2 Алдын ала кернелген иілетін элементтерде арматураларды иілу моменті эпюрасына және көлденең күшке байланысты орнатады.
Иілетін элементтердің ең қолайлы қимасы қоставрлы болып саналады, ал қабырғасы қалың болса таврлы етіп қабылданады.
Кернелетін арматураны созылатын аймақтарда келесідей етіп орналастырады:
Сурет 6,4. Арматура орналастыру мысалдары.
а- аса берік сымдармен; б- ауыспалы қималы сырықтармен; в- шоқтармен немесе қанаттармен.
Алдын ала кернелген арқалықтарда тірек маңайындағы аймақтарды конструкциялау аса маңызды болып табылады. Өйткені, бұл жерде арматураның қысу күші бүйірдегі анкерлер арқылы бетонға беріледі. Сонымен қатар, бұл жерде жергілікті кернеулер максималды болғандықтан сызаттар пайда болуы мүмкін. Сондықтан, бұл аймақтарды қосымша көлденең арматуралармен күшейту керек, олар пісірілген қаңқалар немесе қамыттар түрінде болады.
3 Кернелген ТБ элементтерін дайындаған кезде арматураны бүйір жағында бекіту үшін анкерлі құрылғыларды қолданады (сурет 6,5):
Сурет 6,5. Анкерлі құрылғылар.
а- шығарылған бас; б- бөліктермен қосу; в -сақиналарды пісіру; г- шетінде гайкасы бар сырық; д- қысылған шайба; е- киілетін шайбасы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |