Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағЫ


Рецепт алты құрамдас бөлімдерден тұрады



бет153/157
Дата06.02.2022
өлшемі5,47 Mb.
#39692
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   157
Рецепт алты құрамдас бөлімдерден тұрады:
I inscription – кіріспе. Бұл бөлімде емдеу мекемесің таңбасы, ауру мал туралы деректер (түрі, жасы, иесінің аты-жөні, т.б.), рецепт жазылған уақыты жəне рецепт жазушы дəрігердің аты-жөні жазылады.II praeposition - Дəрігердің фармацевтке өтініші. Қысқаша Rp.: (resipeалыңыз) деп жазылып, үш нүкте қойылады. Себбебі, ол біріншіден қысқартылып отырған сөз, екіншіден, ол сөзден кейін дəрілердің аттары жазылады.
Дəрілер латын тілінде көбіне жекеше түрде, ілік септігінде жазылады.
Кейде ілік септігінде көпше түрде, табыс септігінде жекеше не көпше түрде жазылады.
ал не? Қаншалықты?
(Acc.)нені? (Gen.)
Recĭpe: 10 ml Tincturae Valeriānae
Ал: 10 мл Тасшүйгін тұнбасын
Recĭpe: Tincturae Valeriānae 10 ml
III designation materiarum. Дəрілік заттардың атаулары. Рецепт құрамындағы дəрілік заттар белгілі бір тəртіппен, ретпен жазылады:
бірінші - remedium basis - негізгі дəрілік зат
екінші - remedium adjuvans – көмекші дəрілік зат
үшінші - remedium corriqens - дəмдік заттар
төртінші - remedium constituens – форма түзгіш заттар жазылады. Бұл бөлімде дəрілік заттарды бір рет қолдануға немесе емдік курсқа тағайындалған мөлшері көрсетіледі, ал форма түзгіш заттар керегінше алынсын - quantum satis (q.s.) деп жазылады.
IV subscriptio – дəрі жасау жəне оны босату (жіберу) туралы мəлімет беріледі. Алдымен дəрілік заттарды (екі немесе бірнеше болса) араластыру-
Misce (M), содан соң жасалынсын - fiat – орындалсын, болсын деп, ең соңында қандай дəрілік форма жасау керек екендігі көрсетіледі. Дəрігердің дəрілік заттар берілсін деген нұсқауы рецепте Da, denture (қысқаша D) деген сөзбен жазылады. Егер дəрілік заттарды қара түсті ыдыспен беру керек болса – Da in vitro nigro, парафинделген қағазбен - Da in corta paraffinata, қорапшада берілу керек болса - Da in scatula деп көрсетіледі.
V signatura (S) дəрілердің қолданылу тəсілі, қанша мөлшерде жəне қанша рет, қашан берілуі керек екендігі көрсетіледі. Бұл бөлім ауруға түсінікті ұлт тілінде жазылуы керек.
VI nomen medici дəрігердің қолы. Бұл бөлім рецептің ең жауапты бөлімі болғандықтан, дəрігер мұқият қарап шығуы керек.
Дəрігер ресми (лат. officina – аптека, фармациялық көшірмеден түскен жазбалар) жасаған жазбалар жəне магистрлік (лат. magister – оқытушы, ex tempore, қажеттілігіне қарай) жазбаларды түсіне білуі керек.
Рецептік мысал:
I inscription – кіріспе «Айболит» клиникасы
Азамат С. Айтқұловтың 2 жасар итіне
20 _05_ 10
XII
ветеринария дəрігері Асанов Ж.
II praepositio Rp.: Tincturae strophantini 100 (basis)
III designation Themisali 50. (adjuvans)
Sirupi simplicis 20.0 (corriqens)
Aqua distillatae 20.0 (constituens)
IV subscriptio M.f. mixture
Vsignatura таңертеңгісін жəне кешкісін бір ас қасықпен ішке қабылдау үшін
VI nomen medici дəрігердің қолы
Науқасқа дəріні шұғыл түрде босату қажет болған жағдайда дəрігер рецептің көрінетін тұсына Cito! - Тез! Немесе Statim! - Дереу! деп жазуы керек. Дəрі мұндай жағдайда кезексіз жіберіледі.
Егер дəріні бірнеше рет қайталау қажет болса, Repetātur – қайталансын; Bis (tres) repetātur - екі (үш) рет қайталансын деп жазылады.
Рецептте орфографиялық қателіктер жіберілмеуі тиіс!!!
Рецепттер құрамына қарай:
· қарапайым мөлшерленбеген - бір ғана дəрілік заттан құралған:
Rp.: Streptosidi 100.0
D.S. жараға себу үшін
· қарапайым мөлшерленген - бір ғана дəрілік заттан құралған:
Rp.: Streptosidi 50.0
D.t.d. №20
S. ұнтақтан күніне төрт рет ішкізу үшін
· күрделі мөлшерленбеген - екі немесе бірнеші заттан құралған:
Re.: Cupri citrātis
Lanolīni
Vaselīni ana 5,0
M.f. ungutntum
S. жараға жағу үшін
·күрделі мөлшерленген (диспензиялық-бөлінген):
Rp.: Streptosidi 5.0
Synthomicini 3.0
M.f. pulvis D.t.d. №10
S. күніне 3 рет 1 ұнтақтан ішкізілсін
·күрделі мөлшерленген (двизиондық-бөлінбеген):
Rp.: Streptosidi 50.0
Synthomicini 30.0
M.f. pulveres №10
D.S. күніне төрт рет 1 ұнтақтан ішкізілсін
Дəрілік заттардың малдарға арналған мөлшерін жазу ережелері:
· граммда - «грамм» сөзі жазылмайды, сан ондықпен белгіленеді,
грамм бөлшектері «0» – 10,0 (10 грамм) қойылады; 0,25 (0,25 грамма), т.с.с.
· миллилитрде - 10 ml (10 мл), 0,2 ml (0,2 мл);
· тамшыда – тамшы саны рим цифрімен белгіленеді – жекеше түрде
guttam (бір тамшы - guttam I), көпше түрде guttas (капель пять - guttas V);
· кейбір антибиотиктер бірлік əсерде жазылады - ƏБ: 100 000 ƏБ – 100000 əсерлік бірлік).
мысалы: Recĭpe: Kalĭi chlorĭdi 3,0
Insulīni 25 ЕД
Solutiōnis Glucōsi 10% - 1000 ml
Misceātur. Sterilisētur!
Detur. Signētur: ішке құю үшін
· кейде дəрігер мөлшерді көрсетпей (мысалы, балауызда), оны фарма-
цевтің қалауына қалдырады; бұл жағдайда рецепте quantum satis – қанша
керек) деп жазылады.
Егер бірнеше дəрілік зат бір мөлшерде жазылатын болса, мөлшері тек соңғы дəрінің тұсына жазылады да, санның алдында ana (бірдей, тең) деп
көрсетіледі.
Мысалы: Recĭpe: Cupri citrātis
Lanolīni
Vaselīni ana 5,0
Ал: Мыс цитратын
Ланолин
Вазелин тең 5,0
Дəрілік заттардың коммерциялық (патенттелген) атаулары тырнақшаның ішінде атау септігінде жекеше түрде жазылады.
Re.: Tabulettas "Quamatel" numĕro 28
Da. Signa: бір таблеткадан тəулігіне 2 рет
Сұйық дəрілік заттар формасы ерітінділер – Solutiōnes
·Solutiōnis қысқартылған Recĭpe сөзінен кейін жекеше түрде ілік септігінде жазылады.
·Ерітінділер сулы, спиртті, майлы, глициринді болуы мүмкін: Aqua purificāta – дистилденген су (бұл атау қазіргі кезде Aqua destillātaның орнына қолданылады), Spirĭtus aethylĭcus – этил спирті, Glycerinum – глицерин, сұйық майлар – Oleum Vaselini – вазелин майы, Oleum Olivārum зəйтүн майы жəне Oleum Persicōrum – шаблады майы.
· Рецепте Recĭpe сөзінен кейін ерітінді аттары ілік септігінде былай жазылады: Solutiōnis spirituōsae, Solutiōnis oleōsae, Solutiōnis glycerinōsae (solutio – femininum тектік түрінде), сын есімдер рецепт сөйлемінің соңына жазылады. «майда» сын есімі латын тілінің “oleōsus, a, um” сын есіміне сəйкес келді: (майдағы камфора ерітінідіс– Solutiōnis Camphŏrae oleōsae), бірақ, майдың нақты аты келтірілсе, “in” конструкциясы қолданылады:
(зəйтүн майындағы камфор ерітіндісі – Solutiōnis Camphŏrae in oleo Olivārum).
·Ерітіндінің концентрациясы төменде келтірілгендей белгіленеді:
Recĭpe: Solutiōnis Camphŏrae oleōsae 10% - 100 ml.
Шырыштар– Mucilagĭnes
·Mucilagĭnis - қысқартылған Recĭpe сөзінен кейін жекеше түрде ілік септігінде жазылады.
·Көп қолданылатын сөздер: Mucilāgo radīcis Althaeae (жалбызтікен тамырының шырышы ), Mucilāgo Amўli крахмал шырышы).
Суспензиялар – Suspensiōnes
·Suspensiōnis - қысқартылған Recĭpe сөзінен кейін жекеше түрде ілік септігінде жазылады.
·мысалы: Recĭpe: Suspensiōnis Hydrocortisōni acetātis…
Эмульсиялар – Emulsa
·Emulsi - қысқартылған Recĭpe сөзінен кейін жекеше түрде ілік септігінде жазылады.
·Майлы эмульсия дайындау үшін Oleum Ricĭni –кастор майы, Oleum
Amygdalārum – миндаль майы, Oleum jecŏris Aselli vitaminisātum – дəруменделген треска балық майы қолданылады
·Қысқартылған түрде:
Recĭpe: Emulsi olei Amygdalārum 200 ml
Codeini phosphātis 0,2
Misce. Da. Signa: бір ас қасықпен күніне үш рет
Қысқартылмаған түрде:
Recĭpe: Olei jecŏris Aselli 30 ml
Gelatosae 15,0
Aquae destillatae ad 200 ml
Misce, fiat emulsum
Da. Signa: екі рет қабылдауға
Тұнбалар мен қайнатпалар - Infūsa et Decocta
·Infūsi, Decocti - қысқартылған Recĭpe сөзінен кейін жекеше түрде ілік септігінде жазылады.
Дəрілік зат атынан кейін дəрі дайындалған өсімдіктердің бөлшектері жазылады:
*қабық- cortex (ілік септ. – cortĭcis)
*тамыр – radix ((ілік септ. – radīcis)
*тамыр сабақ – rhizōma ((ілік септ. – rhizomătis)
*жапырақ – folĭum ((ілік септ. Жекеше түрде– folĭi, көпше түрде - foliōrum)
*шөп – herba (ілік септ. – herbae)
*гүл – flos (ілік септ. – floris, көпше түрде - florum)
·мысалы: Recĭpe: Decocti cortĭcis Quercus …
Ал: Емен қабағының тұнбасы….
тұндырмалар– Tinctūrae
·Tinctūrae - қысқартылған Recĭpe сөзінен кейін жекеше түрде ілік септігінде жазылады.
·мысалы: Recĭpe: Tinctūrae Valeriānae… .
Экстракты – Extracta
·Extracti - қысқартылған Recĭpe сөзінен кейін жекеше түрде ілік септігінде жазылады.
·Сұйық экстрактылар (Extractum fluĭdum – Extracti fluĭdi), қою экстрактылар (Extractum spissum – Extracti spissi) жəне құрғақ экстрактылар (Extractum siccum – Extracti sicci) бар.
·мысалы: Recipe: Extracti Frangŭlae fluĭdi... .
Ескерту: рецепте тек сұйық экстрактілер (fluidum)жазылады – spissum, siccum сөздері жазылмайды.
Көп кездесетін кесінділер
Латын мағынасы мысалдар
1. -anth- грек. “anthos” – «гүл», өсімдік текті
Helianthus
Galanthamini
hydrobromidum
2. -camph- камфоралы Camphonium Bromcamphora
3. -ephedr- грек. “ephedra” – «қылқан жапырақты»
Ephedrinum
Ephedrosanum
4. -erythr-, - eryth- грек. “erythros” – «қызыл» Erythromycinum Erythaemum
5. -estr-, -oestrəйел жыныс гормондарының препараттары Oestradiolum Synoestrolum
6. -glyc-, -gluc- грек. “glykys” – «тəтті» Nitroglycerinum Glucosum
7. -phyll- грек. “phyllon” – «жапырақ» Euphyllininum Theophyllinum
8. -phyt- грек. “phyton” – «өсімдік» Phytinum Phytolysinum
9. -stroph- Строфант препатары Strophanthus Strophanthinum
10. -theo- Латындалған қытай тілінен “theа” – «шəй» Theophedrinum
Theophyllinum
Лексикалық минимум
Дəрілік өсімдік атаулары
1. Adōnis (ĭdis m, f) vernālis (e) Көктемгі жанаргүл
2. Chamomilla, ae f түймедақ
3. Crataegus, i f долана
4. Farfăra, ae f өгей шөп
5. Glycyrrhiza, ae f Қызыл мия
6. Неlianthus, i m күнбағыс
7. Rheum, i n рауғаш
8. Salvia, ae f жалбыз
9. Strophanthus, i m строфант
10.Thermopsis, ĭdis f термопсис


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет