Стауыш сыныптардағы би өнері сабағының күнтізбелік жоспарын дұрыс құра білу



Дата27.07.2017
өлшемі58,01 Kb.
#22078
Бастауыш сыныптардағы би өнері сабағының күнтізбелік жоспарын дұрыс құра білу шығармашылық

шеберліктін негізі.

Тек өнер ғана адамның шындыққа тарихи қалыптасқан эстетикалық қарым – қатынас тәжірибесін ашады, қорытындылайды, жүйелейді. Кезкелген мәселені шеше отырып, өнер шындықтың эстетикалық деректерін бейнелейді және ойластырады, ал өмірлік құбылыстарды бағалай отырып басқалармен бірге оларды эстетикалық бағалауға түсіреді. Сонымен бірге ол эстетикалық эмоция туғызады және эстетикалық ләзатқа бөлейді. Мұның бәрі өнерді, демек, музыканы эстетикалық тәрбие берудің ерекше әсерлі және ешнәрсемен алмастыруға болмайтын құралына айналдырады. Өнердің эстетикалық тәрбие беруге қатысуы оның міндетті қызметтерінің бірі болып табылады.

Тұлғаның мақсатқа бағытталған даму жүйесін құруды талап ететін эстетикалық тәрбие беру музыкасыз, оның адамға көп түрлі әсерін, оның қабылдануы мен тәрбиелік рөлін зерделеусіз мүмкін емес.

Музыка күші оның жан – жақты әсер ететіндігінде (ерік – жігерге, ақыл – ойға, ойлауға, “логикалық сезім” деп аталатынға; эстетикалық сана саласында көркем туындының қабылдау қабілетін, оның жетілуін талап ететін арнаны сезіну ретінде әрекет етеді). Осы мағынада алғанда музыкамен қалыптасқан эстетикалық сезім эстетикалық категория ретіндегі үйлесімділік ұғымына енген мазмүнға жақын келеді.

Музыкалық шығарманы оқып, орындай отырып оқушы эстетикалық тұрғыдан “өзінен - өзі” дамиды және ол үшін мұғалім тарапынан арнаулы күш – жігер жұмсаудың қажеті жоқ деген пікір теориялық жағынан да, практикалық жағынан да кате. Тәжірибенің көрсетуіне қарағанда, жан – жақты дамиған тулғаны қалыптастыру үшін эстетикалық тәрбие беру мәселелеріне, мысалы, гармониямен, эстетикалық қабылдаумен және талғаммен байланысты мәселелерге мұғалімдер тарапынан арнаулы көңіл бөлуді қажет етеді. Бастауыш сынып оқушылары қабылдаудың өткірлігімен және тазалығымен өзіндік “сезімдік қызығушылықпен” ерекшеленеді, музыкаға аса қызығады.

Хореография дегеніміз – би өнері, сондай – ақ бидің және балет спекталінің қойылуы. Билер халықтық, тұрмыстық, тарихи және классикалық балет (ең үздік үлгідегі) билері болып бөлінеді. Өнердің басқа түрлері сияқты би өнері де өмір құбылыстарын, адамдардың өзара қарым – қатынастарын білдіреді. Бидің ерекшелігі адамның сезімін, жан – дүниесін қозғалыс арқылы өте нәзік, көркем түрде беруі.

дұрыс ұстау. 2 Хореографияның мақсаттары:

1. Оқушылардың дене шынықтырып, күшейту.

2. Музыканы есту және баулу қабілетін теория және практика жүзінде іске асыру.

3. Биді түсіну және билеу қабілетін қалыптастыру.

4. Өзін - өзі ұстай білуге тәрбиелеу.

Хореографияның міндеттері:

1. Сезіну, есту қабілетін дамыту.

2. Қимыл – қозғалыс аппаратарының жүрек қан айналымын реттеп, жақсарту.

3. Дененің дұрыс бітімін қалыптастыру, дұрыс демалу, дер кезінде дұрыс қимылдарын жетілдіру.

4. Музыкалық шығармалардың буын – ырғағын, екпінін, мазмұнын дұрыс түсінуге дайындау.

5. Теория және практика жүзінде қозғалысын дұрыс сезіне білу.

6. Билеу кезінде би қозғалысы арқылы оның мәнерлілігін арттыру.

7. Би қозғалысы кезінде би үйрену дағдыларын қалыптастыру.



Хореография бағдарламасы:

Бидің барлық сабақтары (оқу, үйрену және қойылу) оқушылардың музыка мен бидің тәрбиесімен өзара тығыз байланысты болуы қажет (ол үшін мызыкамен сүйемелдеушісі болғаны дұрыс).



І. Дене тәрбиесі Дайындық жаттығу.

1. Қимыл – қозғалысқа қатысты аяқ – қол буындарын реттеп, дамыту.

. Денені

3. Қимылды үйлестіру.

4. Классикалық шынықтыру жаттығулары.

5. Халықтық шынықтыру жаттығулары.



ІІ. Музыкалық хореографиялық дайындық.

1. Кіріспе (әдістеме, ереже).

2. Машықтану бөлімі (бидің көрсету, талдап үйрену).

ІІІ. Тәрбиелік ұйымдастыру жұмыстары.

1. Ұйымдастыру. Оқушылардың сырт көрінісіне көңіл бөлу.

2. Сөйлеу мәнері, қарым – қатынас, мінез – құлық мәдениеті.

3. Өнер туралы сұхбаттар. Қол жеткен табыстарды талқылау.

4. Мерекелерге арналған концерттерді дайындап, өткізу.

5. Қорытынды іс – шаралар.



Болжау.

Би өнерімен айналысу оқушылардың жалпы денсаулығына жақсы әсер етеді. Нақты жеңіл қозғалыспен дұрыс демалуына, музыканың екпінін, буын – ырғығын, мазмұнын ажыратын білуге көмектеседі.

Хореографиямен айналысу үшін оған арнаулы қондырғы керек. Төменгі топтағы жас балалар арнаулы қондырғысыз – ақ залдың ортасында айналысуына болады. Олар үшін ойын түрінде берілетін ырғықты (нақты қиыл – қозғалыс) жаттығуларға көбірек көңіл бөлу қажет. Олар қимыл – қозғалыспен музыканы үйлестіру шеберлігін дамитады.

Сабақтың құрылымы

І. Қимыл ойындары.

1. Қимыл ойындары.

2. Кеудені, аяқты, қолды дұрыс ұстау.

ІІ. Биге қатысты қимылдарды үйрету.

1. Би өнері, би туралы кіріспе әңгіме. Жалпы сипаттама.

2. Оқушының биді көрсетуі.

3. Би музыкасын тыңдату.

4. Биді толығымен билеп үйрену.

5. Ұлдар мен қыз балаларға арналған би қозғалыстары.

ІІІ. Өткен сабақты қайталау.

Үйреген биді, қимыл – қозғалысты, әуенді анықтау.

Сабақтың дайындық бөлімінде қондырғылардағы жаттығулардың орнына музыканың сүйемелдеуімен орындалатын аэробикалық жаттығулармен шектелуге болады.

Бастапқы қалпы: Екі қолды белге қойып аяқты қосып тұру.

1 – басты оңға қарай бұру (қисайту).

2 – басты солға қарай бұру.

1 – басты жоғары көтеру.

2 – басты төмен түсіру.

1, 2, 3, 4 – басты айналдыра қозғау.

1 – иықты жоғары көтеру.

2 – иықты төмен түсіру.

1 – денені төмен еңкейтіп (тізені бүкпей) екі қолды еденге тигізу.

2 – денені тіктеп, қолды белге қою.

1 – оң аяқты оң қапталға созып отыру.

2 – сол аяқты сол қапталған созып отыру.

1 – қолдың биге лайықты қимылдары.

Қорытынды бөлімі: биге қатысты секіру, жоғары еркін секіру, айналып секіру, аяқты алшақ ұстап секіру, аяқты қосып секіру, біресе оң аяқпен, біресе сол аяқпен секіру.

Күнтізбелік жоспар




Қ/с

Өтетін сабақтың қысқаша мазмұны

Сағат саны

Өтетін күндері

1

2



3
4
5
6

7

8



9

І тоқсан

Хореография, би туралы мәліметтірімен таныстыру және әңгімелеу

Бастапқы қалып. Денені дұрыс ұстау. Тұрақтылыққа арналған жаттығулар

Ұлдар мен қыздардың көпшілікке иіліп сәлем беруін үйрету

Аяқтың қалыпты жағдайы 1 – 6 кезең

Қолдың қалыпты жағдайы 1 – 6 кезең

Вальстің қадамдарын үйрету

Балда билейтін вальсті үйрету

Қорытынды сабақ

Өткен сабақтарды қайталау








10

11



12

13

14



15

16


ІІ тоқсан

Өткен сабақтарды қайталау

«Полька» биінің қадамын үйрету

«Полька» биін талдап үйрету

«Шығыс» биінің қимылы

«Шығыс» биін үйрету

Қазіргі заманғы биді үйрету

Қазіргі би. Балалар биі








17

18


19

20

21



22
23

24
25

26


ІІІ тоқсан

Өткен сабақтарды қайталау

Орыстың қалық билердінің элементтері

Орыстың халық биі «Барынья»

Орыс билерін үйрету

Билерді қайталау және пысықтау

Қазақтың халық билерінің қимыл – қозғалыстары

Қазақша иіліп сәлем беру

Қазақ билеріндегі қолдың қалыпты жағдайлары

Қазақ биі «Наурызды» үйрету

«Наурыз» мерекесін тойлауға дайындық







27

28


29

30

31



32
33

34


IV тоқсан

Өткен сабақты қайталау

Қазіргі заманғы «Брейк» биінің қимылдары

Қазіргі заманғы билерді үйрету

Грузин халық билеріндегі қимыл – қозғалыстар

Грузин билеріндегі қол мен аяқтың қозғалыстары

Грузин биі «Лезгинканы» үйрету

Қорытынды сабақ










Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет