90
жарыстарын өткізіп, асфальтқа «Менің бақытты балалық шағым»
деген
тақырыпта сурет салудан жарыстар өткізіледі. Дегенмен бұл атаулы күн
балалардың көңілін көтеретін мереке ғана емес, қоғамда балалардың
құқықтарының сақталуы мен оларға тиісті жағдай жасау қажеттігін еске
түсіретіндігімен де маңызды. Бүгінде елімізде 18
жасқа дейінгі
жасөспірімдердің саны 3 миллионнан асады. Мемлекет халықтың осы бір
бөлігіне баса назар аудару үшін, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1994- жылы
балалар құқығы туралы конвенцияға қол қойды.
Осы мерекеде балаларға Конвенцияда қарастырылған құқықтары
жөнінде түсіндіру мақсатында мектепте түрлі көпшілік жұмыстар өткізуге
болады: бастауыш сынып оқушыларына «Жақсыдан үйрен,
жаманнан
жирен» атты Ы.Алтынсаринның әңгімелері бойынша ертеңгілік, орта буын
оқушыларына «Сен және сенің құқықтарың» атты сұрақ-жауап кеші, жоғары
сынып оқушыларына «Адам және заң»
атты ішкі істер органы, заң
қызметкерлерімен әңгіме, сұрақ-жауап, видеосюжеттер арқылы кездесу
кешін өткізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: