Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет4/6
Дата10.11.2016
өлшемі0,59 Mb.
#1395
түріСеминар
1   2   3   4   5   6


Дәрістердің қысқаша сипаттамасы.

1-2 Дәріс..



Тақырыбы: Орта Азия әдебиетінің қалыптасу тарихы. Кіріспе.

Дәріс жоспары:

1.Орта Азия әдебиетінің қалыптасу тарихы

2. Орта Азия және қазақ халықтарының әдеби байланысы

Мақсаты: Орта Азия әдебиетінің қалыптасу тарихына шолу, бір-біріне жақын қатынасы бар халықтардың мәдениеті мен әдебиетінің даму тарихын, түркі халықтарының әдеби байланыстары әр ұлттың тарихи дамуына үлкен үлесін оқып-білу.




Орта Азия әдебиетінің қалыптасу тарихы. Өзінің тарихи-этникалық, тілдік ерекшеліктері бойынша бір-біріне жақын қатынасы бар халықтардың мәдениеті мен әдебиетінің даму тарихын оқып-білу бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі. Әсіресе түркі халықтарының әдеби байланыстары әр ұлттың тарихи дамуына үлкен үлесін қосты. Соның ішінде Орта Азия және қазақ халықтарының әдеби байланысы өте қомақты мәселе. Сонау халық ауыз әдебиетінің үлгілері мен бүгінгі күнге дейінгі әдеби туындылардың көркемдік-эстетикалық, тарихи-әлеуметтік ұқсастықтары сол халықтардың даму ерекшеліктерін көрсетеді.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Орта Азия әдебиетінің қалыптасу тарихы

2. Түркі тектес халықтарға ортақ фольклорлық және жазба әдебиеті мұралары.

3. Фольклор мен халық тарихының байланысы. Түркі халықтарының ортақ ертегідегі сюжеттер. Түркі халықтар фольклорының жанрлық- көркемдік формаларының типологиясы

Әдебиеттер:

1.Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және тюркология. –Алматы,1987

2. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр аңыздар. – Алматы: Жазушы, 1985.

3.Ыбраев Ш. Қазақ эпосы- Алматы: Ғылым,1987

3-4 Дәріс
Тақырыбы: Қырғыз әдебиеті. Қырғыз халқының ауыз әдебиеті. «Манас» батырлық эпосы.

Дәріс жоспары:

1.Қырғыз әдебиетінің қалыптасу тарихы

2. Қырғыз халқының ауыз әдебиеті

3. «Манас» батырлық эпосы.


Мақсаты Қырғыз халқының ауыз әдебиетінің қалыптасуы, дамуын түсіндіру

«Манас» батырлық эпосына тоқталу «Манас» жыры және оның дүниежүзілік әдебиеттегі орнын айқындау

Қырғыз әдебиеті. А) фольклоры

Қырғыз халқының ауыз әдебиеті. Мақал – мәтел, тұрмыс- салт жырлары. Жұмбақ, ертегі, аңыз, лирикалық өлеңдер, айтыстар. Батырлық және лиро- эпикалық жырлар. «Құрманбек», «Эр Табылды», «Эр Тештюк», «Джаныл- мырза» жырлары.

«Манас» жыры және оның дүниежүзілік әдебиеттегі орны. «Манас» жырының тұтастануы, ондағы жырланатын халық тарихы. Жырдағы бас тұлға Манас образы. Манасшылар, олардың жырды тудыру, дамыту, насихаттаудағы рөлі. «Манас» жырының нұсқалары. Джомоқчулар, ырчылар.

«Манас» жырын алғашқы жазып алушы, зерттеуші, жарияланушы қазақ ғалымдары Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, Ә.Марғұлан. Эпостың сюжеті, кейіпкерлері, көркемдігі. Қырғыз халқының атақты манасшылары Саяқбай Қаралаев, Сағынбай Оразбақов.

Ә) суырып салма өнер негізінде туған авторлық шығармалар.

Қырғыз халқының әдебиетіндегі суырып салмақ өнер. Суырып салмақ фльклор мен жазба әдебиетінің арасындағы өзіндік арна.

Қырғыз халқының ауыз әдебиеті. «Манас» батырлық эпосы. Тарихи деректер бойынша қырғыз халқы Енесейдің жоғарғы жағымен Тянь-Шан тауларының бөктерінде қоныстанған. Б.з.д. І ғ. қырғыздар ғұн тайпаларының құрамында көшпелі ел болған. «Манас» батырлық эпосы қырғыз халқының ерте тарихынан мағлұмат береді. Халық ауыз әдебиетінің үлгілері ішінен ең көнелері малшы әйелдер әні «Бекбекей», «Саксакай» және малшылардың әні «Шырылдан». Сондай-ақ мифологиялық «Үш арқар», «Бес арқар», «Үлпілдек сұлу» т.б көне ескерткіштер қырғыз фольклорының көрнекті үлгілері болып табылады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Қырғыз әдебиеті.

2.Қырғыз халқының ауыз әдебиеті. «Манас» батырлық эпосы.

3.Көне ескерткіштер қырғыз фольклорының көрнекті үлгілер.


Әдебиеттер:

1.Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және тюркология. –Алматы,1987

2. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр аңыздар. – Алматы: Жазушы, 1985.

3.Ыбраев Ш. Қазақ эпосы- Алматы: Ғылым,1987


5-6 Дәріс
Тақырыбы: Қырғыз ақындары
Дәріс жоспары:

1.Қырғыз ақындарының қалыптасуы

2. Арабшы таныған ақындардың өкілдері

.
Мақсаты :Қырғыз ақындар шығармашылығына тоқталып,арабша таныған ақындардың шығармаларымен таныстыру


Қырғыз ақындары жазба әдебиетінен бұрын халық ақындары, немесе әнші-ырчы деп аталды. Бертін келе арабша таныған ақындардың бір тобы қалыптасты. Соның ішінде Тоголок Молдо, Абулкасим Джутакеев, Ысак Шайбеков т.б атауға болады. Тоголок Молдо – демократ ақын. Токтогул Сатылгановтың «Өмір» - атты туындысының мәні. Айтыс ақындары ретінде Эшмамоет, Барпы Алыкулов, Алымкул Усенбаев Калык Акыев т.б атауға болады. Тоголок Молдо, Байымбет Абдрахманов ( 1860-1942). Өмірі мен шығармашылығы. Өлеңдері. «Аңшының әйеленің жоқтауы», «Диханның әйелінің арманы», «Шалға ұзатылған қыздың арызы». Сатиралық шығармалары. «Кемгонтой», «Жанбақты», «Есек пен бұлбұл» және т.б. Тоголок Молдоның ағартушылық ой – пікірлері.

«Манас» жырының Тоголок Молдо жырлаған нұсқасы. Тоголок Молдоның кейінгі кездегі шығармалары, оның жазба әдебиетінен айырмашылығы.

Тоқтағұл Сатылғанов ( 1864-1933). Өмірі, өлеңдері, айтыстары, дастаны, жыршылық өнері. «Өмір», «Бәрінен де не жақсы?», «Жас қиял», «Ишан- көпе», «Бес қабан», «Қош бол, қалқам», «Айдаудағы жыр» өлеңдері.

Арзамат, Барпы Алықұлов ( 1884-1949), Алымқұл Үсенбаев, Халық Ақыевтармен айтыстары. «Қазақ жеріндегі жыр», «Кедей хан» дастандары. «Манас», «Ер Табылды», «Құрманбек» жырларын насихаттап жырлаудағы еңбегі. Тоқтағұл жырлары ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетнің жалғастырушысы. Жаңа кезең тақырыбын жырлау. Ақыевтармен айтыстары. «Қазақ жеріндегі жыр», «Кедей хан» дастандары. «Манас», «Ер Табылды», «Құрманбек» жырларын насихаттап жырлаудағы еңбегі. Тоқтағұл жырлары ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетнің жалғастырушысы. Жаңа кезең тақырыбын жырлау.

Қырғыз халық ақындары шығармашылығына жазба әдебиетінің әсері. Исақ Шайбеков ( 1880-1957), «Қымбатты халқым», Абылқасым Жутақаев ( 1888-1933) «Үрку мен қашу», Тоқтаралы Талқанбаев ( 1869-1943), Әлімқұл Үсенбаев ( 1894-1963) және т.б. шығармашылықтары. Тарихи жырлар. «Үш кезең», «Николай билігі». Кейінгі дәуірдегі халық ақындар шығармашылығының өркендеуі, онда ауыз әдебиеті дәстүрінің сақталуы және оның себептері.

Қырғыз халқының суырып саламақ өнері мен қазақ халқының суырып салмақ шығармашылығынығ байланысы, тарихи тамыры.

Қырғыз халық ақындарының қазақша аударылуы, жариялануы, зерттелуі
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Қырғыз ақындары.

2. Арабша таныған ақындардың шығармалары

3. «Манас» жырының Тоголок Молдо жырлаған нұсқасы. Тоголок Молдоның кейінгі кездегі шығармалары, оның жазба әдебиетінен айырмашылығы.


Әдебиеттер

  1. История литератур народов Средней Азии и Казахстана. Изд. Московского университета, 1960-140 стр.

  2. Әуезов М. Уақыт және әдебиет. Алматы 1962ж

  3. Марғұлан Ә. Шоқан және Манас – Алматы, Жазушы 1971

  4. Үмбеталиев Ш. Алы Тоқамбаев - Фрунзе, 1958

  5. Ақындар чыгармачылыгының тарихының очерктері- Фрунзе, 1988

  6. Асаналиев К. Романы Т. Садыкбекова- Фрунзе, 1955

  7. Мусинов А.О. Казахско- киргизские литературные связи- Алматы: 1974

  8. Азизов М. Художественные особенности языка повести Ч.Айтматова.

  9. Сөз зергерлері. Алматы: Қазақстан 1966-450б.

7-8 Дәріс..



Тақырыбы:. Қырғыз жазба әдебиетінің дамуы
Дәріс жоспары:

1. Қырғыз жазба әдебиетінің дамуы

2. Жазба әдебиеті өкілдері,олардың шығармалары

Мақсаты: Қырғыз жазба әдебиетінің дамуын,оның өкілдерімен таныстыру
Қырғыз жазба әдебиетінің дамуы. Қырғыз жазба әдебиеті нақты қазан төңкерісінен соң қалыптаса бастады. Қырғыз тіліндегі ең алғаш «Эркин-Тоо» деп аталды. Ең алғаш қырғыз ақыны Молдо Қылычтың 1911 жылы Қазан қаласында «Жерсілкінісі» атты поэмасы басылып шықты. 1914 жылы О.Сыдықовтың УФА қаласында «Қырғыз халқының қысқаша тарихы» және «Шадмания қырғыздарының тарихы» атты кітаптары жарық көрді. Аалы Токомбаев шығармашылығының маңызы. Молдогазы Токобаевтың ақындық әлемі. Қасымалы Баялинов туындыларының әлеуметтік мәні. Джоомарт Боконбаев, Джусуп Турысбеков, Қуанышбек Маликов, Темеркул Уметалиев т.б шығармаларының қырғыз әдебиетіндегі орны.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1.Қырғыз жазба әдебиетінің дамуы

2. Жазба әдебиеті өкілдері,олардың шығармалары

Әдебиеттер

1.История литератур народов Средней Азии и Казахстана. Изд. Московского университета, 1960-140 стр.

2. Әуезов М. Уақыт және әдебиет. Алматы 1962ж

3.Марғұлан Ә. Шоқан және Манас – Алматы, Жазушы 1971

4.Үмбеталиев Ш. Алы Тоқамбаев - Фрунзе, 1958

5. Ақындар чыгармачылыгының тарихының очерктері- Фрунзе, 1988

6. Асаналиев К. Романы Т. Садыкбекова- Фрунзе, 1955

7.Мусинов А.О. Казахско- киргизские литературные связи- Алматы: 1974

8.Сөз зергерлері. Алматы: Қазақстан 1966-450б.


9-10 Дәріс..

Тақырыбы: Шыңғыс Айтматов шығармашылығы
Дәріс жоспары: Шыңғыс Айтматов шығармашылығы.

Ш. Айтматовтың қырғыз әдебиетіне қосқан үлесі.

Шыңғыс және әлем әдебиеті Шыңғыс және Мұхтар Әуезов
Мақсаты: Шыңғыс Айтматов шығармашылығымен таныстыру,талдату
Шыңғыс Айтматов шығармашылығы. Ш. Айтматовтың қырғыз әдебиетіне қосқан үлесі. Шыңғыс және әлем әдебиеті. Шыңғыс және Мұхтар Әуезов. Шыңғыс Айтматовтың «Жәмилә», «Алғашқы ұстаз», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме», «Ерте келген тырналар», «Боранды бекет» т.б романдарының көркемдік-тақырыптық ерекшеліктері. Айтматов Шыңғыс (1928). Өмірі мен шығармалары. Повестері: «Жәмилә», «Ана-жер ана», «Қош бол, Гүлсары», «Бетпе-бет», «Ақ кеме» романдары «Боранды бекет», «Жан пида» әңгімелері, пьесасы.

Ш.Айтматовтың дүние жүзілік әдебиеттегі орны. Шығармаларының көркемдігі, өміршеңдігі. Ондағы көтерген мәселелердің маңыздылығы. Жазушының шеберлігі Ш.Айтматов шығармаларындағы кейіпкерлер, олардың рухани дүниесі.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1.Шыңғыс Айтматов шығармашылығы.

2.Ш. Айтматовтың қырғыз әдебиетіне қосқан үлесі.

3.Шыңғыс және әлем әдебиеті

4. Шыңғыс және Мұхтар Әуезов


Әдебиеттер

1.История литератур народов Средней Азии и Казахстана. Изд. Московского университета, 1960-140 стр.

2. Әуезов М. Уақыт және әдебиет. Алматы 1962ж

3.Марғұлан Ә. Шоқан және Манас – Алматы, Жазушы 1971

4.Үмбеталиев Ш. Алы Тоқамбаев - Фрунзе, 1958

5. Ақындар чыгармачылыгының тарихының очерктері- Фрунзе, 1988

6. Асаналиев К. Романы Т. Садыкбекова- Фрунзе, 1955

7.Мусинов А.О. Казахско- киргизские литературные связи- Алматы: 1974

8.Сөз зергерлері. Алматы: Қазақстан 1966-450б.

9.Азизов М. Художественные особенности языка повести Ч.Айтматова.


11-12 Дәріс..
Тақырыбы: Тәжік әдебиеті
Дәріс жоспары: Тәжік әдебиеті.

Халық ауыз әдебиеті.

Тәжік әдебиеті тәжік халқының халық поэзиясымен байланысы

ескі жазба ескерткіштері грек және иран халықтарының мәдениетімен жақындығы «Авеста» гимні


Мақсаты: Тәжік әдебиетіімен танысу.

Тәжік әдебиеті. Халық ауыз әдебиеті. Тәжік әдебиеті тәжік халқының халық поэзиясымен тығыз байланысты дамыды. Сондай-ақ ескі жазба ескерткіштері грек және иран халықтарының мәдениетімен аса жақындығы барын айғақтайды. Оны «Авеста» гимндерінен аңғарамыз. Құл иеленушілік кезеңде халықтың арман-мүддесі ел арасында кеңінен тараған «алтын ғасыр» аңыздарымен астасып жатыр.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1.Тәжік әдебиеті.

