бағыттарына өлең құрастыру.




Бағыттары

Бұрынғы

Қазіргі

1

Мұғалімнің жұмыс нәтижесі







2

Мұғалім бойындағы қасиеттер







3

Мұғалімнің түпкі мұраты







4

Мұғалімнің тәрбие жұмыс жоспары








Қорытынды бөлімі.

1)Топтағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы қиыншылықтар мен жетістіктерді айқындау.

Топтың тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қиыншылықтар, жетістіктер.

2) «Жаңа оқу жылына әріптеске бір тілек» ойынын ұйымдастыру арқылы тренингі қорытындылады.


***

Жақсыны үйрен

Сабақтың тақырыбы: Жақсыны үйрен

Сабақтың мақсаты: Баланы кішіпейілділікке, адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, жақсыны үйреніп, жаманнан жиреуге және иманды да инабатты болуға баули отырып, ата-анаға, туған жерге, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, жинамалы суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген қазақ халқының мақалы бар. Мақалдың мазмұнын ашып, балаларға түсіндіру.

Ұя – ол өз отбасымыз, өз ортамыз. Осы өз отбасымызда қандай тәрбие алсақ, үлкен азамат болғанда да сондай тәрбиенің иесі боламыз.

Бірінші тәрбие көзі – ата – ана, отбасы болса, екінші тәрбие – білім ордасы - балабақша, мектеп болып табылады. Балабақша – біздің екінші анамыз, үйіміз. Демек, балабақша мен ата-ана берген білім, тәрбие арқылы біз жан – жақты азамат, адамгершілігі мол, иманды да инабатты адам болып өсеміз. Ата – ана алдында шыншыл болып, үлкеннің ақыл – кеңесін тыңдап, кішіге мейірімді, досыңа қайырымды болу керек. Ата- ана тілегі – сендердің жақсы азамат болып, еңбек пен оқуды биіктен көріне берулерің үлкен қуаныш, мақтаныш екен. Осындай жақсы қасиеті бар баланы қандай бала дейміз?

Демек, тәрбие сағаттарымыздың тақырыбы: «Үйрен жақсы әдептен, жирен жаман әдеттен».

Мазмұнын ашу. Суретпен жұмыс.

Ұлы кемеңгер ақынымыз – Абай Құнанбаев және тұңғыш ағартушы Ыбырай Алтынсариннің портреттері.

Балалар, осы әдептілік, адамгершілік тақырыбында біздің ата – бабаларымыз да көптеген өлең – жырлар жазып, жырлаған екен. Соның бірі «Әсемпаз болма әрнеге» (оқу, мазмұнын ашу). Яғни, кез -келген нәрсеге, затқа көрсеқызар болмай, өмірде өз орнынды таңдай білуге шақырады.

Біз қай пәннен адамгершілік, кішіпейілділік туралы оқып танысамыз. (Ана тілі).

Қандай тақырыптарды білеміз? Мысалы:

Міне, осы әдептілік, әдемілік туралы біз оқу арқылы біліп, үйрендік. Яғни, оқусыз ешнәрсе білмейміз және ешнәрсенің келмейтінін мына бір өлең жолдарынан аңғаруға болады екен. Мысалы, «Кел, балалар, оқылық!». Бұл өлеңді біздер үшін ұран қылып қалдырған Ыбырай атамыз екен. Олай болса, жақсы әдетті үйреніп, жаман әдеттен жирене білуіміз керек. Осы жерде атамыз Абайдың мына бір өлеңі ойға оралады. «Ғылым таппай мақтанба» (оқу).

Міне, бес нәрседен қашық болып, бойынды аулақ ұстауға үйрен, - дейді. Олар: өтірік, өсек, мақтаншақтық, еріншектік. Мына бір жолында, бес нәрсеге асық бол, - дейді. Олар: талап, еңбек, қанағат, ойлы бол, іздене біл, досқа қайырымды бол деп айтады. Осы қасиетті өз бойыңа жинап, сол арқылы өзіңді қалыптастыр деген сөз.




«Адамның негізгі сипаты – адамгершілік»

Мақсаты: Балаларды ізгілікке, инабаттылыққа, имандылыққа, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Өзінің қадыр – қасиетін жақсы білетін адам өзгелерді де қорламайды. Ол ісінде де, сөзінде де, ешқашан пасықтыққа бармайды, ол әрқашан да сабырлы, ұстамды болады. Өзінің қадыр – қасиетін сезінетін адам сенімді бағалай біледі. Өзін – өзі тәрбиелеу барысында жақсы қасиет пен талғамға үйрене отырып, күнделікті қамқор әрекетте дұрыс мінез – құлық көрсете білуі қажет. Өйткені өзін-өзі біліп, түсінген адам басқаны да сондай түсіне алады.

Адамның адамгершілік қасиеттерді өмірге көзқарасынан, дұрыс не нашар мінез -құлықты, өмірге көзқарасты қалыптастыру адамның өскен ортасына, тәрбиеге тікелей байланысты.

Адамның адамгершілігі – оның жоғары қасиеті. Оның негізгі белгілерінің бірі өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, адамдық ар – намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу, “өзің үшін еңбек қылсаң – дейді Абай. - өзі үшін оттаған хайуанаттың бірі боласың. Досыңа достық – қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол”.

Ақылды, мейрімді адам әр уақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді. Арлы адам – ардақты. Біздің өткен тарихымыз біздің арымыз. Арымыз таза болса, тарихымыз да таза.

Адамның асыл қасиеттерінің бірі – әділдік, тұрақшылдық, шыншылдық. Әділдік шын мәнісінде адамның ісі – әрекетінің нормасы болу керек. Бұл өмірдің қажеттілігі. Бұл қасиеттер – әрбір адамға тән, жақсы өмір сүрудің шарты.



Қазақтың ұлттық балалар ойындарының бағдарламасы





Ойынның атауы

Ойынның мақсаты

Қолдану орны мен уақыты

Ойынның құралдары, жабдықтары

Әдебиет

І. Білімділік – жаңа білім, білік, іскерлік беретін

1. «Санамақ»

Зейінді, ойлау қабілетін дамытады

Математика сабағында, сондай-ақ сыныптан тыс уақытта







2. «Он саусақ»

Ойлау қабілетін, зейінін, тұрақтылығын дамытады (санау дағдысы)

Математика сабағында







3. «Ойлан тап»

Бақылампаздығын, зейінін, логикалық ойлауын, жылдам сезінуін дамытады, үй жануарларының түрлерімен таныстырады.

Математика, әдебиеттік оқу сабақтарында дәне сыныптан тыс уақытта

Карточкалар, барлық мүмкін болатын дидактикалық материалдар (үй жануарлары бар суреттер: түйе, қозы, қой т.б.)




4. «Қуыр-қуыр -қуырмаш»

Сөздік қазақ тілін, қолдың ұсақ моторикасын, танымдық процестерді дамытады

Оқу сабақтарында, физминутка кезінде




«Ақсандық, көк сандық» балалар фольклоры. Алматы: Жазушы, 1988. с.157.

ІІ. Тәрбиелеуші – басқа адамға қарым-қатынасын қалыптастыратын

5. «Қаламақ»

Дыбыстауын (лингвистикалық дағдыларын) дамытады

Сыныптан тыс уақытта







6. «Жұмбақ»

Ойлау қабілетін, зейінін дамытады

Сабақты және сыныптан тыс уақытта







7. «Аш қасқыр»

Зейінін, қимыл-қозғалыс координациясын, қозғалыс реакциясын, жылдамдықты, ептілікті, тәртіпті және өзін ұжымда еркін сезіну іскерлігін дамыту

Дене шынықтыру сабағында, қоңырау және сыныптан тыс уақытта







8.«Кім қалай дауыс-тай біледі»

Бақылампаздығын, дыбысты айтуын, салыстыру, тырысушылығын көрсете білу және белсенділігін дамытады

Қоңырау кезінде, сыныптан тыс уақытта







9. «Орамал»

Зейінін, ұжымдықді, қимыл-қозғалыс деңгейін дамытады

Қоңырау, сыныптан тыс уақытта

Үлкен емес ашық түстік плакат




10. «Орныңды тап»

Жолдастарына деген сыйластықты тәрбиелейді, ептілікті, қимыл-қозғалыс деңгейін дамытады

Дене шынықтыру сабағында, сыныптан тыс уақытта







11. «Дауысынан біл»

Тұрақтылықты, есте сақтауды, естуін дамыту

Мектептің ойын-сауықтық шарлар кезінде







Жануарлар әлеміне қарым-қатынасын қалыптастырушы

12. «Соқыр теке»

Ширақтығын, қиялын, зейінін дамыту

Дене шынықтыру сабағында, сыныптан тыс уақытта







ІІІ. Дамытушы

1. балаларлардың дене жағынан (жылдамдық, ептілік, қозғалыс координациясын, күшін, шыдамдылығын, иілгіштігін)



13. «Ақ сандық, көк сандық»

Ширақтық, ептілік, машықтық деңгейін,

Дене шынықтыру сабағында, қоңырау және сыныптан тыс уақытта







14. «Мысық пен тышқан»

Ширақтығын зейінін, белсенділігін дамыту

Дене шынықтыру сабағында, қоңырау және сыныптан тыс уақытта







15. «Қуаласпақ»

Ширақтығын зейінін, белсенділігін

Қоңырау және сыныптан тыс уақытта







16. «Қап киіп жарысу»

Ширақтығын зейінін, белсенділігін

Дене шынықтыру сабағында және мерекелерді, концерттерді өткізу кезінде

Үлкен емес, бірақ балаларлардың бойымен қаптар




17. «Үш орындық»

Ептілік, машықтық

Мектепте және сынныпта өткізілетін ертеңгіліктерде, мерекелерде

Үш бірдей өлшемдегі орындықтар




18. «Батыр»

Көру, тырысу, тұрақтылық дәрежесін

Сыныптан тыс уақытта







19. «Арқан ойын»

Ширақтық, тұрақтылық, зейін дәрежесін

Дене шынықтыру сабағында, сыныптан тыс уақытта

Ірі, екі жағынан шиеленген жіп немесе секіргіш




20. «Білектесу»

Күштің, тұрақтылықты, ерікті

Қоңырау кезінде, сыныптан тыс шараларда, викториналарда







2) қабілетін (әнге, тілге, еңбекке, ойлау қабілетін және т.б.)

21. «Қай қолымда?»

Ойлау қабілетін, есте сақтауын

Қоңырау кезінде, сабақтан тыс уақытта

Ұсақ геометриялық заттар




22. «Торғай мен бұтақ»

Ойлауға және талдауға қабілетін

Математика сабағында (қосу мен азайту дағдыларын)

Сабаққа көрнекілік құралдар (суреттер, торғайлардың, бұталардың суреттері)




23. «Көги гөк»

әуенді, имровизациялық қабілетін, бақылау, талдау дағдысын, белсенділік, ширақтығын көрсете білуін дамытады

Дене шынықтыру сабағында, сыныптан тыс уақытта







24. «Жұмбақ айтыс»

Ойлау қабілетін, тұрақтылығын

Сабақта, мектептен тыс, сыныптан тыс шараларда







3) психикалық қызметін

25. «Жаңылма»

Зейінін, белсенділігін

Сабақтан тыс, мерекелік шаралар уақытында







26. «Ұшты, ұшты»

Зейінін, бақылампаздығын

Сабақтың физминутка кезінде және сабақтан тыс уақытта







IV. Тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар

27. «Жаяу көкпар»

Күшін, ептілігін, жылдамдық реакциясын, жолдастық сезімін (тек қана ұл балалар ойнайды) дамытады

Дене шынықтыру сабағында және сабақтан тыс уақытта

Үлкен емес сыйлық немесе ойыншық




1) Ұлттық құндылықты; өзін ҚР-ның азаматы дегенді түсіну

28. «Жаяу тартыс»

Талпынушылықты, белсенділікті, тұрақтылықты (тек қана ұл балалар ойнайды) тәрбиелейді

Дене шынықтыру сабағында және сабақтан тыс уақытта

Жіп (арқан)




29. «Тымақ ұру»

Көру қабілетін, тұрақтылығын дамытады

Наурыз мерекесі және ойын-сауықтық шаралар кезінде




А.Молдагаринов. Казахские детские игры. – А-А. 1987.

30.«Асық ойын-дары»

Дәлділікті, ептілікті, жылдамдықты дамытады

Сабақтан тыс уақытта

Асықтар әртүрлі түсті

Е.Сағындыков, Казахские национальные игры. А-А, 1987. С.29

31. «Көк сиыр»

Ептілікті, жылдамдықты, жануарлар әлемін тануға және оларға қорғаушылық қатынасын дамытады

Сабақтан тыс уақытта







32. «Түйе-түйе»

Ептілікті, жылдамдықты, жануарлар әлемін тануға және оларға қорғаушылық қатынасын дамытады

Сабақтан тыс уақытта







V. Диагностикалық:

Баланың даму деңгейінің диагностикасы



33. «Аңшылар»

Ширақтық деңгейінің диагностикасы

Дене шынықтыру сабағында және сабақтан тыс уақытта

Өлшемі бойынша орташа доптар

А.Молдагаринов. Казахские детские игры. – А-А. 1987.

34. «Қындық-сандық»

Ептілік, иілгіштік деңгейін диагностикасы

Дене шынықтыру сабағында және қоңырау уақытта







35. «Кетті, кетті орамал»

Белсенділік, тәрбиелілік және ұжымға деген қатынас диагностикасы

Қоңырау, сабақтан тыс уақытта

Кішкентай жеңіл орамал




Каталог: uploads -> doc -> 07b6
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07b6 -> Сабақ «Сұр қоян» /Тіл дамыту/ Өткізген: Шағын орталық
07b6 -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Табиғатым тал бесігім
07b6 -> Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ерманова Меруерт Болысбековна Тақырыбы: «Алаштың ақиық ақыны» Эпиграф


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет