Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі республикалық оқу-әдістемелік кеңес («Білім» тобындағы мамандықтар бойынша Оқу-әдістемелік секциясы) Бекітілді роәК



бет8/9
Дата26.12.2019
өлшемі0,6 Mb.
#54776
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
pedagogih sityasiya kz


Педагогикалық жағдаят №418

Сіз сабақ жүргізудесіз, сынып еңбектенуде. Сабақтың дәл ортасына таман бір оқушы кенеттен орнынан тұрып, есікті тарс жауып, сыныптан шығып кетті.

Сіз не істейсіз? Сіздің реакцияңыз?


  1. Мән бермеймін.

  2. Оқушыны қайтарамын да, сынып ережесін есіне саламын.

  3. Дәл қазір мән бермеймін, бірақ кейін шақырып алып, сөйлесемін.

  4. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №419

Сабақ кезінде соңғы қатардан хат тарайды. Оқушылар үнсіз сол хатты оқып, төбеге қарап, мұғалімнің бар екенін елеместен мәз болып күледі. Мұғалім хатты көріп, оны балалардан алып қояды да, оқиды. Онда «төбеге қара» деген жазу бар екен. Мұғалім жоғары төбеге қарайды, осы кезде бүкіл сынып айқайлап күледі.

Сіз не істейсіз?

1. Сыныппен бірге мен де күлемін.

2. Мән бермеймін.

3. Оқушыларға тәртіп ережесі жайлы ескертемін.

4. Хаттың авторын анықтауға кірісемін.

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №420

Сіз 10-сыныпта сабақ жүргізу үстіндесіз. Бір оқушы сіздің ашуыңызды шақыру мақсатында, сізді тыңдамайтынын білдіріп, музыка қосты. Сіздің әрекетіңіз?

1. Мән бермеймін (елемеймін).

2. Ұрсамын (жекимін).

3. Дәл қазір мән бермеймін, бірақ сабақтан соң сөйлесемін.

4. Музыканы сабақтан соң тыңдауды ұсынамын.



  1. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №421

Жас маман Сізге сыныптағы сабағыңызға қатысуға өтініш білдірді. Оқушылар сізді көргенде: «О, өзі игере алмағандықтан біздің апайымызды шақырыпты» деп реплика тастады.

Сіздің әрекетіңіз?

1. Сыныппен әңгіме өткізіп, тыңдамаушылықтың себебін анықтаймын.

2. Этикалық тақырып бойынша сынып сағатын өткіземін.

3. Тәртіп бұзғандарды жазалаймын.

4. Тәртіп бұзушылардан ата-аналарын шақыруды талап етемін.

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №422

Сынып жетекшісі театрда өтетін мектептің жаңажылдық шыршасына небәрі 18-ақ билет алғанын ескертті, ал сыныпта 30 оқушы бар. «Мен сендердің барлықтарыңды жақсы көремін. Кім барады, кім бармайды өздерің шешіңдер», - деді.

Сіз осындай кезде не істер едіңіз?


  1. Ешкімнің көңілі қалмас үшін жеребе тастауды өтінемін.

  2. Кім баруға лайықты екенін анықтауға дауыс берулерін сұраймын.

  3. Билетті жақсы оқитын, қоғамдық жұмыспен айналысатын оқушыларға үлестіруді ұсынамын.

  4. Қолымды көтеріп онда бармайтынымды айтамын.

  5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №423

Эльмира мұқият және ұзақ уақыт тарих пәніне дайындалды. Мұғалім берген тапсырманың бәрін жаттап алды, ертең қалай жауап беретінін де жоспарлап қойды. Бірақ келесі күні мұғалім сабақ сұрағанда, ол кенеттен сасқалақтап қалды да, ойдағыдай жауап бере алмады. Мұғалім басын шайқап, «үш» деген баға қойды. Сабақ аяқталды. Барлығы сыныптан шықты. Ал Эльмира басын төмен түсіріп отырып қалды, көзіне жас үйірілді. Оның жанына құрбысы келіп былай деді:

1. «Неменеге ренжисің. Өзің кінәлісің. Жинақы түрде байыппен жауап беру керек еді. Сенің орныңда мен сабаққа жақсы дайындалғанымды айтып, тағы да сұрауын өтінер едім».