2.Халық ауыз әдебиеті.

3. «Авеста» гимні
Әдебиеттер:1,2,5,6,7,8,9,10

13-14 Дәріс


Тақырыбы:ІХ-ХV ғ. тәжік әдебиетінің дамуы және оның өкілдері

Дәріс жоспары: ІХ-ХV ғ. тәжік әдебиетінің дамуы және оның өкілдері

ІХ-ХV ғ. тәжік халық ауыз әдебиеті, сатиралық өлеңдер, батырлық эпос,

халықтық «романтикалық» эпос

Мақсаты: ІХ-ХV ғ. тәжік әдебиетінің дамуы және оның өкілдерімен танысу

ІХ-ХV ғ. тәжік әдебиетінің дамуы және оның өкілдері. ІХ-ХV ғ. тәжік халық ауыз әдебиеті Орта Азияда феодализмнің үстемдік ету кезеңінде дамыды. 725 жылы ең алғаш тәжік тіліндегі сатиралық өлеңдер пайда болды. Ол Балхы тұрғындарының араб басқыншыларына қарсы шығарған туындылар еді. Сондай-ақ халықтық батырлық эпос та тәжік ауыз әдебиетінің негізін құрады. Оның кейіпкерлері – Рустам, Джамшед, Гершасп, Сом, Сухраб, Барзу т.б халық жүрегінен шыға білді. Сондай-ақ халықтық «романтикалық» эпос та сүйіспеншілікті жырлады. Оның өкілдері – Вомик – Узро, Вис – Ромин, Варка – Гулша, Фархад – Шырын, Ләйлі – Мәжнүн т.б.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1.ІХ-ХV ғ. тәжік әдебиетінің дамуы және оның өкілдері

2.ІХ-ХV ғ. тәжік халық ауыз әдебиеті, сатиралық өлеңдер, батырлық эпос,

халықтық «романтикалық» эпос.

Әдебиеттер:1,2,5,6,7,8,9,10

15-16 Дәріс
Тақырыбы: ХVІ-ХІХ ғ. тәжік әдебиеті

Дәріс жоспары ХVІ-ХІХ ғ. тәжік әдебиеті,таптық күрес бейнесі, . «Гургули» эпостық жыры

Мақсаты: ХVІ-ХІХ ғ. тәжік әдебиетімен танысу, . «Гургули» эпостық жырын

Оқу,талдау


ХVІ-ХІХ ғ. тәжік әдебиеті Орта Азияда капиталистік құрылыстың қалыптасқан кезеңімен сәйкес келеді. Бұл кезең әдебиетінде көбінесе таптық күрес бейнеленген. Осы ғасырда болған әр-түрлі азаттық күрестер, көтерілістер, халық толқуы тәжік әдебиетіне тигізген әсері мол болды. Әсіресе халық арасында патриотизм идеясы өркен жайды. «Гургули» эпостық жыры қырықтай өлең-дастандардан тұрады.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар


    1. ХVІ-ХІХ ғ. тәжік әдебиеті,таптық күрес бейнесі,

    2. .2 «Гургули» эпостық жыры

Әдебиеттер:1,2,5,6,7,8,9,10

17-18 Дәріс
Тақырыбы Жаңа тәжік әдебиеті.

Дәріс жоспары Жаңа тәжік әдебиеті.

ХІХ ғ. аяғында тәжік әдебиетіне жаңа бағыт әкелген – Ахмад Дониш. Садриддин Айни, Абулкосим Лахути шығармашылығы



Мақсаты: Жаңа тәжік әдебиетімен,оның өкілдерімен танысу.

Жаңа тәжік әдебиеті. ХІХ ғ. аяғында тәжік әдебиетіне жаңа бағыт әкелген – Ахмад Дониш (1827-1897) болды. Ахмад қалыптастырған мектептің маңына Савдо, Шохин, Возех секілді ақын-жазушылар топтасты. Садриддин Айни – тәжік әдебиетінің кеңестік кезеңдегі көрнекті өкілі. Абулкосим Лахути (1887-1957) шығармашылығының маңызы. «Тәжік үні» газетінің мәні. Пайрав Сулаймони, Лахути, Мирзо Тұрсын-зада, Улуг-зода т.б. тәжік әдебиетінің дамуына қосқан үлестері.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1.Жаңа тәжік әдебиеті.

2.ХІХ ғ. аяғында тәжік әдебиетіне жаңа бағыт әкелген – Ахмад Дониш. 3.Садриддин Айни, Абулкосим Лахути шығармашылығы

Әдебиеттер


  1. Брагинский И.И. Из истории таджикской народной поэзии- Москва, Наука, 1956

  2. Брагинский Е.Э. История персидско- таджикской литературы- Москва, Изд. Восточной литературы, 1959

  3. Брагинский И. 12 миниатюр- Москва, художественная литература, 1976-304

  4. Османов М. Н., О.Фирдоуси- Мосвка, изд. Восточной литературы, 1959-183с.

  5. История литератур народов Средней Азии и Казахстана- Москва, изд. Московсого университетая, 1960-491 с.

  6. Сөз зергерлері – Алматы. Қазақстан 1966-450 б.

  7. Бердібаев Р. Гүлстан бұлбұлдары. Алматы: Жазушы, 1970

  8. Ұмытылмас есімдер. Алматы: Қазақстан, 1994-224б.

  9. Шығыс жұлдыздары. Алматы, 1973

  10. Күмісбаев У. Ітилеуов и его поэма «Шахнаме»-Алматы, 1994

19-20 Дәріс



Тақырыбы Өзбек әдебиеті

Дәріс жоспары Өзбек әдебиеті.

Өзбек фольклоры,дастандар.



Мақсаты: Өзбек әдебиетіімен танысу

Өзбек әдебиеті. Өзбек фольклоры. Өзбек фольклорында басты орынды батырлық дастандар алады. Елін, жерін басқыншы жаудан қорғаған батырлардың ерлік істерін жырлаған халық шығармашылығы өзбек ұлтының рухани байлығының бастау көзі. «Алпамыш» дастанының мәні. «Гор-оглы» дастандар циклы. Дастандағы кейіпкерлердің сомдалуы. Сондай-ақ романтикалық дастандар – «Құнтұғмыш», «Шырын мен Шекер», «Арзыгүл», «Тахир-Зухра» т.б. өзбек фольклорындағы орны. Тарихи тақырыптағы «Шәйбанихан», «Күнбатыр» дастандары. Жаугершілік дастандар – «Юсуп пен Ахмад», «Әлібек және Балыбек», «Фархад-Шырын» т.б. Халық әндері мен ертегілерінің орны.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1.Өзбек фольклоры,дастандар. «Алпамыш» дастанының мәні. «Гор-оглы 2.Романтикалық дастандар,

3. Тарихи тақырыптағы «Шәйбанихан», «Күнбатыр» дастандары. Жаугершілік дастандар
21-22 Дәріс
Тақырыбы Орта ғасырдағы өзбек әдебиеті

Дәріс жоспары Орта ғасырдағы өзбек әдебиетінің дамуы,оның өкілдері

Мақсаты: Орта ғасырдағы өзбек әдебиетінің дамуы,оның өкілдерімен,шығармаларымен танысу
Орта ғасырдағы өзбек әдебиеті. Орта ғасырлық өзбек жазба әдебиетінде фарсы тіліндегі көнетүркі ескерткіштерінің орны айрықша. «Күлтегін» жазбалары. Махмұд Қашқари еңбектері.

Ахмад Юганаки, Рабгузи, Хорезми, Дурбек, Ұлық-бек. т.б. өзбек әдебиетіндегі орны. Саккокидің қасыдылары мен лирикалық газелдерінің орны. Лютфи – ХУ ғасырдың атақты ақыны. Атои өлеңдері. Алишер Навои шығармашылығы. Захириддин Мухаммад Бабырдың «Бабырнамасы». Мухаммад Салых, Машраб, Махзун, Увайс, Агахи, Турды, Гульхони туындылары.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1.Орта ғасырдағы өзбек әдебиеті

2. . «Күлтегін» жазбалары. Махмұд Қашқари еңбектері.

3. Орта ғасырдағы өзбек әдебиетінің өкілдері шығармашылықтары


23-24 Дәріс
Тақырыбы ХІХ – ХХ ғ. өзбек әдебиетінің дамуы

Дәріс жоспары ХІХ – ХХ ғ. өзбек әдебиетінің дамуы.

Демократиялық-ағартушылық бағыттағы ақын-жазушылар

Өзбек кеңес әдебиетінің өкілдері

Мақсаты: ХІХ – ХХ ғ. өзбек әдебиетінің дамуына тоқталу

ХІХ – ХХ ғ. өзбек әдебиетінің дамуы. ХІХ ғасырдың басынан өзбек әдебиеті жаңа бағытқа бет бұрды. Оған Россияның прогрессивтік ықпалы болды. Демократиялық-ағартушылық бағыттағы ақын-жазушылар елге таныла бастады. Ақындар Мукими, Фуркат, Аваз Отар-оглы т.б. алар орындары. ХХ ғасыр және джадид әдебиеті. Бұл кезеңдегі өзбек әдебиетін кеңестік дәуірмен тығыз байланыстырамыз. Басты өкілдері – Хамза Хаким-заде, Карим-бек Ками, Ташмухаммад, Мискин т.б. Өзбек кеңес әдебиетінің өкілдері Хамза мен Айни. Садриддин Айни шығармаларындағы қоғам өмірі. Айбек туындылары. Өзбек драматургиясының дамуы.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1.ХІХ – ХХ ғ. өзбек әдебиетінің дамуы.

2.Демократиялық-ағартушылық бағыттағы ақын-жазушылар

3.Өзбек кеңес әдебиетінің өкілдері

4.Өзбек драматургиясы

Әдебиеттер


  1. История литератур народов Средней Азии и Казахстана. Изд. Московского университета, 1960-490с.

  2. Жирмунский В. Зарифов Х. Узбекский народный героический эпос – Москва; Гослитиздат 1947

  3. Великий узебский поэт ( Алишер Навои) – Ташкент, 1948

  4. Рашидов Ш. Узбекская советская литература за 25 лет- Ташкент, 1949

  5. Кор – оглы Х.Г. Узбекская литература- Москва, 1976

  6. Очерки истории узбекской советской литературы – Москва, 1970

  7. Бролина И. Абдолла Каһар – Ташкент, 1949

  8. Бать Л.Г. Айбек- Москва 1976

  9. Султанов Ю. Хамза Хаким- заде Ниязи.- Ташкент 1949

  10. Узбекская советская драматургия- Москва; Искусство, 1957

  11. Сөз зергерлері Алматы: Қазақстан, 1966-450

  12. Бердібаев Р. Достық кемесінде Алматы,1976

25-26 Дәріс


Тақырыбы Түркмен әдебиеті

Дәріс жоспары Түркмен әдебиеті.

Түркмен фольклоры



Мақсаты: Түркмен әдебиеті. Түркмен фольклорымен танысу,талдау

Түркмен әдебиеті. Түркмен фольклоры. Түркімен халқының ауыз әдебиеті өте бай. Ондағы басты орын ертегілерге берілген. Жанр жағынан – жануарлар, қиял-ғажайып, тұрмыстық т.б. болып бөлінеді. Екінші басты жанрлардың бірі – батырлық және романтикалық дастандар. «Ләйлі-Мәжнүн», «Шасенем мен Гариб», «Зухра мен Тахир», «Асли мен Керем» ғашықтық дастандары. «Гор-Оглы» батырлық дастаны.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

Түркмен әдебиеті. Түркмен фольклоры

Ертегілер ,батырлық және романтикалық дастандар
27-28 Дәріс
Тақырыбы ХІІ-ХVII ғ. түркмен әдебиетінің қалыптасуы

Дәріс жоспары ХІІ-ХVII ғ. түркмен әдебиетінің қалыптасуы

суфистік-дербіштік бағыт,өкілдері



Мақсаты: ХІІ-ХVII ғ. түркмен әдебиетінің қалыптасуын зерттеу
ХІІ-ХVII ғ. түркмен әдебиетінің қалыптасуы. Түркімен тіліндегі алғашқы жазба туындылары суфистік-дербіштік бағытта болды. Оның басты өкілі Түркістандық Ахмед Яссауи. Бурхан-Ид-дин Сиваси және Несими шығармашылығының түркімен әдебиетіндегі орны. Ақын Вепаидың өлеңдері. Азади.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1.ХІІ-ХVII ғ. түркмен әдебиетінің қалыптасуы

2.суфистік-дербіштік бағыт,өкілдері

3.Ахмед Яссауи. Бурхан-Ид-дин Сиваси және Несими,Вепаи шығармашылықтары
29-30 Дәріс

Тақырыбы ХVІІІ – ХХ ғ. түркмен әдебиетінің тарихы

Дәріс жоспары ХVІІІ – ХХ ғ. түркмен әдебиетінің тарихы,ағартушылық бағыт, жаңа түркімен әдебиеті көрнекті тұлғалары,

Мақсаты: ХVІІІ – ХХ ғ. түркмен әдебиетінің тарихымен танысу
ХVІІІ – ХХ ғ. түркмен әдебиетінің тарихы. ХҮІІІ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы ақындары бұрынғы суфистік бағытта болса да, ағартушылыққа көбірек икемделе бастады. Халық өмірін шынайы бейнелеген жаңа түркімен әдебиеті қалыптаса бастады. Оның басты өкілі түркімен әдебиетінің – Махтум-Кули Фраги. Ақынның ұлттық мәдениетті дамытудағы үлесі. Сеиди, Зелили шығармашылығы. Молланепес өлеңдерінің мәні. Кеминенің сатирасы. Мескин-Клычтың дастандары. Түркімен кеңес әдебиетінің дамуы, оның көрнекті өкілдері. Молла-Мурт, Ата Салих, Берды Кербабаев, Агахан Дурдыев, Нурмурад Сарыханов т.б. шығармалары.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1.ХVІІІ – ХХ ғ. түркмен әдебиетінің тарихы,

2.Ағартушылық бағыт

3.Жаңа түркімен әдебиеті, көрнекті тұлғалары,олардың шығармашылықтары

Әдебиетттер


  1. История туркменской литературы- Москва, 1976

  2. Веселков Т. Очерки туркменской литературы – Ашхабад, 1954

  3. Сөз зергерлері- Алматы: Қазақстан, 1966- 450б.

  4. Шошин В.А. Литература народов СССР- Москва, 1977

  5. Бердібаев Р. Гүлстан бұлбұлдары- Алматы; Жазушы, 1970

  6. Қирабаев С. Өрлеу жолында- Алматы, 1960




2.3 Семинар тақырыптары

1-семинар

1. Орта Азия әдебиетінің қалыптасу тарихына үңілу.

2. Бір-біріне жақын қатынасы бар халықтардың мәдениеті мен әдебиетінің даму тарихын оқып-білу.

3. Түркі халықтарының әдеби байланыстарын ашып көрсету.



2-семинар

1. Қырғыз әдебиетінің даму жолдары.

2. Қырғыз халқының ауыз әдебиеті.

3. «Манас» батырлық эпосы.

4. Халық ауыз әдебиетінің көне үлгілері.

3-семинар

1. Қырғыз халық ақындары.

2. Арабша таныған ақындардың бір тобы.

3. Тоголок Молдо – демократ ақын.

4.Токтогул Сатылганов шығармашылығының мәні.

5.Айтыс ақындары.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет