ІІ.10. Отбасы тәрбиесінің негіздері
Жоспар:
1. Отбасы – тәрбие факторы.
2. Отбасы тәрбиесінің құқықтық негізі.
3. Отбасы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориялық негіздері.
4. Отбасы тәрбиесіне сипаттама.
5. Мектеп пен отбасы байланысы.
Отбасы, мектеп пен мектепке дейінгі тəрбие мекемелері, балалар жəне жасөспірімдер бірлестіктері, көше, бұқаралық ақпарат құралдары – бұлардың бəрі де тұлға дамуындағы қалыптастырушы ықпал жасайтын ерекше «тəрбиешілер» тобын құрайды. Отбасы айтқанына көндіріп тəрбиелейді; мектеп оңтайлы қылық, дұрыс көзқарас қалыптастыруға ұмтылады; балалар мен жеткіншектер ұйымдары қарым-қатынас жүйелеріне ендіреді; ал көше болса, отбасы, мектеп, əрқилы бірлестік топтар бере алмағандардың орнын толтырады. Бала осы аталған ұйымдардың өз өмірінде қайсысы басым болса, сонысын таңдайды, соның ықпал тəуелділігінде болады.
Бала үшін отбасы – ең алғашқы да аса белсенді тұлғалық қалыптасу көзі. Осыдан отбасында қабылданған көзқарастар, салт-дəстүрлер, ұстанымдар, əрекет-қылық үлгілері тұлға микроэлементіне бастау беріп, оның барша өмірінің негізгі сипатын қалайды.
Құрылымы бойынша (мүшелер саны, жас деңгейлері): үш əулетті отбасылар – ата-аналар, балалар, немерелер; екі əулетті отбасы- ата-аналар жəне балалар; бір балалы; көп балалы (үш одан да көп балалы) отбасылар; толық болмаған, яғни ата-анасының біреуі жоқ; перзентсіз жəне т.б. отбасылар; отбасы тұрмысы жəне даму жағдайларына байланысты (жарасымды жəне қисыны кеткен жанұялар); отбасылық тəрбие стиліне орай (əкімшіл, адамгершілікті, либералды).
Отбасы тəрбиесінде қолданылатын басты əдістер – бұл өнеге-үлгі, бірлікті еңбек, іс-əрекет, əңгіме-сұхбат, қолдап-қуаттау, баланы қорғау. «Мендей бол!», «Мендей істе!» ұранымен тəрбиелей отырып, ата-аналар өз өнегесімен қалай жасау, еңбектену қажеттігін үйретіп, сыйластық- сүйіспеншілік сезімін білдіреді. Отбасыда ешкім «мен енді сені тəрбиелемеймін» - деп айтпағаны жөн, себебі төңіректегінің бəрі: - баланы қалыптастыруда өз үлесін қосып барады. Балаға болған қатынас, ата-аналар арасындағы байланыс, басқа адамдармен араласу, отбасы ішіндегі тұрмыс процесі, барша отбасылық істер. Сондықтан да тəрбие үшін арнайы шарт, жағдайлар жасаудың тіпті де қажеті жоқ –тек қана дұрыс, инабатты, адамгершілік əдеп сақтап, өмір сүруді басты ұстаным етіп алу керек.
Көп авторлардың пікірінше, тұлғаның дамуы мен қалыптасуы тек ұжымдық тəрбие жүйесінде іске асуы мүмкін. Осы жағдайда ғана ұжым дұрыс əрекеттегі өзіндік басқарым органына, тұлғалық арақатынастағы ұжымшылдыққа жəне өзара жауапкершілікке ие болады. Бұл өз кезегінде жан-жақты дамуға, еркіндікке, қорғанысты болуға, сонымен бірге əр тұлғаның мəртебесін көтеруге жол ашады.
Педагогикалық əдебиеттерде келесідей белгілерге ие болған əрқандай тəрбиеленушілер бірлестігі – ұжым деп аталады:
- ортақ əлеуметтік мəнді мақсатқа ие. Қалаған топтың мақсаты бар: дүкен кезегінде тұрған не автобус күтіп тұрған адамдардың да , қылмыскерлердің де. Əңгіме, ол мақсаттың мағынасында, неге бағдарлануында. Ал ұжым мақсаты əлеуметтік мақсаттармен ұштасады, оны қоғам да, мемлекет те қолдап, қуаттайды.
- іс-əрекет – ортақ мақсатты іске асыруға бағытталады.: ол бірлікті ұйымдастырылып, ұжым мүшелерінің іс-əрекет нəтижесіне болған ерекше жауапкершілігін танытады.
- жауапкерлі тəуелділік қатынасында болуы. Ұжым мүшелері арасында мақсат не іс-əрекет бірлігі ғана емес, сонымен бірге оларға байланысты ерекше бірін-бірі қажетсіну қатынастары жүйесі қалыптасады.
- Сайлаумен тағайындалатын ортақ басшы орган. Ұжымдарды басқару органдары ұжымның аса беделді мүшелерін тікелей жəне ашық сайлау жолымен қалыпқа келтіріледі.
Сонымен, мектеп ұжымы – бұл əлеуметтік мəнді мақсатпен, іс-əрекетпен, сол іс-əрекетті ұйымдастыру бағытымен бірлескен, ортақ сайлану органымен, ынтымағымен, ортақ жауапкершілігімен, теңдей құқық пен міндеттерге ие бола тұрып, өзара тəуелділігін тани білген барша тəрбиеленушілер тобынан құралады.
Негізгі әдебиеттер:
1. Государственная программа развития образования РК до 2010 г.
2. Оконь В. Введение в общую дидактику. – М.: Высшая школа, 1990
3. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print-S, 2005.-364 б.
4. Пидкасистый П.И. Педагогика. – М.: 2001
5. Подласый И.П. Педагогика. – Минск, 2006
6. Селевко Г.К. Современное образовательные технологии. – М.: 1998
7. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогичнском процессе школы. – Алматы, 1997
8. Харламов И.Ф. Педагогика. – Минск, 2002
9. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. – Алма-Ата: Мектеп, 1984
10. Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса. – Алматы, 2005
Қосымша әдебиеттер:
1. Безрукова В.С. Педагогика. Проективная педагогика. Уч.пособие для инженерно-пед.институтов. Екатеринбург, 1996. – 344 с.
2. Бордовская Н.В., РеанА.А. Педагогика. «Серия учебник нового века», Санкт-Петербург, 2000.
3. Каракулов К.Ж. Школоведение. – Алматы
4. Конаржевский Ю.К. Анализ урока. /М.: Центр «Педагогичнский поиск», 2000
5. коркина В.И. Дидактика в схемах и таблицах: Уч.пособие. – КарГУ. Караганда: Изд.ВО КарГУ, 2004
6. Коянбаев Ж.Б., Коянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2002.
7. Краевский В.В. Ведение в научное исследование по педагогике: уч.пособие. М., 1999
Достарыңызбен бөлісу: |