Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



бет10/115
Дата30.05.2020
өлшемі234,1 Kb.
#71677
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   115
Байланысты:
психолог жа
психолог жа, педагогика жа, «Жас ерекшелік психологиясы» тест тапсырмалары, «Жас ерекшелік психологиясы» тест тапсырмалары, психолог жа, педагогика жа
Бейімделу (адаптация) - организмнің сыртқы ортаның әртүрлі жағдайына бейімделу қабілеттілігі.

Бейімділік - адамның бір іске икемділігін байқататын қасиет, қабілеттілік нышаны. Бейімділік әрекетті игеру барысында қабілеттің қалыптасуына қарай дами түседі.

Белсенділік - адамның әсер еткен заттарға белсенді қатынасының

9


нәтижесі. Белсенділік адамның күнделікті іс-әрекетте (ойын, оқу, еңбек) кездесетін міндеттерді шығармашылдықпен орындай алу қабілеті. Қажырлылықты, ынталылықты, жігерлілікті, тынымсыздықты білдіреді.
Бинокулярлық көру - қашықтықтағы объектілерді бақылау арқылы көрудегі, кеңістікте орналасқан заттардың көлемін қабылдауда екі көзбен көру.

Биографиялық әдіс - адамның хаттары, күнделіктері, өмірбаяны, шығармалық туындылары және қолтаңбалары арқылы зерттеу әдісі

Бихевиоризм - XX ғасырдағы америкалық психологияның басты бағыты. Бихевиоризм психологиясының мақсаты - мінез-құлықты зерттеу болды. Бихевиоризмнің негізінде адам мен жануарлардың мінез-құлқын сыртқы ортаның әсер етуіне организмінің беретін жауабының жиынтығы деп түсіну жатыр. Бихевиоризмнің негізін америкалық психолог Дж. Уотсон (1878-1958) қалады. Ол бихевиоризм термині мен бағдарламасын ұсынды (1913). Бихевиоризмнің ғылыми қалыптасуына В. М. Бехтерев пен И. П. Павловтың еңбектері зор ықпал етті. 1920 жылдары бихевиоризм өзінің шарықтау шегіне жеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет