Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағЫ


КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕГІ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ КҮЙ ПРОЦЕСТЕРІН БІЛДІРЕТІН ТЕРМИНОЭЛЕМЕНТТЕР



бет14/207
Дата27.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#115177
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   207
Байланысты:
Латын -қазақ термин сөздік
!16-ОШ ФО Қазақ әдебиеті 8кл, !16-ОШ ФО Қазақ әдебиеті 8кл, !16-ОШ ФО Қазақ әдебиеті 8кл, .., .., Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, рефрат 11 дене шын Ілесбек Сымбат ППМ-811, ИАП-сессия, ИАП-сессия, psihol-ped pr bagd
КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕГІ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ КҮЙ ПРОЦЕСТЕРІН БІЛДІРЕТІН ТЕРМИНОЭЛЕМЕНТТЕР

Абсцесс (abscess), терінің терең қабатында немесе ішкі органдарда жұқпалы бактериялар тудырған қандағы лейкоцит ұлпаларының бұзылуы салдарынан пайда болатын ірің. Ағзалар мен тканьдерде қабыну салдарынан іріңнің шоғырланып жиналуы.

Агония (Agonia - күрес)- жанталас, жантәсілім, агония. Мидың жоғарғы өліктерінің, әсіресе мидың жарты шарлары қыртысының қызметі терең бұзылуымен қатар сопақша ми орталықтарының қозуы тән өлер алдында болатын ақырғы (терминальды) сәт

Анабиоз (гр. anabіosіs – жандану, қайта тірілу) – қолайсыз жағдайда организмнің тіршілік қабілетінің уақытша жойылып, не мүлдем әлсіреп кету құбылысы немесе эволюциялық даму жолында организмнің тіршілік ортасына физиологиялық бейімделуі; уақытша күй, мұнда өміршендік процесстердің баяулатылғандығы соншалық тіршіліктің барлық құбылыстары толығымен байқалмайды.

Альбинизм - реңсіздік (лат. albus — ақ) — организмнің өзіне тән түсінің жоғалуы. Альбинизм — рецессивті генге байланысты тұқым қуалайтын белгі. Бұл ген гомозигота кезінде меланин, хлорофилл пигменттері синтезін тежейді.

Атрофия (грек, atropheo; а — жоқ; trophe — қоректік зат, тамақ) — қоректік заттың келмеуіне немесе жетіспеушілігіне байланысты дене мүшелері мөлшерінің кішірейіп әлсізденуі. Атрофия көбіне мүшелерді қоректендіретін қан жөне лимфа тамырлары қызметін реттейтін жүйкелердің зақымдануы нәтижесіңде өрбиді.

Меланоз (МеIаn - қара қоңыр - патологиялық күй) - Мүшелер мен тканьдерде меланин пигментінің түйінді немесе жайылма жиналуы. 

Метаплазия (Меtарlаsіа - өзгерту) — Тканнің бір түрінің екінші тектес түріне ауысуы. Мысалы, трахея мен бронхтардың призма тәрізді эпителиінің көп қабатты жайпақ эпителийге ауысуы.

Гепатоз (Hepatosis - бауыр сыркаты)- Негізінен гепатоцит ішіндегі зат алмасудың бұзылуын (гепатоцит дистрофиясы) құрайтын бауыр ауруларының жалпы аты.



Лейкоз лейкемия (грек. leukos — ақ) — қан түзетін органдар жүйесінің қатерлі ісіктері. Ісік жілік майындағы клеткалардың тоқтаусыз өсуімен және сол жердегі қалыпты қан жасалу процесінің бұзылуымен сипатталады

Некроз (гр. nekros — өлі, шірік, өлі еттену) - тірі организмдегі клетка мен тіндердің өлуі.[1] Қан және жұқпалы ауруларға шалдыгу, жарақаттану, күю т. б. себептерден ауыз шырышты қабығы, қызыл иек шеті, ерін мен ұрт үстері некрозға ұшырайды. 

Нефроз (Nephrosis - бүйрек ауруы) - Бүйрек өзекшелері эпителиінің дистрофиясы басым ауру. Оның ең ауыр түрі некрозды нефроз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   207




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет