ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Педагогикалық кеңесте
бекітілді
______________
«№6 «Нұрсәуле» ясли – бақшасы» КМҚК
2016 – 2017 оқу жылына арналған
жылдық жоспары
Семей 2016
Жылдық жоспар мазмұны
2015-2016 оқу жылы бойынша талдау
2016-2017 оқу жылы бойынша мәселе, тақырыбы, мақсаты, міндеттері
Білім беру және тәрбиелеу сапасын жоғарлату (оқу жоспары, күн тәртібі, топтау, мектеп пен балабақша сабақтастығы)
Кадрлармен жұмыс (педагогикалық шеберлікті қамтамасыз ету, әдістемелік жұмыс, шығармашылық топтар жұмысы, озық педагогикалық тәжірибе, жас мамандармен жұмыс, аттестация)
Педагогикалық талдау және балабақша ішілік бақылау (қорытынды, тақырыптық, оперативік, жеке)
Ұйымдастырушылық-педагогикалық іс-әрекет
(педагогикалық кеңестер, семинарлар, жиналыстар)
Материалдық техникалық базаны нығайту (инвентаризация, жөндеу жұмыстары, тамақтану)
Ата-анамен жұмыс
«№6 «Нұрсәуле» ясли – бақшасы» КМҚК туралы жалпы мәлімет
2015-2016 оқу жылының басында тізім бойынша 312 бала болды. Оның ішінде қыз бала – 149, ұл бала – 163 болды.
Ясли – бақшадағы балаларды топ бойынша топтасақ: I кіші – 1 топ, II кіші – 4 топ, ортаңғы - 5 топ, ересек - 2 топ. Тәрбиеленушілердің контингенті әлеуметтік жағдайы жақсы балалар. 79% толық отбасында, 20 % толық емес отбасында тәрбиеленеді. Ата-аналардың 68% жоғары білімді болса, 70% жеке баспанасы бар ата-аналарды құрайды. Балалар білім бөлімінің бірыңғай кезегі бойынша балабақшаға қабылданды.
Ясли-бақшада жалпы 63 адам қызмет етеді. Оның ішінде 33 педагог бар. Педагогтар арасында арнайы мамандар жұмыс жасайды: 2 музыка жетекшісі, хореограф, педагог-психолог, бейнелеу өнерінің оқытушысы, дене шынықтыру нұсқаушысы, ағылшын тілі мұғалімі.
Сапалық құрам бойынша жоғары санатты - 2, бірінші санат – 10, екінші санатты – 8, санатсыз – 13 педагог.
2015-2016 оқу жылында бірінші санатқа тәрбиешілер Байнбетова Адина Бериковна, Бургумбаева Аида Муратовна, Турсынханова Сагыныш Талгатовна, екінші санатқа тәрбиеші Искакова Алтынгуль Серикхановна, психолог Қомаева Құндыз Қалимолдақызы өтті.
Кәсіби білімін жоғарлату мақсатында 29 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті:
- 10.10.2015ж Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті инновациялық білім беру технологиялар орталығында «Мектепке дейінгі мекемеде инновациялық білім беру технологияларын пайдалану» тақырыбында - 27 педагог;
- 23.01.2016ж Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті инновациялық білім беру технологиялар орталығында «Мектепке дейінгі мекемеде ағылшын тілі пәнін оқыту әдістемесі» тақырыбында – ағылшын тілі мұғалімі;
- 08.04.2016ж «Өрлеу» ПКБАИ « Жобалау әдісін қолдану технологиясы» тақырыбында 1 тәрбиеші курстарынан өтті.
Педагогикалық ұжымның кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында ясли - бақшада кәсіби байқаулар, сынақтар, шеберлік сыныптар, семинарлар мен педкеңестер өткізілді. Рейтинг қорытындысы бойынша: 1-топ ішінде: Бургумбаева А.М. - 1 орын, 2-топ: Искакова А.С. - 1 орын, 3-топтан Жакупова С.О. – 1 орынды иеленді. Арнайы мамандардың ішінен Байнбетова А.Б., Акмоллин М.Т., Тулешбаева А.Е. алдыңғы қатарға шықты.
Халықаралық ғылыми –тәжірибелік конференцияларға педагогтардың қатысуы. 04.11.2015ж «Ғылым және Өмір» халықаралық конференцияға Бургумбаева А.М., Серикпаева Б.А., Ержанова Д.О., Искакова А.С., Слямбекова К.З., Жакупова С.О. қатысып, сертификаттарға ие болды. 30.03.2016 ж Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандығының құрылуының тарихи тамырлары» атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференцияға Рахымбаева А.Т., Комаева М.С. қатысып, «Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығын мектепке дейінгі мекеменің оқу-тәрбие үрдісіне ендіру» тақырыбында тәжірибе бөлісті.
Аймақтық, қалалық деңгейде озық тәжірибе тарату
30.09.2015ж “Өрлеу” Ақмола облысының ПКБАИ өткен “Денсаулық балабақшада” республикалық байқауына Қ.З.Слямбекова, А.Т. Рахымбаева Г.С.Исабекова, К.Т.Слямбекова,С.О.Жакупова қатысып, «Мектепке дейінгі білім беретін мекемелерде шынықтыру жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында тәжірибе таратты.
2015-2016 оқу жылында педагогтар мен тәрбиеленушілер – қалалық, облыстық, өңірлік, республикалық және халықаралық сайыстар мен жобаларға қатысып, жүлделі орындар алды:
№
|
аты - жөні
|
мерзімі
|
байқау
|
нәтижесі
|
1
|
«Нұрсәуле» хор тобы
|
10.12.15
|
«Музыка әлемінде» республикалық байқауы
|
І - орын
|
2
|
«Тәттілер» би тобы
|
3.12.15
|
«Музыка әлемінде» республикалық байқауы
|
І - орын
|
3
|
Жүрсінбек Нұрлыбек
|
18.12.15
|
«Музыка әлемінде» республикалық байқауы
|
І - орын
|
4
|
Комаева Маржан Сейфуллаевна
|
30.12.2015
|
«Ұстаздық портфолио» республикалық байқауы
|
І -орын
|
5
|
Слямбекова Кайни
Искакова Алтынгуль Серикхановна
|
16.11.2015
|
«Творческая инициатива педагога» республикалық байқауы
|
ІІ-орын
|
6
|
Молдамсеитова Айгерим Раисовна
Калиакпарова Асем Кылышбековна
|
17.11.2015
|
«Ізденімпаз тәрбиеші» республикалық байқауы
|
ІІ-орын
|
7
|
Малгаждарова Гулим Кадылбековна
Шангирбаева Енлик Кызыровна
|
16.11.2015
|
«Өнегелі ұстаз» республикалық байқауы
|
ІІІ-орын
|
8
|
Шадиева Айдана Кажатовна
Мухитова Зульфия Сатыпалдиновна
|
16.11.2015
|
«Өнегелі ұстаз» республикалық байқауы
|
ІІІ-орын
|
9
|
Тулешбаева Айман Ержановна
Нурслямова Эльнара Серикхановна
|
17.11.2015
|
«Берегись автомобиля» республикалық байқауы
|
ІІІ-орын
|
10
|
Турсынханова Сагыныш Талгатовна
Кунтаева Шынар Егиспековна
|
16.11.2015
|
«Үлгілік сабақ» республикалық байқауы
|
ІІІ-орын
|
11
|
Мұрат Ералы
|
20.01.2016
|
«Балапан» облыстық интеллектуалдық турниры
|
ІІІ-орын
|
12
|
Қалымғазы Амирхан
|
20.01.2016
|
«Балапан» облыстық интеллектуалдық турниры
|
І-орын
|
13
|
Плотников Игнат
|
20.01.2016
|
«Балапан» облыстық интеллектуалдық турниры
|
ІІ-орын
|
14
|
Ерсултанова Самира
|
07.08.2016
|
«Бақытты балалық шақ» қалалық байқауы
|
ІІ-орын
|
15
|
«Тәттілер» би тобы
|
07.08.2016
|
«Бақытты балалық шақ» қалалық байқауы
|
ІІІ-орын
|
16
|
Жаупова Сания Оралкановна
|
10.03.2016
|
«Тәрбиеші болу бақыт» республикалық байқауы
|
ІІІ-орын
|
17
|
Турсумбаева Еркежан
|
06.11.2015
|
«Бала дауысы» қалалық байқауы
|
І - орын
|
18
|
Жүрсінбек Нұрлыбек
|
06.11.2015
|
«Бала дауысы» қалалық байқауы
|
ІІІ- орын
|
19
|
«Тәттілер» би тобы
|
20.11.2015г.
|
«Биле, биле, жас қайың!»
|
І-орын
|
20
|
Қомаева Құндыз Қалимолдақызы
|
15.02.2016
|
«Көзқарас» республикалық байқауы
|
ІІІ-орын
|
21
|
Рахымбаева Анаргуль Толеутаевна
|
07.05.2016
|
«Үздік педагогикалық ұжым» республикалық байқауы
|
І-орын
|
22
|
Комаева Маржан Сейфуллаевна
|
25.04.2016
|
ІІ Республикалық педагогикалық оқулар
|
ІІ-орын
|
Ясли-бақшада білім беру үрдісі мемлекеттік стандарт және санитарлық ережелер мен нормалар талаптарына сай тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайына байланысты құрылады. Тәрбиеленушілер арасында ең көп тараған ауру-өтпелі респиратуралық инфекция болды. Мекемеде бала денсаулығын сақтау және нығайту бойынша көп жұмыс түрлері жүргізілді. Жыл бойы аурудың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізілді. Балабақшада жас ерекшеліктеріне байланысты толыққанды тамақтану ұйымдастырылды.
Оқу жылы бойынша балалардың балабақшаға келуі орташа - 266 баланы құрады. Алдынғы жылмен салыстырғанда ауырған балалар 11 жағдайға азайды. Келтірілген мәліметтер денсаулық сақтау жұмыстарының нәтижелі болғанын көрсетеді.
2015-2016 оқу жылындағы балабақша тәрбиеленушілерінің
құзіреттіліктерінің дамуы индикаторының жылдық қорытындысы
Аралық және қорытынды диагностиканың салытырмалы талдауына келетін болсақ, тәрбиеленушілердің деңгейі 18% жоғарлағанын көруге болады. Балалардың білім, іскерлік, дағдыларының даму деңгейінің жалпы көрсеткіші - 73,3 % құрады. Диагностикалау Бьенеш бағдарламасы бойынша берілген бақылау, әңгімелесу, тест тапсырмалары бойынша жүргізілді.
2015-2016 оқу жылында 100 жас түлек шығарылды. Балалар мектепке дейінгі жалпы білім беру бағдарламасын толық меңгеріп, психологиялық жағынан мектептегі мектеп алды даярлық тобына дайын болды.
Мектепке дейінгі мекеме жұмыстарына инновациялық технологияларды ендіру және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие сапасын және тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында 2015-2018 оқу жылдарына арналған ясли-бақшаның әдістемелік тақырыбы таңдалып, міндеттері анықталып, 3 кезең бойынша жұмыс жоспары құрылды. 2015-2016 оқу жылы - дайындық кезеңі болды. Мақсаты: инновациялық технологияларды қолдану бойынша педагогикалық ұжымның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін зерттеу. Міндеттері: «Инновациялық педагогикалық технологиялар» диагностикасын жүргізу; технологияларды қолдану бойынша жетекші педагогикалық тәжірибелер мен ғылыми-әдістемелік әдебиеттердегі мәселелердің жағдайын зерттеу.
Міндеттерді шешу барысында педагогтар 5 әдістемелік орталықтарға бөлінді, және зерттеу тақырыптары таңдалып алынды. Әдістемелік тақырыпты жүзеге асыру мақсатында 5 педагогикалық кеңес және 5 семинар өткізілді.
Жылдық жоспарды жүзеге асыру мақсатында қыркүйекте - «Білім күні», «Денсаулық фестивалі – 2015», қазан айында - «Үлкенге құрмет» атты концерттік бағдарламасы қарттар үйінде ұйымдастырылды. Қарашада - «Күз ханшайымы» байқауы, желтоқсанда - «Ертегілер елінде» сахналық қойылымы, «Тәуелсіздік тұғырым» мерекелік шара, «Біз қазақша сөйлейміз» байқауы, қаңтарда - «Әнші балапан» ән-байқауы, ақпанда «Өзін – өзі тану: махаббат және шығармашылық педагогикасы» апталығы, наурызда - «Наурыз жыл басы!» меркесі, сәуірде ТЖ бойынша қалалық байқауы, мамыр айында «Ұландар күні» өткізілді.
Жыл бойы бейнелеу өнері оқытушысы Акмоллин М.Т. ұйымдастыруымен балалар шығармашылығының көрмесі өтті: «Менің Отаным Қазақстан», «Күзгі базарлық», «Тәуелсіздік тұғырым», «Сиқырлы шырша», «Қош келдің, Наурыз!», «Тоқтар, Талғат ағамдай мен ғарышкер боламын», «Ұлы Жеңіс жасасын!»
«Тәлімгер мектебі» – бірнеше жылдар бойы жұмыс істейді. Жұмыс жас мамандардың сұраныстары, оқу-тәрбие жоспарына сәйкес құрастырылған жоспармен жүзеге асады. Барлығы 3 тәлімгер Калимолдина Г.К., Турсынханова С.Т., Серикпаева Б.А., Ержанова, Бургумбаева А.М. жас мамандармен - Тулешбаева А.Е., Қомаева Қ.Қ., Қаржаубай А.А., Амангелдина А.С., Омарова Л.С., Жакупова Б.Ж., Жакупова С.О., Нурслямова Э.С., Калиакпарова А.К. жұмыс жасады.
Тәлімгерлер жас мамандармен қоғамдық өмірге қатысу, ұйымдастырушылық, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында әртүрлі теориялық және практикалық түрде жұмыстар жүргізді. Әдістемелік тақырып бойынша зерттеу жұмыстарына, семинар-жаттықтыру сабақтарына белсенді қатысуға жас мамандар тартылды. «Тәлімгер мектебінің» нәтижелілігі «Үздік жас маман – 2016» балабақшаішілік байқауында шығарылды.
2015- 2016 оқу жылында төмендегі мына педагогтар өзіндік білім көтеру тақырыптары бойынша әдістемелік жинақтар басып шығарды: «Мектепке дейінгі білім беретін мекемелерде шынықтыру жұмыстарын ұйымдастыру». Қ.З.Слямбекова, А.Т.Рахымбаева Г.С.Исабекова, К.Т.Слямбекова,С.О.Жакупова. «Мектепке дейінгі мекемеде тәрбиеленушілерді жан-жақты дамытуда ертегі терапиясын қолдану» Қомаева Қ.Қ. Медиаплан бойынша педагогтар республикалық басылымдарда тәжірибе бөлісті. Олар: Калимолдина Г.К. - «Дошкольный мир», Малгаждарова Г.К., Турсынханова С.Т. - «Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру», Байнбетова А.Б., Жакупова С.О. – «Балабақша: тәрбиелеу және оқыту», Бургумбаева А.М., Молдамсеитова А.Р., Искакова А.С. – «Балабақша меңгерушісі мен әдіскері», Мухитова З.С. – «Отбасы және балабақша».
Оқу жылының басында алғашқы психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізілді, бұның нәтижесі бойынша психикалық дамуында тежелісі бар балалар анықталды және оқу жылы бойы осы балалармен мамандар, психолог, педагогтар жұмыс жасады. Диагностиканың нәтижесінде анықталған мәселені шешу бойынша ата-аналарға кеңес беріліп, ұсыныстар айтылды. Тәрбиеленушілермен оқу іс – әрекеттері жеке және топтық формада ұйымдастырылды. Оқу іс – әрекеттердің мазмұны жас ерекешеліктеріне сай танымдық процесін дамытуға, жағымды эмоционалдық күйді қалыптастыруға, коммуникативті дағдыларды қалыптастыру және дамытуға бағытталған. Диагностиканың нәтижесі бойынша таным процестері дамуына байланысты топтар анықталды. Жыл бойындағы көрсеткіштерді салыстыра келе, түзету жұмыстары дамудың ілгерлеуіне әкелгенін көреміз.
Ата-аналар, педагогтармен бала тәрбиесіне қатысты психологиялық-педагогикалық мәселелер бойынша семинар-тренингтер, конференциялар мен пікірталастар ұйымдастырылып өткізілді. Ата-аналар сұраныстары бойынша жекелей бала психологиясына байланысты кеңестер берілді. Ата-аналардың психологиялық-педагогикалық мәдениетін көтеру жұмыстары жақсы нәтижелер беруде.
Ясли-бақша жұмысының негізгі бағыттарының бірі –ата-анамен жұмыс. Жыл сайынғы ата-аналармен жүргізілетін біріккен іс-әрекеттеріміз әртүрлі бағытта жүзеге асты. Балабақшаның отбасымен ынтымақтастығының негізігі төрт бағыты бойынша жұмыс жүргізілді: дәстүрлі, ағартушылық, қоғамдық басқару, интерактивті.
Оқу жылының басында ата-аналардан сауалнама алынып «Отбасының әлеуметтік портреті» шығарылды. Сонымен қатар «Баланың балабақшаға бейімделуі», «Отбасындағы денсаулық сақтау шаралары» тақырыптарында сауалнамалар алынды. Нәтижелері педагогикалық кеңестер мен семинарларда шығарылып отырылды.
«Ата-аналармен кездесуде балаларды, ата-аналарды және педагогтарды жақындастыратын өзін-өзі танудың элементтері жиі қолданылады. Сонымен қатар, жыл сайын дәстүрге айналған «Ата-ана махаббаты» тренингі, әкелер конференциясы, «Жыл ата-анасы», «Екі жұлдыз» сайысы, бірлескен сенбіліктер т.б. өткізілді.
Үштілділікті дамытудың 2015-2019 оқу жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру бойынша “Мектепке дейінгі ұйымда тілдердің үштұғырлығын дамыту” шағын лекция, «Тілдің үштұғырлығын дамыту» іскерлік ойыны, Назарбаев зияткерлік мектебінің, тіл мектебінің мамандарының қатысуымен «Балабақша жағдайында үштілділікті ендіру мәселелері» тақырыптарында дөңгелек үстел өткізілді. Ағылшын тілі мұғалімі Карамандинова К.А. педагогтарға ағылшын тілін меңгеруге ынталандыру мақсатында «Полиглот», «Кім жылдам?», «Ағылшын тілі күні» тақырыптарында іс-шаралар жүргізді. Сонымен қатар тәрбиеленушілер арасында «A B C» тобын құрып, мектепке дейінгі балаларға арналған ағылшын тілінен «Nauryz - holiday of peace and goodness» атты 8 Наурыз Халықаралық əйелдер күні мен Наурыз мерекелеріне арналған қашықтықтан өткізілген байқауына қатысып, сертификатқа ие болды.
Оқу жылында балабақшамен қамтылмаған 343, I -ықшам ауданы, Затон ауданында тұратын балалармен мынадай жұмыстар жүргізілді: балаларға арналған мерекелер «Жасыл шырша жанында», «Наурыз мерекесі»; ата - аналарға арналған кеңестік пунктінде кесте бойынша педиатр, арнайы мамандар мен психолог бала тәрбиесі жайында педагогикалық-психологиялық кеңестер беріп, ата-аналарға қолдау көрсетілді.
Бала тәрбиесіндегі нәтижелі еңбегі үшін Семей қаласының әкімінің гармотасымен Койшибекова В.Ю., қалалық білім бөлімінің грамотасымен Абекова Б.Г., білім саласының республикалық кәсіподақ ұйымының грамотасымен Калимолдина Г.К. марапатталды.
2016-2017 оқу жылы бойынша мәселе, тақырыбы, мақсаты, міндеттері
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік және дағдыларын, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа және толеранттылыққа тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |