Педагогикалық ықпал ету тәсілдері дегеніміз жеке тұлғаның қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық құралға жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдызқ, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек, т.б.) жатады.
Педагогикалық құралға қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері-әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс.
Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады. Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын былай жіктеуге болады:
- қатысушылар құрамы (жеке даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық, жаппай);
тұтас педагогикалық процестің оқу жұмысында қолданылуы (сабақ, семинар, факультатив, экскурсия);
таным іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (бірлесіп жасайтын жұмыс, аз топпен жұмыс, білімді тексеру, оқу жағдайындағы кездесу т.б.)
оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада т.б.).
Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады. Тәрбие әдістері дегеніміз тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті. Педагогикалық процеске қатысушылардың тәсілдері мен нақты әрекеттері, оқушылардың белсенді іс-әрекетінің ынталануы тәрбие мақсатына бағытталуы керек. Тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл дегеніміз әдістің жеке көрінісі. Әдіске қарағанда ол бағыныңқы сипатта болады.
Формалар, әдістер, тәсілдер сияқты ұғымдар шынайы педагогикалық процесте өзара тығыз байланыста болады. Біріншіден, олар бір-біріне тәуелді (формалар мен әдістер, әдістемелік тәсілдер құралдар арқылы жүзеге асады); екіншіден, күнделікті тәжірибеде олардың арасында белгілі бір айырмашылық жоқ. Тәрбие әдістері мен тәсілдері әрқашан бірін-бірі алмастырып отырады: кей жағдайларда әдіс тәсілге айналады.
Педагогикалық процестің қозғаушы механизімінің негізгі компоненттерінің өзара байланысы кесте түрінде 1 суретте.
Достарыңызбен бөлісу: |