2.5.2. Сабақты жоспарлау
Мұғалімнің сабаққа дайындығының соңғы кезеңі – сабақты жоспарлау, нәтижесі сабақ жоспары (немесе конспект) болып табылады.
Мұғалімдік қызметін жаңа бастаған ұстаз толық конспекті немесе жан-жақты ашылған сабақ жоспарын құрастырғаны дұрыс, ал тәжірибелі мұғалім қысқаша жоспар құрастыруына болады. Дегенмен, жоспар жұмыс құжаты ретінде кез келген мұғалімге қажет: ол ойдағыны рет-ретімен, толықтай іске асырып, уақытты ұтымды пайдалануына септігін тигізеді, мұндай жоспар бұдан кейінгі жұмыстардың тірегі бола алады [13].
Достарыңызбен бөлісу: |