Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі республикалық оқу-әдістемелік кеңес («Білім» тобындағы мамандықтар бойынша Оқу-әдістемелік секциясы) Бекітілді роәК



бет5/9
Дата26.12.2019
өлшемі0,6 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Педагогикалық жағдаят № 230

Қоңырау кезінде дәлізбен келе жатып Сіз 4-ші сыныптың екі баласының төбелесіп жатқанын көрдіңіз. Бұл жағдайды Сіздің байқап койғаныңыз да оларды тоқтатпады. Сіз тоқтатуды талап етсеңіз де олар төбелесті жалғастыра берді. Өз іс-әрекетіңізді жоспарлаңыз.


Педагогикалық жағдаят № 231

Оқушыларыңыздың бірі үнемі қоңырау кезінде келіп, өз сыныптастары жайлы «сөз тасиды». Ол кімнің кімнен нені көшіргенін, кімнің үй тапсырмасын орындамағанын, кімді кім кекеткені жайлы айтып келіп отырады. Осы жағдайды шешуге арналған іс-әрекет жоспарыңызды жасаңыз.


Педагогикалық жағдаят № 232

Қоңырау уақытында үшінші сыныптың екі баласы шулап жатыр. Біріне-бірі мініп ойнап жүр. Мұндай жағдайда Сіз не істейсіз?


Педагогикалық жағдаят №233

Оныншы сынып оқушыларының бірі Сіздің көзіңізше өзге әріптесіңіздің, яғни мұғалімнің әрекетіне жағымсыз баға берді. Мұндай жағдайда Сіз қандай әрекет етесіз және неліктен?


Педагогикалық жағдаят № 234

Сіз - оныншы сыныптың сынып жетекшісісіз. Сабақтарыңызда сыныптағы бір оқушы үнемі басқа нәрсемен айналысып отырады. Ол үнемі мұғалімдерді ызаландырады, дөрекі сөйлейді, олар бұл баланы мүлдем түзелмейді деп есептейді. Сыныпта бұл баланың сотқар және «екіліктің баласы» деген атағы бар. Сіз осы оқушымен қандай жұмыстар жүргізер едіңіз?



Педагогикалық жағдаят № 235

Сабаққа бірнеше оқушы 15 минутқа кешігіп келді. Мұғалім: «Сіздер неге кешіктіңіздер?» - деп сұрайды. Оқушылар (әлі де бөлішкесін шайнап тұрып): «Біз асханада болдық» - деп жауап берді. Бұл жағдайда Сіз қандай әрекет жасайсыз (не істейсіз, не айтасыз және т.б.) және неліктен?


Педагогикалық жағдаят № 236

Сынып шулап жатыр. Мұғалім: «Сабақта неге сөйлесіп отырсыңдар?» Оқушылар: «Біз зерігіп кеттік!» - деп жауап береді. Мұндай жағдайда Сіз қандай әрекет жасайсыз (не істейсіз, не айтасыз) және неліктен?


Педагогикалық жағдаят № 237

Оқушы Сізден өзінің ішінің ауырып жатқанын айтып сұранып кетті. Сіз оны үйіне қайтарып жібердіңіз. Келесі күні оның үйіне қайтпағанын білдіңіз. Сіздің әрекетіңіз?


Педагогикалық жағдаят № 238

Оқушы мұғалімінің сабақ жүргізуіне кедергі келтірді. Жасалған ескертулерге құлақ аспай, өзгелерге кедергі жасауын әрі қарай жалғастыра берді. Мұндай жағдайда Сіз не істер едіңіз?


Педагогикалық жағдаят № 239

Жетінші сынып оқушысы дөрекі түрде тәртіп бұзады. Мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшісіне үнемі мұндай әрекет қайталанбайды деп уәде береді. Алайда, сынып есігінен шыға сала бәрі басынан басталады. Мұндай әрекет ұзақ уақыт жалғасуда. Мұндай жағдайда Сіз не істер едіңіз?


Педагогикалық жағдаят № 240

Балабақшаға жаңадан тәрбиеші келді, осыдан бастап ата-аналардың бірі осы тәрбиешімен үнемі қақтығыса беретін болды. Оның баласы аса белсенді, өз күшін қайда жіберерін білместен өзге балаларға тиісе бастайды. Ақырында балалар арасында қақтығыстар пайда болады. Айтыңызшы, тәрбиеші белсенді балаларды іспен айналыстыруы қажет пе еді? Қақтығыстардың алдын алуға болар ма еді? Және «Сіздің балаңыз өзге де қарапайым балалар секілді бір орында отыра алмайды» деген секілді сөздер айта ма? Мұндай жағдайда Сіз не істер едіңіз?


Педагогикалық жағдаят № 241

Өзіңізді Білім және ғылым министрі деп елестетіңіз. Білім сапасын жақсарту үшін қандай іс-әрекеттер жасар едіңіз?


Педагогикалық жағдаят № 242

Айтыңызшы, Сіздің Педагогикалық мамандықты таңдауыңызға не әсер етті?


Педагогикалық жағдаят № 243

Мұғалімдер күніне Сізге педагог антын дайындау тапсырылды. Сіздің ойыңызша ол қандай болуы керек?


Педагогикалық жағдаят № 244

Сіздің мамандық таңдауыңызға кімнің ықпалы зор балғаны жайлы айтып беріңізші.


Педагогикалық жағдаят № 245

Өзіңіздің сүйікті мұғаліміңіз жайлы айтып беріңізші. Оның бойында қандай қасиеттер бар?


Педагогикалық жағдаят № 246

Сіз қалай санайсыз, болашақтың педагогы қандай болуы қажет? Сіздіңше, қазіргі мұғалімдердің қайсысы осындай сапаларды меңгерген?


Педагогикалық жағдаят № 247

Сізге «Қоғамның қазіргі даму сатысында білім беру жүйесінде, мектепте, мұғалімде қандай қиындықтар (мәселелер) бар?» деген тақырып бойынша мектеп мұғалімдерінен сұхбат алуды ұсынды. Мұғалімдер үшін қандай сұрақтар дайындайсыз?


Педагогикалық жағдаят № 248

Сізге «Мұғалімдік мамандықтың болашағы (мүмкіндіктері) қандай?» деген тақырып бойынша мектеп мұғалімдерінен сұхбат алуды ұсынды. Мұғалімдер үшін қандай сұрақтар дайындайсыз?


Педагогикалық жағдаят № 249

Мұғалім тұлғасы, еңбек сапасы мен өнімділігі көп жағдайда оның өз білімін жетілдіру әрекетіне байланысты екендігін дәлелдеңіз.


Педагогикалық жағдаят № 250

Мұғалімдер күні таяп келеді. Сізге мұғалім мамандығы жайлы айтуға телеарнаға шақырды. Сіз көрермендерге не айтар едіңіз? Сіз жастарды Педагогикалық жоғары оқу орына түсуге қалай үгіттер едіңіз?


Педагогикалық жағдаят № 251

Сізге Педагогикалық мамандық жарнамасының тұсаукесерін, сценарийін даярлау тапсырылды. Сіздің материалдарыңыздың мазмұны қандай болады? Педагогтың сөздік портретін жасаңыз.


Педагогикалық жағдаят № 252

Сізге «Мен - педагогпын» тақырыбына Педагогикалық коллаж жасау тапсырылды. Коллажды қалай құрастырасыз (орналастыру, жазуларын ойластыру, тақырыпқа сай коллаждың жалпы түрі), материалды қалай үйлесімді орналастырар едіңіз?


Педагогикалық жағдаят № 253

Сынып жетекшісі әрі пән мұғалімі ретінде мектеп мұғалімінде қандай мәселелер (қиындықтар) болады? Мектеп директоры болсаңыз - оларды болдырмау үшін не істер едіңіз?


Педагогикалық жағдаят № 254

Болашақтың мектебін қалай көргіңіз келеді?


Педагогикалық жағдаят № 255

Сізге мұғалімнің ар-намыс кодексін жасау ұсынылды. Сіз оған кандай бөлім қосар едіңіз?




Педагогикалық жағдаят № 256

Идеал мұғалім моделін жасап көріңіз: ол нені білуі керек, ол нені жасай алуы керек, тұлғаның қандай сапасын дамытуы керек?


Педагогикалық жағдаят № 257

Сіздің ата-аналарыңыз Сізді туыстарыңыздың (таныстарыңыздың) үйіне қонаққа бірге алып барды ... Сіз қонақта өзіңізді қалай ұстау керектігін қалай жоспарлайсыз? Сіз үлкендерге не айтасыз? Балаларға ше? Егер су ішкіңіз келсе, не істейсіз? Егер Сіз зеріксеңіз ше?


Педагогикалық жағдаят № 258

Сіз басқа қалаға келдіңіз және қонақүйге орналасуыңыз керек. Онда конференция өтілуіне байланысты барлық орындарға заңгерлер (психологтар, спортшылар және т.б.) үшін алдын-ала тапсырыс беріліп қойған. Сіздің міндетіңіз – қонақүй әкімшілігіне Өзіңізді сол алдын-ала тапсырыс берілген мамандықтың өкілі ретінде таныстыру.


Педагогикалық жағдаят № 259

Сізге балалар үйінде қойылым-ертегі қою тапсырылды. Өз әрекетіңіздің жоспарын құрастырыңыз.


Педагогикалық жағдаят№ 260

Сіз ғылыми-зерттеу форумын ұйымдастырушылардың бірісіз. Сіздерге әр қаладан студенттер келе жатыр. Форум 3 күн болады. Бірінші күні өздерінің ғылыми жобаларын қорғайды. Қалған 2 күнде студенттерді немен шұғылдандыруға болады? Жоспарын жасаңыз.


Педагогикалық жағдаят № 261

Сізге «Менің отбасым» тақырыбына тұсаукесер даярлау тапсырмасы берілді. Тұсаукесерге қандай ақпаратты және қандай бірізділікте кіргізетініңізді жоспарлаңыз.


Педагогикалық жағдаят № 262

Мектепті бітіргеннен кейін Педагогикалық жоғарғы оқу орнына оқуға түсуді жоспарладыңыз, бірақ қайсысына түсетініңізді әлі анықтаған жоқсыз. Сіз жоғары оқу орнын қандай критерийлер бойынша таңдайсыз, өз таңдауыңызды түсіндіріңіз.


Педагогикалық жағдаят № 263

Жазда сіз досыңызбен түнгі саяхатқа шықтыңыз. Сіз өзіңізбен аздаған заттарды алуды көздедіңіз: палатка, екі жатын қапшық, су, жемістер (картоп, бұқтырылған ет), шақпақ, туристік балға мен қазан және пышақ. Түнгі саяхат орнына жету және үйге қайту бойынша өз іс- әрекеттеріңізді жоспарлаңыз.



Педагогикалық жағдаят № 264

Сізді «Наурыз» мерекесіне орай сынып сағатын ұйымдастыруға жауапты етіп тағайындады. Осы іс-шараның жоспарын ұсыныңыз.


Педагогикалық жағдаят № 265

Мектептегі әріптестеріңіз Сізге қонақтар үшін «мектептегі фото-экскурсия» альбомын дайындауды тапсырды. Мектеп туралы фотографиялар мен мәтінді қандай бірізділікте жоспарлайсыз.


Педагогикалық жағдаят № 266

Келесі мамандықтарды қандай реттілікпен орналастырасыз: Дәрігер, Геолог, Құрылысшы, Мұғалім, Тас қалаушы, Шахташы, Эколог, Ұшқыш, Әскери маман, Экономист, Программист, Бухгалтер, Педагог, Суретші, Машина жүргізуші, Режиссер, Тракторист, Орманшы, Аспазшы, Дизайнер. Бұл мамандықтарды не үшін осындай ретттілікпен орналастырдыңыз?


Педагогикалық жағдаят №267

Бастауыш сынып мұғалімі саябақта экскурсия-сабағын өткізіп жатыр. Балаларға бұлттағы, кесек лайдағы, ағаштардың бұтақтарындағы түрлі бейнелерді көбірек бақылау тапсырмасы берілді. Балалар тапсырманы қуана-қуана орындауға кірісті. Тапсырманы талқылауды қалай тиімді ұйымдастыруға болады ?


Педагогикалық жағдаят №268

Бастауыш сынып мұғалімі ауырып қалды және Сізге балаларды сабақтың соңына дейін ұстап отыру тапсырылды. Сіз не істейсіз?


Педагогикалық жағдаят №269

Барлық жоғарғы сынып оқушыларына «Қызыл желкен» мектептік газеті арқылы өз құрдастарының мінез-бітістік сипаттамаларын «серілік (джентльмендік) қасиеттер» топтамасы бойынша құрастыру үшін атсалысуға ұсыныс жасалынды. Газет беттерінде бірнеше сұрақтар ұсынылды. Олардың бір бөлігі келесі сұрақтарға жауап жазу ретінде ұсынылды: Қазіргі заманауи адамды қандай сапалар сипаттайды? Бүгінде кімді «сері (джентльмен)» деп атауға болады? Келесі сөйлемді аяқтаңыз: Мен көбінесе адамда ... бағалаймын. Өзіңізді заманауи адам деп есептейсіз бе? Ал Өзіңізді «серімін (джентльменмін)» деп ойлайсыз ба? Неге?


Педагогикалық жағдаят №270

Сізді мектепшілік жаздық лагерьдің тәрбиешісінің көмекшісі етіп тағайындады. Сіз өз жұмысыңызды неден бастайсыз?


Педагогикалық жағдаят №271

«Мұғалімдер күні» мерекесі таяп қалды. Сізді мерекені өткізуге жауапты етіп тағайындады. Сіз не істейсіз?


Педагогикалық жағдаят №272

Бір оқушы қыз сыныпта өз құрбысына «жігітімді тартып алды» деген кінә артып, шапалақпен тартып қалды. Сыныптағылар аң-таң: кейбір қыздар мен жігіттер кінәлаушыны, ал келесілері - кінәліні жақтап жатыр. Сіз не істейсіз?


Педагогикалық жағдаят №273

Сіз мектептен қайтып келе жатырсыз. Кеш батып, даланы қараңғылық басты. Сізге қарама-қарсы мас жас адам келе жатыр, Сізге өтуге жол бермейді, арасында жаман сөздер айтып қояды. Сіз қандай әрекеттер жасайсыз?


Педагогикалық жағдаят №274

Соңғы сабаққа келген мұғалім, сыныпта оқушылардың жоқтығын байқады. Оқушылар сабақтан қашып кеткен ...

Бұл жағдай екінші рет қайталанбас үшін не істеу керектігін ойластырыңыз.
Педагогикалық жағдаят №275

Өзіңізді сынып жетекшісімін деп ойлаңыз. Сіздің оқушыларыңыз соңғы сабақтан қашып, киноға барды. Келесі күні Сіз сыныпқа келіп, сол қашу идеясының бастамашысы кім екенін сұрайсыз, бірақ жауаптың орнына- «үнсіздік». Оқушылармен тәрбиелік сұхбат барысын жоспарлаңыз.



Педагогикалық жағдаят №276

Сіз - екінші сыныптың сынып жетекшісіз. Сіз пән мұғаліміне журналды толтыруға беру үшін сыныпқа кірдіңіз. Сол сәтте Сіздің көзіңізше жаңағы педагог бүкіл сыныпты балағаттауда. Осындай жағдайда Сіз не істейсіз?


Педагогикалық жағдаят №277

Бір күні балабақшадан баласын алып жатқанда Ольга Петровна (анасы) оның қолынан өзге біреудің ойыншығын байқады. Не істеу керек?


Педагогикалық жағдаят №278

Бастауыш мектепте 8 наурыз мерекесін өткізуге арналған тәрбиелік іс-шара жоспарын ұсыныңыз.


Педагогикалық жағдаят №279

Сіздің сыныбыңызға жаңадан оқушы қыз келді. Ол қыздың Сіздің қалаңызға алғаш келуі. Бірақ, ол мектеп туралы жағымсыз ақпараттарды көп естіген. Оны мектеп жайындағы теріс пікірден арылтатындай жоспар ұсыныңыз.




Педагогикалық жағдаят №280

Тынымсыз телефон соғылды. Тұтқаны алғанда оның Сіздің сөйлескіңіз келмейтін адам екендігі анықталды. Сіз не істейсіз?


Педагогикалық жағдаят №281

Екінші сынып оқушысы Юля асханада өзінің ыдыстарын жинастырды. Себебі, асханада бастауыш сыныптан бастап өзіне-өзі қызмет жасау элементтері енгізілген болатын-ды. Бірақ, абайсызда соқтығысып қалып, тарелка мен стаканды сындырып алды. Қыз мұндайды күтпегендіктен қорқып кетіп, қимылсыз тұрып қалды, одан соң қатты жылап жіберді. Осы жағдайда мұғалім қандай әрекет жасауы керек?


Педагогикалық жағдаят №282

Сіз бақылау жұмысына дайындалып жатырсыз. Сіз бақылауды пәннің алғашқы үш негізгі бөлімдерінен болады деп ойладыңыз. Сіз мектепке келгенде мұғалім сұрақтардың барлық тақырыптарды қамтығанын хабарлады. Осы жағдайға сәйкес Өзіңіздің әрекетіңізді жобалаңыз.


Педагогикалық жағдаят №283

Сіз - мұғалімсіз. Сіз сабаққа кіргенде, сыныптағы үлгілі оқушының бірі артқы қатарға хат жібергенін көрдіңіз. Сіз хатты алып қойдыңыз, кенеттен оқығанда - ол жасөспірім ұл баланың сыныптас қыз балаға арналған өлең жолдары болып шығады. Мұғалім ретінде Сіздің алдағы әрекетіңіз қандай болады?


Педагогикалық жағдаят №284

Руслан - 8-ші сынып оқушысы. Ол ауладағы өзінен үлкен жігіттер тобымен байланысып, көшеде әрлі-бері өтіп жатқан адамдарға топпен қарақшылық жасап, ұрып-соқты. Сынып жетекшісі ретінде Сіздің әрекетіңіз қандай?


Педагогикалық жағдаят №285

Бірінші сынып оқушысының ата-анасы мұғалімнен көмек сұрады: Оқушы қыз күнде таңертең жылап мектепке барғысы келмейді, себебі мектеп те, сыныптастары да оған ұнамайды. Не істеу керек? Сынып жетекшісі мен оқушы арасындағы әңгімелесудің жоспарын құрыңыз.


Педагогикалық жағдаят №286

Пән мұғалімі өзінің жеке басындағы қиындықтарға байланысты үнемі оқушыларға дауыс көтереді. Сіз сынып жетекшісі ретінде қандай әрекет жасар едіңіз?


Педагогикалық жағдаят № 287

Сіз сабақ өтіп жатырсыз. Бір оқушы өзінің тыңдамағанын көрсетуі үшін және Сізді арандату үшін музыка қосты. Мұғалім ретінде Сіздің іс-әрекетіңіз?


Педагогикалық жағдаят № 288

Алинаның пәтерінде жасөспірім қыздар мен жігіттер тобы үнемі жиналып карта ойнап, темекі шегіп, ішімдік ішіп, түнге қалатынын гимназиядағылар аяқ астынан білді. Алинаның ата-анасы ұзақ іс-сапарда, ал әжесі денсаулығы нашар болуына байланысты немересіне келе алмайды. Педагог ретінде осы жағдайдағы Сіздің іс-әрекетіңіз?


Педагогикалық жағдаят № 289

Директор бөлмесіне дене шынықтыру пәнінің мұғалімі көңілсіз кірді:

- Серікпен не істейміз?

- Не болды?

- Бір аптадан соң қалалық жарыс, ол сабаққа келуді қойды, тіпті арнайы дайындыққа да екі мәрте келмеді. Мен кездескенде одан сұрадым:

- Сен мектептің абыройын неге ойламайсың?

Ал оның маған берген жауабы:


  • Мен қоғамның абыройын ойлаймын.

Сіз сынып жетекшісі ретінде не ұсынар едіңіз?
Педагогикалық жағдаят № 290

Сабақ барысында оқушылар өздерін нашар жағынан көрсетіп жатыр: бар дауыстарымен сөйлеседі, бір-бірлерімен ұрысысады, қолхаттар, ұшақтар лақтырады және т.б.

Мұғалім ретінде Сіздің әрекетіңіз?
Педагогикалық жағдаят № 291

Біздің өмірімізге ұялы телефон мықтап енді. Қазіргі таңда әрбір оқушының ұялы телефоны бар. Мектепте оны қолданудың қандай жағымды, жағымсыз жақтары бар? Сабақта тиімді жұмыс жасаудың орнына өзінің қалталы телефонына қайта-қайта қарай беретін оқушыға қатты ашуланатын мұғаліммен не істеуге болады? Мәселені қалай шешуге болады?


Педагогикалық жағдаят № 292

Балалармен дәптерлеріне сурет салу барысында екі суреттен кейін мұғалім төмендегідей графикалық диктант өткізеді: Оң жақтағы шыршаны жасыл түспен, ал сол жақтағыны көк түспен бояңдар. Сол кезде оқушылардың бірі: «Көк шырша болмайды ғой» - деді. Осы жағдайды қалай шешуге болады?


Педагогикалық жағдаят № 293

Сабақ басталар алдында мұғалім сабаққа қажетті жұмыс орнын дайындады. Әр оқушының алдына математикалық касса қойылды. Барлық оқушылар өз орындарына отырды. Сабақ басталды. Аяқ астынан ауырып қалған оқушы да келе қалды. Ал мұғалім оған құрал дайындамаған еді. Сіздің әрекетіңіз.


Педагогикалық жағдаят № 294

Бақылау жұмысы кезінде мұғалім екі қыз баланың ұялы телефондары арқылы өздерінің суреттерімен бір-бірлерімен алмасып отырғандарын байқап қалды. Осындай жағдайда Сіз не істер едіңіз?


Педагогикалық жағдаят № 295

Баланың есте сақтау қабілеті өте жоғары, сол себептен ақпаратты, мәтіндерді, өлеңдерді тез есте сақтайды. Мерекелер өткізу барысында өзінің рөлін атқарып, басқа кейіпкерлердің де сөздерін алдын-ала айтып, басқа балалардың өзін көрсете алуына кедергі жасап, мерекенің барысын бұзады. Сіз не істер едіңіз? Сіздің әрекетіңіз.


Педагогикалық жағдаят № 296

Ата-аналар өз балаларымен қарым-қатынас жасағанда оларды басқа балалармен салыстырады. Дашаның мамасы өз қызының тәртібіне риза болып: «Менің қызым бәрін жасай алады, сен бәрінен де күштісің», «Сен бәрінен де сұлусың» деп айтады. Ал, Таняның мамасы өзінің қызын жинақы етіп, одан әрі дамыту үшін айтады: «Елдің балаларының бәрі балалар сияқты, тек сен ғана өзгешесің». Қарашы, Катя - қандай ақылды, қолынан бәрі келеді. Ал сенші ...». Екі ана да өз балаларына жақсылық тілейді. Қай ата-ана баланы тәрбиелеуде жақсы нәтижеге қол жеткізе алады және екеуінің қайсысы дұрыс әрекет етті және не себептен?


Педагогикалық жағдаят №297

Мектеп бітіруші К.Миша мамандық таңдауға байланысты кеңес алуға келді: «Маған жаңа бейнелерді жасау қатты ұнайды: картина жазу, кітаптарға иллюстрация жасау. Сәулет институтына түсейін деп едім, бірақ жалғыздыққа төзе алмаймын, жарты сағаттан кейін өз жоспарымды ұмытып, бәрін тастап, қарым-қатынас жасауға адамдарға жүгіріп кетем. Бұл жерде қандай шығармашылық!.. Бірақ, қарым-қатынас жасау - бұл мамандық емес қой. Не істеу керек?» Сіз Мишаға не айтар едіңіз?


Педагогикалық жағдаят №298

7 жасар Маша тек «Мектеп» ойынын ойнайды. Оның ойыншықтары оқушылар болса, ал өзі мұғалім болады. Ол тек мұғалім болатынын айтты. Машаның ата-анасы: «Мамандық таңдауды ерте анықтағаны жақсы, уақытысын бос өткізбейтін болды». Қыздың ата-анасының позициясын бағалаңыз.


Педагогикалық жағдаят №299

Валерий С. ұшқыш болуды армандайды, ол ұшақ түрлерін жақсы біледі. Авиатехника модельдерін құрастыруға қызығады. Ата-анасы ұлдарының ұшқыш болғысы келетіндігін қолдайды. Жасөспірім азаматтық авиация училищесіне түскісі келеді. Кәсіби жоспары құрылды деп санауға болады ма? Сіз Валерий мен оның ата-анасына қандай ұсыныс берер едіңіз?


Педагогикалық жағдаят №300

Баласының қалыпты жетілуін анықтау мақсатында жеткіншектің ата-анасы профилактикалық кеңес алуға келеді. Басында экономист боламын деген баласы соңғы кезде ешқашан орындалмайтын мақсатқа ұмтылатынын айтты. Тіпті анасы баласының жазба қағаздарын да өзімен бірге ала келген: «Гуманитарлық ғылымдар - әдебиет, өнертану, дін тарихы және т.б. курсын меңгеру». Баласының жағдайы шынымен де қалыпты емес пе? Анасының ойы дұрыс па? Жауабыңызды нақтылаңыз?


Педагогикалық жағдаят №301

Ерте көктемде бесінші сынып оқушылары қала сыртындағы өзен жағасындағы орманға серуенге барды. Бір кезде бір оқушы «Балалар, суға түсейік!» - деп, айқайлап жіберді. Бәрі де өзенге қарай жүгірді. Су салқын болды, суға түсуге әзір ерте еді. Мұғалім ретінде сіздің әрекетіңіз?


Педагогикалық жағдаят №302

Мектеп тазалық байқауына дайындалып жатыр. Мектеп жанын жинастыру тоғызыншы сыныбқа тапсырылды. Оқушылар жинастыруға қатысқысы келмеді. Сынып жетекшісі қандай әрекет жасайды?


Педагогикалық жағдаят №303

Ауылдық жерде өскен қыз баланың отбасы отбасының жағдайына байланысты қалаға қоныс аударды. Қыз бала қалалық мектептің тоғызыншы сыныбында оқуын жалғастырды. Киім кию мәнері, адами қасиеттері жағынан қалалықтардан айырмашылығы бар сыныптастары оны қабылдамады. Қыз бала жалғызсырап оқуын оқымай, өзімен-өзі оқшаулана бастады. Ол бұған дейін үздік оқушы болатын. Сынып жетекшісі қандай әрекет жасауы керек?


Педагогикалық жағдаят №304

Азамат, сыныптасы Мұраттың әкесін мас күйінде көріп,оны сыныптастарына әңгімелеп берді. «Маскүнемнің баласы» - деп, бәрі Мұратты мазақтай бастады. Мұғалім Мұратқа қандай көмек бере алады?


Педагогикалық жағдаят №305

Мектептегі он жасар Сакен «қиын» бала деп саналатын. Оған сынып жетекшісі Наурыз мерекесіне дейін барлық достарымен бірге мектеп жанына ағаш отырғызуды тапсырды. Сакен өз достарымен сол қоғамдық тапсырманы жауапкершілікпен орындады. Жалпы жиналысында сынып жетекшісі мектеп әкімшілігі атынан алғыс жариялады. Сол күннен бастап баланың өмірінде өзгерістер басталды. Жас өспірімге сынып жетекшісінің қандай Педагогикалық ықпалы себеп болды?




Педагогикалық жағдаят №306

Сәуленің анасы өте қатаң адам және оны тәрбиелік шараларға жібермейтін. Ертенгісін мектепте жарыс өткізіледі және Сәуле мектепте өтетін ертеңгі жарысқа қатысуы керек еді. Сынып жетекші Сәуленің анасымен сөйлескенімен, ол келісімін бермеді. Сынып жетекшісі әрі қарай қандай әрекет жасауы керек?


Педагогикалық жағдаят №307

Алтыншы сыныпта топтық жұмыстарда басшылықты әрдәйым бір оқушы алады. Басқа оқушылар да өздерінің басшылыққа қабілеттіліктерін көрсетуге дайын, бірақ ол басқаларға мүмкіндік бермейді. Олардың сөзін бөліп, келемеждеп, дөрекілік көрсетеді. Сіз қандай жауап қайтарасыз?


Педагогикалық жағдаят №308

Оқушы мектепке үнемі үй тапсырмасын орындамай келеді. Мұғалімнің: «Сен үй тапсырмасын тағы да орындамағансың ба?» деген сұрағына оқушы мұғалімге тіке қарай алмай, мұрын астынан: «Мен ұмытып кеттім»-деп, жауап береді. Мұндай жағдайда сіз не істер едіңіз?



Педагогикалық жағдаят №309

Оқушылар үнемі сіздің сабағыңызға кешіккендерімен қоймай, өзгелерге де кедергі келтіріп, сабақ өту барысын бұзады. Бұл жағдайдағы сіздің іс-әрекетіңіз қандай? Оқушылардың кешігуін, сіздің ойыңызша, қалай тоқтатуға болады?


Педагогикалық жағдаят №310

Оқушы сұраққа жауап бергеннен кейінгі мұғалімнің бағасына қанағаттанбай, «төмен» деп есептеп, «төрт» қоюын талап ету үстінде. Шын мәнісінде, оқушы сұраққа толық жауап бермеді. Бұл жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз қандай?


Педагогикалық жағдаят №311

Он жастағы ер бала айналасындағылардың назарын өзіне аудару үшін біле тұра қоғамдық тәртіпті бұзады. Сынып жетекшісі ретінде сіз қандай тәртіп қолданасыз?


Педагогикалық жағдаят №312

Сабақ басталар алдында мұғалім оқушылардың пән бойынша кітапханада оқулықтың жоқтығы себепті маңызды тақырыпқа дайындалмағанын біледі. Мұндай жағдайдағы сіздің іс-әрекетіңіз? Сіздің ойыңызша нашар баға қою дұрыс па?




Педагогикалық жағдаят №313

Сұраққа жауап барысында оқушы өзінің сөйлеу ерекшелігінен және қобалжығандығынан қатты тұтығады. Оқушының сөзін түсінбегендіктен, сіз оның жауабын бағалай алмайсыз. Мұндай жағдайда қандай іс-әрекет қолданар едіңіз?


Педагогикалық жағдаят №314

Сұраққа жауап барысында оқушылар бір уақытта қол көтерді. Алайда, мұғалім олардың біреуіне ғана рұқсат бергендіктен олардың арасында жанжал басталып кетті. Мұндай жағдайда сіз қандай іс-әрекет қолданасыз?


Педагогикалық жағдайят №315

Мұғалімдер белсенділері оқушылармен әдеби кешке ұзақ дайындалған болатын, бірақ осы кешке оқушылардың барлығы келмей қалады. Осындай жағдайда сіз қандай әрекет қолданар едіңіз? Оқушыларды қазіргі кезде мектептен тыс шараға қалай тартуға болады?


Педагогикалық жағдаят №316

Сегізінші сынып оқушылары түгел сынып сағатын елемеуге келісті. Бұл туралы оқушылардың ата-аналары сынып жетекшісіне айтады. Мұғалім ойланып қалды... Бұндай жағдайда сынып жетекшісіне не істеу қажет?


Педагогикалық жағдаят №317

Баланың қабілеті сабақ барысында емес, көбіне сабақтан тыс жұмыстарда ашылады. Бұндай пікірмен келісезіз бе? Оқушының мектептегі өмірін қызықты ету үшін Сіз не ұсынар едіңіз?



Республикалық оқу-әдістемелік кеңес
Педагогикалық жағдаят №58
Педагогикалық жағдаят
Педагогикалық жағдаят №150
Педагогикалық жағдаят №318
Педагогикалық жағдаят №380
Педагогикалық жағдаят №418
Педагогикалық жағдаят №


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет