Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі республикалық оқу-әдістемелік кеңес («Білім» тобындағы мамандықтар бойынша Оқу-әдістемелік секциясы) Бекітілді роәК



бет3/9
Дата26.12.2019
өлшемі0,6 Mb.
#54776
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
pedagogih sityasiya kz


Педагогикалық жағдаят №103

Сіз бастауыш сынып мұғалімісіз және сіздің сыныбыңызда қиын оқушы бар. Ол басқа оқушылардың заттарын жиі сұраусыз алады. Бір күні осы оқушы өзгенің ұялы телефонын сұраусыз алып, үйіне алып кетеді.

Сіздің осы жағдайдағы іс-әрекетіңіз:


  1. Қиын оқушының ата-анасына хабарласасыз.

  2. Оқушыны мектеп психологына апарасыз.

  3. Барлық сыныптың көзінше оқушыны ұрлық жасады деп жала жабасыз.

  4. Өзініздің жеке пікіріңіз...

Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №104

Жазда оқушылар ата-аналарын алаңда күтеді. Олар келер уақытқа дейін балалар бір-бірін қуып ойнайды. Мирас және Диана жүгіріп ойнап жүргенде, соқтығысып қалады. Диана тәрбиешіге жылап барып, Мирас оны ұрды деп шағым айтады.

Сіздің осы жағдайдағы (не істейсіз, не айтасыз және т.б.)іс-әрекетіңіз және не себепті?
Педагогикалық жағдаят №105

Оныншы сынып оқушысы өзінің дәрігер болғысы келетінін мәлімдеді. «Бұл жауапты мамандық, мен халыққа өзімнің көмегімді көрсеткім келеді»

Бұл мамандықты нақты таңдауға жеткілікті себеп пе? Өз пікіріңізді түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №106

Балабақшада тағы бір жылға қалып, басқа топқа ауысқан бала, өзінің төрт жыл бойы болған тобы мен тәрбиешісін сағынады. Ол өзінің бұрынғы тобына жиі қонаққа келеді: тәрбиешісімен сөйлеседі, балалармен ойнайды, құрастырмақтарды құрастырып үйренеді және т.б. Тәрбиешісі үнемі баланы қабылдайды, баланың анасы да мұндай жағдайға қарсы емес. Анасының тәрбиешілермен қарым – қатынасы жақсы. Бір күні анасы баланы бала бақшадан алып кетуге келгенде, баладан басқа біреудің ойыншығын көреді. Бұл жағдайды анасы тәрбиешіге айтады.

Сіздің (тәрбиеші ретінде) осы жағдайдағы (не істейсіз, не айтасыз және т.б.) іс-әрекетініз және не себепті?
Педагогикалық жағдаят №107

Оқушы физика пәніне жиі қатыспайды. Сабақ барысында оқушы мұғалімге «Мен сіздің сабағыңызды түсінбеймін, сондықтан сіздің сабағыңызға қатыспадым» деп айтады. Мұғалімнің оқушының сөздеріне іс-әрекеті: «Сенің бұл қылығыңа саған екі қоямын».

Сідің осы жағдайдағы іс-әрекетіңіз? Өз пікіріңізді білдіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №108

Қоңырау соғылып, сабақ басталды. Мира және Гүлжайна сабаққа 10 минут кешігіп келеді, және мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіріп, өз орындарына отырады. Мұғалім оларға «Сендерге кім сыныпқа кіруге рұқсат берді? Бұл не деген тәрбиесіздік?» деп өзінің қарсылығын білдіреді.

Сіздің осы жағдайдағы іс-әрекетіңіз қандай? Өз әрекетіңізді түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №109

Мектепте мұғалім өзінің оқушыларының бір-бірін айғайлап қарсы алғандарын естіді. Бірден олармен бұл жағдайды тікелей талқылау қандай да бір нәтиже шығаруы белгісіз еді.

Сіздің осы жағдайдағы іс-әрекетіңіз?


  1. Ештеңе естімеген кейіп таныту.

  2. Оқушылардың осы жаман әдетті қалай тапқанын анықтау.

  3. Тез арада сынып жетекшімен байланысып, мәселені талқылау.

  4. Өзініздің жеке пікіріңіз...

Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №110

Әдебиет пәнінің жас мұғалімі 8 сыныпқа кіргенде, өзінің сәлеміне әскери түрдегі жауап алады. Бұл сыныптағы Санжар деген оқушы еді.

Сіздің осы жағдайдағы іс-әрекетіңіз?


  1. Сыныптан шығарып жіберу: «Барып өзіңнің қылығыңды ойланып қайт».

  2. Оқушының айтқанына мән бермей, сабақты жалғастыру.

  3. Оқушының айтқанына мән бермеу, бірақ сабақтың ортасында шақырып, қиын тапсырма беру.

  4. Сәлемдесуін қабылдап: «О, әдебиеттің жанкүйері! Маған Сіздің көмегіңіз керек (дәптерледі тарату, тақтаны тазалау, техникалық оқу құралдарын жұмысқа дайындау және т.б.)».

  5. Өзініздің жеке пікіріңіз...

Өз жауабыңызды нақтылаңыз.
Педагогикалық жағдаят №111

8 ші «б» сынып оқушылары қоңырауда мұғалімнің келуін күтіп тұрған, кабинет есігі жабық. Мұғалім келіп, есікке кілт салғанымен аша алмады, Осы жағдайға байланысты сіздің әрекетіңіз:



  1. Есікті кімдердің бұзғанын анықтау

  2. Мектеп директорына шағыммен бару

  3. Басқа кабинетке бару

  4. Ұстаны шақырып, есікті ашуға әрекет жасау

  5. Сіздің өзіндік әрекетіңіз

Берген жауабыңызды негіздеңіз (неге сүйендіңіз)
Педагогикалық жағдаят №112

Сөйлеуінде кемшілігі бар оқушы қатты абыржып, жауап бере алмай тұр. Оның жауабын естіген оқушылар, күле бастады. Бірақол сабаққа жақсы дайындалып келген, қойылған сұрақтың жауабын да біледі.

Осы жағдайға қалай ықпал етер едіңіз? Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?

Берген жауабыңызды негіздеңіз (неге сүйендіңіз)


Педагогикалық жағдаят №113

Сіздің сыныптасыңыздың үлгерімі әрдайым жоғары болатын. Соңғы уақытта ол сабаққа дұрыс дайындалмайтын, үй тапсырмасында орындамайтын болды, тәртібі де нашарлады. Нәтижесінде екілік бағалары көбейген. Мұғалім оқушының үйіне барып, ата- анасымен сөйлесіп, қосымша оқытамын деген, бірақ, оқушының ынтасы жоқ. Осы жағдайда сіз не істеген болар едіңіз.

Берген жауабыңызды негіздеңіз (неге сүйендіңіз)


Педагогикалық жағдаят №114

Сабақ басталып кеткен, бірақ сыныптағы оқушылар шуылдап отыр. Сыныптың назарын сабаққа қалай аударыа тыныштандыруға болады. Сіздің әрекетіңіз:



  1. Үстелді тықылдату

  2. Сыныптың алдында бірнеше минут үнсіз тұру

  3. Сынып кезекшісін шақырып, тақтаны тазалауын өтіну

  4. «Сабақ басталды!» деп айғайлау

  5. Өзіңіздің нұсқаңыз

  6. Берген жауабыңызды негіздеңіз (неге сүйендіңіз)


Педагогикалық жағдаят №115

Мұғалім оқушылардың көпшілігінің үй тапсырмасын орындамағанын анықтады. Олардың барлығының күнделіктеріне екілік қойды.

Сіз бұл жағдайдан қалай шығатын едіңіз?
Педагогикалық жағдаят №116

Жоғары сыныптың оқушысы мектепке бара жатқан бірінші сынып оқушысының ақшасын тартып алды. Жәбірленген оқушы сабақтан кейін болған жағдайды ағасына айтты, ертеңіне ағасы оны ұрып, арты төбелеске айналды. Осы жағдайға қалай ықпал етуге болатын еді. Өз әрекетіңізді талдаңыз.



Педагогикалық жағдаят №117

Сыныптасыңызбен араңызда бір түсініспеушілік орын алды, сіз себебін түсінбедіңіз.

Қарым -қатынасты жақсарту үшін сіздің әрекетіңіз:


  1. Сыныптасыңызды ашық әңгімеге шақырып, себебін анықтайсыз

  2. Алдымен өз әрекетіңізді талдайсыз

  3. Сыныпта бұрын туындаған мәселелерді қарастырасыз

  4. Сіздердің жағдайларыңыздан хабары бар басқа сыныптастармен сөйлесесіз.

  5. Өзіңіздің нұсқаңыз

  6. Берген жауабыңызды негіздеңіз (неге сүйендіңіз)


Педагогикалық жағдаят №118

Үй тапсырмасын тексеріп отырған мұғалімге оқушылардың бірі келіп, «Дәптерімді үйге тастап кетіппін», - деді. Мұғалімнің әрекеті:



  1. Тағы да ма?

  2. Менің ойымша, сенде жауапкершілік жоқ

  3. Сен ұқыпты оқушысың, келесі жолы мұқият бол

  4. Үнемі үйде ұмытып кетуіңнің себебін ойлан

  5. Өзіңіздің нұсқаңыз

  6. Берген жауабыңызды негіздеңіз (неге сүйендіңіз)



Педагогикалық жағдаят №119

Сіз 10 шы сыныпта сабақ өткізіп жатырсыз. Оқушылардың бірі ұялы телефонындағы музыканы қосты, яғни сізді тыңдағысы келмейтінін ашық көрсетті. Сіздің әрекетіңіз:



  1. Көңіл аудармайсыз

  2. Сыныптан шығарып жібересіз

  3. Телефонын тартып аласыз

  4. Өзіңіздің нұсқаңыз

  5. Берген жауабыңызды негіздеңіз (неге сүйендіңіз)


Педагогикалық жағдаят №120

Сіз бастауыш сынып мұғалімісіз. Сыныбыңызда жағдайы төмен отбасының баласы оқиды. Бір күні ол сабаққа тозған аяқкиіммен келді. Кейбір сыныптастары мазақтап күлді. Сіздің әрекетіңіз:



  1. Күлген оқушылармен сөйлесіп, олай жасауға болмайтындығын түсіндіремін

  2. Көңіл аудармай өз ісіммен шұғылдана беремін

  3. Кінәлілерді директордың кабинетіне апарамын

  4. Өзіңіздің нұсқаңыз

Берген жауабыңызды негіздеңіз (неге сүйендіңіз)
Педагогикалық жағдаят №121

Сабақ жүріп жатыр делік. Барлық балалар өздік жұмысымен айналысуда. Бір оқушы жұмыс істегісі келмей жан-жағына бұрылып, не істерін білмей отыр. Мұғалім оның атын атап, не түсініксіз болып отырғанын сұрады.

- Сенде маған қандай сұрағың бар? – деді.

Бала біраз ойланып тұрып:

- Сіз өз оқушыларыңыздың жанында, жүрегінде қандай із қалдырамын деп ойлайсыз? – деп сұрады?


    1. Бұндай күтпеген сұраққа қандай жауап берер едіңіз?

    2. Ондай сұрақтың Сізге қойылуының себебі неде деп ойлайсыз?

    3. «Бала жүрегінде із қалдыру» - дегенді қалай түсінесіз?


Педагогикалық жағдаят №122

Сабақ енді ғана басталған. Практикант-мұғалім балаларға шағын эссе жазуға тапсырма беріп тұр. Эссенің тақырыбы: «Біз үнемі шындықты айтамыз ба?»

- Балалар, сендер мұғалімдерден, ата-аналарыңнан көп нәрсені жасырасыңдар ма? Неліктен алған «2», «3» бағаларыңды жасырасыңдар? Неге кіші жасымыздан бастап шындықты айтып үйренбейміз? – деді практикант.


  • Ағай (апай), Сізге сұрақ қоюға бола ма? – деді бір оқушы.

  • Иә, қоя ғой.

  • Сіз өзіңіз үнемі шындықты айтасыз ба? Сіз жоғарғы оқу орнында «3» алып көрдіңіз бе?

  • Иә, көргенмін.

  • Келешек мұғалімге «үштік» баға жараса ма?

        1. Баланың мұндай сұрақ қоюына не себеп болды деп ойлайсыз?

        2. Бұл сұраққа қарап баланың мұғалім тұлғасына қандай көзқараспен қарайтынын анықтаңыз.

        3. Эссенің тақырыбына өзіңіз қандай жауап берер едіңіз?



Педагогикалық жағдаят №123

Сабақ басталмай тұрып оқушылар практикант келетінін біліп «Үндемес» ойынын ұйымдастырды. Ол ойынның шарты бойынша қай бала бірінші сөйлеп қойса, немесе мұғалім қай баланы бірінші сөйлетіп қойса ертеңінде сыныптағы барлық балаға бір-бір балмұздақтан алып келуі керек. Сондықтан мұғалім кіре салысымен класс іші тып-тыныш. Барлығы үндемейді. Сөйлемейді. Біреуі де мұғалімнің қойған сұрағына жауап бермейді. Ал практикантқа сабақ жоспары бойынша үй тапсырмасын тексеріп оқушылардың жауаптарын бағалау қажет, жаңа сабақ түсіндіруі керек.



  1. Бұндай жағдайда Сіз балалармен қарым-қатынасты қалай орнатасыз, қандай шешім қабылдайсыз?

  2. Бұл проблемалық жағдайды шешуде әкімшілік көмегіне жүгіну қажет пе?

  3. Оқушыларға қандай іс-шара қолданасыз? Жазалау қажет пе?


Педагогикалық жағдаят №124

V сыныпта практикант жаңа сабақты түсіндіріп тұр. Өте қатал түрде тәртіптің сақталуын қадағалауға тырысады. Класс іші тып-тыныш. Бір уақытта бір баланың қорылдағаны естілді. Артқы партада отырған бір оқушы ұйықтап қалыпты. Практикант оған қарап қалған кезде сыныптағы барлық бала қарқылдап күліп жіберді. Оқушылардың барлығы практиканттың не істейтінін күтуде.



  1. Практикант ұйықтап қалған балаға не істеуі керек?

  2. Ондай оқушыға қандай іс-шара қолдануға болады?

  3. Баланың дәл Сіздің сабағыңыздың үстінде ұйықтап қалуы ненің көрсеткіші болуы мүмкін?


Педагогикалық жағдаят №125

Сіз сынып жетекшісісіз делік. Сенбілік болған кезде барлық оқушылар өз парталарын жууға кірісті. Кенет бір оқушыңыз:



  • Мен парта жумаймын! Ол қыздардың жұмысы деп қолындағы сулы шүберекті парта үстіне лақтырып жіберді.

Оның сөзін естіген басқа да ұл балалар:

  • Онда біз де жумаймыз! Біз де қыз емеспіз, ұлдармыз! – деп бастап жатқан жұмыстарынан бас тартты.

  1. Осындай проблемалық жағдайда практикант қандай шешім қабылдағаны дұрыс?

  2. Тазалықты сақтау туралы оқушыларға қандай кеңес бере аласыз, қандай мысалдар келтіруге болады?

  3. Осындай қиындық туындатқан баланың жеке тұлғасы туралы, тәрбиелік деңгейі жайлы не айта аласыз?


Педагогикалық жағдаят №126

Мұғалім сабақ түсіндіріп жатқанда бір оқушының ұялы телефоны шырылдады. Ол мұғалімнен рұқсат сұрап класстан шығып кетті. Біраздан соң қайта кіріп орнына отырды. Мұғалім барлық балаға ұялы телефондарын сөндіріп қоюларын талап етті. Телефоны шырылдаған балаға сабақтың қанша уақытын алатынына, балалардың ойын бөліп жіберетініне тоқталып ренішін білдірді. Жаңа тақырыпты енді түсіндіріп жатқан кезде мұғалімнің өзінің ұялы телефоны шырылдап тоқтамады. Оқушылар мұғалімнің сөзі мен ісінің сәйкестігін күтуде.



  1. Осындай мұғалімнің орнында болсаңыз Сіз не істер едіңіз?

  2. Ұялы телефон арқылы Сізге байланысқа шығып тұрған өте көптен күткен адамыңыз болса не істейсіз?

  3. Оқушылардың ұялы телефондарды қолданулары бойынша қандай ұсыныстарыңыз бар?


Педагогикалық жағдаят №127

Сіз практикантсыз делік. Сізге бір ашық тәрбие сағатын өткізу керек. Сіз оған жан-жақты материал жинақтап дайындалдыңыз. Жаңа компьютерлік технологияларды қолданып өтетін жаңа тақырыбыңызды презентация, слайд-шоу, көрнекіліктер ретінде электрондық вариантын дайындадыңыз. Музыкалық аппаратураны әзірледіңіз. Осының барлығын қолданып ашық тәрбие сабағын жүргізе бастадыңыз. Кенет бүкіл мектеп бойынша электр тогы сөніп қалды. Жүргізушілеріңіз, қатысушы оқушыларыңыз абыржып, сасқалақтап біресе Сізге, біресе сабаққа қатысып отырған қонақтарға қарайды.



  1. Осындай проблемалық жағдайда қандай шешім қабылдар едіңіз?

  2. Егер мұндай жағдайдың болатынын ескерген болсаңыз сабаққа қалайша дайындалар едіңіз?

  3. Осындай проблемалық жағдайда оқушылар қандай психологиялық көңіл күйде болуы мүмкін? Оларға қандай психологиялық қолдау, әдістемелік көмек көрсете аласыз?


Педагогикалық жағдаят №128

Практикант бір класқа келіп сабақты бастаудан бұрын сынып тізімі бойынша балаларды түгендеді. Тізім бойынша 21 бала екен, ал класта 22 бала отыр. Бір бала артық. Кім артық екенін анықтап алған соң ол оқушыдан:

- Сен неге өз сыныбыңдағы болып жатқан сабаққа бармайсың? - деп сұрайды.

- Мен өз сабағымнан қашып кеттім, өйткені Сіздің сабағыңыз маған ұнайды – дейді оқушы.



      1. Мұндай жағдайда қандай шешім қабылдайсыз?

      2. Балаларға өз сабақтарынан қашып кетуге рұқсат беруіңіз дұрыс па?

      3. Сіздің сабағыңызға қатысқысы келіп қызығушылық байқатып отырған оқушыны сабақтан шығарып жіберу дұрыс па?


Педагогикалық жағдаят №129

Сабақ басталды. Үй тапсырмасы тексеріліп жатыр. Балалардың барлығы кітаптан бастарын алмай үй тапсырмасын қайталап отыр. Бір бала жауап беруге шақырылды. Дәл осы сәтте Арман деген оқушы сабаққа кешігіп кіріп, рұқсат сұрап соңғы партадағы орнына отырды. Біраздан соң ол шытырлатып пакетін ашып тамақ жей бастады. Барлығы арттағы балаға бастарын бұрып қарап қояды. Бұл шуды байқаған мұғалім ол баланы класстан шығарып жіберді. Оның қасындағы отырған бала:

- Сіз оны не үшін шығарып жібердіңіз? Ол біз барлығымыз асханаға тамақ ішуге бара жатқанда бір бастауыш сынып оқушысы құлап қалып мұрнын қанатып алған екен, соны дәрігер бөлмесіне апарып көмек көрсетті. Ол бізбен бірге тамақ ішіп үлгерген жоқ. Сондықтан жаңа біраз тамақтанып алғысы келді ғой? – деді.

1) Бұл жағдайдың себебін түсінгеннен соң педагог ретінде қандай шешім қабылдайсыз?

2) Ол оқушыдан кешірім сұрап қайта шақырып кіргізесіз бе, әлде оқушыдан кешірім сұрау педагог беделін төмендетеді деп ойлайсыз ба?

3) Ол оқушыны басқаларға үлгі тұтуға бола ма?


Педагогикалық жағдаят №130

Сіз мектепке практикант болып келдіңіз. Сізге VII сыныпқа жетекшілік ету міндеті тапсырылды. Бұл сыныптағы оқушылардың көпшілігі өте белсенді, ашық, бір-бірімен қарым-қатынастары да жақсы. Бір аптадай өткен соң Сіз сыныпта ұжымнан шеттетіліп, тұйықталып қалған оқушы бар екенін байқадыңыз. Ол өз пікірін көпшілік алдында айтуға ұялады, ешкіммен тығыз араласпайды, көбінесе үндемей отырады, үзіліс кезінде де өзі жалғыз жүреді, улгерімі орташа. Педагог ретінде Сіз оны сөзге тартқыңыз келіп сабақ үстінде қосымша сұрақтарға жауап беруін қалап орнынан тұрғыздыңыз. Ол орнынан тұрып жауап қайтаруға біраз кідіріп қалған кезде, басқа бір оқушы:



  • Апай (ағай), одан несін сұрайсыз, ол бәрібір жауап бермейді, оданша бізден сұраңызшы – деп қолын көтерді.

Ал жауап беруге тұрғызылған бала ұялғанынан қатты қызарып орнына отыра салды.

    1. Осындай ыңғайсыз жағдайда тұйықталып қалған балаға Сіз қандай көмек көрсете аласыз?

    2. Орнынан айқайлап отырған «белсенді» оқушының адамгершілік қасиеттері, тәрбиелік деңгейі туралы қандай қорытынды жасай аласыз?

    3. Тұйықталып қалған баланы әлеуметтендіруге байланысты қандай жұмыс формаларын ұсына аласыз?


Педагогикалық жағдаят №131

Сыныбыңыздағы бір бала белгісіз себептермен қыздарды ренжітеді. Ата-аналар наразылық білдіруде, қыздар жылауда. Ескертулер мен жазалар әсер етпейді. Оларды қолданған сайын жағдай одан әрі ушығуда.


Осы жағдайға қалай әсер етуге болады? Осы жағдайда сіз не істер едіңіз? Іс-әрекеттеріңізді түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №132

Киімдер дүкенінде сіз кездейсоқ киім ұрлап жатқан адамды ұстап алған бұрынғы сыныптасыңызды көріп қалдыңыз. Сіздің осы жағдайдағы іс-әрекетіңіз:

1. Оны байқамаған кейіп танытасыз.

2. Сыныптасыңыздың жанына барып, оның дұрыс жасағанын айтасыз.

3. Дүкен әкімшілігіне барып, сыныптасыңызға сыйлық тағайындауын айтасыз.

4. Сіздің өз жауап нұсқаңыз.

Жауап нұсқаңызды түсіндіріңіз.

Педагогикалық жағдаят №133

Мұғалім сыныпта сыныптасыңызға қатты мін тақты. Сыныптасыңыз жылауда. Осы жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз:

1. Сыныптасыңызға күлесіз.

2. Сыныптасыңызға жаныңыз ашиды.

3. Бұл жағдайды байқамағандай кейіп танытасыз.

4. Сіздің жауап нұсқаңыз.

Жауап нұсқаңызды түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №134

Партадағы көршіңіз сізден бақылау жұмысын көшіріп, сізге қарағанда жоғары баға алды.

Сіздің осы жағдайдағы әсеріңіз (қалай жасайсыз, не істейсіз, не айтасыз т.б.) және неге?
Педагогикалық жағдаят №135

Сіз үй жұмысын орындауды ұмытып кеттіңіз. Бүгін мұғалім сізден үй жұмысын сұрайтынын да білесіз.

Осы жағдайда сіз қалай жасайсыз?

1. Сіз үй жұмысын жасамағандығыңызды шынымен мойындайсыз.

2. Сіз үй жұмысын жасағыңыз келмегендігін айтасыз.

3. Мұғалімге үй жұмысын келесі сабақта сұрауын өтінесіз.

4. Партадағы көршіңізден көшіріп аласыз.

5. Сіздің жауап нұсқаңыз.

Жауап нұсқаңызды түсіндіріңіз.

Педагогикалық жағдаят №136

Мектеп директоры орынбасары мектеп ауласын қарап шығуға кетті. Ал сіздің досыңыз сабақ кезінде мектеп ауласында шылым шегетінін білесіз. Осы жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз?

1. Мектеп директоры орынбасары назарын өзіңізге аударасыз.

3. Досыңыз кетіп қалуы үшін досыңызға белгілер бересіз.

4. Еш нәрсе болмағандай кейіп танытасыз.

5. Сіздің жауап нұсқаңыз.

Жауап нұсқаңызды түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №137

Сіз мектепте ұйымдастырылып жатқан мейрамға қатысып, өлең айтуыңыз керек. Алайда дәл осы күні досыңыз сізді туылған күніне шақырды. Осы жағдайда сіз не істейсіз? Іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.


Педагогикалық жағдаят №138

Мұғалім шамалы уақытқа сыныптан тест уақытында шығып кетеді. Сіздің сыныптасыңыз мұғалім шығып кеткенін пайдаланып мұғалімнің столындағы тесттің дұрыс жауаптар кілтін суретке түсіріп алады. Сіздің осы жағдайдағы әсеріңіз (қалай жасайсыз, не істейсіз, не айтасыз т.б.) және неге?


Педагогикалық жағдаят №139

Сыныпқа жаңадан бойы ұзын оқушы келді. Сыныпта көп оқушылар осы себепке байланысты онымен дос болмай, оны кекетіп мін айтады.

Осы жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз. Сіз не істейсіз, өзіңізді қалай ұстайсыз және неге?
Педагогикалық жағдаят №140

Мектеп асханасында сіздің досыңыз тамақтану үшін тамақ сатып алғысы келгенін көресіз. Бірақ досыңыздың тамақ сатып алу үшін ақшасы жетпейді. Осы жағдайда сіз қалай жасайсыз, сіздің іс-әрекетіңіз және неге?


Педагогикалық жағдаят №141

Сіздің досыңыз өзінің аяқ киімін жоғалтып алғандықтан, сізден кроссовка бере тұруды өтінді. Оған бүгін дене мәдениетінен емтихан тапсыру қажет еді. Сіз бұл жағдайда не істер едіңіз және неліктен?


Педагогикалық жағдаят №142

Бір таныс емес адам көшеде амиянын (кошелек) түсәрәп алды, және Сіз оны байқадыңыз. Сіз бұл жағдайда не істер едіңіз және неліктен?



Педагогикалық жағдаят №143

Сіз таң ертеңгілік көлікпен ата-анамен бірге мектепке асығып бара жатырсыз. Жол бойында Сіздерді денсаулығы нашар адам тоқтатады. Сіз бұл жағдайда не істер едіңіз және неліктен?


Педагогикалық жағдаят №144

Сіз қонақтасыз. Барлығы белсенді талқылап отырған тақырып Сізге таныс емес. Сіз бұл жағдайда не істер едіңіз және неліктен?



Педагогикалық жағдаят №145

Егер достарыңызды өзіңізге қонаққа шақырғанда, Сіз көбінесе жақсы көрмейсіз ...

1. Сізге сыйластық танытпай, сөзіңізді бөлсе

2. Шақырылғандар өзара аз сөйлессе

3. Кейбіреу Сізден өте көп көңіл бөлуіңізді талап етсе

4. Өз жауаптарыңыздың нұсқасы...

Жауап нұсқасын дәлелдеңіз.
Педагогикалық жағдаят №146

Сіздің сыныпқа басқа мектептен оқушы келді. Сіздің алғашқы әрекетіңіз:

1. Таныса бастаймын

2. Сыныптастарынан ол туралы сұраймын

3. Өзін таныстырмайынша күтемін.

4. Селқос (немқұрайлы) қараймын

5. Өз жауаптарыңыздың нұсқасы...

Жауап нұсқасын дәлелдеңіз.


Педагогикалық жағдаят №147

Жаңа жылдық ертеңгілікке Арсен бас рөлді ойнағысы келді. Бірақ мерекеге үш күн қалғанда Арсен ауырып қалды, және оның орнына қандай да бір тапсырманы орындағысы келмейтін ерке бала Санжарды шақырады. Санжар рөолге жақсы дайындалды. Мерекеге бір күн қалғанда Арсен балабақшаға келіп, «Ал мен ше?» деген сөзімен өзінің рөлін қайтадан сұрайды.

Бұл жағдайда тәрбиеші не істеуі керек?

1. Рөлді Санжарға беруі тиіс.

2. Рөлді Арсенге беруі қажет.

3. Екеуінің де ойнауына рұқсат беруі керек.

4. Рөлді топтағы үшінші балаға беруі қажет.

5. Рөлді сценарийден алып тастау қажет.

Жауап нұсқаңызды дәлелдеңіз.
Педагогикалық жағдаят №148

Айгерим балабақшадағы ертеңгілікке дайындалып, ән/өлең жазды. Бірақ іс-шара ұзаққа созылып кетпес үшін, оның нөмірін қысқартады. Ертеңгілік біткеннен кейін Айгерім жылап қалды. Қызының ренжігенін көріп, анасы жанжал шығарды. Тәрбиешінің әрекетін сипаттап беріңіз.

1.Тәрбиеші Айгерімге оның номірінің міндетті түрде келесі ертеңгілікке кіргізетінін түсіндіруі және анасынан кешірім сұрауы қажет.

2. Ұжым іс-шараны өткізу барысында уақытты ретке келтіруді үйренуі керек.

3. Түсіндіру жұмыстарын өткізу қажет.

4. Тәрбиеші Айгерімнің анасына мұндай жағдайдың енді қайталанбайтыны туралы уәде беруі тиіс.

5. Өз жауаптарыңыздың нұсқасы...

Жауапты дәлелдеңіз.


Педагогикалық жағдаят №149

Малика оқыған мектепте көп балалар қымбат әдемі киімдер киеді. Маликаға ескі көйлек киюге тура келетін. Бір күні кешкілік Малика өзін бақытсыз сезінетінін айтып, ата-анасына олардың жолы болмайтын адамдар екенін білдіреді. Осы жағдайға қалай ықпал етуге болады? Сіз бұндай жағдайда не істер едіңіз? Өз әрекетіңізді негіздеңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет