Салалас құрмалас сөйлем (Сложносочиненные предложения) Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемнің түрлері (Виды сложносочиненных предложений с союзами)
1. Ыңғайлас СҚС (Соединительные ССП) Жай сөйлемдердің істің, оқиғаның бір мезгілде немесе бірінен соң бірі болғанын,болып жатқанын, болатынын хабарлайды. Жалғаулықтар: және, әрі, да, де та, те Мысалы: Биыл жайлауда болдым және ағамның үйіне бардым. Оспан жүгіре жөнелді, мен де артынан ілестім. Менде әрі құжат жоқ, әрі үйдің нөмірі жоқ.
2. Қарсылықты СҚС Жай сөйлемдердің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы келеді. Жалғаулықтар :бірақ, дегенмен, сонда да, алайда, сөйтсе де, сөйткенмен, әйтсе де, солай бола тұрса да, солай болғанмен т.б. Мысалы: Баянның даусы жақсы, бірақ ол өлең айтуға ұялады. Менде ондай өнер бар деп ойламаймын, дегенмен биді өнерім жеткенше билеп беремін.
3. Себеп-салдар СҚС (Причинно-следственные ССП) Екінші жай сөйлем бірінші сөйлемнің себебін, салдарын, нәтижесін білдіреді. Жалғаулықтар: өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін, неге десең, сол себепті т.б. Мысалы: Менің кім екенімді Жұмабайға айтып берді, сондықтан ол менімен қысылмай сөйлесті. Біз кешке мектепке барамыз, өйткені онда салтанатты кеш болады. 4. Кезектес СҚС (Последовательные ССП) Жай сөйлемдердегі іс-қимылдың кезектесіп келетінін білдіреді. Жалғаулықтар :бірде, біресе, кейде. Мысалы: Олар біресе тоқтап демалады, біресе күн ұзақ жүріп алады. Балалар бірде ән шырқайды, бірде өзенге барып шомылады.
5. Талғаулы СҚС (Разделительные ССП) Жай сөйлемдеріндегі айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана орындалатыны болжамдалады. Жалғаулықтар: не, немесе, я, яки, не (я) болмаса, әлде, әйтпесе, әдетте не, мейлі т.б. Мысалы:Ертерек үйге дәрігер шақыру керек немесе ауруханаға бару керек. Сіз менің жалақымды беріңіз, әйтпесе біз қоштасамыз. 6. Түсіндірмелі СҚС «Іліктес» деп те аталады. (Разъяснительные СПП) Екінші жай сөйлем бірінші сөйлемнің мағынасын түсіндіріп тұрады. Жалғаулықтары жоқ. Бірінші сөйлемнен кейін қос нүкте қойылады Бірінші сөйлем сонша, соншама,соншалық, сондай, сол деген сөздері болса – сызықша қойылады. Мысалы: Қорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды. Өз жөні бар әркімнің: аққу – көкте, көбелек – шөпте.
Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемнің түрлері
1. Ыңғайлас СҚС Жай сөйлемдер бір мезгілде, бір мәнде немесе олар бірінен соң бірі болып, іргелес, жалғаулықсыз байланысады. Мысалы: Өнерді түсінбейтін инженер – инженер емес, қиялдай алмайтын сәулетші – сәулетші емес. Олар төмен түсіп еді, жол екіге бөлінді. Маған ойыншық берді, ағама доп берді.
2. Қарсылықты СҚС .Жай сөйлемдер интонация немесе орын тәртібі арқылы байланысады. Сөйлемдердің араларына үтір мен сызықша қойылады. Мысалы: Әрі сүйреді, бері сүйреді, - түк істей алмады. Күн жауып кетті, - оны елеген ешкім болмады. Бас болу оңай, - бастамақ қиын. Ойымда талай әңгімелер, дастандар жүрген сияқты еді, - біреуі де аузыма түспей қойды.
3. Себеп-салдар СҚС. Жай сөйлемдер интонация және орын тәртібі арқылы байланысады. Сөйлемдердің араларына қос нүкте қойылады. Мысалы:Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қар суы сықылды тез суалар. Оларға рақмет айту керек: ұмытқанымызды еске салды. Мәліметтердің дұрыс-бұрыстығын тексеру қиын: бір істеген жұмысты қайта істеу керек.
4. Кезектес СҚС Жалғаулықсыз кезектес салалас құрмалас сөйлем болмайды, себебі жалғаулығын алып тастаса, бұл сөйлемнің мағынасы ыңғайлас салаласқа ауысады.
5. Талғаулы СҚС Талғаулы салалас үш жай сөйлемнен құралады да, алғашқы екеуі ма, ме сұраулы шылаумен қолданылып, соңғы сөйлем алғашқылардың іс-әрекетін қорытындайды.Мысалы: Ауырып отырды ма, кешегі оқиға есіне түсті ме, бүгін ол ешкіммен сөйлеспеді. Бүгін сендер киноға барасыңдар ма, циркке барасыңдар ма, мен ертеңгі емтиханға дайындаламын.
6. Түсіндірмелі СҚС «Іліктес» деп те аталады. Бұл сөйлем әрқашанда жалғаулықсыз болады. Мысалы: Қорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды. Өз жөні бар әркімнің: аққу – көкте, көбелек – шөпте.
Қосымша Б
Сабақтас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемнің біреуінің көбіне алғашқысының баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысқан құрмаластың түрін сабақтас құрмалас дейміз.
САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ТҮРЛЕРІ.
Сабақтас кұрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен, бір жағынан, бағыныңқы сөйлемнің баяндауыш тұлғасының тиянақсыз болып келуімен құрмаласса, екінші жағынан олардың өз ара мағыналық карым-катынасы арқылы да құрмаласады. Бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемнің бір-бірімен мағыналық карым-катынасы әр түрлі болады. Сондықтан да басыңқы сөйлемнен бағыныңқы сөйлемге сұрақ коюга болады. Сабақтастың құрамындағы бағыныңкы сөйлем мен басыңқы сөйлемнің мағыналық карым-қатынасына қарай сабақтас құрмалас шартты бағыныңқылы, қимыл-сын бағыныңқылы, мезгіл бағыныңқылы, қарсылықты бағыныңқылы, себеп бағыныңқылы, мақсат бағыныңқылы сабақтас болып алты түрге бөлінеді.
ШАРТТЫ БАҒЫНЫҢҚЫЛЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС.
Бағыныңқы сөйлем басқа сөйлемдегі ойдың болу шартын білдіретін сабақтастың түрін шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Шартты бағыныңқылы сөйлем қ а й т с е? не етсе? кайткенде? не еткенде? кайтпей? не етпей?қайтпейінше?не етпейінше? деген сұрақтарға жауап береді.
Шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:
а) етістіктің шартты рай түрінен болады. Осыңдай қалың жұрт батысқа қарай ағылып бара жатса, ол көптің бірі боп біз қандай оп-оңай араласып кетер едік (Ғ. Мүсірепов).
ә) болымсыз етістіктің -й тұлғалы көсемше түрінен болады: Өткен мәдениеттегі өміршең атаульшың барлығын бойға д а р ы т ы п алмай, жарқын жаңа мәдениет жасау мүмкін емес. (Ә. Кекілбаев).
б) жатыс септік тұлғасындағы есімшеден болады: Қара теке — Әзімбай болғанда, осы текенің әкесі — сары теке қатар тұр еді (М. Әуезов).
ҚИМЫЛ СЫН БАҒЫНЫҢҚЫЛЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС
Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың қалай орындалғанын білдіретін сабақтастың түрін қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Қимылсын бағыныңқылы сөйлем қалай? қайтіп? не етіп? деген сұрақтарға жауап береді.
Қимыл-сын бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:
а) -а, -е, -й және -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшеден болады: Бір бүйірі қызарып, пісуге жақындап қалып еді. Осынша қуаңшылыққа қарамай, жылан биыл да түлеген (Ш. Мұртаза).
ә) есімше тұлғасына -дай, -дей жұрнағы жалғанып жасалады: Өзгелері қос атпен тартқандай, косалқы мүғалім жолдаумен ілігіп келеді (Ғ. Мүсірепов).
МЕЗГІЛ БАҒЫНЫҢҚЫЛЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС.
Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу мезгілін білдіретін құрмалстың түрін мезгіл бағыныңқылы сабақтас қ ұ р м а л а с сөйлем дейміз. Мезгіл баяғыныңқылы сөйлем қ а ш а н? қашаннан бері?қашанға шейін? деген сүрақтарға жа-
уап береді.
Мезгіл бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай
тұлғалардан жасалады:
а) жатыс септік тұлғасындағы есімшеден болады: Екеуі ымырт үйіріле үйден шыққанда, қонақтардың соңы әлі тараған жоқты (Ғ. Мүсірепов).
ә) есімше тұлғалы етістік пен кезде, күнде, шақта, уақытта деген мезгіл мәнді сөздердің тіркесуінен болады: Күн ұясына төніп келген кезде, Аманкелдіге тағы он шақты адам кездеседі (Ғ. Мүсірепов).
б) барыс және шығыс септік тұлғасындағы есімше мен шейін, дейін және кейін, соң, бері, бұрын шылауларының тіркесінен болады: Сейіттің әке-шешесі даланың бір айналсоқ қырғыны обадан өлгеннен кейін, Игілік — қалған мал-мүлкін жинап алғысы кеп жетім баланы өз қолына алдырған (Ғ. Мүсірепов).
в) -ша, -ше тұлғалы есімшеден болады: Ол жұрт кейін мекенге қайтып, малын сұрағанша, қолдан-жолдан қосылған жеті мың жылқы таңбаланып та қалған еді (Ғ. Мүсірепов).
г) көсемшенің -ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғасыннан болады: Шынында да Барластар келгелі, Құнанбай бұл үйіне көп қонған емес. (М. Әуезов).
з) етістіктің шартты райынан да болады: Осындай қарбалас күңдердің бірінде Ерлан түс ауа шеберханаға келсе, Жақып жігіттерімен жоқ. (С.Бәкіров)
е) -ысымен (-ісімен) қосымшалы етістіктен болады: Бүгін қара жел басталысымен, қиыршықтап қар да түсе бастады (М. Әуезов).
ҚАРСЫЛЫҚТЫ БАҒЫНЫҢҚЫЛЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС.
Басыңқы сөйлем білдіретін ой бағыныңқыда айтылған ойға немесе бағыныңқыдағы ой басыңқыдағы ойға қарсы қойыла айтылатын сабак,тастықтық түрін қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Қарсылықты бағыныңқылы сөйлем қайтсе де? не істесе де? қайткенмен? не еткенмен? қайтпесе? деген сұрақтарға жауап береді.
Қарсылықты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:
а) шартты райлы етістікке да, де шылауы тіркесінен болады: Мен қанша тесіле қарасам да, Маржан менің сағынышымды көктем хабаршысындай көре алмады. (Ә. Тауасаров).
ә) болымсыз тұлғадағы етістіктің шартты райынан болады: Мотор үні өшті демесең, екпіні басылмаған винт ақырьйі ғана айналып тұр (Ә. Әлімжанов).
б) көмектес септік тұлғасындағы есімшеден болады: Бұл атыраптың күні ыстық болғанмен, түні салқын (3. Қабдолов).
в) -ша, -ше тұлғалы есімшеден болады: Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл (мақал).
г) көсемше тұлғалы күрделі етістіктен болып, көмекші етістік тұра, тұрып сөзі болады: Патша қатесін мойнына алып кешірім сұрағанын біле тұрып, Рүстем батыр қаһарлы райынан қайтпады (М. Қаратаев).
ғ) шығыс септік тұлғасындағы болымсыз есімше түрінен болады: Алексей Мересьев аяқтары үсігеніне немесе мылжаланғанына қарамастан, орман мен балшықты аралап күндіз-түні еңбектеді (Б. Полевой).
СЕБЕП БАҒЫНЫҢҚЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС.
Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемде айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтастың түрін себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Себеп бағыныңқылы сөйлем неліктен? не себепті? неге? не деп? деген сұрақтарға жауап береді.
Себеп бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:
а) -дықтан, -діктен қосымшасы үстелген есімшеден жасалады: Артиллерия дайындығы жеткілксіз болғандықтан, жаудың атыс қарулары жанды қимылдап, бет қаратпады (С. Бақбергенов).
ә) есімше тұлғалы етістікке соқ шылауы тіркесінен жасалады: Балуан аяңға көшкен соң, қалғандары да тақым суыта бастады («Қазақ әдебиеті»).
б) болымсыз етістіктің көсемше тұлғасынан болады: Ол өзін-өзі тоқтата алмай, мәуені тағы да жеуге кірісті. (Б. Полевой).
МАҚСАТ БАҒЫНЫҢҚЫЛЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС.
Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу мақсатын білдіретін сабақтастық түрін мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас дейміз. Мақсат бағыныңқылы сөйлем не мақсатпен? не етпек болып? не үшін? н е г е? деген сұрақтарға жауап береді.
Мақсат бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:
а) мақсатты келер шақ (-мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) етістік пен б о – л ы п көмекші етістіктің тіркесінен болады: Бүгін бірер керек кітабын алып шықпақболып, өзі жалғыз кіріп еді (М. Әуезов).
ә) тұйық етістік пен ү ш і н шылауының тіркесінен болады: Төбені шытынатпай тұтас ұстау үшін, төбеге аркалықтар тегіс тиіп тұру керек (Мұстафин).
б) шартты, бүйрық және қалау рай тұлғалы етістік пен деп көмекші етістік тіркесінен болады: Сол шаңқыл тына қалар ма екен деп, Көпей самауырды есік алдына қайта шығарды (Ғ. Мүсірепов).
КӨП БАҒЫНЫҢҚЫЛЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ.
Құрамында екі я одан да көп бағыныңқылы сөйлем бар сабақтасты көп бағыныққылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз.
Көп бағыныңқылы сабақтас құрмаласта бір ғана басыңқы болады да, бірнеше (екі я одан да көп) бағыныңқылы сөйлем болады. Бағыныңқы сөйлемдердің өзін бағынған сөйлеммен байланысу ерекшелігіне қарай жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас және сатылы көп бағыныңқылы сабақтас деп екіге бөлеміз.
Бағыныңқы сөйлемдерінің әрқайсысы басыңқы сөйлеммен тікелей байланысқан сабақтасты жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас дейміз. Мысалы: Уайым ойламаса да, қаланың ыстық шағында тұншығып булыққандай боп жатқандықтан, Абай тамақ іше алмайды. (М. Әуезов) деген құрмалас үш жай сөйлемнен құрылған. Бірінші бағыныңқылы сөйлем басыңқы сөйлеммен қарсылықты мәнде тікелей байланысқан, сондықтан бұл құрмаласты екі ғаңа жай сөйлеммен (бағыныңқы-басыңқы) құрауға әбден болады: уайым ойламаса да, Абай тамақ іше алмады. Екінші бағыныңкы сөйлем де басыңқымен себеп мәнде тікелей байланысып тұр: қаланың ыстық шағында тұншығып бұлыққандай боп жатқандықтан, Абай тамақ іше алмайды. Сөйтіп, бұл бағыныңкылар әр түрлі мағыналық қарым-қатынаста басыңқы сөйлеммен тікелей байланысады. Оны схемамен былай көрсетуге болады.
Бағыныңқы сөйлемдер басыңқымен тікелей байланыспай, өз ара бір-біріне бағынып барып құрмаласқан сабақтасты сатылы көп бағыныңқылы сабақтас дейміз. Сатылы көп бағыныңқылы сабақтаста жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтастағы сияқты бағыныңқы сөйлемнің бірін түсіріп айтуға болмайды. Өйткенде сөйлем арасындағы мағыналық қарым-қатынас бұзылып, өз ара байланыс үзіліп, құрмалас сөйлемдік касиеттен айрылады. Мысалы, Екі-үш жыл кісіге жалданып, інісі ер жеткен соң, жалдануды тастап, үйінде отырды. (М. Балақаев) деген құрмалас төрт сөйлемнен тұрады. Бірінші бағыныңқы сөйлем екінші бағыныңқымен ғана байланысқан, тікелей басыңқымен байланыспайды: екі-үш жыл кісіге жалданып, үйінде отырды деуге болмайды, екі-үш жыл кісіге жалданып, інісі ер жеткен соң… деп қана айтуга болмайды. Сондай-ақ екінші бағыныңқы үшінші бағыныңқы сөйлеммен байланысқан: інісі ер жеткен соң, жалдануды тастап… Енді осыдан кейін ғана үшінші бағыныңқы басыңқы сөйлеммен байланысқан: жалдануды тастап, үйінде отырды. Сөйтіп, оны схемамен былай көрсетуге болады:
АРАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ.
Құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен өз ара салаласып та, сабақтасып та байланысқан құрмаластың түрін аралас қ ұ р м а л а с сөйлем дейміз. Демек, аралас кұрмаластың құрамында кем дегенде үш жай сөйлем болады да, оның біреуі бағыныңқы, оның баяндауышы тиянақсыз болып, қалған екеуінің баяңдауышы тиянақты болады. Сонда жай сөйлемдердін өз ара байланысы бағыныңқы — басыңқы — басыңқы (схемасы:——————–) немесе басыңқы — бағыныңқы — басыңқы (схемасы:—— ———–)
болуы мүмкін. Сөйтіп, бағыныңқы сөйлем аралас құрмаластың құрамыңда сөйлемнің басында да, сөйлемнің ортасында да қолданыла береді. Аралас кұрмалас кейде үш қана жай сөйлемнен емес, одан да көп жай сөйлемнен құралуы мүмкін. Ондайда бір я екі сөйлем бағыныңқы болады да, екі я үш сөйлем басыңқы болады. Аралас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық қарым-катынастары, байланысу тәсілдері сабақтас құрмалас пен салалас құрмаластың құрамындагы жай сөйлемдердей болып келеді: бағыныңқы мен басыңқы сөйлемдер арасындағы байланыс сабақтас та, басыңқы мен бағыныңқы, басыңкы мен басыңқы сөйлемдердің арасындағы байланыс салалас болып келеді. Мысалы: Доктор кеткен соң, әйелі операция істеуге көндірмекші болып жылап-сықтап жалынып еді,— Михаил оған жұдырығын түйді (М. Горький) деген құрмаластың бірінші сөйлемі — бағыныңқы, баяндауышы есімше тұлғалы етістік пен соң септеулік шылауының тіркесінен болып, екінші сөйлеммен мезгілдік қатынаста байланысқан. Екінші сөйлем — басыңқы, баяндауышы тиянақты (жалынып еді), үшінші сөйлеммен — салаласа, қарсылықты мәнде жалғаулықсыз байланысқан .Схемасы: мезгіл бағыныңқылы сабақтас қарсылықты салалас:
Қабен болса жөнді білмейді,— білгісі келеді, ал Тайман білгенін ашып айтпайды, Қабен сұрай бастаса-ақ табанына тікен қадалғандай безек кағады (3. Қабдолов) деген құрмаласта бес жай сөйлем бар. Бірінші және екінші жай сөйлемдер қарсылықты мәнде жалғаулықсыз, салаласа байланысқан, 1-сөйлемнің баяндауышы тиянақты; екінші және үшінші сөйлемдер де қарсылықты мәнде ал деген жалғаулық мәндегі сөз арқыльг салаласа байланысқан, 2-сөйлемнің баяндауышы да тиянакты; үшінші және төртінші жай сөйлемдер ыңғайластық мәнде іргелесе байланысқан, 3-сөйлемнің баяндауышы да тиянақты, тертінші және бесінші жай сөйлемдер шартты мәнде сабақтаса байланысқан, төртінші бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы етістіктің шартты райынан болған, 5-сөйлем басынқы. Схемасы:
Аралас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің арасына ретіне қарай сабақтас құрмаластың және салалас құрмаластың ішіндегі жай сөйлемдер-дің арасына қойылатын тыныс белгілері қойылады.
Мазмұны
Кіріспе.............................................................................................3
1 Бақылау жұмысы ...........................................................................4
2 Жұмыстың құрылымы, көлемі және ресімделуі........................5
3 Жұмысты тапсыру және қорғау...................................................5
4 Бақылау жұмысының үлгілері......................................................6
1 нұсқа.............................................................................................6
2 нұсқа.............................................................................................9
3 нұсқа...........................................................................................10
4 нұсқа...........................................................................................12
5 нұсқа...........................................................................................14
Әдебиеттер....................................................................................16
Қосымша А...................................................................................18
Қосымша Б....................................................................................19
Достарыңызбен бөлісу: |