2. «Неменеге жылап отырсың. Онда тұрған не бар. Мән бермей-ақ қой»

3. «Сен сондай ұқыпты, мұқият дайындалған сияқтысың. Солай ма?

4. Мен білемін, сен барлығын жаттаған болатынсың. Бәлкім сасқалақтап, ұмытып қалған шығарсың.

5. «Жанына отырып, оны құшақтап, Эльмираның барлық айтқандарын тыңдар едім».

6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №424

Оқушы өзінің бір сыныптасын жақтырмайтынын білдіріп: «Мен мұнымен бірге оқығым келмейді», - деді.

Мұғалім әрекеті қандай болуы тиіс?


  1. Не болып қалыпты сонша?

  2. «Ешқайда да бармайсың, бірге оқуға тура келеді».

  3. «Бұл ақымақтыққа жатады».

  4. «Ол да сенімен бірге оқығысы келмеуі мүмкін».

  5. «Неге?»

  6. «Менің ойымша сенікі дұрыс емес».

  7. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №425

Сіз сабақ өтудесіз. 3-сынып оқушыларынан үй тапсырмасын сұрау уақыты жетті. Бірақ бір оқушы дәптерін үйінде ұмыт қалдырғанын айтты. Сіздің әрекетіңіз ?

1. Оқушыны дәптерін әкелуге үйіне қайтарамын.

2. Бүкіл сынып алдында ұрсып, енді дәптерді қалдырмауын қадап айтамын.

3. Неге қалдырғанын анықтауға тырысамын. Оқушының өз міндетіне жауапкершілікпен қарауын ескертемін.

4. Ұмытса ұмытқан шығар деп, соншалықты мән бермеймін.

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №426

Сіз отбасы туралы тақырыпта сабақ өтіп жатырсыз және ата-аналар жайлы әңгіме қозғауыңыз керек. Сіздің сыныбыңызда ата-анасынан айырылған жетім бала оқиды.

Сіздің әрекетіңіз?

1. Мен ештеңе өзгертпей , сабақ жоспарына сай өткізуім керек.

2. Сабақты түсіндіремін, бірақ балаларға сұрақ қоймаймын.

3. Алдымен сынып контигенттін (құрамын) анықтап алып, әңгімені өзгертемін.

4. Мүлдем ештеңе де айтпаймын. Шығармашылық жұмыс ұсынамын.

5. Ата-ана туралы әңгімені айтамын. Баланы ащы шындыққа дайындаймын.

6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №427

Қоңырау соғылды. Сіз сабақ бастадыңыз. Он минуттай уақыт өтті. Сыныпқа рұқсатсыз, кешірім сұрамай бір оқушы келіп кіріп, өзінің партасына отырды.

Сіздің әрекетіңіз?


  1. Жедел түрде оны сыныптан шығарып жіберемін.

2. Оның тәрбиесіз екенін бетіне басып айтамын. Оның дереу шығып, рұсат сұрап кіруін талап етемін.

3. Неліктен кешіккенін сұраймын.

4. Сабақты әрі қарай жалғастыра беремін.

5. Ескерту жасаймын да, ата-анасын шақыртамын.

6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №428

Сіз өз сыныбыңыздағы баланың өзге сынып оқушысымен төбелесіп жатқанын, басқа балалардың айқайлап тамашалап тұрғанын көрдіңіз.

Сіздің әрекетіңіз?

1. Өз проблемаларын өздері шешсін, ал мен оған мән бермеймін.

2. Дауыс көтеріп, төбелесті тоқтатуын талап етемін.

3. Оларды ажыратып, директорға апарамын.

4. Барлық балаларды сыныпқа қуып тығып, не болғанын сұрастырамын.

5. Кінәлілерден басқаларын сыныпқа кіргізіп алып, әрбір оқушымен бөлек сөйлесемін де төбелестің себебін анықтаймын және оларды татуластыруға әрекет жасаймын.

6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.



Педагогикалық жағдаят №429

Мұғалім оқушыға тапсырма береді, ол орындағысы келмейді: «Мен тапсырманы орындамаймын», - деп ашық айтады.

Сіздің әрекетіңіз.

1. «Кел отырып талқылайық, мүмкін сенікі дұрыс шығар».

2. «Онда сен несіне оқуға келдің?»

3. «Мүмкін, неге орындамайтыныңды айтарсың?»

4. «Өзіңе қиын болады, ештеңе білмей қаласың».

5. «Сонда не істейсің?»

6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №430

Оқушы сабақтан кейін мұғалімге келіп, сабақ беру әдіс-тәсілдерінің ұнамайтындығын, мұғалімнің ауысуын талап ететіндігін мәлімдейді.

Мұғалімнің әрекеті қандай болу керек?


  1. Оқушымен келісіп, сабақ беру тәсілін өзгертеді.

  2. Оқушы пікірінің қажет еместігін айтады.

  3. Оқушы материалын оқушымен бірге талқылап, оқушыға нақты не ұнамайтындығын анықтайды.

  4. Ата-анасын мектепке шақыртады.

  5. Жұмыстан шығып кетеді.

  6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №431

Сіз сынып жетекшісі болып жұмыс жасайсыз. Сыныптағы бір оқушы тарих пәні сабағына қатысқысы келмейтінін, пән оқытушысымен қарым-қатынасының бұзылғанын, мұғалімнің мұның бағасын үнемі төмендетіп қоятынын мәлімдейді.

Сіздің әрекетіңіз:

1. Оқушыға оның қателесетіндігін айтасыз. Жақсылап сабаққа дайындалып келуіне, пән мұғаліміне тіл тигізбеуіне және тәуір баға алатынына көзін жеткізесіз.

2. Пән мұғалімімен әңгімелесесіз. Себебін анықтайсыз.

3. Пән мұғаліміне тіл тигізгені үшін оқушыға дауыс көтеріп ұрсасыз.

4. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №432

Мектепте болған дискотекадан кейін 11-сынып оқушыларының масаң күйде жүргенін байқадыңыз.

Не істейсіз?

1. Ата-аналарды шақырып, әңгіме өткізу.

2. Оқушыларды есепке қою.

3. Ешқандай әрекет жасалмайды.

4. Мектеп директорын хабардар ету.

5. Тәртібі үшін бағаларын төмендету

6. Жалпы мектеп жиналысын өткізу.

7. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №433

Сыныпқа кіре бере Сіз бір топ қыздардың өз сыныптасы туралы әңгімелесіп тұрғанын естіп қалдыңыз: «Бірнеше жыл бойы бір көйлекпен жүр». Сіздің әрекетіңіз:

1. Әңгіме дүкенді тоқтатамын.

2. Ата-аналарын шақыртамын.

3. Моральдық құндылықтар жайлы әңгіме қозғаймын

4. Сынып жиналысын өткіземін(диспут)

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №434

Мектептен шыға берісте жолда Сіз жоғары сынып оқушыларынан мәдениетсіз сөз естідіңіз. Сіздің әрекетіңіз?



  1. Бұның мектеп ережесіне сәйкес келмейтінін түсіндіріп, мектеп директорына ертіп барамын.

  2. Оқушылардың ата-аналарын мектепке шақырып жанжал шығарамын.

  3. Оқушыларға мұндай әрекет жараспайтынын және бұл сөздер ерсі естілетінін жай сөзбен түсіндіремін.

  4. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №435

Сіз жетекші болып отырған сыныпта діни нанымдарға байланысты жанжал туындады. Сіз не істейсіз?



  1. «Халықтар достығы» тақырыбында тәрбие сабағын өткіземін.

  2. Ата-аналармен әңгіме жүргіземін.

  3. Ештеңе болмағандай жүре бересіз.

  4. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №436

Сіз сынып жетекшісіз. Оқушыларыңыздың бірінің сабаққа деген қызығушылығы төмендеп кетті. Күнделігінде «екіліктер» көбейген. Жағдайы нашарлап кетті: мұғалідер оқушыны ұялтады, сабақтан соң алып қалады, үйде көп өтірік айтып кетті, ауру анасы ұлына сенбейді. Сіздің әрекетіңіз:



  1. Үлгерімі жоғары оқушыларға қадағалауын тапсырамын.

  2. Ештеңе істемеймін, мектепте екілік бағамен оқитын оқушылар аз емес.

  3. Педагогикалық кеңесте келесі жылға қалдыруға ұсыныс жасаймын.

  4. Оқушының өзімен әңгімелесемін: «Не істейміз? Екеуміз жағдайды дұрыстауға тырысуымыз керек. Анаңа қазір өте қиын. Біз оған жағдайдың дұрысталатынын дәлелдеуіміз керек. Алда әлі 2 апта уақыт бар. Төрт пәннен екілік бағаңды өзгертуің керек. 12 желтоқсанда анаңды шақырып жағдайдың дұрысталып келе жатқанын көрсетеміз».

  5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №437

Сіз сыныпқа ерте келіп қалдыңыз, кенет екі оқушының (оның бірі сынып старостасы) журналдағы бағаны түзетіп жатқанын байқап қалдыңыз. Осы жағдайда не істер едіңіз?



  1. «Оларды қатаң жазалаймын».

  2. «Ол оқушыларды директор орынбасарына немесе директорға ертіп барамын».

  3. «Журнал еш уақытта қараусыз қалмайды».

  4. «Қай мұғалімнің журналды сеніп тапсырғанын анықтап, солармен әңгіме жүргіземін».

  5. «Әдетте староста мұндай әрекетке бармайды және т.б.»

  6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №438

Сіз педагогсіз. Сіздің сыныбыңызда бір жыл бойы оқушылар арасында жарыс өтті. Сыйлыққа жалпы қордан жиналып алынған ақшаға хрусталь мүсін берілуі керек еді. Ол мүсін мұғалім шкафында тұрды. Оқу жылының соңында жарысты қорытындылауға жақын қалғанда сыныптағы 2 оқушы бір-бірімен соқтығысып, абайсызда сол мүсінді сындырып қояды. Сіздің әрекетіңіз:



  1. Оқушыларға қайтадан ақша жинап, мүсінді сатып алуын сұраймын.

  2. Ол сыйлықты өзім сатып аламын.

  3. Кінәлі балалардың мойнына артып қоямын.

  4. Жеңімпаздарды сыйлықсыз қалдырамын, өйткені сыйлық маңызды емес.

  5. Оқушылар арасында мәселені шешудің жолдарын іздестіріп, дауысқа саламын.

  6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №439

Сіз өз мектебіңіздің бітіруші сыныбындағы білгірлер клубының мүшесісіз. Сіз жақын арадағы сенбіде көрші қалаға туыс әпкеңіздің (жақсы қарым-қатынастағы) үйлену тойына барғалы жатырсыз. Міне, сол кезде, бейсенбі күні кешке Сіздің білгірлер командаңыздың капитаны қуанышты хабармен, яғни команданың жеңімпазы, Қазақстандағы қалаған ЖОО-на мемлекет есебінен оқуға түсуге мүмкіндік беретін, жақын арадағы сенбі күні болатын жарысқа шақырып жатқанын хабарлайды. Сонымен қатар капитан команда құрамын өзгертуге болмайтындықтан, сіздің қатысуыңызсыз жарысқа команданың қатысу мүмкіндігі жоқ екенін мәлімдеді. Сіз қандай шешім қабылдайсыз?

1. Мен тойға барамын, себебі мен біраздан бері жоспарлағанмын және сүйікті әпкемді оның өміріндегі маңызды күнінде ренжіткім келмейді. Ал ЖОО-на, команданың әрбір мүшесі түсе алады деп ойлаймын, біз тектен тек білгірлер клубы емеспіз.

2. Жарысқа қатысамын, себебі командалас балалардың көңілін қалдыра алмаймын, ал әпкем мені түсінеді деп ойлаймын.

3. Тойға барамын, өйткені біздің жеңіске жететіндігіміз нақты емес, ал бірақ тойдың болатыны нақты.

4. Тиын тастаймын, не түссе сол болады.

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.



Педагогикалық жағдаят №440

Елестетіп көріңіз, Сіз мұғалімсіз. Сіздің сабақ өтіп жатқан кезіңізде сыныпқа ашық тұрған терезеден үлкен ара ұшып кірді және бөлмеде ұшып жүр. Сіз не істер едіңіз?

1. Оған көңіл аудармауға тырысамын және балалардан да соны талап етемін, сосын сабақты жалғастыра беремін.

2. Араны бір затпен ұрып, одан өзім құтылуға тырысамын, бірақ оған оқушылардың араласуына қарсы боламын.

3. Оқушылармен бірге арадан құтылу үшін оны ұстауға тырысамыз.

4. Барлық терезені ашып, балаларды сыныптан шығарып, араны өзім сыртқа қууға тырысамын.

5. Барлық терезені ашып, балалармен бірге араны сыртқа қууға тырысамыз.

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.

Педагогикалық жағдаят №441

Елестетіп көріңіз, Сіз мұғалімсіз. Сіздің сыныбыңыздың оқушысы бокстан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы болып сыныпқа спорт киіммен және төсбелгімен келді, алайда спорттық киімде сабаққа қатысуға рұқсат етілмейтін (дене шынықтыру сабағынан басқа) мектеп киім үлгісінің оқушыларға арналған өз ережесі бар. Сіз не істер едіңіз?

1. Мектеп ережесін бұзуына байланысты оқушыны киім ауыстырып келуге үйіне жіберемін.

2. Ондай киімде бір күн мектепте жүруіне рұқсат беремін, бірақ бұдан былай олай жасамауын ескертемін.

3. Мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасау керектігін ақылдасу үшін оқушыны мектеп директорына апарамын.

4. Әкімшілік бөліміндегілерден және әріптестерімнен спортшының осындай киімде жүруіне рұқсат беруін сұраймын, себебі ондай образбен ол спортты насихаттайды, патриоттық сезім тудырады, сонымен қатар ол - біздің мектебіміздің мақтанышы.

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №442

Сіз 7”Б”-сынып жетекшісісіз, 7 оқушыдан тұратын спорттық жарыстарға 7, 8, 9 сыныптардан дайындадыңыз. Жаттығу кезінде Сіз оларға әрдайым жеңесіңдер деп айттыңыз. Бірақ сіз ойлағандай болмады, Сіздің командаңыз ең соңғы орында болды. Сіздің іс-әрекетіңіз:



  1. Команданың жеңілуіне себепкер болған балаларды командадан бөліп аламын.

  2. Балаларға жаттығу кезінде жақсы дайындалмағанын айтамын.

  3. Балаларды тыныштандырып, оларға келесі жолы бізде бұдан да жақсы көрсеткіш болады деп айтамын.

  4. Талдау жасап, балалармен бірге қорытынды жасаймын.

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №443

Сіз 11-сыныпта оқисыз. Сіздің сабағыңыз өте жақсы. Бірақ Сізге Биология мен Физика пәндері қатты ұнайды. Сізді Биология және Физика пәндері бойынша облыстық пәндік олимпиадаға шақырды. Осы пәндік олимпиадалардың бір күнде екі ауданда өтілетіні анықталды. Сіздің әрекетіңіз?

1. Сынып жетекшісімен ақылдасып, қайсысына қатысуын сұраймын.

2. Қай пәнді тандау керектігін ата-анаммен ақылдасамын.

3. Қандай мамандық мені қызықтыратынын одан кейін олимпиадаға қай пән бойынша баратынымды таңдаймын.

4. Осы пәндерден қандай мамандық бар екенін біліп аламын. Мамандық бойынша көп мәлімет аламын. Пәндік олимпиада бойынша таңдау жасаймын, одан кейін дайындаламын және сол мамандыққа түсемін.

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №444

Бірінші қабатта тұратын Асқаровтардың үйінің терезесіне футбол добының кездейсоқ тигенін баласы түсіндіруге тырысты.

- Әкесі жайбарақат баласына: «Асқаровтардың терезесінің сынғанын талқылайық», деді. – Менің саған еш көмегім жоқ, бірақта сен маған не болғанын түсіндірші. Мен келісемін, мұның әдейілеп жасалмағанын. Енді айтшы, осы жағдайда қандай жазаны сен дұрыс деп санайсың», - дейді.

Сұрақтар:

1. Әкесінің мұндай мінез танытқанынан баласында қандай қасиеттер дамиды?

2. Бұл жағдайда Сіз Педагогикалық тұрғыдан қандай жазаны дұрыс деп санайсыз?

3. Әкесі баласына әсер ету үшін қандай тәсілді қолданды?

4. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.

Педагогикалық жағдаят №445

Сізді көшеде бір жасөспірім тоқтатып, 100 теңге сұрады. Сыртқы келбетіне қарасаңыз, оның қарны тоқ, киімі бүтін, ұқыпты киінген. Осы жағдайда сіздің әрекетіңіз:

1. «Саған ұят емес пе?», - деп сұрайсыз.

2. Ештеңе айтпай жүріп кетесіз.

3. Ақшаның не үшін керек болғанын сұрап, қажет болса көмектесесіз.

4. Бұл жағдайдан не аңғаруға болады?

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №446

Бесінші сынып оқушысы Ахмет тақпақ пен әңгімелерді есінде нашар сақтайды. Тақтаға шығып бір-екі сөз айтып тоқтап қалатын. Сіз оның ерке екенін білесіз. Осы жағдайдағы әрекетіңіз:

1. Мектепте айтылған тапсырмалардың барлығын орындау керек екенін түсіндіріп айтамын.

2. Ойын толық жеткізуге мүмкіндік беремін.

3. Сабақтан соң алып қалып, бағасын жоғарылатуға мүмкіндік беремін.

4. Ахметті тыңдап болғаннан соң мадақтап, бұдан да жақсы дайындалып келетініне сенетінімді айтамын.

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №447

Оқушы Сіз жүргізетін 2 сабаққа келе алмайтынын айтады. Өйткені, ол сол уақытта концертке баратынын айтты. Сіздің әрекетіңіз:

1. Қарсы боламын.

2. Келесі жолы мектепке ата-анасымен келуін айтамын.

3. «Өзің білесің, емтихан тапсыратын сен, жіберіп алған сабақтарыңа жауап бересің», - деп жауап беремін.

4. «Сен сабаққа немқұрайлы қарайсың», - деп айтамын.

5. Мүмкін, мектепте оқымай-ақ қоярсың.

6. Сабақтың емес, концерттің қызықтыратынын білгім кеп отыр.

7. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №448

Сабақтың басында немесе бірнеше сабақ өткен соң бір оқушы сізге: «Мен сізді педагог ретінде бізге бір нәрсе үйретеді деп ойламаймын» - дейді. Сіздің ойыңызша мұғалімнің әрекеті қандай болу керек?



  1. «Сенің жұмысың оқу, мұғалімді оқыту емес», -деп жауап беремін.

2. Сен сияқтыларға еш нәрсе үйрете алмаймын деймін.

3. «Саған мүмкін басқа сыныпқа немесе басқа мұғалімге ауысу керек», - деп жауап қатамын.

4. Сенің оқуға ынтаң жоқ деймін.

5. «Неге бұлай ойлайсың?»

6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №449

Бір оқушы сізбен әңгіме үстінде басқа оқушыларға қарағанда өзіне жақсы қарым-қатынаста болғанын сұрайды. Сіз оқушының бұл сөзіне қалай жауап бересіз?

1. «Мен неге басқа оқушыларға қарағанда саған жақсы қатынаста болуым керек».

2. «Мен ешқандай оқушыны алаламаймын».

3. «Маған бұл әңгімең ұнап тұрған жоқ».

4. «Мен не себепті мұны жасауым керек?»

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.



Педагогикалық жағдаят №450

Мұғалім жаңа сабақ түсіндіріп жатыр. Сәл уақыттан соң сынып оқушылары мұғалімді тыңдамай шулап кетті. Осы жағдайда мұғалім не істеу керек?

1. Көңіл аудармау керек.

2. Ескерту жасап, сабақты жалғастыру керек.

3. Оқушыларды тәртіпке шақыру керек.

4. Шулаған оқушыларды сыныптан шығарып жіберу керек.

5. Оқушыларды сабаққа қызықтыру керек.

6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №451

Физика сабағына оқушылар ешқандай дайындықсыз келді. Мұғалім өзін қалай ұстау керек?



  1. Директордың орынбасарына бару керек.

  2. Оқушылардың барлығына екілік деген баға қою керек.

  3. Өткен тақырып бойынша бақылау жұмысын алу керек.

  4. Оқушылардың дайындалмай келген себебін анықтау керек.

  5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №452

Өзіңізді сынып жетекші ретінде елестетіңіз. Сіздің оқушыларыңыз соңғы сабаққа қатыспай, қиноға кетіп қалды және осындай қылықтарымен сабақты бұзды. Келесі күні сыныпқа келіп осы әрекеттің ұйымдастырушысы кім екенін сұрайсыз, бірақ жауап жоқ. Сіздің әрекетіңіз:

1. Оқу ісінің меңгерушісіне шағымданасыз.

2. Оларды ұялтып, мұндай жағдайдың қайталанбауына шақырасыз.

3. Ата-аналарын шақырасыз.

4. Балалар неге мұндай әрекетке барғанын анықтауға тырысасыз.

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №453

Көбінесе балалар үлкен адамдарды мұғалім, тәлімгер ретінде қабылдайды. Бірақ сізді дос ретінде қабылдағанын қалайсыз ба? Бұл үшін қандай әрекетке көшесіз.

1.Өзіңізді үлкен дос ретінде көрсетесіз.

2. Педагог балаларға дос болуға тиісті емес.

3. Олардың қажеттілігін қанағаттандыруға тырысамын.

4. Жағдайға байланысты мұғалім де, тәлімгер де, дос та боламын.

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №454

Сізге жастары үлкен жасақ берілген. Балалар сіздің ұсыныстарыңыз бен талаптарыңызға қарсылық көрсетуде, бірақ өздері ештеңе ұсынбайды, алда әлі жұмыс уақытыңыз көп.

Не істеу керек? Сіздің іс-әрекетіңіз:


  1. Қорқытпақ болып: «Сендер не мені тыңдайсыңдар, не болмаса барлығыңды үйлеріңе қайтарам».

  2. Балаларға ситуациялық жағдаят жасай отырып белсенділігін арттырып, содан соң топтың жасаған іс-әрекетін талқылау.

  3. Бұл - олардың жұмысы, менің міндетім - олардың жағдайын жасау.

  4. Өз ұсыныстарымды саралай отырып, нақты қорытынды жасау.

  5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдаған нұсқаңызды талқылап беріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет