5 жастан 6 жасқа дейінгі ересектер тобына арналған үлгілік оқу жоспары
«Денсаулық» - 3
|
дене шынықтыру
|
2 сағат
|
қауіпсіз мінез-құлық негіздері, валеология
|
1 сағат
|
«Қатынас» - 4 сағат
|
тіл дамыту
|
0,5 сағат
|
көркем әдебиет
|
0,5 сағат
|
сауат ашу және жазу негіздері
|
1 сағат
|
мемлекеттік тіл
|
2 сағат
|
«Таным» - 3 сағат
|
қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
|
1 сағат
|
құрастыру
|
1 сағат
|
қоршаған ортамен таныстыру және экология негіздері
|
1 сағат
|
«Шығармашылық» - 5 сағат
|
сурет салу
|
1 сағат
|
мүсіндеу
|
1 сағат
|
жапсыру
|
1 сағат
|
музыка
|
2 сағат
|
«Әлеуметтік орта» - 2 сағат
|
қоршаған ортамен таныстыру және экология
|
0,5 сағат
|
көркем әдебиет
|
0, 5 сағат
|
өзін-өзі тану
|
1 сағат
|
Мектепке жасына дейінгі балалардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жалпы көлемі
|
аптасына 17 сағат,
36 оқу аптасы
|
Вариативтік компонент*
Ағылшын тілі
|
3 сағат
2 сағат
|
* мектепке дейінгі ұйымның тақырыптық бағытында жұмыс істеу, эксперименталды жұмыс, педагогтардың шығармашылық жұмысы, қабілетті балалармен жұмыс істеу, балалардың қызығушылықтары бойынша жұмыс істеу және шет тілдерін үйрену, бұл ұйымдастырылған іс-әрекет аясынан тыс жұмыс болып табылады.
«Денсаулық» білім беру саласы (108сағ)
Мақсаты: денсаулық сақтау құзіреттіліктерін қалыптастыру, өз денсаулығын дұрыс күтуге тәрбиелеу, қимыл белсенділігін арттыру және дене сапаларын қалыптастыру.
«Денсаулық» білім беру саласының мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады:
- дене шынықтыру, 72 сағ. («Дене шынықтыру» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді:
- негізгі қимыл түрлерін дамыту жаттығулары (жүру; жүгіру; секіру; лақтыру, тастау, ұстау; бауырлап жүру мен өрмелеу; тепе-теңдік; құру және қайта құру; музыкалық-ырғақ қимылдары);
- жалпы дамытушы жаттығулар (қол мен иыққа; аяққа; кеудеге арналған жаттығулар; күш беретін жаттығулар; белге арналған жаттығулар);
- спорт жаттығулары (шанамен сырғанау; сырғу; шаңғы тебу; велосипед немесе самокат тебу; жүзу, гидроаэробика);
- спорт ойындарының элементтері (городки, баскетбол, бадминтон, футбол, хоккей);
- қимыл-қозғалыс ойындары (жүгіріп ойнау; секіріп ойнау; жер бауырлап немесе өрмелеп ойнау; лақтырып ойнау, тастап ойнау және ұстап ойнау; кеңістікте бағдарлана білуге ойнау, эстафеталық ойындар; суда ойнау);
- қауіпсіз мінез-құлық негіздері, валеология, 36 сағ. («Қауіпсіз әрекет негіздері, валеология» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: өзіңді таны; тамақтану; аурудың алдын алу; өзіңе және басқаларға көмектес; табиғаттағы қауіпсіз әрекет; қоғамдағы қауіпсіз әрекет) және балалардың өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыру арқылы – дербес қимыл белсенділігі, шынығу, сауықтыру жұмысы, мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |