«Таным» білім беру саласы 1 жастан бастап 1 жас 6 айға дейінгі кезең Көмекші құрал-жабдықтарды қолданып ойналатын ойындар: «Сақинаға қолыңды жеткіз», «Қап, қармағым», «Сыңғырла қоңырау», «Шарға қолыңды жеткіз», «Балғамен шегені соқ», «Қуыршақты қыдырту».
Қол қимылдарының үйлесімділігін дамыту: - бір көлемдегі сақиналарды пирамидағы өткізу.
- қарама-қарсы екі өлшемдегі сақиналарды пирамидаға өткізу.
- қарама-қарсы үш өлшемдегі сақиналарды пирамидаға өткізу.
- 4-5 сақиналарды пирамидаға өткізу.
- астаушадан шарларды (6-8 шар) домалату.
- тесікке тығынды салу және суырып алу.
- салынған цилиндр қорабын ашып, жабу.
Заттардың түрін, көлемін ажыратуға арналған дидактикалық ойындар: - пирамидалар;
- қарама-қарсы екі түрдегі заттарды бағдарлау: шар, куб;
- қарама-қарсы үш-төрт өлшемдегі заттарды бағдарлау: шар, куб, кірпіштер, призма
Суреттермен ойын-сабақтар: «Сенің сүйікті ойыншықтарың», «Бұл не?», «Қонжықтарға арналған суреттер».