Сабақ тақырыбы: «Аялдамалар бойынша дене дайындығы жаттығулар кешенін игеру» Сабақтың түрі: жаңа материалды үйрену



бет1/4
Дата26.08.2017
өлшемі399,46 Kb.
#28363
түріСабақ
  1   2   3   4
К

Круглоозерный жалпы орта білім

беретін мектебінің ІІ санатты

дене шынықтыру пәні мұғалімі

Дене шынықтыру пәнінен



6 «А» сыныпқа арналған

ЖОСПАР – КОНСПЕКТ
Мұғалімнің тегі, аты, әкесінің аты: Шакиева Айнагул Жагалтаевна

Бөлім: гимнастика.

Сабақ тақырыбы: «Аялдамалар бойынша дене дайындығы жаттығулар кешенін игеру»

Сабақтың түрі: жаңа материалды үйрену.

Сабақтың әдісі: саяхат-сабақ.

Сабақтың мақсаты: «Аялдамалар бойынша гимнастикалық жаттығуларды толық меңгертіп,дене бітімін дұрыс қалыптастыру,негізгі қимылдарды жетілдіру және акробатика мен жаттығулардың спорт түріне үйрету;

Сабақтың міндеттері: жаттығулардың дұрыс орындалуын міндеттеу;

  1. Білімділік:Иілгіштікке,күштілікке,білімділік мақсатын жетілдіру.

  2. Дамытушылық: Ағзаны дамыту,төзімділік,ептілік, икемділіктерін дамыту.

  1. Тәрбиелік: өзін-өзі басқаруға, өзара көмек дағдыларына тәрбиелеу.

Өткізу орны: мектеп спорт залы

Құрал - жабдықтар: 6 секіргіш, 6 обруч, 4 гимнастикалық төсеніштер, 2 кг тығыздалған

доп, гимнастикалық орындықтар.






Сабақтың мазмұны

Уақыт мөлшері

Әдістемелік нұсқаулар




І Дайындық бөлім

7 мин

2 мин



Арнайы киімдеріне сабаққа даярлығына және берілген бұйрықтың орындалуына назар аудару. Ара қашықтықты сақтау.

1

Сапқа тұрғызу, сәлемдесу. Сабаққа қатысқан оқушыларды түгендеу. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Сабақтың мақсатын таныстыру. Саптағы «Оңға!», «Солға!», «Кері айнал!» «Алаңды айналып алға бас!» жаттығулары

2

Жүру бағытында орындалатын жаттығулар

Алға жүру:

1.Екі қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру

2.Қол белде өкшемен жүру.

3.Қол алға соза, жартылай отырып жүру.

4.Қол тізеде, отырып жүру, секіру.



2 мин

Қолды бүкпеу, денені тік ұстау.

Кеудені тік ұстау.

Кеуде тік, басты көтеріп ұстау.

Жоғары секіру.


3

Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулары:

1.Жеңіл жүгіріс

2.Тізені алға көтеріп жүгіру.

3.Қолды артқа қойып, аяқты артқа сермей жүгіру.

4.Аяқтың басын алға сілтей жүгіру.

5.Оң қапталмен қолды алға айналдыру.

6.Сол қапталмен қолды артқа айналдыру.


3 мин

Ара-қашықтық сақтау.

Тізені алақанға тигізу.

Аяқты алақанға жеткізу.

Барынша жоғары секіріп, қолды толық айналдыру.


4

Тыныс алу жаттығулары,сапқа 2 қатарға тұрғызу.




5

Жалпы дамыту жаттығулары

8 мин




1

БҚ қол ұстасып, бір-біріне қарама-қарсы тұру. Бір қолды екі жаны арқылы жоғары көтеру, сол аяқты артта ұстау.

2.БҚ


3.Екінші аяқпенен де осылай жасау.

4-6 рет


Барлық оқушылардың бірдей жасауын қадағалау.

2

БҚ қолдарын төмен ұстап, бір-біріне арқаларын беріп тұрады.

1.Сол аяғын ұшымен жанға қояды, оң қолды жоғары көтеріп, солға еңкейеді.



2.БҚ Екінші жаққа да осылай жасау.

6-8 рет

Аяқты бүкпей түзу жасауын қадағалау.

3

БҚ Бір-бірінің иықтарынан ұстап, алға еңкейіп, қарама-қарсы тұрады. Аяқтардың арасы алшақ ұсталады.

1.Алға қарай серіппелі түрде еңкею



2.Солға бұрылу. Екінші жаққа бұрылыс жасай, осылай істеу.

6-8 рет

Аяқты бүкпеу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет