Баланыойын іс-әрекетінде дамыту Мақсаты: әлеуметтік-белсенді тұлғаны қалыптастыру, алғашқы әріптестік қатынастар тәжірибесін, балалардың бір-бірімен және ересектермен эмоционалды оң қарым-қатынас дағдыларын жинақтау.
Ойын іс-әрекеті бойынша балалар жыл соңында мыналарды меңгеруі тиіс: - өз бетінше ойнау және шартты ойын қимылдарын орындау;
- бақылау нәтижелері бойынша күрделі емес нәтижелерді дамыту;
- белгіленген рөліне сәйкес іс-әрекеттерді орындау, заттар мен атрибуттарды іріктеу;
- тәрбиешінің көмегімен таныс ертегі және заманауи әдеби сюжеттерді сахналандыру;
- сюжеттік - рөлдік ойында құрылыс материалдарынан жасалған құрылысты пайдалану; қимыл-қозғалыс және дидактикалық ойындарда ойын ережелеріне бағыну;
- басқа балалармен бірге ойнау, құрдастарына ізгі ниет білдіру.